Қасиетхана жайлы сұрақ 1844-ші жылы болған оқиғаның басын ашып берді. Ол Өзінің халқының міндеттері мен парызын оларға тағайындап бере отыра, үлы адвентистік қозғалысты Құдайдың Өзі басқарғанын дәлелдеп тұрған ақиқаттың жоспарын анықтады. Кезінде Исаның оқушыларының жандары күйзелген түннен кейін, Тәңірлерін қайта көріп қуанғандары секілді, Оның екінші рет жер бетіне келетініне сенгендер дәл солай қуанған болатын. Ал үміттеніп күткен Тәңірлері келмей қалған кезде, олар қатты қайғырды. Енді міне олар көздеріне бір сәт көрінбей қалған Құтқарушы және патшалардың Патшасы ретінде жер бетіне келетін басты діни қызметкерлерін қасиеттінің Қасиеттісі ішінен тапты. Қасиетханадан шыққан жарық өткенді, нақты кезді және болашақты жарқыратып көрсетті. Енді мәсіхшілер олардың ісін Құдай басқарғанын жақсы ұқты. Кей кездері олар өздерінің таратқан хабарларын өздері де толық түсінбегенімен, шын мәнінде бұл нағыз ақиқат болатын. Айтулы еңбекті атқара отырып, олар Құдайдың көңілінен шыққан еді. Сол себепті де олардың еңбектері зая кеткен жоқ. ҮШ 273.1
Даниял пайғамбардың кітабының сегізінші тарауындағы: «2300 кештер мен таңдар, сонан соң қасиетхана тазарады» және бірінші періштенің: «Құдайдан қорқыңдар, Оның есімін мадақтандар,өйткені сот басталды» деген хабары Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келетін кезін емес, Оның қасиеттінің Қасиеттісіне өтіп, соттың басталатын уақыты келгенін көрсеткен болатын. Имандылар Киелі Жазбаны зерттеу кезінде жіберіп алған кателерінің салдарынан көп зардап шеккендерімен, жоғарыда айтылып кеткен аян уақыты толған кезде аса бір дәлдікпен орындалды. Алланың ІІ-ші рет жер бетіне келер алдындағы брындалуға тиісті болған окига тарихтан өз орнын тапты. ҮШ 273.2
Мәсіх келді, бірақ адамдар күткендей жер бетіне емес, көктегі Құдай үйдің киелісінің Киелісіне енді және Өзінің жер бетіне келер алдындағы соңғы қызметіне кірісті. Бұл жөнінде Даниял пайғамбар былай деп жазады: «Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді» (Дан. 7:13). Осы жөнінде Мала- хи пайғамбар да жазады: «Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады» - деп ескертеді әлемнің Иесі» (Малахи 3:1). Тәңірдің көктегі ғибратханаға кіргені кенеттен болған оқиға, жұрт Оны жалындаған от болып жерге келеді деп күтіп отырды. «Иеміз Мәсіх құдіретті періштелерімен бірге жалындаған отпен көктен түсіп келгенде Құдайды менсінбей, Иеміз Исаның Ізгі хабарына құлақ аспай жүргендер жазаланады» (2Сал. 1:8). Оның үстіне халық Исаның екінші рет жер бетіне келуіне әлі де болса дайын емес еді. Олар бұл оқиғаға салтанатты түрде дайындалуы керек болды. Бұл жөнінде пайғамбар былай дейді: «Бұл күні кім шыдай алар екен? Оның алдында кім тұра алар? Өйткені Алла жалындаған отпен тең. Ол алтын мен күмісті тазартқандай, Өз халқын қорытып, тазаргады, себебі олар Құдай алдына шындықпен келулері керек” (Малахи 3:2,3). ҮШ 273.3
Сол мезгілде жерде тұрып жатқан адамдар Мәсіхтің көкте орналасқан қасиетханадағы қызметі аяқталған кезінде, Құдай алдына келіп, Арашашысыз тұрады. Олардың киімдері ешбір дақсыз тап таза болуы керек, мінездері Исаның қанымен жуылып, тазартылуға тиісті. Құдайдың мейірімінің және өздерінің күш салып, тырысуларының арқасында зұлымдықты жеңіп шығып, Алланың алдында жеңімпаз болып тұрулары керек. Тергеу соты жүріп, кектегі қасистхаиа тоубаға келген жандарды күнәсынан тазартып жатқанда, жерде де Құдай халқының арасында айрықша күнәдан тазартылу жұмысы жүріп жатуға тиісті. Бұл жұмыс жайлы Ашық кітаптың 14-ші тарауында жақсы жазылған. Осы жұмыс аяқталған кезде Құдай халқы Онымен кездесуге дайын болады. ҮШ 274.1
