Вильям Миллер өте әділетті де момын фермер болатын. Киелі Жазбаға онша сене қоймағанымен, оның ақиқатты білуге деген ұмтылысы зор болды. Сол себепті Құдай оны Мәсіхтің жер бетіне келетіні жайлы хабарды көпшілікке тарату үшін Өзінің қызметшісі ретінде таңдап алды. Басқа да көптеген реформаторлар секілді, оның жастық шағы да жоқшылықпен өтті. Сондықтан болар, ол көп нәрседен бас тартуды үйреніп, дер кезінде шешім қабылдап бастаған ісін тиянақты орындауға тырысатын. Оның туып өскен жанұясы тәуелсіздікке, бостандыққа, шыдамдылыққа және отанына деген зор сүйіспеншілікке ұмтылатын. Бұл тәрбие Вильямның мінезінің қалыптасуына көп әсерін тигізді. Оның әкесі революциялық әскердің капитаны болған. Олардың тапшылықтың тақсіретін тартуының да басты себебі осы еді. ҮШ 205.1
Соған қарамастан Вильям Миллердің денсаулығы ете мықты болды, сонымен қоса ол ете ақылды да болатын. Бұл қасиеттер бала өскен сайын өте жақсы көріне бастады. Білімге деген қүштарлығы зор болды. Университет қабырғасында оқымағанымен, оның білімге деген сүйіспеншілігі, ойлануға деген әдеті және пайдалы іспен шұғылдануы оны саналы, дарынды азаматтардың қатарына шығарды. Сондай тәртіпті, өнегелі, үнемшіл, таза пиғылды азамат болғандықтан жұрт оны қатты сыйлады. Үнемшілдігі, қуаты, және талаптылығы мен табандылығының арқасында қаржылай тәуелсіздікке жетті. Дегенмен білімін толықтырып отыруға деген әдетін қалдырған жоқ. Азаматтық және әскери жүйелерде белгілі орындарға ие болып, баскару жұмыстарын жүргізді. Басқаша айтқанда оған атақ пен байлыққа ие болудың жолы ашылды, десе де оның көздеген мақсаты мүлдем басқа болды. ҮШ 205.2
Оның анасы қарапайым таза жанды әйел болған, сондықтан балалық шағы рухани атмосферада өтті. Десе де есейе келе Миллер деистердің қоғамына кірді. Олар өте тәртіпті, мейірімді, шыдамды, ұстамды, бауырмал жандар болатын. Мәсіхшілер жанүяларында өсіп шыққан бұл адамдардың мінездерінің қалыптасуына олбетте Киелі Кітаптың әсері тигенімен, оны дұрыс зерттеп талдай білмегендерінің салдарынан, бұл адамдар маңайындағыларға Киелі Жазбаға қарама-қайшы келетіндей ілімдерді тарата бастады. Миллер осы адамдармен қарым-қатынас жасағандықтан олардың көзқарастарын еріксіз қабылдады. Сол кезде Киелі Жазбаны талдау жолдары көптеген қиындықтар туғызды және игерілместей көрінді, ал Киелі Жазбадан бас тартатын жаңа сенім оны қанағаттандырмады, соған қарамастан ол 12 жыл бойы осы ұстаныммен жүрді. Тек 34 жасқа жеткен кезінде ғана Киелі Рухтың әсер етуінің арқасында ол өзінің қаншалықты сорақы күйде тұрғанын, қаншалықты күнәкар екенін сезінді. Уағыздап жүрген діні бойынша өлімнің соңында бақытты өмір барына өзі де сене алмады. Болашақ оған тіпті бұлыңғыр көрінді. Кейін өмірінің осы тұсын еске ала огырып, ол былай дейді: ҮШ 205.3
«Өлім жайлы ойлаған ксзде бойым мұздап қоя бeрстін. Барлық адамдарды өлім күтіп тұрады. Бірақ ол не үшін керек? Мәңгілік дегеніміз не сонда? Сондай сәттерде аспан, мен үшін жезге үқсап, жер қара темірге айналатын. Ойлаған сайын ойым тіпті жүйесіздене түсетін еді. Ол жайлы ойламайын деген сайын, ойым бақылауға бағынбай кететін болды. Сонда өзімнің қаншалықты аянышты күйде тұрғанымды жақсы түсініп, белгісіз, беймәлім Біреуге мұңымды шақтым. Бұлай болуы мүмкін емес, сонда қалай болуы керек, ақиқатты қайдан табуға болады? Өкіріп тұрып жылауды шығардым. Бұл қамығудың көз жасы болатын. ҮШ 206.1
Мен бірнеше ай бойы осындай күй кештім. Кенеттен Құтқарушымыздың қандай болғанын айқын сезіндім. Біздің күноміз үшін құрбан болған мейірімді де, ракымды Біреу көз алдыма келді. Мен болсам Оның құшағына енігі кетуге дайын тұрдым. Бірақ ол баста Болғанның, Қазіргінің және болашақта да Болатынның барлығын қалай дәлелдеуге болады? Осы арада маған Киелі Жазба көмекке келді. Осы кітаптағы ережелердің бізге қаншалықты керек екенін білген кезде, таң қалдым. Киелі Жазбаның Құдайдан шыққанын мойындап, Онымен келісуге тура келді. Киелі Кітап менің қуанышыма, ал Иса Мәсіх менің ең жақын досыма айналды. Бұрын түсініксіз болған Кітап, енді менің аяғыма шырағдан, жолыма нұр болып шашылды. Осыдан кейін ғана менің жаным жай тапты. Алла Тағала әмір мұхитындағы қозғалмайтын берік Тау екеніне көзім жетті. Енді бұл кітапты оқып, зерттеу маған қатты ұнады. Одан өмірімде естіп көрмеген оқиғалар жайлы мағлұмат алдым. Менің жаралы жаныма ем табылды. Дереу басқа кітаптардың барлығын тастап, Құдайдың даналығын зертгеп, соны бойыма сіңіруге кірістім”. ҮШ 206.2
Миллер езінің ендігі жерде бұрын бас тартқан дінге жататынын ашық мойындады. Оның достары Киелі Жазбаның Құдайдың тарапынан шыққанына дауласып, бұрын Миллердің келтірген дәлелдемелерін келтіре бастады. Ол кезде Миллер достарына жауап беруге әлі де болса дайын емес еді. Егер Киелі Жазу Құдайдан шықса, онда карама-қайшылыктар болуы мүмкін емес, егер ол адамдар үшін берілсе, оларға түсінікті болуы керек. Сондықтан да Миллер Киелі Кітапты дұрыстап зерттей бастады. Болмыстан бастап оқып отырып, түсініксіз жерлері кездескенде, оны Киелі Кітаптың осы сұраққа қатысты жерлерімен салыстырып отырып, талдады. Негізінде Киелі Жазу езін өзі түсіндіреді. Әлбетте әр мәтіннің өз мағынасы болғанымен, оны басқа мәтіндермен салыстыра отырып, көкейіңде пайда болған күдікті сейілтуге болады. Өз тәжірибесіне сүйене