XVI ғасырда реформация халыкка Киелі Кітапты зерттеуді ұсынып, сол арқылы барлық Еуропаға ақиқат ілімін таратқысы келді. Кейбір мемлекеттер оны көктен түскен хабардай қуанышпен қарсы алды. Ал папалықтар кедергілер қойған жерлерде ақиқаттың таралуына мүмкіндік болмады. Бұл тарауда сөз болатын мемлекетке шындықтың шұғыласы шашырап түскенімен, қара күш одан тайсалмады, керісінше төтеп берді. Осылайша бір ғасыр бойы қарама қарсы күштер шайқасумен болды. Акыры зұлымдық жеңіп шығып, ақиқат түнекпен жабылып қалды. «Адамдар жарықтан гөрі түнекті жақсы көріп, соны таңдап алды — дейді пайғамбар ( Жох. 3: 19). He ексең соны орасың деген, бұл халық қандай дәнді отырғызса, соның жемісін көрді. Ақиқатты қабылдамаған адамдардан Киелі Рух алынып қойылды. Алла зұлымдықтың гүлденуіне жол беріп және оның неге әкеліп тірейтінін оларға көрсетті. ҮШ 169.1
Жүздеген жылдар бойы Киелі Жазуға қарсы жүргізілген шайқас, революция кезінде өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті. ҮШ 169.2
Римнің Киелі Жазбаны оқуға тыйым салғанының соңы осындай қопарылысқа әкеліп тіреді. Бұл соғыс - Римнің халыққа жаттаткан ілімінің нәтижесін айқын көрсететін суреттеме болып саналады. Рим билік жүргізген кезде Киелі Жазбаны зерттеуге тыйым салынатыны жайлы ежелгі пайғамбарлар арқылы айтылып кеткен болатын. Киелі Жазбадағы соңғы кітап - аянда, біз оны «Ашық кітап” деп атаймыз, Жохан пайғамбар «күнәкар пенде” келіп билік жүргізген кезде халықтың басына қаншалықты қасірет төнетіні жайлы ескертеді. Әсіресе оны біз Францияның басына түскен тауқыметтен жаксы байқаймыз. Алланың періштесі келіп былай деген: «Олар келіп Қасиетті қаланы 42 ай бойы тепкіге алады. Мен оларға Өзімнің екі куәгерімді бердім. Бұл куәгерлер дәруіштің киімін киіп алып 1260 күн бойы оларға куәлік айтады. Олар куәлігін айтып болған кезде, тұңғиықтан шыққан хайуан бұлармен шайкасқа түсіп, екеуін жеңеді және өлтіреді. Сонан соң олардың мөйітін рухани Содом және Мысыр деп аталатын, Тәңіріміз айқышқа шегеленген ұлы қаланың көшесіне тастайды. Жерде тұратындар бұған қатты қуанып, бір бірлеріне сыйлыкгар жібереді, өйткені бұл екі пайғамбар оларды қатты қинаған болатын. Сонан соң үш жарым күн өткеннен кейін Құдайдан оларға тіршілік демі кіріп, екеуі орындарынан тұрды. Мұны көрген пенделер өте үрейленіп кетті” (Аян 11: 2-11). ҮШ 169.3
Жоғарыда айтылып кеткен 42 ай мен 1260 күн деп аталатын уақыт аралықтары бір периодты нүсқайды. Дәл осы уақыт аралығында Мәсіхтің шіркеуі Римнің жағынан сұмдық қуғынға ұшыраған болатын. Рим билігін жүргізген 1260 жыл, 538 және 1798 жылдар аралығы еді. Айтулы мезгіл өткен соң Француз армиясы Римге кіріп, кейіннен қашып жүріп, кайтыс болған папаны тұтқынға алды. Сонан соң жаңа папа тағайындалғанымен, ол бұрынғы пападай күш пен билікке ие бола алмады. Шіркеудің қуғындалуы 1260 жыл бойы үздіксіз болған жоқ. Құдайдың мейірімінің арқасында бұл қайғылы күндер қысқартылды. Ақырда болатын қасірет мерзімі жайлы Құтқарушымыз: «Егер бұл күндер қысқартылмаса бірде бір жам иесі тірі қала алмайды, бірақ Құдай Өзінің қалаулылары үшін бұл күндерді қысқартады» - деп ескерткен болатын (Матай. 24: 22). Реформацияның әсерінен қуғындалу 1798 жылдан әлдеқайда бұрын аяқталды. ҮШ 170.1
Әрі қарай екі куәгер жайлы пайғамбар былай дейді: «Бұл екеуі Жаратушының алдында тұрған екі майшам мен екі зәйтүн”. Осы жайлы забур жырында да: «Сенің сөзің аяғыма шырағдан, жолыма жарық береді»деп жазылған болатын (Аян 11:4, Жыр.118:105). Бұл екі куәгер Көне Өсиет гген Жаңа Өсиетті бейнелегт тұрған рәміздер. Екі Өсиет те жаратылыстың болғанын, Құдай заңының мәңгілік екенін және құтқарылу жоспарының барлығын растайды. Көне Өсиеттегі құрбан шалу рәсімі болашақта болатын Ұлы Құрбандық - Құтқарушымыз Мәсіх Исаны мезгеген болатын. Ізгі хабар және Жаңа Өсиет Құтқарушымыздың келетіні туралы рәміздер мен аяндарда алдын ала айтылғандай дәл орындалатынын хабарлайды. ҮШ 170.2
«Дәруіштің киімін киген екі куәгерім 1260 күн бойы куәлік айтады» делінген. Осы уақыттың басым көпшілігін Алланың куәгерлері түнекте өткізді. Папалықтар Киелі Жазбаны халықтан жасырып тығып тастап, жалған пайғамбарларын жұмсап, ақиқатты керісінше уағыздады. Діни билік пен үкімет билігі жағынан Киелі Жазуды зерттеуге тыйым салынып, ондағы ақиқаттар бұрмаланып, олар Жазбадан теріс айналған кезде, адамдар діни сауатсыздыққа ұшырап, шынымен түнекте жүрді. Соған қарамастан кейбір адамдар жасырын түрде Жазбаны зерттеп, алған білімдерін басқа адамдарға жеткізбек болғанда, биліктегілер олардың ауыздарын буып, өздерін қуғын-сүргінге ұшыратып, қамауға алып, өлтіріп, өртеп көздерін жойды. Қайыршы киіміндегі куәгерлер дегеніміз осылар. Қуғын-сүргіндерге қарамастан олар 1260 жыл бойы ақиқатты уағыздаумен болды. Осындай ең катыгез қайғылы замандардың өзінде Құдай Сөзін шын ниетімен жақсы көріп, Оның мәртебесін кетерген адал азаматтар аз болған жок. Бұл адал қызметкерлерге 1260 жыл бойы табандылықпен Құдай Сезін уағыздауға Оның тарапынан аса бір даналық берілген. ҮШ 170.3