«Сонда ежелгі кездердегі секілді Яхуда мен Иерусалимнің құрбандығы Құдайға жағымды болады» (Малахи 3:4). «Сонда, Құдай Өзі келген кезінде, қабылдап алатын ғибадатханасы еш дағы жоқ, кесірі де жоқ, атақты ғибадатхана болады» (Еф. 5:27). «Сол кезде олар таң шуағындай жарқыраған, айдың нұрындай сымбатты, күннің көзіндей жарық және туларын ұстап, қатарларын түзеп, шабуылға дайындалып тұрған әскердей айбарлы болады» (Ән 6:10). Ал сиқыршылар, жезөкшелер, өтірік ант су ішетіндер, еңбекақы ұстап қалатындар, жетімдер мен жесірлерді қысымға ұшырататындар, жақындарын жауларына итеріп салатындар және Құдайдан қорықпайтындар үшін, Оның соты өте катал болады (Малахи 3:5). Алланың жер бетіне келуі мен Оның Өз ғибадатханасына кіруі бұл әр түрлі оқиғалар. Даниялдың кітабында жазылған Исаның Басты Діни Қызметкер ретінде қасиеттінің Қасиеттісіне кіруі (8:14) және осы кітапта жазылған Адамзат Баласының мәңгі жасап келе жатқан Құдай тағаланың алдына келуі (7: 13), Құдайдың Өз ғибадатханасына кіруі және он қыз жайлы мысалдағы күйеу жігіттің тойға келуі - осы жерлерде бір оқиға жайлы айтылып тұр (Матай 25). ҮШ 274.2
1844-ші жылдың жазы мен күзінде «Мінекей күйеу жігіт келеді!” - деген хабар шыққан болатын. Сол кезде ақымақ және ақылы шамалы қыздар арқылы суреттеліп тұрған екі топтың адамдары барын көрдік. Бір топтың адамдары Құдайды шын ниетімен күтіп, болатын оқиғаға шынайы дайындалды. Ал екінші топтың адамдары тек уақытша сезімге беріліп, Құдайды қорыққандарынан ғана күтті. Сондыктанда кейінгі топтың адамдары Алланың мейірімінен құр қалды. Жоғарыда айтылған мысалда: «Күйеу жігіт келгенде, дайын болғандар неке тойына кірді” делінген. Күйеу жігіт неке рәсімінің алдында келеді. Неке - рәміз ретінде Исаның Өз патшалығын қабылдауын көрсетеді. Киелі қала - Жаңа Иерусалим Құдай патшалығының астанасы болып табылады, сонымен қоса ол қалыңцық деп аталады. Періште Жохан пайғамбарына: «Жүр, мен саған қүрбан болған тоқтының қалыңдығын, Оның жұбайын көрсетемін» - дейді. «Сөйтіп, мені жоғары көтеріп, Құдайдан төмен түсіп келе жатқан Үлы кала - Иерусалимді көрсетті» - дейді пайғамбар (Аян 21:9,10). Ендеше қалыңдық дегеніміз - Киелі қала, ал күйеу жігітке қарсы шыққан қыздар - ғибадатхананы рәміздейді. Аянда Құдай халқы неке тойының қонактары делінген (Аян 19:9). Егер олар конақ болса, қалыңдық бола алмайды. ҮШ 275.1
Даниял пайғамбары айтқандай, Иса Мәсіх көктегі мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағаладан билікті, даңқты және патшалықты алады; Оның билігі басқаға өтпейтін мәңгілік және оның патшалығы ешқашан жойылмайды (7:14). Мен, Жохан көктен Құдайдың қасынан түскен қасиетті қаланы - жаңа Иерусалимді көрдім, ол күйеуіне дайындалған калыңдықтай болып әсемделген екен (Аян 21:2). Патшалықты алған соң, Ол патшалардың Патшасы, билеушілердің Билеушісі ретінде Өз халқын ақтап алу үшін жерге келеді және Өз патшалығында, құрбан болған Тоқтының неке тойына келген Өз халқын бір дастарханда Ыбырайыммен, Ысқақпен және Жақыппен бірге отьфғызады (Матай 8:11, Лүка 22:30). ҮШ 275.2