отырып Миллер: «Сенің аяның мәнісі ашылғанда нүр шашады, қарапайымдардың көзін ашып, санасын оятады» (Жыр. 118:130) деген өлең жолдарының мағынасын терең ұқты. Әсіресе Вильям Даниял пайғамбарының кітаптары мен аянды қызыға оқыды. Бұл кітаптарда берілген аяндардың тура дәлдікпен орындалғандарына көзі жетті. Неше түрлі бейнелер, метафоралар, мысалдар бір бірімен байланысты екені ұғындырылады немесе олардың түсініктемелерін Киелі Кітаптың басқа жерлерінен табуға болады. Басқаша айтқанда оны қалай жазылса, солай ұғу керек. Сонымен Миллер Киелі Кітаптың ашық ақиқаттар жүйесі екенін жөне оның түсініктілігі мен қарапайымдылығы соншалықты, оны ақымақ адамда ұға алатынын түсінді. Аяндардың ұзын тізбегін бірте-бірте зерттей отыра ол табысқа қол жеткізді. Көктегі періштелер оған жетекшілік жасап, Жазбаны ұғуға көмектесті. Ежелгі кездегі Алланың берген аяндары орындалады деген уақытында қалай орындалса, болашақпен байланысты аяндары да дәл солай орындалатынына Миллер еш күмәнданбады. Осылайша Миллер көпшіліктің ойындағыдай ақырдың алдында болатын 1000 жылдық патшалық жайлы мезгіл (адамзаттың пәк және бейбітшіл болатын уакыты) Киелі Кітаппен құпталмайтынына кезі жетті. 1000 жылдық патшалық туралы теорияға сәйкес ақырдың күні өте алыс уақытқа шегіндіріледі. Бұл теория Иса мен Оның елшілерінің іліміне қарсы. Басқаша айтқанда 1000 жылдық Құдайдың патшалығы өтпей ақыр заман келмейді деп, адамзат ол жайлы ойламай, сол күнге дайындалмай, қаннен қаперсіз жүре бермек. Бұл адамзаттың жауы, яғни ібіліске өте қолайлы. Ал Киелі Жазба бойынша егін орағы басталғанша, яғни ақырға дейін бидай мен арам шөп қатар өседі. Ендеше акыр заман жеткенше жақсылық пен зұлымдық қатар жұріп отырмақ. Былайша айтатын болсақ, мейірімділер де, жауыздар да ақырға қатар жетеді. Жексұрындардың жауыздық істері өркендеп, өздері де адасып, өзгелерді де адастырады жөне соңғы уақытта жағдай тіптен жаман болады. Түнек патшалығы қиямет күніне дейін билік құрады және Алла келгеннен кейін Оның аузының Ру- хымен бір жола құриды. (Мат.13:30,38-41), ( 2Сал. 2: 8), (2Тім.3:13,1). ҮШ 206.3
Елшілердің ғибадатханасы күллі әлемнің бет бұратыны және Мәсіхтің рухани патшалығына қатысты пікірді қолдаған жоқ. Бұл доктрина XVIII ғасырдың басына дейін мәсіхшілер арасында кең түрде мойындалған жоқ. Басқа да адасушылықтар тәрізі оньщ соңы да жақсылыққа апарған жоқ. Бұл доктрина бойынша адамдар Алланың келетініне өте алыс жаткан оқиға ретінде қарап, Оның келер алдындағы болып жатқан белгілерге көңіл аударған жоқ. Бұл ой адамдардың көкейінде сенімділік пен қауыпсіздің сезімдерін туындатып, көпшілік жандар Тәңірлерінің келетініне немқұрайдылықпен қарады. Миллер Киелі Жазба Мәсіхтің келетініне нұсқап тұрғанын тапты. Елші Пауыл былай дейді: «Бас періште дауыстап, керней тартылғаннан кейі Иеміз Мәсіх Иса көктен жерге түседі» (1 Сал.4:16). «Сол уақытта Менің Билеуші ретінде қайтып келуімнің ғажайып белгісі аспаннан көрінетін болады». «Себебі найзағайдың шығыстан басталып, батысқа дейін жарқырайтыны сияқты, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де айқын болмақ» (Матай 24:30,27). «Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп, ғаламат ұлылыкпсн көктен келеді» (Матай 25:31). «Ол кернейдің зор үнімен періштелерін жіберіп, олар дүниенің шет — шетінен тақуаларды жинап әкеледі” (Матай 24:30). Исаның шәкірті Пауыл былай дейді: «Бәріміз бірдей өлмейміз, бірақ бәріміз түгелдей өзгереміз. Бұл кенеттен қас қағым сәтте, соңғы керней тартылған шақта іске асады. Сонда кернейдің үні естіліп, өлгендеріміз қайта тіріліп, біз де түгелдей өзгереміз. Өйткені қазіргі құрып шіритін тәндеріміз ешқашан жойьшмайтын денелермен алмасуға тиісті» (ІҚор. 15:51— 53). Сол секілді Салоникалықтарға жазған хатында да Пауыл Исаның екінші рет келетін кезін оларға былай деп сипаттайды: Бас періште дауыстап, керней тартылғаннан кейін Иеміз Мәсіх көктен жерге түсіп, әуелі Мосіхке сеніп бұл дүниеден өткендер тіріледі, сонан соң тірі жүрген біздер Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз” ( ІСал. 4:16,17). ҮШ 208.1
Құдай халқы Мәсіх келмей Оның патшалығына ие бола алмайды. «Құдай тағайындаған Билеуші касиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Барлық халықтар Оның алдына әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп, қойларды оң жағына, серкелерді сол жағына қояды. Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: «Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!» (Матай 25:31-34). Бұл өлеңдерден біздер өлгендердің қайта тірілетінін, ал тірілердің жаңаратынын көреміз. Бұл өзгеріс, Пауыл айтқандай, оларды Құдай патшалығын қабылдауға дайын етеді. «Менің айтпағым мынау, бауырластар: ет пен қаннан тұратын тәндік дене Құдайдың мәңгілік патшалығына кіре алмайды: шіріп кететін тәндеріміз мәңгі өмір сүре алмайды” (ІҚор.15:50). Қазіргі тұрған денеміз ажалды, яғни өлуге тиісті, ал Алланың патшалығы мәңгілік. Сондықтан да адамдар күнәкар кұйде тұрғанда Құдай патшалығына кіре алмайды. Бірақ Иса келгеннен кейін оларға мәңгілік өлмейтін жаңа дене береді, содан кейін ғана адамдар, мүрагерлер ретінде Құдай патшалығьгаа кіре алады. Осы өлендер және Киелі Жазбаның басқа да өлеңдері, күллі адамдар күткендей, Мәсіхтің патшалығы Оньщ келер алдында емес, Ол