«Куәгерлерді біреулер ренжіткісі келсе, олардың ауыздарынан жалын шығып жәбірлеушілерді жалмайды. Егерде біреулер оларды өкпелетсе, өздері өледі” (Аян 11: 5). Құдай сөзін аяқ асты қылғандар ешқашан жазасыз қалмайды. Бұл коркынышты қауіптің мағынасы Аянда айқын берілген: «Сол сияқты, мен, Киелі Жазуға өз бетінше сөз қосқандар жаралы індетке ұшырайды және одан өз бетінше бір сөз алып тастағандардың аттары Көктегі Өмір кітабынан зым-зия өшіріледі” - деп, барлық естігендерге куәлік етемін. (Аян 22:18-19). ҮШ 171.1
Бұл Алланың бұйрығын және Оның айтқанын өзгертем деушілерге арналған ескерту. Және өзінің абырой атағын пайдаланып Құдай заңын аяқ асты қылғандарға арналған ескерту. Бұл ескертулер Құдай заңын орындаудың қажеті жок дегендерді үрейлендіруі керек. Өзінің ойын Құдайдың сөзінен жоғары санайтындар, дүниенің көңілінен шығу үшін Киелі Жазудың мағынасын өздеріне ыңғайлы кылып өзгертетіндер өз мойындарына өте қатаң, корқынышгы жауапкершілік алады. Жер бетіндегі әр пенденің міиезі Құдайдың заңына сай келуі керек, ал мінездері одан өзгеше болып шыққандар, Оның алдында сотталады. «Олар өз сөздерін айтып болған соң”... Екі куәгердің халыққа уағыз айтатын уақыт аралығы 1798 жылы аяқталды. Куәгерлер түнекте жүріп өз жұмысын аяқтаған кезде, тұнгиыктан шығатын хайуан оларға бас салуга тиісті болды. Еуропаның көптеген елдерінде мемлекет және шіркеу басшьшары папа арқылы жұмыс жасаған албастының билігінде болды. Бұл жерде біз албастының өз күшін жаңа тәсілдер арқылы көрсетіп жатқанын бақылаймыз. Рим шіркеуі Киелі Кітапты кұрметтеген болып, оны қолмен ұстауға болмайды деген саясатпен халыққа түсініксіз тілде ұстаған бойы ешкімге көрсетпей тығып тастаған. Сондықтанда куәгерлер Рим билігінің тұсында ақиқатты қайыршы кейпінде жүріп уағыздаған. Сонан соң басқа күш - «тұңғиықтан шығатын хайуан» пайда болып, Құдай сөзіне қарсы ашык соғыс жариялауға тиісті болды. ҮШ 171.2
Екі куәгер өлтіріліп, көшесіне тасталған «ұлы қала» рухани мағынасы бойынша Мысыр деп аталады. Себебі Киелі Кітапта аты аталған барлық халықтардың ішінде Тірі Құдайға ашыктан-ашык қарсы болған халық мысырлықтар болатын. Мысырдың билеушісіндей көктегі Алланың абыройына тіл тигізіп, Оған қарсы шығуға бірде бір монархтьщ дәті жеткен емес. ҮШ 171.3
Мұса пайғамбар Құдайдың еркін перғауынға жеткізген кезде: «Соншама Оның сөзін тыңдап, Исраилды босататын Құдай деген кім? Мен Оны білмеймін және Исраилды босатпаймын” - деп жауап берген болатын (Мыс. 5: 2). Бұл дегеніміз атеизм. Рәмізделу жағынан Мысырмен салыстырылған халық, дәл солардай Алланың койған талабын ысырып тастап, имансыздық пен бағынбаушылық рухын байқатуға тиісті болды. «Ұлы қала» сонымен қатар рухани жағынан Содоммен салыстырылады. Құдай заңын аяқ асты қылған Содомның кесірі оның бұзылғандықты заң ретінде тағайындағанынан байқалады. ҮШ 172.1
Мұндай күнә Киелі Жазбадағы, тағдырында бұл аян орындалуға тиісті болған, халықтың мінезін көрсетеді. ҮШ 172.2
Пайғамбардың айтуы бойынша, 1798 жылға аз уақыт қалған кезде ібіліс Киелі Кітапқа қарсы соғыс жариялайды. Екі куәгердің үндері өшкеннен кейін халық перғауынның атеизмі мен Содомның бұзылғандығына үшырайды. ҮШ 172.3
Осы аян Францияның тағдырында ташсаларлык дәлдікпен орындалды. 1793 жылғы революция кезінде дамыған қоғамда туып, тәрбие алған, Еуропаның үлы халқын билеп басқара алатындай адамдар дүние жүзінде алғашқы рет адамзат баласына берілген акиқатқа қарсы шығып, Қүдайдан және Оған қызмет етуден бас тартқаны жайлы хабар бар әлемге мәлім болды. Бар ғаламның Иесі - Жаратушы Құдайдан қорықпастан бас тартқан жалғыз мемлекег осы Франция болатын. Бұл туралы біз нактылы айғақтардан біле аламыз. Ағылшын, Германия, Испания елдерінде де көпірлердің саны жеткілікті болғанымен, Құдай жоқ - деп заңды түрде қаулы қабылдаған мемлекет Франция ғана еді. Бұл қаулыны адамдар көшеге шығып би билеп, ән салып қошеметтеп қарсы алды. ҮШ 172.4
Содомның бұзақылығының айқын ерекшеліктері Францияның бойынан осы жерде дәл керінді. Содом мен Ғоморраның кұрып кетуіне себепкер болған бұзақылық революция кезінде айтулы мемлекетте мейлінше билік құрды. ҮШ 172.5
Дін жайлы қабылданған бұл қаулымен қоса, некенің қасиеттілігін жоққа шығаратын тағы да бір қаулы қабылданды. Ол қаулы бойынша ерлі - зайыптылар некесіз қатынас жасап, қалаған уақыттарында ажырасуға хүқылы болды. Қасиетті атаулының барлығын құртып жіберуге дайын тұратын жындардың өздері мұншама азғындықты ойлап таппаған болар еді. ҮШ 172.6
Ұшқыр ойымен жұртқа белгілі болған Софи Арно атты актриса азаматтық некені «жезөкшеліктің кұпиясы” деп атады. ҮШ 172.7
«Құтқарушымыз айқышқа шегеленген жер». Францияның тағдырында, берілген аянның бұл бөлігі де орындалды. Иса Мәсіхке соншалықты өшіккен бір мемлекет болған жоқ. Бір де бір мемлекетте ақиқат дәл осы мемлекеттегідей қуғындалған жоқ. Ал Франция болса, Исаның ізбасарларын қатыгездікпен өлтіре отырып осылайша «Исаны тағыда айкыш ағашқа шегеледі”. ҮШ 172.8
Акиқаттың қарлығаштарының қандары жүздеген жылдар бойы төгіліп отырды. Вальдендіктер Пьемонта таулы аймағының үңгірлерінде Қүдай Сөзі мен «Иса Мәсіхтің куәлігі” (Мәсіхтің куәгерлері ретінде) үшін өмірлерін беріп жатса, олардың бауырлары альбигойлыктар да дәл сондай азапты күндерді бастарынан кешіп жатты. Реформация кездері оны қолдаушылар неше түрлі қорлықты көріп, айуандықпен азапталып өлтіріліп отырды. Францияның бетке ұстарлары - көрнекті қыз-келіншектер, сарай басшылары, ұлттың мақтанышы атанғандар, бастығы патша болып Исаның куәгерлерінің жанкешті азабын тамашалап, содан өздеріне ләззат алып, рахаттанып отырды. Ержүрек гугеноттар адамның құқысы үшін шайқасып, қатыгез соғыстарда жан тапсырды. Протестанттар заңнан тыс қалып, олардың бастарына белгілі құн тағайындалып, хайуандарша қуғындалды. ҮШ 173.1