1844-ші жылы шыққан «Мінекей күйеу жігіт келе жатыр!» деген хабар, мыңдаған адамдарды Оны қарсы алуға шабыттандырды. Айтулы мезгілде күйеу жігіт неке рәсіміне келді, бірақ адамдар ойлағандай жерге емес, көкте, Өзінің патшалығын алу үшін күндермен Көнеге, яғни мәңгі жасап келе жатқан Құдай Тағалаға келді. Дайын болғандар неке тойына еніп, есік жабылды. Олар әлі жерде болғандықтан бұл неке рәсіміне тікелей қатыса алмайды. Исаның ізбасарлары «Қожайындарының келуін жерде күтеді» (Лүқа 12:36). Бірақ олар Исаның қызметін жақсы түсініп, Оның соңынан сеніммен жүре білулері керек. Неке тойына кіру дегеніміз осы. Мысалда: «қолдарында май қорлары барлар ғана неке тойына кірді” делінген. Ақиқатты танып білгендер Құдайдың мейіріміне бөленіп, қолдарына ұстатқан жарықты жоғалтып алмай, қасиетхана жайлы ақиқатты меңгеріп, ештеңеге қарамай қиындыққа төзе отырып, Құдайдың соңынан ере білгендер көктегі қасиетханаға аттанды. Мәсіх Иса Құдайдың алдында тұрып арашашы кызметін тамамдауға жақын қалған сәтінде, кімде кім Киелі Жазбаға сене отырып, осы ақикагты шын жүректен қабылдаса, сол жандар бейнелеме түрінде неке тойына кіргендер деп саналады. Матай жазған Ізгі хабардың 22-ші тарауындағы мысалда да неке рәсімі жайлы сөз қозғалады және сот неке тойына дейін аяқталады делінген. Неке тойының алдында патша кіріп: «барлық жандар неке тойының киімін киді ме екен, яғни барлығының киімдері дақсыз таза ма екен» деп тексереді (Матай 22:11; Аян 7: 14). Киімдері тазалар қалдырылады да, киімдері таза еместер қуылады. Адамдарды тексеру, яғни кімнің дайын, кімнің дайын емес екені тергеу соты кезінде анықталады. Сот аяқталғаннан кейін, барлық ғасырлардағы Исаның ізбасарларының ісі қаралып болған соң және ол жайлы шешім қабылданғаннан кейін ғана сынақ мезгілі аяқталып, мейірім есігі жабылады. Сонымен: «дайын болғандар неке тойына кірді және есік жабылды” деген қысқа сөз бізді адамзат баласын құтқару жолындағы ұлы шайкастың аяқталған кезіне алып келеді. ҮШ 275.3
Жердегі ғибадатханада (қасиетхана) татуласу күні бірінші діни қызметкер киелінің Киелісіне өткенде, бірінші бөлімдегі қызмет тамамдалатын болған. Құдайдың бұйрығы бойынша басты діни қызметкер қасиетхананы тазартуға кіргенде, ол шыққанша бірде - бір жан шатырға (скинияға) кіруге қақысы болмаған (Леу. 16:17). Дәл сол секілді Иса Мәсіх көктегі киелінің Киелісіне оны тазарту үшін кіргенде, бірінші бөлімдегі қызметі тоқтатылды. Бірінші бөлімдегі қызмет аяқталған кезде, ол екінші белімде басталды. Осылайша Иса Өзінің қызметінің бір бөлігін аяқтап, екінші бөлігіне кірісті. Қазіргі кезде Иса Мәсіх Өзінің қанымен киелінің Киелісіне кіріп, күнәкар пенделер үшін көктегі Әкенің алдында адвокаттық, яғни өз халқын қорғау қызметін атқаруда. 1844-ші жылы бұл сұрақ адвентистерге түсініксіз болған. Олардың ойынша адамзат бапасы үшін сынақ мезгілі Исаның екінші рет жер бетіне келері алдында аяқталуға тиісті болды. Олар Киелі Жазбадағы: «адамдар көз жастарына булыға отырып мейірім есігін қағады, бірақ ол есік енді ашылмайды” деген, сол уақыттарға мезгеп тұрған тақпақтарға сүйене отырып, осындай тұжырымға келген болатын. Енді олар өздеріне, Иса келуге тиісті - деп есептелген уақыт, Оның келер алдындағы мезгілі болмауы мүмкін бе?деген сұрақтар қойды. Өз жақтарынан бар мүмкіншіліктерін пайдаланып болған олар, адам баласын құтқару жолындағы еңбегіміз аяқталды, біздер ез парызымызды орындадык - деп есептеп, ал оларды күлкі кылып, мазаққа ұшыратып жатқандарды, Құдайдың рухынан жұрдай болғандар - деп санады. Сынақ мерзімі аяқталды, «мейірім есігі жабылды” деген ойға келіп тірелулері сол себепті болатын. ҮШ 276.1