келгеннен кейі ғана орнайтынын дәлелдейді. Оның үстіне уақыт белгілері мен әлемнің күйі соңғы күндердің сипаттамаларына толық жауап беріп тұр. Киелі Жазбаны зерттей отыра Миллер жердің тарихына берілген уақыт аяқталып қалды деген тұжырымға келді. Киелі Жазбада берілген аяндардьщ барлығы кезі келген кезде тура дәлдікпен орындалып отырғаны мені таң қалдырмай қойған жоқ — дейді Миллер. Мысал үшін, топан суы қаптар алдында халыққа 120 жыл уақыт берілген ( Жар. 6:3). Дәл топан суы басталар алдында тағы да 7 күн уақыт беріледі. Сонан соң жаңбыр 40 күн, 40 түн қүяды (Жар. 7:4). Ыбырайым пайғамбарының ұрпақтарының бөтен жерде 400 жыл бойы малай болатыны жайлы ( Жар 15:13) те айтылған. Шарапшы мен наубайшыға берілген үш күн туралы ( Жар. 40:12-20) де жазылған. Мысыр жеріндегі перғауынның халқы басынан кешкен 7 жыл аштық туралы (Жар. 41:28-54) де, шөл даладағы 40 жыл (Рул. 14:34), үш жарым жылғы аштық жайлы (ЗПат.17:1), 70 жыл бойы тұтқында болу (Ерм 25:11), Навуходоносордың басынан өткен 7 уақыт (Дан.4:13-16), яхудейлерге берілген 70 рет жетіні құрайтын 7 рет жеті, 62 рет жеті және Ірет жеті мерзімі (Дан.9:24-27) берілген. Осы айтылған аяндар уақыты келген кезде тура орындалған. Миллер Киелі Жазбаны ары қарай зерттей отырып Иса Мәсіхтің II рет жер бетіне келетін уақытына дейін созылып жатқан хронологиялық мезгілдерге көп көңіл бөлді. Бұл уақыт кесінділеріне ол Құдайдың құлдарына «анықтап берген уақыты» ретінде қарады. «Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі, ал ашылғандары бізге және біздің үрпақтарымызға арналған, сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек - дейді Мұса пайғамбар (Заң 29:29). Алла құпиясын Өз қүлдарына алдын ала ашып алмай ештеңе істемейді - дейді Тәңір Ие Амос пайғамбары арқылы (Амо. 3:7). Күллі жазбаның шын және пайдалы екеніне көзім жеткен кезде (2Тім. 3:16), ол адамның еркімен емес, Киелі Рухтың бастауымен тақуалармен жазылғанын (2Петір 1:21) және үмітіміз берік болу үшін бізге насихат ретінде берілгенін білген кезде (Рим. 15:4) Жазбаның хронологиялық бөліктерін Құдай Сөзінің бөлігі емес деп айта алмадым және оның Киелі Жазбаның басқа бөліктері секілді мүқият зерттелуге тиесілі екенін ұқтым - дейді Миллер. Егер де Құдай оны бізге ашу керек деп тапса, онда мен пайғамбарлық мезгілдердің жанынан өте шығуға қақым жоқ — деп жазады ол. Даниялдың кітабында (8:14) Мәсіхтің екінші рет жерге келетініне нұсқайтын «екі мың үш жүз кештер мен таңдар, сонда қасиетхана тазарады» деген аян берілген. Сонымен қатар ол Киелі Кітаптан бір күннің бір жылға сәйкес келетінін де білді (Рул. 14:34, Езк. 4:6). Ендеше 2300 күн дегеніміз шын мәнінде 2300 жыл екен. 2300 пайғамбарлық күндер, нақтылы айтсақ жылдар яхудейлерге анықталған игілік уақытынан әлдеқайда ілгері кеткен болатын, сондықтан да оның Көне Өсиеттің қасиетханасына еш қатысы жоқ болатын. Сол дөуірдегі мәсіхшілердің көзқарасы бойынша «киелі орын» деп жер есептелген. Миллер де дөл осындай көзқараста болды. Олай болса «2300 кештер мен таңдар, сонан соң «киелі орын» тазарады» (Дан.8:14) деген аян бойынша Алла келіп жерді отпен тазартады деп ойлаған ол. Егер де 2300 жылдың қай кезден бастап саналатынын білсе, онда еркекіректігімен, менменшілдігімен, билігімен, байлығымен, атағымен, арсыздығымен және озбырлығымен әйгілі болған мына дүние жойылып, өлім деген жоғалып, Құдайдың халқы сыйын алып, ал зұлымдар жазасын алатын мезгілдің, яғни Мәсіхтың қай уақытта келетінін де шығарып алатын еді. Бұдан кейін Миллер Киелі Жазбаны бұрынғысынан да тереңірек зерттей бастады. Соншалықты жауапты және маңызды деген іске ол түгел дерлік уақытын жүмсады. Даниял пайғамбарының кітабының 8-ші тарауынан 2300 жылдың қай кезден басталатынына жауап таба алмады. Себебі Жәбрейіл періште келіп Даниялға аян берген кезде, болашақта болатын қуғын-сүргіндердің қаншалықты қатыгез екенін көрген пайғамбардың қатты қорыққаны соншалық, бойында ешбір күш қалмады жоне ештеңені түсіне алмады. Осыдан кейін ол бірнеше күн ауырды. Құдай Өзінің уәкіліне: «Оған осы аянды ұғындыр” - деп бұйрық берді. Сондықтан періште оған аянның мағынасын толык ұғындыру үшін екінші рет келді: «Сөздің мағынасын барлай біл және аянның мағынасын түсін”. (Дан.8:27,16;9:22,23,25-27). 8 тарауда сипатталған аянда түсініксіз қалған маңызды пункт бар болатын, атап айтқанда 2300 күн туралы уақыт аралығы. Сондықтан екінші рет келген кезде, періште, пайғамбардың уақытқа қатысты сұраққа дүрыс коңіл бөлуін талап етті: ҮШ 208.2
«Сенің халқың мен киелі қалаң үшін 7 рет 70 уақыт беріледі. Енді барлығын дүрыстап үғып ал. Иерусалимнің қайрадан салынуына бұйрық шыққаннан соң Иса Мәсіхке дейін 7 рет жеті және 62 рет жеті уақыт өтеді. Осы мезгілде халық қайтадан оралып, қаланы қалпына келтіреді, бірақ өте киын уақытта. 62 рет 7 мезгілі өткен соң, Иса өлім жазасына үсынылады. 1 рет жеті мезгілі көпшілікке өсиетті мойындатып, бекіткізеді. Жетінің жартысы өткен кезде кұрбан шалу тоқтатылады». Перішхе Даниялдың түсінбегенін қайталап түсіндіру үшін келген болатын. «Халқың мен киелі қалаңа 70 рет 7 уақыты тағайындалды» - деді. «Тағайындалды” деген сөз, «қиылып” алынды деген мағынаны білдіреді. 