XVIII ғасырда, Францияда, бабаларынан қалған дінді таза күйінде ұстап қалған мәсіхшілер болды. Олар рухани мағынада «Шөл даладағы шіркеу» деп аталды, себебі олар тау менен тасты, үңгірлерді паналап жүріп күн көрген. Кей кездері олардың бастары қосылып, бір тасалау жерде жинала қалса, жемтігін күткен жырткыштай андып отырған драгундар оларды ұсгап алып, дереу тұтқындап, айдауға жіберіп отырған. Осылайша Францияның белгілі мейірбан ұлдары мен қыздары ұрылар мен қарақшылар және кісі өлтірушілермен бірдей кісенделіп кете барған. Солардың кейсібірінің тағдыры басқаларына қарағанда әлдекайда жеңіл болды, олар тізе бүгіп, дұға айтып тұрған жерлерінде өлтірілді. Кәрілер, әлсіз әйелдер, күнәсіз балалар, барлығы Құдайға ғибадат ету кезінде өмірлерімен қош айтысты. Құдай халқының әдетте жиналатын жері, ормандар мен тау шатқалдарының арасынан өткен болсаңыз «өлтірілген және ағашта асылып тұрған» адамдардың мәйіттерін көретін едіңіз. Найзамен, қылышпен, алаумен қырылып, босап қалған мемлекет «үлкен сахараға айналды”. Осының барлығы сауатсыз қараңғы заманда емес, өнер мен білімнің дамып тұрған кезі, Людовик XIV дәуірінде, өздерін момын және мейірбан санайтын, білімді, сөзге шебер азаматтардан кұралған қауымның билік құрған уақытында болған оқиғалар. Осы аласапыран замандағы қылмыстың ең ауыры болып Варфоломейлік түн саналады. Әлем бұл қатыгез оқиғаны қазірдің өзінде тітіркенбей еске ала алмайды. Римнің діни басшыларының қыспағына шыдамаған Францияның патшасы басқа діндегілерді, яғни «басқаша сенетіндерді» қыруға рұқсат берді. Кенет түн ортасында қоңырау соғылып, өздерінің патшаларына сеніп шырт ұйқыда жатқан протестанттарды дұшпандары далаға сүйреп алып шығып айуандықпен қырды. Мәсіх көзге көрінбейтін қолымен Өз халқын мысырлықтардың езгісінен қалай алып шықса, дәл солай албасты да көрінбейтін қолымен осы масқараға жетекшілік етті. Шайтан бастаған қансорғыштардың қатыгез тобы бір апта бойы Парижде қантөгіспен айналысты. Алғашқы үш күн тіпті жаман болды. Қантөгіс тек Парижде ғана болып қойған жоқ, патшаның арнайы жарлығы бойынша Францияның барлық жерлерінде ұйымдастырылды. Олар жас демей, кәрі демей, әйел демей, бала демей бәрін қырды. Атақтылары да, қарапайымдары да бірдей жазаға тартылды. Бұл сұмдық Франция бойынша екі айға созылды. Осы уақыт аралығында ұлттың бояуы болып саналатын жетпіс мың адам қаза тапты. ҮШ 173.2
Бұл хабарды естіген Римнің діни басшыларының куанышында шек болмады. Кардинал Лорренский айтулы жаңалыкты жеткізген хабаршыға мың крондық сыйлық тартты. Киелі Анжело қаласы бұл оқиғаны пушка атып қошеметтеді. Қоңыраулар соғылып, алаулар түнді күнге айналдырды. ҮШ 174.1
Григорий XIII кардиналдар мен сановниктерді ерітіп киелі Людовиктің шіркеуіне келді. Осы арада кардинал Лорренский: «Бұл болған оқиғаны мәңгілік ету үшін, саған Құдайым құйып медаль жасадық” - деп ән салды. Шынымен де Ватиканда осы күнге дейін үш фреска* сақталуда. Бірінде адмирал - гугенотқа шабуыл жасалып жатқан кезең бейнеленген, екіншісінде болатын қантөгісті өзінің кеңесшілерімен талқылап жатқан патша, үшіншісінде қантөгістің өзі бейнеленген. ҮШ 174.2
Григорий «Аптын Раушан гүлін” жіберді, ал сол қантөгістен төрт ай өткеннен кейін, ол, киелі әкенің қуанышты хабарды алып, Құдайға және киелі Людовикке ризашылығын білдіру үшін салтанатты түрде шіркеуге аттанғаны жайлы хабарды француз діни қызметкерініц уағызынан рахаттана отырыгі тыңдады. ҮШ 174.3
Варфоломейлік түнді болдыруға ықпалын тигізген албасты, революцияның қозуына да әсерін тигізді. Иса Мәсіх өтірікші деп жарияланып, Франция құдайсыздарының ұраны: «Жексұрынды құлатамыз” - деген сөздер болды (бұл жерде Иса Мәсіх туралы айтылып түр). Құдайға сөз тигізу мен арсыздық қатарласып жүріп отырды. Азғындар мен сагқындар және бұзақылардың атағы шарықтады. Осылайша жындардың бастығы - албасты құрметтеліп, адалдық пен пәктіктің негізі және шексіз махаббат Иесі Мәсіх Иса «айқышқа шегеленді». «Тұңғиықтан шыққан хайуан шайқасып, оларды жеңеді» - делінген аянда. Францияда революция кезінде құрылған құдайсыздардың билігі Құдайға және Оның сөзіне қарсы ешкім көріп көрмеген күпия соғыс жүргізді. Ұлттық жиын Аллаға құлшылық етуді доғарды. Олар Киелі Кітаптың барлық даналарын жинап алып, көпшіліктің көзінше өртеп жіберді. Құдай сөзін келеке мазақ қылып, аяқтарымен таптады. Құдайға құлшылық ететін кұнді алғызып тастап, оның орнына өрбір оныншы күнді әр түрлі бүзақылыққа, неше түрлі ойын сауықтарға арнады. Шомылдыру және шіркеуге катыстыру рәсіміне тыйым салынып, бейіттерге «Өлім - мәңгілік ұйқы» деген жазулар жазылып ілінді. Қай уақытта болмасын Құдайдан қорқу - даналықтың басы болып саналса, олар Құдайдан қорқу - акымақтықтың белгісі деген пікірді таратты. Кімге болса да Құдайға қызмет етуге тыйым салынды, тек бостандық пен еліне ғана кызмет етуге рұқсат берілді. Париж қаласының епископы ол заманда да, бұл заманда да болып көрмеген бүтін бір ұлттың атынан шығарылған жиіркенішті көріністе басты рольді ойнауға мәжбүр болды. Оны конвенттің жиынына алып келіп, сол жерде оған өзі қанша жыл бойы қызмет еткен дініне қарсы: «Дін дегеніміз тарихта да, Киелі Жазбада да негізделмеген, ол дін қызметкерлерінің ойлап шығарған өтірігі” - деген сөздерді айтқызды. Сонан соң епископ түрған жерінде Құдайдан бас тартып, Оның барлығына күмән келтіретінін айтып, ендігі жерде бостандыққа пен теңдікке, енеге мен әдептілікке қызмет етемін деп салтанатты түрде уәдесін берді. Осыдан кейін ол өзінің епископтық киімдерін шешіп столдың үстіне қойды, ал конвенттің төрағасы болса, оны қүшақтап, арқасынан қақты. Бұл прелаттың көрсеткен үлгісі бойынша бірнеше дін әкелері сатқындық жасап, өз қызметтерінен бас тартты. ҮШ 174.4
