Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы

    Күнәнің пайда болуы және оның қалыптасып қалғаны көпшілік үшін құпия. Зұлымдықтың қандай қайғы мен соққыға ұшырататынының куәсі болған жұрт: «Қалайша махаббаты, даналығы және билігі шексіз Алла оның пайда болуына жол берді екен» деген сүрақ қояды. Олар үшін бұл құпияны ширатып алу мүмкін емес. Түсінбеушіліктің салдарынан олар Киелі Жазбадагы біздің құтқарылуымызға байланысты берілген және айқын көрсетіліп тұрған ақикатты көрмейді. Күнәнің пайда болу себебін білу мақсатымен Құдайдың тыйым салатын аймағына өтуге тырысатын кейбір жандар өз сұрақтарына ешбір жауап таба алмай, сынау және сезіктену рухымен қаруланып, «айтулы қиындықтарды шешу мүмкін емес» деп ақталып, Киелі Жазбадан бас тартады.ҮШ 315.1

    Құдайдың бар екенін, Оның табиғатын, күнәға деген қарым-қатынасын толып жатқан неше түрлі ілімдердің салдарынан көре алмайтын, сол себепті де зұлымдықтың барлығына қомақты түсініктеме ала алмайтын адамдар да бар. Күнәнің пайда болуын және оның барлығын логикаға сүйене отыра түсіндіру мүмкін емес. Күнәнің пайда болуы мен оның біржола жойылу барысын қарастыратын болсақ, Құдайдың шексіз мейірімді екенін көруге болады. Күнәнің пайда болғанына Құдай жауапты емес. Оның көкте пайда болуына еш себеп жоқ. Күнәнің пайда болуы түсініксіз, ол - шақырылмаган қонақ, сондықтан біз үшін ол құпия. Күнәні ақтау, оны қорғаумен бірдей. Оның пайда болуының себебі белгілі немесе оның пайда болуын ақтауға болатын болса, онда ол күнә болып табылмаған болар еді. Күнәнің жалғыз ғана анықтамасы бар. Күнә (қылмыс) дегеніміз - заңды бұзу. Күнә, Жаратқанның билігі негізделіп тұрған Құдайдың заңына қарсы ұстанымдарға бағынғандықтан пайда болады.ҮШ 315.2

    Зұлымдық пайда болғанға дейін бар Ғалам бейбітшілік пен қуанышқа беленіп, Құдайдың еркі бойынша сүйіспеншілік ырғағымен тербеліп тұрған. Олардың Құдайға деген ниеттері пәк, бір - бірлеріне деген сүйіспеншіліктері таза болған. Мәсіх - Сөз, Ол Құдайдан және Құдаймен біріккен. Олардың табиғаттары да, пиғылдары да бір, Олар ниеттес. Құдай Әкенің ойындағының барлығы Мәсіхке белгілі болған. Көктегі жан иелерінің барлығын Құдай Иса Мәсіх арқылы жаратқан. «Өйткені көктегі, жердегі, кезге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер - бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған. Олардың барлығы көктегі Әкеге және Масіхке бас иіп, тағзым етеді (Қол. 1:16). Құдайдың билігінің негізі сүйіспеншілік заңы болғандықтан, барлық жан иелерінің бақыты әділеттіліктің ұстанымдарына қаншалықты толық сөйкес келетініне байланысты болған. Құдай жаратылыс иелерінің Оған, Киелінің мінезін жақсы білгендіктерінің нәтижесінде пайда болған сүйіспеншілікпен қызмет етулерін қалайды. Құдай ешкімді де күшпен бағындырмайды, адамдар Оған өз еріктерімен қызмет етуге құқылы.ҮШ 315.3

    Дегенмен Құдайдың берген бұл кеңшілігін теріс пайдаланған біреу бар.ҮШ 316.1

    Барлык; көктегі жан иелерінің ішінде, Исадан кейінгі орында тұрған сол біреудің бойында зұлымдық пайда болды. Занды бұзғанға дейін ібіліс күнәсіз, пөк, жарқылдаған періштелердің бірі болған. Бұл жөнінде Киелі: «Сен кемелденудің мөрісің, толық даналық пен сұлулық тәжісің. Сен Құдайдың Бейіш бағында жүрдің. Сенің киімдерің неше түрлі бағалы тастармен әшекейленген болатын. Жан жағыңа нұр шашып тұру үшін әдейілеп сайланған періште болатынсың. Құдайдың киелі тауын бастың, лаулаған тастардың арасында жүрдің. Жүрегіңде заңсыздық пайда болғанға дейін түзу жолда түрган болатынсың» - дейді (Езк. 28:12-15). Ібіліс өзінің күші мен ықыласын Құдайды мадақтауға бағыттаса, үнемі көктегілердің сыйы мен сүйіспеншілігіне бөленген болар еді.ҮШ 316.2