70 апта — бүл яхудейлер үшін киылып алынған 490 жыл. Сонда ол қайдан қиылып алынбақшы? Сегізінші тарауда берілген жалғыз ғана мезгіл 2300 күн болғандықтан, 70 апта 2300 күннен алынады жоне осы екі уақыт аралығы бір мезгілде басталады. ГІеріштенің түсіндіруі бойынша бұл 70 апта Иерусалимнің қайта күрылуына бұйрық шыққан кезден басталады. Айтулы бұйрықтың қай күнде шыкканын білсек, 2300 күннің қай кезден басталатынын шығарып алу қиынға соқпаған болар еді. Киелі Кітапты ары қарай зерттей келе, Езра пайғамбары кітабының жетінші тарауынан (Езр. 7:12-26) бұл бұйрықтың қашан шыққанын білеміз. Бұл бұйрык Парсы елінің патшасы Артакссркстың қолдауымен Исаға дейінгі 457 жылы шыккан. Езра кітабында ( 6:14) былай делінген: «Құдай үйі Алланың бұйрығы бойынша, Кир, Дарий және парсы патшасы Артаксеркстың ұсынысы бойынша қайта салынады». Үш патша кемеліне жеткенше сараптап ақылдасып аянға сәйкес айтулы 2300 күннің басталатын мезгілінде бұйрық шығарған. Иса туғанға дейінгі, айтулы бұйрық шыккан 457 жылды санак нүктесі деп алсақ, 70 рет 7 аяны жайлы толық мағлұмат аламыз. «Иерусалимнің қайта салынуына бұйрық шыкканнан Иса Мөсіхке дейін 7 рет жеті және 62 рет жеті» дегеніміз 69 апта немесе 483 жыл. Артаксеркстың бұйрығы Исаға дейінгі 457 жылдың күзінде күшіне енді. Осы мезгілден 483 жылды санап алсақ, Иса Мәсіхтен кейінгі 27 - ші жылдың күзі шығады, яғни бұл - аянның орындалған уақыты. ҮШ 210.1
Мессия (елші) дегеніміз арнайы тапсырмамен келген деген мағынаны білдіреді немесе арнайы «майланған» - деген сөз. 27 жылдың күзінде Иса суға шомылу рәсімінен өтті. Бұл рәсімді жасаған Жохан пайғамбар болатын. Елші Петір: «Құдай Назареттен шыққан Исаны Киелі Рухпен майлап, қасиетті қызметке әзірлеген” - дейді (Елш. 10:38). Құтқарушының Өзі де: «Құдайдың Қасиетгі Рухы Менің бойымда, Ол Мені рухани «кайыршыларға” ақиқатты уағыздауға жіберді” - деді (Лұқа 4:18). Осыдан кейін Иса Ғалилеяға келіп, уақыты жетті деп, халыққа Ізгі хабарды уағыздай бастады (Марқа 1:14-15). ҮШ 211.1
«Бір рет жеті мезгілі бойында Ол көбімен өсиетті бекітеді”. Айтулы 1 рет жеті 70 рет жетінің соңғы жетісі яхудейлер үшін берілген. Осы 7 жылда, яғни 27 ші жылмен 34 жылдар аралығында әуелі Исаның Өзі, сонан соң Оның оқушылары Ізгі хабарды тек яхудейлерге уағыздаған. Құтқарушымыз оларға былай дейді: «Құдайсыздарга бармаңдар, Самария қаласына кірмеңдер, Исраил үйінің өлгелі жатқан тоқтыларына барыңдар» (Матай 10:5-6). Ал жетінің қак, жартысында құрбан шалу тоқтатылады. Суға шомылу рәөсімінен кейін үш жарым жыл өткен соң, яғни 31-ші жылы Құтқарушымыз айқыш ағашқа керілді. Үлгі ретінде берілген құрбандық пен нақтылы құрбандық кездесті. Барлық ғасырлардағы құрбандықтар мезгеп тұрған Ұлы қүрбандық шалынғаннан кейін, қандай да болса құрбан шалынудың мағынасы жойылды. ҮШ 212.1
Яхудейлерге берілген 70 рет 7 немесе 490 жыл 34 жылы аяқталды. Осы кезде яхудейлердің синедрионының* шешімі бойынша халык Ізгі хабардан бас тартып, Степанды таспен соққыға жығып өлтірді және Исаның ізбасарларын қуғынға ұшыратты. Құдайдың қалаулы халқы өздерінің Құтқарушьшарынан біржола бас тартқаннан кейін, Ізгі хабар барлық дүние жүзіне уағыздала бастады. Қуғынға ұшыраған шәкірттер жер-жерге сейіліп жүріп, Құдай Сөзін уағыздаумен айналысты. Осылайша Філіп Самария қаласына келіп, оларға осы жерде Мәсіхті уағыздады. Құдайдан тәлім алған Петір құтқарылу хабарын римдік жүзбасы Карнельге ашты және жалынды Пауыл Исаға иланғаннан кейін Ізгі хабарды алыс жатқан «пұтқа табынушылардың» еліне тарата бастады. Жетпіс рет жеті мезгілінің басы күмәнсіз Исаға дейінгі 457 жыл, ал соңы Исадан кейінгі 34 жыл екені белгілі болды. Осы мағлұматтарды пайдалана отыра 2300 күннің аяқталатын кезін де анықтауға болады. Жетпіс рет жеті, яғни 490 күн 2300 күннен қиылып алынып тұр, сонда бізге 490 күн периодынан кейін орындалуға тиісті болатын 1810 күн қалады. 34 жылдан 1810 жыл санап алатын болсақ, бізге 1844 жыл шығады. Ендеше Даниял пайғамбарының кітабында жазылған (8:14) 2300 күн 1844-ші жылы аяқталады. Періштенің сөзі бойынша осы пайғамбарлық период өткеннен кейін «қасиетхана” тазаруға тиісті болды. Сонымен күллі жан сенгендей, Мәсіх келгеннен кейін орындалуға тиісті «қасиетхананың» тазаратын уақыты дәл есептелді. ҮШ 212.2
Миллер серіктестерімен айтулы 2300 күн туралы мерзімнің 1844 жылдың көктемінде аяқталатынына сенді, десе де аянда күз айы туралы айтылған болатын. Осы арада туындаған аздаған түсінбеушіліктер, яғни Мәсіхтің келуі көктемде болады деп ойлаған жандар арасында әбігер туғызып, оларды түңілтті. Дегенмен 1844 жылы бір ұлы істің болатыны айдан да анық болды. Киелі Жазбаның Құдай Сөзі екенін дәлелдемек болып, оны зерттеген Миллер ақыры қандай нөтижеге келетінін өзі де білген жоқ. Зерттеулерінің нәтижесіне Миллер өзі зорға сенді және де Жазбадағы дәлелдемелер соншалықты нақтылы болғандықтан ғана. Осылайша Миллер Киелі Кітапты тағы да екі жыл зерттеді. Сонан соң 1818 жылы Миллер 25 жылдан кейін Мәсіх Иса жер бетіне II рет келеді деп, салтанатгы түрде шешім қабылдады. Енді оның қуанышында шек болмады. Шіркін ақиқат деген қандай тамаша! Бұрын көзіме түсіп тұратын күллі қарама-қайшылықтар ғайып болды. Зерттелетін сөздер әлі де жеткілікті болғанымен, менің тұманданып тұрған санама Құдай Сөзінен жарықтың ағыны бағытталғандай болды, сол себепті мен Жазбаны рахаттана отыра әрі қарай зерттей бастадым. ҮШ 212.3