«Жердегілер куанып, бір бірлеріне сыйлық жіберді, өйткені бұл екі пайғамбар оларды қинаған болатын». Осылайша Франция ездерінің азғындықтарын әшкерелеп отырған екі куәгердің үндерін өшірді. Құдай сөзін жек көретіндер, Оның талаптарын орындағысы келмейтіндер бұған қатгы қуанды. Сөйтіп олар Құдайға ашықтан ашық қарсы шықты. Ежелгі кездегі кәпірлер секілді оларда: «Құдай бөрін қайдан біледі? Жан жакты бақылайтындай жағдайы бар ма?” - деп айғайлады (Жыр. 72: 11). Жаңадан құрылған биліктің бір бақсысы адам естігісіз күпірлік сөздер сөйледі: «Ей Алла, егер Сен бар болсаң, Өзің үшін өш алып көр енді. Мен Саған қарсы шығып тұрмын! Сен үндемейсің ә... Күнді күркіретіп жауап беруге дәтің де жетпейді! Осыдан кейін Сенің барыңа кім сенеді?” Айтыңыздаршы бұл сөздер: «Сөзін тыңдайтындай Құдай деген кім? Мен Оны білмеймін!» - деген перғауынның сөзіне өте ұқсас емес пе? ҮШ 175.1
«Ақымақ өзіне өзі: Құдай жоқ” - деді. Ақиқатты балағаттайтындар жайлы Алла былай дейді: «Олардың акымақтықтары барлығының алдында әшкереленеді” (Жыр. 14:1; 2Тім 3:9). Осыдан көп ұзамай ең жоғарыда тұрған мәңгілік тірі Құдайға қызмет етуден бас тартқан Францияның азғындыққа ұшырағаны соншалықты, олар пұтқа табынуға кірісті. Біз Ақыл құдайына бағынамыз деп, орталарына бұзылған әйелді отырғызып, оған сый-құрмет жасады. Ұлттың өкілдерінің алдында осының барлығын жасап жатқан жандар үкіметгі билеп отырған адамдар болатын. Тарихшы осы жөнінде былай дейді: «Сол сүрапыл есі кеткен заманда жасалған рәсімдердің бірі нағыз күпірлік, қисынсыз сандырақ болды. Конвенттің есігі салтанатты түрде келе жатқан шеруге айқара ашылды. Муниципалитет мүшелері еріп келе жатқан әншілермен бірге бостандық әнүранын орындады. Олардың ортасында үстіне жабу жабылған әйел келе жатты. Әйелді олар Ақыл құдайы деп атады. Шеру токтаған кезде, әйелдің үстіндегі жабуын тастатып, төрағасының оң жағына әкеліп отырғызды. Бұл ойелдің опера бишісі екенін тану ешкімге қиынға соққан жоқ. Шынымен де солар табынатын даналықты бейнелеп тұрған бұл әйелге Францияның ұлттық конвенті сый-құрмет көрсетіп қошеметтеді. ҮШ 175.2
Айтулы азғын жене күлкілі сауық кездейсоқ болған оқиға емес еді. Революцияның ең заңғар биігіне қол жеткіздік деген жерлердің бәрінде Ақыл құдайын таққа отырғызу рөсімі откізіліп отырды. Даналыққа бас июге шақырған шешен былай дейді: «Заңгерлер! Бүгінде фанатизм дұрыс ақылға жол берді, тұманданған көздер жарыққа қарай алмады. Бүгін алғаш рет ақиқат айтылып тұрған осы орынға көп халық жиналды. Енді Франция бостандык пен сана сезімге қызмет ететін болады. Біз Республиканың қарулы күшіне сенеміз және жансыз пұттарды тастап, табиғаттың қолынан шыққан жанды мүсінге табынамыз”. Ақыл құдайын конвентке әкелген кезде жүргізуші осы әйелдің қолынан ұстап, жиналған қауымға қарап сөз сөйледі: «Пенделер! Сендер Құдайдың әлсіз кұркірегенінен қорқа бермевдер. Осы күннен бастап бізде Ақыл құдайынан басқа Құдай жоқ. Мен сендерге сана сезімнің тап-таза үлгісін көрсетіп тұрмын. Егерде сендерге пір керек болса, кұрбандықтарыңды осындай пірлерге әкеліңдер. Бостандық Басшысының алдына жығылыңдар. О, ақыл арнасы!” - деді шабыттана. Сонан соң ана әйел орнынан тұрып төрағасымен құшақтасып, ендігі жерде орным осы болады деген ниетпен, жан жағын қоршаған топтың ортасында жүріп отырып, арнайы сөнделген көлікпен Нотр Дам шіркеуіне аттанды. Сол жерде жиналып тұрған халықтың барлығы оған табынды. ҮШ 176.1
Коп ұзамай жиналған елдің алдында Киелі Кітапты өртеу рәсімі өтілді. Бір күні мұражай Халықтық қоғамының мүшелері муниципалитет залына «Ақыл құдайы жасасын!»деген ұранмен шаттана кірді. Олар өртеніп кеткен кітаптардың парақтарын бақандардың бастарына түйреп алып жүріп отырды. Шіркеудің басқа баспаларының ішінде Жаңа Өсиет және Көне Өсиет бар болатын. Төрағасы: «Бұл кітаптар адамдарға жасатқан ақымақтықтары үшін жалынға түсіп, жазаларын тапты” - деп жариялады. Осылайша папа бастаған жұмысты атеизм аяқтады. Римнің саясаты Францияның діни, саяси және әлеуметтік түрде құлдырауына әкеліп тіреді. Революция әкелген сұмдық оқиғалар жайлы жазатындар, бұған мемлекет пен шіркеу кінәлі деп есептейді. Әділеттілікті ескеретін болсақ, шын мәнінде, барлығына кінәлі шіркеу. Өйткені ол, яғни папалықтар Реформацияны патшаның жауы және мемлекетке зиянды деген сөздер таратып, оған монархтарды қарсы қойды. Тек оларды қарсы қоюмен шектеліп қоймай, неше түрлі айуандықтар жасауларына басшы болды. ҮШ 176.2