Десе де қасиетхана жайлы сұрақты зерттей келе, олар тағы да бір жарыққа тап болды. 1844-ші жылы 2300 күннің аяқталғаны шынымен де маңызды оқиға екені түсінікті болды. Құдайға келем деушілерге 18 ғасыр бойы ашық тұрған үміт пен мейірім есігі шынымен жабылғанымен, киелінің Киелісі ішінде Иса арқылы күнә үшін кешірім алу есігі ашылды. Қызмет етудің бір бөлімі аяқталғанымен, екінші бөлімі басталды. Көктегі қасиетхананың есігі күнәкар пенде үшін әлі де болса ашық тұр, сондықтан күнәдән арылып тазарам, Аллаға келем деушілерге есік ашык, бірақ кешірім қабылданбайтын уақыт жақын, сол себепті Ізгі хабар мәсіхшілер арқылы жер жүзіне кең таралуы тиіс. ҮШ 277.1
«Дәуіттің кілтін ұстаған Киелі де Шындық Иесі былай дейді: Оның ашқанын ешкім жаба алмайды, жапқанын ешкім аша алмайды. Сенің істеріңді білемін, мінекей сенің алдыңнан Мен есікті аштым және оны ешкім жаба алмайды; сенің аздаған күшің бар, Менің сөзімді сақтадың және Менің атымнан бас тартқан жоқсың ... сол үшін өздерін яхудейлерміз деп санаушыларды сенің аяғыңа әкеліп бас игіземін (Аян 3:7,8,9) деген сөздердің мағынасын мәсіхшілер сонда ғана ұқты. Сенімдеріне берік ие болып, Исаның соңынан жүре білгендер, Оның кешіріміне ие болады, ал Одан бас тартқандар әрине кұр қалады. Иса бірінші рет жер бетіне келгенде, Оған сенбеген яхудейлер кешірімнен құр қалды. Соңында Иса Өзінің қанымен ізбасарларына батасын беру үшін көктегі ғибадатханаға кіргенде, яхудейлер қажетсіз қүрбандықтарын шалып, түнекке оранып жатты. Келтірінді немесе үлгі ретінде берілген қызмет аяқталды, яғни адамдардың кіруге мүмкіндігі болған алғашқы есік жабылды. Яхудейлер болса өз Құтқарушыларын көктегі қасиетханадан іздеген жоқ. Сондықтан олардың Құдаймен қарым — қатынасы жоқ. Олар үшін есік жабылды, өйткені олар Исаның Ұлы Құрбандық екенін мойындамады. Имансыз еврейлердің күйі барлық имансыздардың күйін суреттейді. Сондықтан да біздер үшін татуласу күнінің мағынасын және Құтқарушының қызметін түсіну өте қажет. Адам баласының Құдайдың беріп тұрған мейірімін қағып салып отыруға қақысы жоқ. Нұх пайғамбарының заманында адамзатқа көктен хабар келді және олардың тағдыры осы хабарға тікелей байланысты болды. Бірақ олар айтулы хабарды қабылдамағандықтан, Киелі Рух олардан шегінді. Ыбырайым пайғамбарының тұсында да айыпты болып табылған Содомның тұрғындары, Лұт, оның зайыбы және екі қызынан басқалары отқа өртеніп қүрыған болатын. Исаның заманында да имансыз еврейлерге: «Ал, үйлерің өздеріңе бос қалды” деген үкім шығарылған еді (Матай 23:38). Қазіргі ақырет тақап тұрған кезде де, ақиқатты кабыл алмағандарға Шексіз Күш Иесі былай дейді: «оларды, сенбегендері үшін Құдай жаңылыстырады, сондықтанда олар өтірікке сеніп, айыпталады» (2Сал.2:10-12). Ақиқатты қабылдамай, өтірікке сенгендер оның құрбаны болады. ҮШ 277.2
Мәсіх Иса кез келген адам баласын күтуде, акиқатты іздегендерге ол беріледі. Әуелде түсінбеген сұрақтарын енді адвентистер Киелі Жазбаның арқасында жақсы ұқты. Бастарына күн туған 1844-ші жылы көпшілік халық, бізді сайтан шатастырды - деп, өз сенімдерінен бас тартқан болатын. Тек сенімдерін берік ұстағандар ғана, Киелі Жазбаны басшылыққа ала отырып, өздерінің Құтқарушыларын күте білді. Көктегі қасиетханадан түскен, білім олардың санасын оятып Құдай сүйіспеншілігіне бағьптады. Сондықтанда олар осы айтылған жылы Үлы Басты діни Қызметкердің бірінші бөлімдегі қызметін аяқтап, екінші бөлімге кіргенін тиянақты түрде ұға білді. Оның соңынан ере білген мәсіхшілер, осы ақырет кезіндегі өздеріне артылып тұрған жауапты іске салмақхы түрде қарап, шыдамдылықпен кірісті. Олар бірінші және екінші періштенің хабарын жақсы түсінді және аянның 14 хабарында сөз етілетін үшінші періштенің хабарын күнәкар әлемге жариялауға дайын болды. ҮШ 278.1