Осыдан кейін ол өзінің қасиетті парызын қалай орындайтыны жайлы ойлана бастады. Тікелей мақсаты өзіне түскен жарыкты өзгелермен бөлісу екенін ол түсінбей койған жоқ. Алдында арсыздармен шайқас барын да білді, дегенмен күллі мәсіхшілердің өз Құтқарушыларымен кездескісі келетінін де білді. Жалғыз ғана қаупі, қүтқарыламыз деп қуанған жандардың көбі оның ақиқат екеніне көздерін жеткізбей-ақ, яғни Жазбаға толық ден қоймай, айтулы ілімді қабылдай салуы мүмкін. Сондыктан осы тұжырымына әуелі өз көзін толық жеткізіп алмай, ол басқа адамдарды адастырғысы келмеді. Әсіресе түсінуге қиын соғатын жерлерін бақылай отыра, ол пікірін тағы да тексермек болды. Құдай Сөзінің жарығы алдында күллі қарсылық күн сәулесімен сейілетін тұманша таркап кететінін көрді. Қорытындысының дүрыс екеніне көзі жеткенше тағы бес жыл етті. He істеп жатса да, қайда жүрсе де оның ойынан: «Бар және халыққа оларды күтіп тұрған қауіп жайлы айтып жеткіз» - деген сөздер кетпеді. Киелі Кітаптағы өлеңдер оның ойына жиі оралды, онда: «Егер сен күнәкарға мына жолың - жаман жол деп айтпасаң, әлбетге ол өз күнәсі үшін өледі, бірақ оның қанын сенің қолыңнан табамын. Егер сен парызыңды орындап, оған ескертетін болсаң жөне ол сені тыңдамаса, ол өз күнәсі үшін өледі, ал сен жаныңды құтқарып қаласың” делінген еді (Езк. 33:8-9). ҮШ 213.1
«Егер де мен барлық адамдарға жар салып, жаман жолдан тайып жақсы жолға түсіңдер деп ескертсем, олардың көбі тәубөларына келіп таза жолға түсер еді” - деген ой Миллерді мазалай берді. Ал егер олай істемесе, онда сол жандардың қанын арқаламақшы. Ол бар мүмкіндігінше халыққа өз көзқарасын айтып жеткізуге тырысты. Шіркеу қызметкерлері осы хабарға көңіл аударып, оның маңызды екенін түсініп, сол жайлы халыққа ескертсе екен деп тілеп жүрді. Бірақ жауапкершіліктің өз мойнында екенін анық білді. «Барып халыққа осы хабар- ды жеткіз, болмаған жағдайда олардың қанын сенің қолыңнан табамын” - деген сөздер оның құлағынан кетпей қойды. Осылай жүріп арада тағы да тоғыз жыл өтті. Мойнындағы жүгінің ауыр болғаны соншалықты, 1831 жылы ол өз ойын баршаға ашык, жариялауға бел байлады. ҮШ 213.2
Егістік даласынан Құдайға қызмет етуге шақырылған Еліше тәрізді Вильям Миллерге де Құдай Патшалығының қүпиясын дүниеге ашып беру үшін, соқасын гастауына тура келді. Ол ісіне ізеттілікпен кірісіп кетті. Сөйтіп Мәсіхтің келетін кезіне дейінгі күллі пайғамбарлық мерзімдер суреттемесін тыңдаушыларына байыппен бақылатты. Адамдар оны қызығушылықпен тыңдай бастаған кезде оның күші мен батылдығы беки түсті. ҮШ 214.1
Сенімдегі бауырларының табанды түрде сүрауының нәтижесінде, мұны Құдайдың дауысы деп қабылдаған ол, көзқарасын ашык, айтуға бел буды. Бұл оның елу жасқа толып қалған кезі болатын. Мұндай жұмысқа жарамаймын деген ол, бұрын ешқашан адамдардың алдына шығып сөз сөйлеп көрмеген еді. Соған қарамастан оның еңбектері әуел бастан ерекше баталы болды. Алғашқы сөйлеген сөзі жұртты рухани сілкіндіргені соншалық, екі адамды санамағанда, он үш жанұя Құдайға бой үсынды. Ол әр жерлерге уағыз айтуға шақырылатын болды. Күнәкарлар бет бұрды, мәсіхшілер Құдайды тереңірек танып білу қажеттігін ұқты, деистер және атеистер мәсіхшілер діні мен Киелі Жазбаның ақиқат екенін түсіне бастады. Оның ақиқатты жалынды түрде ете әдемі уағыздағаны соншалықты, қатып қалған жүректер жібіді. Оның уағыздары халықтың назарын діни ақиқатқа бұрып, сол кезде әлемді шырмап тастаған азғындықтың, әсіресе зайырлы қауымды ләззатқа батырып жіберген толқынның бетін қайтаруға бағытталды. ҮШ 214.2
Кептеген қалаларда Миллердің уағыздарынан кейін ондаған, кейде жүздеген адамдар имандылыққа қарай бұрыла бастады. Оған кептеген протестант шіркеулері есіктерін ашты. Ол бірнеше діни бірлестіктерден бірден шақыру алатын болды. Әуелде ол шақырған жерлерге ғана барса, енді сол шақырулардың жартысына да жауап бере алмай қалды. Олардың көпшіліктері Исаның дәл келетін уақытымен келіспегендерімен, Оның келетін мезгілінің жақындап қалғанына еш күмән келтірмеді. Миллердің жасап жатқан ісі қаумға зор әсерін тигізді. Шарапшылар өздерінің дүкендерін жауып, оларды уағыз тыңдайтын орындарға айналдырды. Ойын залдары жабылып деистердің, университет қабырғасында жүргендердің, атеистердің, тіпті бүзақылардың өмірлерінде көптеген өзгерістер болды. Қаланың түкпір түкпірлерінде халық дұға оқып, Құдайдың есімін мадақтайтын әндер айту үшін сағат сайын жиналып отырды. Барлық жерлерде салмақтылык пен салтанаттылық байқалды. Миллер болса халыктың сезіміне емес, ежелгі реформаторлар секілді олардың санасына әсер етуге тырысты. 1833-ші жылы Миллер, өзі соның мүшесі болып табылатын, баптистер шіркеуінің атынан ашық түрде уағыз айтуға рұқсат қағаз алды. Сөйтіп ол өз ісін әрі қарай жалғастырды. Көбіне ол Жаңа Англия мен Солтүстік Шығыс штаттарында еңбектенгенімен, кей кездері ол басқа да мемлекеттерге саяхатқа аттанып, кеп жерлерде Ізгі хабарды уағыздады. Және жүрген жерлерінің бәрінде ол өз қаражатын жұмсады. Миллер үлкен жанұяның әкесі болатын және осы жанұяның еңбекқорлығы мен үнемшілдігінің арқасында барлығы фермадан түскен аздаған қаражатқа күн көрді. 