Киелі Кітап халыққа бостандық сыйлады. Онымен танысқан адамдар ырым - жырымның, кесірдің, надандықтың құрсауынан босанып, ойланып өз беттерінше шешім кабылдайтын күйге жетті. Әрине мұны көрген монархтар өз биліктері үшін қауіптенді. Ал Рим болса, бұл қауіпті одан сайын қоздырумен болды. 1525 жылы гіапа Франция регентін сақтандыра отырып, былай деген болатын: «Бұл ессіздік (протестантизм) тек діннің ғана емес, мемлекеттің де, дворяндықтың да, жауы, ол заңның тәртіптің көзін жояды». Арада біраз жыл өткен кезде папаның елшісі дәл осы сөздерді патшаның алдында қайталады: «Алдияр хан - ием, шатаспаңыз! Протестанттар тек діннің ғана емес, үкіметтің де жауы. Мехрап қандай қауіпте болса, тақ та дәл сондай қауіпте”. Ал дін зерттеушілер: «Жаңа дін өзінің жаңалықтарымен, ессіздіктерімен халықты еліктіріп, патшаның маңайындағыларды оған қарсы шығарып, шіркеуге де, сол секілді мемлекетке де бүлік әкеліп, бұзылғандыққа бастайды» - деп, халықты соған иландыруға тырысты. Осылайша Рим Францияны Реформацияға қарсы айдап салды. Сол себепті Франция тағын, заңын, ақсүйектерін қорғап қалу үшін, қылыштарын сайлап қанды соғысқа шықты. ҮШ 177.1
Мемлекет басшылары мұндай қатыгез саясаттың немен тынатынын білмеген болуы керек. Киелі Кітапты зерттеу халықтың санасын өркендетіп, мемлекеттің ірге тасын бекіте түсетіні әлбетте белгілі емес пе? «Тақуалық халықтың рухани деңгейінің кетерілуіне ықпалын тигізеді, сондықтан болар ақиқаттың арқасында патшаның тағы да шайқалмайды” (Нқл. 14: 34, 16: 12). ҮШ 177.2
«Шындық бейбігшілік береді, ал оның нәтижесі мәңгілік тыныштық пен қауіпсіздік” (Иш. 32: 17). ҮШ 177.3
Құдай заңына бағынатын адамдар өз елінің заңына тіпті де бағынады. Құдайдан қорқатындар, өз басшыларының заңды талаптары мен өділетті істерін сыйлай біледі. Ал арсыз Франция болса Киелі Жазуды оқуға тыйым салып, оның оқушыларын заңнан тыс қалдырды, яғни заң ендігі жерде оларды қорғамайтын болды. Ғасырлар бойы акиқат үшін табанды түрде шайкаса білген зиялы, ақылды, өз көзқарастарын баяндаудан тайсалмайтын ержүрек азаматтар әділеттілік үшін азап шегіп, айдауға түсіп, қара жүмыска салынып, отқа тасталып, тірідей түрмелерде шіріді. Мыңдаған адамдар қашып жүріп күн көруге мәжбүр болды. Айтульт оқиғалар Реформация басталғаннан бастап 250 жылға созылды. Осы уақыт аралығында Ізгі хабардың ізбасарларының қаншалықты қайғылы оқиғаларды бастарынан кешкендеріне Француздардың ең жоқ дегенде бір буыны куә болмай қойған жоқ шығар. Соры кайнаған қашқындар тамаша тәртіптің, өнердің, білімнің, шеберліктің иегерлері болатын. Олар өз өнерлерін жүрген жерлеріндегі халықтарға тарата білді. Осыншама байлықтың барлығын олардың отандастары емес, бөтен жердегілер иемденді. 300 жыл бойы осы дарын иелері Францияда қалып өз еліне қызмет жасағанда мәдениет, әдебиет, ғылым саласында еңбек еткенде, өз білімдерімен үкімет басындағыларға көмек жасап, қаһармандықтарымен әскери қолбасшыларға пайдалы болып, әділетті заңдар шығарылып, шынайы дін адамдардың ар-ұжданына әсер етііт санасын оятып, халықтың рухани деңгейі кетеріліп, Франция кандай жетістіктерге қол жеткізген болар еді. Мұндай ұлы, гүлденген, бақытты мемлекет басқа халықтарға үлгі болмас па еді? ҮШ 178.1
Керісінше соқыр, аяусыз фанатизм оның, яғни Францияның маңайынан тәртіп сақшылары мен әділетті қорғаушыларды қуып шығарды. Сөйтіп, өз елдерін ұлы да атақты ете алатын, ұлттың бояуы болып табылатын мейірбан жандарға: «Нені қалайсыңдар, жер аударғанды ма немесе алауды ма?” - деген ұсыныстар жасалды. Ақыры мемлекеттің күл талқаны шығып, халық ардан жұрдай болып, азғындыкка ұшырады. Алау дегендер тоқтатылды, өйткені дін деген жоғалды, қуғын-сүргін деген болмады, өйткені қудаланатын ешкім қалмады. Осындай саясаттың салдарынан революция мемлекетті соншалықты сорақы нәтижелерге әкеліп тіреді. ҮШ 178.2
Франциядан гугеноттар қуылсымен дағдарыс басталып кетті. Гүлденіп тұрған қалалар қурап, құнарлы жерлер шөл далаға айналды. Табыстьщ орнына парасаттылығы солған, өнегесі шіріген арсыздық пен надандык келді. Париж қайыршылықка ұшырады. Революция басталсымен қайыршылыққа ұшыраған 200 мың адам патшадан көмек күтті. Соншалықты жүдеп тұрған мемлекетге тек иезуиттер ғана шылқып күн көрді. Сонымен қоса олар шіркеулерде, мектептерде, түрмелерде, тәртіпке салу мекемелерінде естімеген қатыгездікпен биліктерін жүргізді. ҮШ 178.3
Франциядағы барлық ұлтты азғындық пен анархияға әкеліп тіреген дін әкелерін, патшаны және заңгерлерді дағдарысқа ұшыратқан саяси және әлеуметтік қиындықтарды Ізгі хабардың көмегімен шешуге болатын еді. Бірақ халық Римнің пасық саясатының нәтижесінде сүйіспеншілік, құрбандық жайлы айтылатын Құтқарушымыздың баға жетпес уағыздарын жоғалтып алды. Өзгенің қамы үшін өзінің жайын ұмыту сияқты түсініктер оларға беймәлім болды. Байлар кедейлерге қол ұшын созып жәрдем беру дегенді білмеді және оларға бұл жайлы айту ешкімнің миына кіріп те шыққан жоқ. Өзімшілдік, қатыгездік кеңінен етек жайды. Ғасырларға созылған байлардың көзтоймас сараңдығы, іштарлығы, қаттылығы кедей байғұстардың күндерін одан сайын қиындата түсті. Байлар бәз баяғысынша кедейлерді алдап арбаумен айналысты, кедейлер оларды сол үшін иттің етіндей жек корді. Кедей-кепшіктер жаман үйлерді жалдап тұруға мәжбүр болды, есесіне бай-маиаптар, ақсүйектер жаксы үйлерде, кең сарайларда тұрып жатты. Кедей сорлылар қожайындарына тәуелді болғандықтан, олардың әділетсіз талаптарын амалсыз орындады. Шіркеу мен мемлекеттің тауқыметін көтеру қоғамның орташа және төменгі саласындағы жандардың мойындарына артылып, оларға орасан зор салықтар салынды. Бұл байғұстардың аштықтан, аурудан бұратылып өліп жатқандарында ешкімнің шаруасы болған жоқ, себебі ең бастысы байлардың талаптарын орындау қажет болды. Сол заңды деп саналды. Адамдар жер иелерінің пікірлерімен санасуға тиісті болды. Шаруалардың өмірлері қиындықта өтіп жатты, олар малайлықта жүріп қиын, жаман, лас жұмысгарды орындады және өздерінің ауыр халдары жайлы ешкімге шағым айтуға хұқысы да болған жоқ. Сот кедейлерді емес, байларды ғана қорғады. Бишілер пара алып, ақсүйектерді жақтап, үкімді олардың пайдасына шешіп отырды. Қарапайым халықтарға діндарлармен және зайырлы мырзалармен (вельможа) салынатын салықтьщ көбі байлардың қалтасында қалып, олардың рахаттанып жұмсауына жарады. Ал шіркеу мен патшаның қазынасына оның жартысы да жетпейтін болатын. Жақындарының маңдай терін сыпырып алып жатқан аты атаулы тонаушылар салық дегеннен босатылып қана қоймай, жақсы - жақсы жерлерде қызмет атқарды. Осы айтылған адамдардың саны 150 000 - жетіп, ал қалған 1 000 000 - олардың езгісінде болып, солардың мүдделерін қарастыруға тиісті болды. ҮШ 179.1
Сарайдағылар ақшаны сорпадай сапырып, суша шашып өмірлерін азғындықпен еткізіп жатты. Халық пен олардың билеушілерінің арасында ешқандай сенім қалған жоқ. Жоғарыда отырғандардың аттаған адымдары қара халыққа жауыздьщ, пайдакүнемдік болып көрінді. Революцияның алдындағы 50 жыл бойы таққа ие болған Людовик XV сол халық қайыршылыққа ұшыраған сұрапыл замандардың өзінде ойын - сауықшылдығымен, тәртіпсіздігімен, жеңілтектігімен әйгілі болатын. ҮШ 179.2
Қатыгез, зұлым ақсүйектер, азып-тозған надан халық, дағдарысқа ұшыраған мемлекет, торыққан жандар — осының барлығы бір аласапыранға әкеліп тірейтінін білу үшін, пайғамбар болудың қажеті жоқ еді. Алдын ала қауіптендірген кеңесшілеріне патша былай деп жауап берді: «Менің тұсымда барлығы бөз - баяғысынша қалуына бар күштеріңді салыңдар, ал мен өлген соң не болса, сол болсын”. Қайта құру жайлы айтылған сөздердің барлығы жай болып шықты. Зүлымдыққа қарсы тұруға патшаның батылдығы да жетпеді, өлі де келмеді. «Менен кейін топан суы қаптаса да бәрі бір»деген патшаның сездері Францияның тағдырын біржола шешіп тұрғандай болды. Ал Рим болса, патшалар мен билеушілерді қара халыққа айдап салып, басқаша айтқанда біреудің қолымен от кесеп, осылайша патшалардың қарамағындағыларын да, олардың өздерін де құлдықта ұстағысы келді. Біреулерді өздеріне бағындыру үшін, соларды құлдыкта ұстау таптырмайтын тәсіл екенін Рим жақсы білетін. Ол үшін халықты өз бостандықтарын пайдалана алмайтын күйге жеткізу керек болды. Осылайша Римнің саясатының салдарынан халык, азғындыққа ұшырады, ал бұл дегеніміз тән азабынан 1000 есе асып түсті. Киелі Жазудан қол үзіп қалған адамдар надандыққа, ырым - жырымға, кесірге батып, өздерін өздері билеуге шамалары келмей қалды. ҮШ 180.1
Десе де мұның ақыры Римнің көздегеніндей болып шыққан жоқ. Рим өздерінің догмаларына күшпен сендіріп ұстағысы келген халыққа ие бола алмай қалды. Сөйтіп халық ештеңеге иланбайтын революционерлер мен безбүйректер болып шыға келді. Білетіндері Римнің Құдайы, ал дін деген Рим шіркеуінің ілімі деп есептейтін олар, осыншама ауыр халге ұшырағандарына католиктерді кінәлап, оларды жек көрді. Римнің сараңдығы мен қатыгездігін Киелі Кітаптан алынған ілім деп түсінген халық, енді Киелі Жазбадан да, оның Авторынан да мүлдем бас тартты. Рим адамдардан католиктердің догмаларына дәлелсіз бағынуын талап етсе, Вольтер және оның ізбасарлары болса, керісінше барлық жерлерде имансыздықтың уытын сепгі. Ақыры Рим халықтың арқасына өзінің темір өкшесін батырып жібергендіктен, олар шектелудің барлық түрлерінен бас тар- тып, жан жаққа бытырап кетті. Адамдар осы уақытқа дейін алданып келгендеріне ашулы болғандары соншалықты, шынайы ақиқаттан да, өтірік-шыны аралас ақикаттан да босанып, бостандық алдық деп есептеп, шын мәнінде өздерін өздері кісендегендерін түсінген де жоқ. Дәл революцияның алдында патшаның босаңсытқанының нәтижесінде халық парламенттен, ақсүйектер мен діндарларды қоса санағаннан да, артык орын алды. Халықтың қолына билік осылайша тиді, бірақ олар бұл билікті дұрыс пайдалана білмеді. Өздеріне қаншама қайғы қасірет әкелген ережелерді өзгертеміз деген ниетпен, қоғамды қайра құра бастады. ҮШ 180.2