1833 жылы Киелі Кітапта айтылып кеткен аяндардың тағы да бірі орындалды. Иса Мәсіх былай деген болатын: «Аспаннан жұлдыздар жауады» (Матай 24:29). Жохан пайғамбар болса ақырдың алдында болатын белгілердің бірін былай деп сипаттайды: «Қатты дауыл кезінде гііспеген жемістерін шашатын інжір ағашы секілді, аспаннан жұлдыздар жауады» (Аян 6:13). Бұл аян таңқаларлық тамаша дәлдікпен орындалды. 1833 жылы 13-ші қарашада метеориттік жауын жауды. Мұншалықты тамаша көріністі адамзат баласы бұрын соңды бақылап көрмеген болар. Бірнеше сағат бойы Америка Қүрама Штаттары жоғарыдан жауған жалынды фейерверктің кұшағында қалды. Кектен келген бұл оқиға біреулерді таң қалдырса, біреулерді қатты шошындырды. Батыста да, шығыста да, оңтүстік пен солтүстікте де соншалықты жауған метеориттердің ағынымен нөсер жауынның өзі пара-пар келе алмастай болды. Барлық аспан қозғалыста тұрғандай көрінді. Сол кездегі профессор Силлиманның журналында хабарланып жазылған бұл көрініс барлық Солтүстік Америка бойынша жақсы байқалды. Метеориттік нөсер түнгі сағат 2 ден таң атқанша жауып тұрды. Бұл көріністің қаншалықты ғажап оқиға болғанын тілмен суреттеп жеткізу мүмкін емес, оны әр адам өз көзімен көруі керек. Барлық жұлдыздар бір нүктеге топтасып жиналып жан жаққа шашырап жатқандай және ешқашан тоқтамастай көрінді. Пайғамбардың бұл көріністі қатты дауыл кезінде, піспеген жемістерін шашып жатқан інжір ағашына ұқсастырғаны да, содан болар. Бұл оқиға жайлы 1833-ші жылы 14-ші қарашада Нью-Йорк коммерциялық журналында жазылған болатын. Оның авторы былай дейді: «Мұндай көрініс жайлы бірде бір ғалым немесе бірде бір философ жазып көрмеген болар”. Қазіргі уақытта сол кезде болған оқиғаға анықтама беру қиынға соғар, дегенмен 18 ғасыр бұрын пайғамбар айтып кеткен аян айтулы күні тамаша дәлдікпен орындалды. Бұл Иса Мәсіхтің жер бетіне II рет келерінің алдындағы болатын белгілердің бірі болатын және ол орындалды да. Мәсіх Өз оқушыларына: «Болады деген оқиғалардың орындалып жатқандарын көрген кездеріңде уақыттың аз қалғанын білетін болыңдар» - деп ескерткен еді (Матай 24: 33). Сонан соң Жохан тағыда бір көріністі көрді, аспан оралған қағаздай болып оралып қалды, жер сілкініп, таулар орнынан жылжыды. Құдайсыздар келе жатқан патшалардың Патшасынан қорқып, жасырынбақ болды (Аян 6:12-17). Осы оқиғадан кейін көпшілік бұл белгілерге ақыр заманның ишараттарының бірі ретінде қарады. ҮШ 214.3
1840 жылы тағы да бір аян тура дәлдікпен орындалды. Бұл оқиға болмастан екі жыл бұрын Исаның жер бетіне келетінін уағыздаушы мұғалімдердің бірі Иосиф Литч аянның 9-шы тарауында берілген ақиқатты талқылап, Оттомандық империяның құлайтынын жариялады. Оның санауы бойынша бұл күн 1840 жылдың тамызына келіп тұрды және айтылған оқиғаның орындалуына бірнеше күн қалғанда, ол былай деп жазды: «Түріктердің рұқсаты бойынша Диакозестің таққа тұруы, 150 жыл болып саналатын периодтың соңына дәл келгендіктен және 391 жыл мен 15 күн бірінші периодтың соңында басталғандықтан, олар 1840-шы жылдың 11 -ші тамызында аяқталуға тиісті және осы кезде Константинопольда Оттомандық биліктің құлауы күтіледі. Сол сияқты мұны кездейсоқ оқиға деп санай салатынын да жақсы білемін» ҮШ 216.1
Айтулы уақытта Түркия өз елшілері арқылы Еуропаның біріккен державасының* қамқорын қабылдап, мәсіхші халықтьщ бақылауына түсіп оларға тәуелді болды. Барлық оқиғалар айтылған кезеңдерде орындалды. Осыдан кейін көпшілік Миллердің және оның пікірлестерінің аяндарды талқылау ұстанымдары ақиқат екеніне көздерін жеткізді. Содан кейін адвентистік қозғалыс табыстарға жете бастады. Ғалымдар мен әсері аумақты адамдар Миллерге қосылды. Сонымен 1840 және 1844 жылдар аралығында олардың жүмыстары қарқынды түрде жүрді. ҮШ 216.2
Вильям Миллер өте саналы азамат болатын. Оқып, зерттеу арқылы жинаған даналығы Алланың берген даналығымен біріккенде, ол көктің даналығына да ие болды. Миллер өте таза, әдепті, өнегелі, әділетті еді. Жүрген ортасында сый құрметке бөленуге тұрарлықтай еді. Жүрегінің жұмсақтығының арқасында маңайына мейірімді болды. Ашулану, ызалану сияқты мінездер оған жат көрінді. Киелі Кітапты жақсы білгендігі оған кез келген жалған ілімді танып, оны жеңуге көмектесті. ҮШ 216.3
Соған қарамастан ол қатыгездікпен жиі кездесіп жүрді. Ежелгі кездегі реформаторлардың уақытындағыдай сол заманның дін зерттеушілері оның көзқарасын қолдамады, керісінше оған қарсы шықты. Бұл шала білімді мұғалімдер ақиқатты толық меңгермегендіктен дағдарысқа ұшырап жаткандарына қарамастан өз дегендерін дөлелдеу үшін, мәнсіз мақалдарға жүгінді. Ал адвентистер болса Киелі Жазбаға сүйеніп, дегендерінің ақиқат екенін Құдай сөзімен бекітіп отырды. Ақиқаттың қарсыластары толмай тұрған білімдерінің орнын жанжалмен және мысқыл сөзбен толтырды. Бұл үшін олар уақытын да, ақшасын да, айласын да аямай жұмсады. Олардың басты мақсаты таза өмір сүріп, Алланы қуанышпен қарсы алуға дайындалып және Мәсіхтің келетінін жан жағындағыларға таратып жүрген адамдарды масқаралау болды. ҮШ 216.4
Олар Мәсіхтің жер бетіне екінші рет келетіні туралы хабардан жүрттың көңілін басқа жаққа аудару үшін күллі жағдайды жасады. Исаның жер бетіне II рет келетінін уағыздау және көзге көрініп тұрған дүние тамамдалады деп хабарлау күнә және барып тұрған масқара деп шығарды. Осылайша шіркеу әкелері адамның сенімінің тамырына балта шапты. Олардың ілімдерінің әсерінен адамдар тәннің кұлына айналды. Ақыр соңында ол жауыздар бар кінәні адвентистерге* артып қойды. Миллердің уағыздарын тыңдауға мыңдаған адамдар жиналғандарымен, олардың іштерінде дін көсемдерінің көсеуімен оның ілімін келемеждеп, абыройын төгіп, еңбегін жоққа шығарғысы келетіндер де аз болған жоқ. ҮШ 217.1