Халық қаншама уақыт бойы қорлықта жүргеніне кімді кінәлі деп тапса, соған барлық қаһарын жаудырды. Езушілердің сабағы тек қалған жоқ, езгіде болғандар үйренген өнегелерін өздерін қорлықта ұстағандарға жұмсады. Сорлы Франция қанға тұншыға отырып, еккен егінінің жемісін жеді. Римнің билігінің соңы жан түршігерлік нәтижелерге әкеліп тіреді. Бір кездері «еретиктерге» алаулар жағылған жерлерге, енді революционерлер өздерінің гильотиналарын құрды. XVI ғасырда протестанттар жазаланған жерлерде екі ғасырдан соң тағыда өлім жазасына ұсынылғандар өмірлерімен қоштасты. Ізгі хабардан бас тартқан Франция бұзылғандық пен азғындыққа есік ашты. Құдай заңы адамды шектеулі етеді деп адамның шығарған заңын таңдап алған коғам ақыр аяғында шытырмандық пен анархияның шырмауына түсті. Киелі Кітаппен шайқасу «террордың билігі» атты тарихтың жаңа парағын ашты. Бейбіт өмір әр үйден әр адамның жүрегінен алыстап кетті, ертеңінің не болатынын ешкім білмеді. Бүгінгі күні билік қүрғандар, келесі күні күдіктілердің қатарынан шығып жахты. Барлық жерлерде зорлау, жәбір керсету көбейіп кетті. Патша, дін әкелері және ақсүйектер үзенгісіз кеткен озбырларға бағынуға мәжбүр болды. Патшаның елім жазасына кесілуі өшпенділікті өршіте тұсті. Оны айтулы жазаға бұйырғандар, шамалы уақыттан соң өздері эшафотқа түсті. Революцияның жауы деп есептелгендердің барлығын өлім жазасы күтіп тұрды. Түрмелер адамдарға лык, толды, онда 200 мыңға дейін бас бостандығынан айрылғандар отырды. Қалаларда неше түрлі жаман оқиғалар болып жатты. Революционерлер өздері бір бірлерімен аңдысты. Осылайша Франция үлкен соғыс алаңына айналды. Париждің тұрғындары бірнеше партияларға бөлініп, бір бірлерін жойып жіберуге дайын тұрды. Франция Еуропаның ұлы астамдарының арасындағы шайқасқа қатысам деп жүргенде, азып-тозып қайыршылыққа ұшырады. Әскер қаражатты қажет етті, ал париждіктер болса аштан бұратылып өліп жатты. Қарақшылар кішкене қалаларды тонап, анархия өркениеттің көзін жойды. ҮШ 181.1
Иә, Римнің тәлімінің нәтижесінде халық қатыгездік ілімін өте жаксы меңгерді. Мінекей енді өш алатын күн туды. Бірақ ендігі жерде түрмелерге қамалып эшафоттарда қандарын төккендер Исаның шәкірттері емес, олар баяғыда өліп бітті немесе басқа жерлерде қаңғып жүрді, бұлар, кан төгуге кұныққан оқушыларынан жазасын алып жатқан Францияның діндарларының өздері болатын. Қатыгез Рим жауыздығының өлімші күшін өзі сезінді. Француз діндарларының ғасырлар бойғы қаруы болған куғын-сүргін енді міне өз бастарына тап болды. Эшафоттар дін әкелерінің қанына батып қалды. Бір кездері гугеноттарға толы болған түрмелер мен галерлер енді оларды қуғындаушыларға толды. «Еретиктерді» жомарттықпен жазалаған католик шіркеуінің дін әкелері шеиттердің керген қасіретін керіп, олардьщ тартқан жан азабын өздері тартты. Қатыгез сот катыгез заңдар қабылдайтын күндер туып, барлық жерлерде қарақшылар жүргендіктен қылмыскер болып шыға келуден, өлім жазасына кесілуден корыққан жандар дұға оқудан, тіпті бір бірімен амандасудан қалды. Адым сайын тыңшылар жүрді, гильотиналар дамылсыз жұмыс істеді. Түрмелер адамдарға толып, кәріз кұбырларынан Сенаға көбіктенген қан судай ақты. Жоғарғы комитеттен департаментке жіберілген проконсулдар Париж көріп кормеген адам айтқысыз қатыгездікпен жұмыс жасады. Өлім жазасына кесілгендер таңнан кешке дейін Париждің көшелерімен шұбырып жатты. Гильотиналар* тым баяу жұмыс істегендіктен, қамауға алынғандардың кепшілігі картечтың* көмегімен өлтірілді. Қамаудағыларды баржаларға лық толтырып, түптерін әдейілеп тесіп отырған. Лион қаласы шөл далаға айналды. Ал Арес қаласында «жылдам елім»деп аталатын жеңілдіктер сұраған тұтқындарға ондай мүмкіндік берілмеді. Сомурдан теңізге дейінгі Лаура өзені өлгендердің денелеріне толып кетті, олар қарға құзғындардың жемтігіне айналды. Әйел болсын, бала болсын ешкімге аяушылық жасалған жоқ. Емшектегі нәрестелерге дейін сарбаздар аналарынан айырып алып, найзаның ұшына түйреп қатар бойынша бір біріне лақтырғылап ермек қылған. Айналдырған оншақты жылдың ішінде қаншама халык қырылды. ҮШ 182.1
Ібіліс осылайша ойлағанын жүзеге асырды. Бұл оның ғасырлар бойғы көздеген мақсаты болатын. Оның саясаты - алдап арбау. Арманы адамзатты құса қылып, қайғыға ұшырату, Құдайдың пендесін құбыжыққа айналдырып, Аспанды қамықтыру. Болып жатқан сұмдықтарға Құдайды кінәлайтындай қылып, адамзатты рухани сокыр қылып қояды. Адамдарға неше түрлі бұзақылықты үйретіп, хайуан болуға дейін жеткізеді де, бір біріне айдап салады. Бір өтірігі әшкереленген кезде, ол өтіріктің басқаша түрін ойлап тауып, адамды шалып құлатуды ойлай- ды. Халық папаның ілімінің жалган екенін түсінген кезде, олар Тірі Алланың өзгермейтін заңының ақиқат екенін мойындап кояма деген қауіппен албасіы кез келген дін жалған, ал Киелі Жазу дегендерің аңыз деп шығарып тастады. Құдай заңын ұмытқан халық тұцғиыкқа түскендей тұншықты. Францияның басынан өткізген касіреттерінің барлығы олардың Құдай заңын ұмытқандарының нәтижесі болатын. Шын мәнінде нағыз бостандық дегеніңіз - Шексіз Алланың қасиетті заңын бұлжытпай орындау. «Шіркін адамзат Менің берген заңымды орындаса ғой бірлігі өзендей сарқырап, шындығы теңіз толқынындай шайқалатын еді”. «Арсыздар бейбіт өмірге ие бола алмайды»дейді Алла. «Менің сөзіме құлак, асатындар қауіптенбей тыныш өмір сүреді» (Ишая 48:18,22; Нқл. 1: 33). ҮШ 182.2
Атеистер, скептиктер, арсыздар Құдай заңын керексіз етеді және оған қарсы күрес жүргізеді, сондықтан да болар береке бірлікке Құдай деген жандар ғана ие болады. Ескерте кететін жайт, өмір кітабын зерттегісі келмейтіндер, адамзат тарихынан өздеріне сабақ алып, нақтылы шешімдер қабылдасын. Сайтан католиктер шіркеуі арқылы адамдарды акиқат жолынан тайдырып жіберді, ал өзінің пасык, тәсілдері мен азғындық әрекеттерін жалған шындықтың шымылдығымен тасалап жауып қойды. Сол себепті де халык бұзылғандыкты, рухани құлдырауды Құдай заңын орындамағандарының нәтижесі екенін сезбей қалды. Алланың Қасиетті Рухы сайтанның белсенді жұмыс жасауына кедергі жасағандықтан, ол өз ойын толық жүзеге асыра алмады. Ал революция кезінде ұлттық кеңес аркылы Құдай заңы толық доғарылғандықтан, террор жылдарында азғындықтың нәтижесі барлығына айқын көрінді. ҮШ 183.1
Франция Құдайды және Оның Киелі Сөзін аяғымен таптаған кезде арсыздар мен зұлымдықтың рухтарының қуаныштарында шек болмады, өйткені бүтін мемлекет Құдай заңының талаптарынан босап шығып, соның нәтижесінде шайтан көздеген мақсатына жетті. Осы жерде Сүлеймен патшаның сөздері ете орынды айтылған: Жасаған заңсыздықтары үшін табанда жауапқа тартылмайтын болғандықтан «адамзат баласының жүрегі зұлымдық жасаудан тайынбайды» (Уағ. 8:11). Әділетті Құдай заңын бұзу әрине бакытсыздыққа әкелім тіреуге тиісті болды. Жұрт арсыз істері үшін жазаны бірден алмағанымен, өз ажалдарына асығып бара жатқандары күмәнсіз еді. Ғасырлар бойы қылмыс жасағандардың заңсыздықтары жаза шарасына құйылып жатты, ал ол шара толған кезде, арсыздар, Құдайдың шыдамын сынағандарының қаншалықты қорқынышты екенін сонда ғана білді. ҮШ 183.2
Алланың Қасиетті Рухы ібілістің билігіне кедергі жасаған жоқ, сол-ақ екен адамзаттың азабына айызы қанып рахаттанатын албасты, зұлымдық жасауға бостандық алды. Мемлекет ауызбен айтып жеткізу мүмкін еместей қылмысқа батып қалды, осылайша күнәға қызмет еткендер, еккен егіндерінің дәндерін жеді. Қираған қалалар мен азып тозып бос қалған ауылдардан көкке қарай торыққан, ащы үндер шарықтап көтеріліп жатгы. Францияда қатты жер сілкінісі болып өткендей көрінді. ҮШ 183.3
Ібіліс Құдай заңына қарсы сермелеген қолымен дінді, заңды, қоғамды, жанұяларды, мемлекетті, шіркеуді жоқ қылып сыпырып тастады. ҮШ 184.1
Данышпан өз сөзінде былай дейді: «Арсызды өзінің арсыздығы құлатады”. «Күнәкарлар күнә үстіне күнә жасап, қасарысып қалғанымен, Құдайдан қорқатындар берекесіз қалмайды, ал арсызға ешқандай жақсылық болмайды» (Нқл. 11:5; Уағ. 8:12,13). «Олар даналықты жек көреді, Құдайдан қорықпайды, сол себепті азғындықтың жемісін жейді және арам пиғылдарына тойынады» (Нқл. 1:29,31). ҮШ 184.2
Тұңғиықтан шыққан қара күшке қарсы күрес жүргізген Алланың сенімді куәгерлері үнсіздікте көп болған жоқ, үш жарым күннен кейін оларға Құдайдан жан кіріп, орындарынан түрегелді, ал оларға қарап тұрғандар қатты үрейленді (Аян 11:11). ҮШ 184.3
1793 жылы Францияның ұлттық кеңесі Құдай сөзін оқуды тоқтатқызып, мәсіхшілер дінінің көзін жою керектігі жайлы декрет қабылдаган болатын. Арада үш жарым жыл өткен кезде дәл осы кеңес Құдай сөзіне бостандық беретінін жариялады. Қасиетті заңның аяқ асты болғанының қандай қасіретке әкеліп тірегенін халық өз көзімен көрді және Алланың сөзін зерттеу қажет екендігін мойындады. ҮШ 184.4
«Кімнің атын ластап, кімге қарап дауыс көтердің? Қасиетті Исраилге ме? (Ишая 37:23). «Мінекей Мен оларға Өз құдіретімді, Өз білегімнің күшін көрсетемін, Менің есімімнің Құдай екеиін білсін» (Ерм. 16:21). ҮШ 184.5
Екі куәгер жайлы пайғамбар былай дейді: «Олар көктен өздеріне үн қатып: «Мұнда көтеріліңдер!” - деген дауысты естіді. Дұшпандары қарап тұрған кезде олар бұлтпен көкке көтеріліп кетті” (Аян 11:12). Франция екі куәгерге карсы соғыс жариялады, бірақ Құдай олардың мәртебесін бұрын соңды болмағандай көтерді. ҮШ 184.6
1804 жылы Британдық және шетелдік Киелі Кітап қоғамы ашылды. Осыдан кейін мұндай филиалдар барлық Еуропада ашыла бастады. 1816 жылы дәл осындай қоғам Америкада ашылды. Британия қоғамы ашылсымен Киелі Кітап елу тілде шығарылып таратылды. Содан бері ол жүздеген тілдер мен тіл ерекшеліктеріне (диалект) аударьшды. ҮШ 184.7
1792-ші жылдың алдындағы 50 жыл бойы шетелдік миссияға өте аз көңіл бөлініп келген болатын. Жаңа қоғамдар құрылған жоқ, тек аздаған шіркеулер пұтқа табынушылардың жерлеріне мәсіхшілікті тарату үшін шамалаған ғана жұмыс жасап жатты. XVIII ғасырдың аяғында жағдай күрт өзгерді. Халық рационализм* дегенге қанағаттанбай шын мәніндегі жанды дінді аңсады. Осы кезден бастап шетелдік миссияның жұмысы шарықтау шыңына көтерілді. Баспа ісінің ашылуы бұл істі өркендете түсті. Мемлекеттер арасындағы байланыстардың жақсара түсуі, ырым - жырымның тоқталуы, Рим папасының мемлекет билігіне әсер ете алмай, қолының кыскарып қалғаны - осының барлығы Киелі Кітапқа жол ашты. Римнің кез келген көшелерінде Киелі Кітаптар сатылып, ол жер шарының түкпір түкпіріне тарады. ҮШ 185.1
Бірде Құдайдың қарсыласы Вольтер мақтанып, былай деген болатын: «Мәсіхшілер дінінің негізін 12 адам қалады дегенді тыңдаудан жалықтым, оны бірақ адам жойып жіберуге шамасы барын дәлелдеп бере аламын». Оның өлгеніне бірнеше жыл өтті. Киелі Кітапқа қарсы соғысқа миллиондаған адамдар қатыстырылды. Бірақ аспан жерден қандай биік болса, Жазбаны жойып жібергісі келгендердің қолдары соншалықты қысқа болды. Егер Вольтердің заманында Киелі Кітаптың ондаған мың ғана данасы болса, енді оның данасы жүздеген мыңға жетті. Төске соғылып қираған балғадай, Киелі Кітапты құртам деушілер ездері құрыды. ҮШ 185.2
«Саған қарсы жасалған бірде бір кару сәтті бола алмайды, сенімен сайысқа түскен кез келген тілді сот алдында сен айыптайсың» делінген Киелі Кітапта (Ишая 54:17). ҮШ 185.3
Құдай заңы мәңгілік және әділетті, өйткені ол ақиқатқа негізделген. Адамның колынан шыккан нәрсе тозады, қирайды, ал Алланың қолынан шыкканы мәңгілік тұрады. ҮШ 185.4