Үй-күйін тастап халқының қамын ойлап, оларға кұтқарылудың жалғыз ғана жолын көрсетем деп жүрген, самайын ақ шалып егде жасқа жетіп қалған ел ағасына әзәзіл, өтірікші, фанатик деген ат тағылды. Баспада отырғандардың бұған қатты ызасы келді. Өз қамын емес, халқының қамын ойлап, қиямет күнінің болатынын хабарлап жүрген жаршыны келемеждеу - бұл ақырдың күнін келемеждеу, сол күні үкім шығаратын Шексіз Алланы мазақ ету деп арыз тастады абыржыған халық. Зұлымдықтың әкесі Ізгі хабардың таралуына кедергі жасап қана қоймай, оның жаршысының үнін де біржола ешірмек болды. Ақикатты тыңдап, күнәсін әшкерелегенді жақсы көретіндер өте аз, керісінше көпшілігі оны жек көреді. Сондықтан Миллердің уағыздарын жаратпаған адамдар оған өшікті. Реформаторды жақтыртпайтын шіркеу мүшелерінің айдап салуымен өре түрегелген арсыз тобырдың бірі Миллерді соққыға жығып өлтірмекші болды, бірақ сол тобырдың ішінде Алланың періштелері бар болатын. Адам бейнесіндегі сондай періштелердің бірі Миллерді тобырдың арасынан алып шығып соққыдан қорғап қалды, өйткені Құдайдың жоспары бойынша оның атқаратын жұмысы әлі де көп еді. Адвентистік қозғалыстың қарсыластары көп болғандарымен, оған қызығушылық танытқандар да аз болған жоқ. Бұрын келушілердің саны жүздегенге жетсе, енді мыңдағанға жететін болды. Көптеген шіркеулер бұған әрине қарсы шықты және Миллердің көзкарасын құптайтындарға жаза қолдана бастады. Сондықтан Миллер діни деноминацияларға: «егер менің ілімім қате болса, оның қателігін Киелі Кітап арқылы дәлелдеп беріңіздер» деген мағыналы хат жолдады. ҮШ 217.2
«Біздіц сеніміміз, өздеріңіз ереже деп білетін және де біздің иманымыз бен мінезіміздің жалғыз ғана ережесі болып табылатын, Киелі Жазбаға негізделіп тұрған жоқ па? Ендеше адвентистерді баспа беттерінен немесе мінбелерден кінәлайтындай дәлелдеріңіз бар ма? Қандай құқыққа сүйене отыра адвентистерді өз шіркеулеріңіз бен қоғамдарыңыздан алыстатасыздар? Бар болса, кінәмізді Киелі Кітап арқылы көрсетулеріңізді өтінеміз. Біз күлкіге айналдық, бірақ біздікі жөн емес деп еиікім айта алмайды. Көзқарастарымызды Киелі Жазба гана өзгерте алады. Бұл шешімге біздер Киелі Жазбадағы жарықтың берілуіне байланысты және дұға оқып, мінәжат ете отырып, саналы түрде келдік. Себебі Киелі Кітап - бұл Құдайдың сөзі және ол біздің сеніміміздің негізі болып табылады. Оған ешкім қарсы келіп, онымен ешкім таласа алмайды». ҮШ 218.1
Шынымен де Құдайдың хабаршыларының ескертулеріне барлық замандарда да көпшілік сенімсіздікпен қараған. Айтатын болсақ, топан суының алдында Құдай бұзақыларды табан астында құртып жіберген жоқ, оларға топан суының келетінін Нұһ пайғамбар арқылы хабарлап, 120 жыл бойы уақыт беріп күтті. Бұл хабар адамдарға ойдан шығарылған ертегідей мәнсіз көрініп, олар пайғамбардың сөзіне сенбеді. Қалайша елдің ұлылары мен атақтылары білмегенді бір-ақ адам білуі мүмкін деп ойлады олар, тіпті пайғамбарды мазак, етіп есуас қылып шығарып қойды. Жоқ, олар мұндай ақымақтықка сене алмайды және кемеге кірмейді! ҮШ 218.2
Құдайсыздар табиғат құбылыстарына нүсқады: ауысып келіп отыратын жыл мезгілдері, осы уақытқа дейін бір тамшы тамып көрмеген кек аспан, түнгі шықпен суарылатын жасыл желек, - «бұл адам бізге ертегі айтып түрған болар” - деп таңданды олар. Шындықты уағыздаушыны есуас фанат деп жек көріп, оның сөзіне ешкім құлақ аспады, керісінше азғындьщ әрекеттерін бұрынғыдан бетер жалғастыра түсті. Бірақ олардың сенімсіздігі сызылып қойылған оқиғаға кедергі жасай алмады. Құдай адамдардың жаман қылықтарына шыдап, оларға тәубаға келулеріне көп уақыт беріп күтті, бірақ Құдайдың шыдамының тостағаны толған кезде, арсыздар өздеріне өздері тағайындаған жазасына ис болды. ҮШ 218.3
Қазір де халық Иса Мәсіхтің II рет жер бетіне келетініне дәл сол Нұһ пайғамбарының заманындағы адамдардай сенімсіздікпен қарайды. «Ол адамдар топан суы келіп көздері жойылғанша, қауіп туралы ойлаған жоқ” (Матай 24: 39). Өздерін Құдай халқымыз деп санайтындар осы әлемнің адамдарымен араласып, олардың азғындық істерін кайталап, зайырлы молшылық, сәнсалтанат ғибадатханаға еніп, неке тойының қоңыраулары шылдырлап, байлық жолында адамдардың ауыздары арандай ашылып ойындарын ойнап, тойларын тойлап, өмір алда болашағымыз жарқын деп жүргенде, кенеттен найзағайдың жарқылдағанындай болып ақырдың күні келеді. Сонда олардың жалған үміттері үзіліп, жаркыраған армандары тамамдалады. ҮШ 218.4
Сол бір кездері, топан суы келмес бұрын апаттың алдын алу үшін пенделеріне Өз хабаршысын жұмсаған Алла, қазірде ақырдың келетіні жайлы хабарды жердің тұрғындарына жеткізу үшін жан жаққа Өз жаршыларын жұмсауда. Дәл Нұһ пайғамбарының кезіндегідей Миллердің ескертулеріне сенімсіздік танытып, оны масқаралағандар аз болған жоқ және ондайлар Құдай халқының арасынан да шыкты. ҮШ 219.1
Неліктен Исаның II рет жер бетіне келетіні жайлы хабарды ғибадатхаиалар куанышсыз, түнеріп қарсы алады? Себебі Ол заңды бұзған бұзақыларға мәңгілік өлім әкеледі. Ал Құдайдың адал кұлдарына үміт пен қуаныш сыйлайды. Бұл ақиқат Алланы тосып отырғандарға үлкен жұбаныш әкелді. Неліктен Құдайдың халқы үшін бүл ақикат Мәсіх секілді «тосқауыл тасы мен қызықтыру тауына» айналды? ҮШ 219.2
Құткарушы кетер алдында Өз окушыларына уәде берген: «Мен сендерге барып орын дайындаймын, сонан сон келіп сендерді Өзіммен бірге алып кетемін” (Жох. 14: 3). Иса осы сәттегі Өзінің оқушыларының мұңын жақсы түсінді, сондықтан оларды жұбату үшін періштені жұмсады. Шәкірттері жоғарылап көтеріліп бара жатқан Исадан көздерін айыра алмай тұрған кезде, періште келіп олардың көңілін бөлді: «Ғалилей азаматтары! Here сендер аспанға қадалып қалдыңдар? Сендерден аспанға көтеріліп кеткен Иса, тура сендер көріп тұрғандай күйінде жерге қайтадан оралады (Елш. 1:11). Періштенің сөзінен кейін олардың жүректеріне қайтадан үміт ұялады. Осыдан кейін оқушылар Иерусалимге қуанышты көңіл күймен оралып, ғибадатханаға барып Құдайдың есімін мадақтап, Оған өздерінің баталарын жаудырды (Лүқа :24: 52-53). Олар жеке қалып қиындықтармен жалғыз шайқасатындарына қуанған жоқ, періштенің куәлік сөзінен кейін Исаның II рет жер бетіне қайта оралатынына қуанды. Біз де Исаның кейінгі ізбасарлары, Оның алғашқы шәкірттеріндей бұл хабарға қатты қуануымыз керек. Бүгінде Исаның екінші рет жерге келетіні туралы хабар бізді, бұрынғы кездегі періштелердің бетлехемдің шопандармен бөліскен куанышындай қуанышқа бөлеуі керек. Ол II рет жер бетіне келгенде қорлык керу үшін емес, Өз халкын алып кету үшін, Ұлы күшімен шексіз билігімен салтанатты түрде оралады. Тек Исаны жек көретіндер ғана Оның келуін қаламайды. Ғибадатхананың Құдайдан алыстап кеткенінің ең көрнекті дәлелі, көктен келген хабарды қабылдамайтынында. Адвентизм ілімін қабыл алғандар өздерінің қаншалықты күнәкар екендерін сезініп, Құдайдың алдында кінәлі екендерін жақсы ұқты. Олар рухани өмір үшін қайта тірілді. Ақыр заманның тақау екенін білген олар, оның алдындағы жауапкершілікті де жақсы сезінді. Жердегі аз күн тірліктегі кез келген нәрсеге деген қызығушылық өз мәнін жойды. Алдарында мәңгілік ашылып, адамдар не мөңгілік бақытты, не мәңгілік қарғысты таңдаулары керек болды. Құдайдың Рухы басшылық жасап, олар күллі халық қиямет күніне дайын болуы үшін бауырластарына да, басқа күнәкарларға да бірдей үндеу тастады және солар үшін шын ниеттерімен тілек тіледі. Бұлардың күнделікті өмірдегі үнсіз куәліктері жетесіз шіркеу мүшелерін жазғырып тұрғандай болды. Кейінгілер алғашқыларының оларға ойын-сауық күруға, дүние жинауға, атаққүмарлыққа ұмтылуына кедергі жасағақдарын қаламады. Нәтижесінде адвентистік сенімге және ақиқаттың хабаршыларына қарсы өшпенділік туындады. Жоғарыда айтылып кеткен аяндардың орындалу периодтарына қарсы ешқандай дәлел таба алмаған олар, сол хабарға сенушілерді түңілдіру үшін аяндар мөрленген, сол себепті біздер үшін олар жабык дегенді шығарды. Осы мінездерімен протестанттар папалықтарға қатты ұқсады, ұксап қана қойған жоқ солардың іздерімен жүрді. Папаның шіркеуі Киелі Жазбаны халықтан тығып ұстаса, протестанттар біздің уақытымызға байланысты ақиқаттар жүйесі жайлы Киелі Жазбаның бөлігі жабық және түсініксіз деп жариялады. Даниял пайғамбарының кітабы мен аян құпия деп шығарды олар. Ал Иса Мәсіх Өзінің шәкірттерінің көңілдерін, солардың уақыттарында орындалуға тиісті болған оқиғаларға қатысты айтылған, Даниял пайғамбарының сөзіне бұра отыра: «Оқығандар түсінеді» - дейді (Матай 24:15). Аян - ашық кітап, оны түсініксіз дейтіндер, өздеріне өздері қарама-қайшы сөйлейді. «Құдай үстатқан Иса Мәсіхтің ашьгқ сөзі, Оның құлдарына болашақта не болатынын білдіреді. Оны оқып, көңіл аударып тыңдап және орындайтындар бақытты, өйткені уақыт аз қалды” делінген жазбада (Аян 1:1,3). Пайғамбар: «Оқитындар және тыңдайтындар бақытты” десе, оқитындар және тыңдайтындар бар, ендеше оқымайтындар мен тындамайтындар да бар. Аян кітабындағы Құдайдың насихаттары мен ескертулерінен бас тарта- тындар игілікке ие боламыз деп айта алмайды. Ашық кітапта салтанатты түрде жазылған аяндарды, рәміздерді келемеждейтіндер, өмірлерін өзгертуден бас тартатындар, Мәсіхтің келуіне дайын болмағандар Құдайдың батасынан құр қалады. Қалайша ашық кітап күпия болмақ? Бұл шешілген құпия, ашық кітап. Ашық Кітапты зерттеу адамдардың назарын Даниял пайғамбарының кітабына бағыттайды. Осы екі кітапта қияметте не болатыны туралы, жердің тарихы немен аяқталатыны туралы маңызды насихаттар берілген. Жохан пайғамбарына ғибадатхананы терең толғандыратын оқиғалар жайлы аян берілген. Ол болашақта болатын қауіпті, шайқасты жөне Құдай халқының құтқарылатынын көрді. Пайғамбар хабарландырудан кейін бидайдың қоймаға, сабанның отқа кететінін көрді. Шындыққа бет бұрғандар жолдарында шайқас пен қауіп барын білу үшін Жоханға өсіресе соңғы ғибадатханаға қатысты ақиқаттар ашылды. Болашақта болатын оқигаларға қатысты ешкім де түнекте калмауы керек. Бұл кітапта болашақта болатын оқиғалар ашык, көрсетілген, оны елемейтіндер қауіпті жолда тұр. Ендеше адамдар Құдай Жазбасының маңызды болігі - аянға неліктен немқүрайды қарайды? Әрине, бұл түнек ханзадасының, өтірігі әшкереленіп қалмас үшін, жасап жатқан бағытталған ісінің нәтижесі. Сондықтанда болашақта аянның зерттелуіне қарсы болатын шайқасты көріп тұрған, Ашық кітаптың авторы - Иса Мәсіх былай дейді: «Окығандар, тыңдағандар және орындағандар бақытты». ҮШ 219.3