    Осы орайда пайғамбар: «Сұлулығыңа мастанып көкірегіңді көтердің, шенқұмарлығыңның салдарынан даналығыңды жойдың» (Езк. 28:17) дейді. Бара - бара ібіліс бұрынғысынан да бетер жоғары көтерілуге ұмтылды. Ол өзінің ақылын Құдайдың ақылымен тең қойып (сол жерде 6-шы өлең): «Тағымды көктегі жұлдыздардан да жоғары орналастырамын, таудың ұшар басына шығып, құдайлар жиылысына қатысамын... Бұлттардың үстіне көтеріліп, Тәңірмен тең боламын” (Ишая 14:13,14) деді. Құдайды мадақтап Оған қызмет еткеннің орнына, барлығын өзіне бағындырып, өзіне тағзым еткізбекші болды. Сөйтіп ол Исаға тиесілі билікке жармасты.ҮШ 316.3

    Көктегі барлық жан иелері Алланың есімін мадақтағаннан, Оның нұрына бөленгеннен зор қуанышқа ие болатын. Құдай соншалықты сыйлы болып тұрған кезде көкте тыныштық та болды. Ал бүлікші пайда болғаннан кейін көктегі үйлесім де бүзылды. Құдайдың еркіне қарама-қарсы келетін өркөкіректік бүрын Құдайға қуанышпен қызмет еткен көктегілердің көкейінде жауыздық сезімдерді туғызды. Көктегі кеңесте ібіліске көп ақыл айтылды. Құдайдың рухани ұлы, Төңірдің мейірімді, әділетті, ұлы екенін және Оның заңының тұрақты да қасиетті екенін айтып, ібілісті соған иландыруға тырысты. Бірақ шексіз махаббат жөне мейірімділік Иесінің барлық айтқан сөздері зұлым гіеріштенің бойында қарсыласу рухын қоздыра түсті. Күншілдік сезімі бойын билеп, ібіліс одан сайын жауыздана түсті. Өзін - өзі мактан тұтып, жоғары билікке ие болғысы келді. Қаншама дарындылықты сыйға тартып, жан жағынан мейірімділікпен коршап тастаған Алланың еңбегін ол бағаламады. Көктегілер оған құpметпен қарады, періштелер оның бүйрығын куанышпен орындап отырды, оған ұлы даналық пен атақ берілді. Бірақ көктің билігі Құдаймен теңдес, Оның рухани Ұлы Исаның қолында болды. Мәсіх Құдаймен ниеттес болатын, ал ібіліске Оның ойы беймәлім болып қала берді. «Неліктен көктің билігі Исаға тиесілі болуы керек?» деп өзіне өзі сұрақ қойды бұл періште. Here Ол, менен - ібілістен артық болуға тиісті? Осылайша ол Құдай алдыидағы қызметін тастап, періштелердің арасында арандату жұмыстарын жүргізе бастады. Ібіліс Құдайға деген пиғылын сиқырлы бетпердемен жасырып, Алланы шын түрде құрметтейтіндей сыңай танытып, ал шын мәнінде кектегілердің арасында Құдай заңына деген қарсылық туғызғысы келді. «Періштелер қасиетті және пәк болғандықтан оларға ешқандай заңның керегі жоқ, олардың өз еріктері өздерінде болулары керек” деп үгіттеді ол көктегілерді. «Құдай бар билікті Мәсіхке беріп, осылайша маған қатысты әділетсіздік жасап тұр” деп, өз ойымен оларды ортактастырғысы келді. «Менің билікке ұмтылуымның басгы себебі, өзімді - өзім көтеру емес, көктегі тұрғындардың жағдайын бұрынғысынан да жоғары деңгейге көтеру» - деп, оларды соған сендірмек болды.ҮШ 316.4

    Шексіз Алла мейірімді болғандықтан, ібілістің жасап жүрген ісіне шыдамдылық танытты. Қанағатсыздану рухымен қаруланып алған әзәзіл, өзінің орнын бірден жоғалтқан жоқ, тіпті періштелердің арасында үгіттеу жұмыстарын жүргізіп жүргеннің өзінде, ол әлі де болса өз орнында тұрған болатын. Бұл зұлым періште бірден көктен куылған жоқ. Оның төубасына келуіне сансыз рет мүмкіндік берілді. Шексіз махаббат және даналық Иесі оның көзін ашып, қателіктерін мойындату мақсатында көп еңбектенді. Сол уақытқа дейін көктегілер жанжал дегеннің не екенін білмеген болатын. Бастапқыда ібілістің өзі де бұл жанжалдың неге әкеліп соқтыратынын білмеген еді, өйткені ол өз сезімінің табиғатын гүсінбеген болатын. Бірақ оның наразы болуына ешқандай негіз жоғы корсетілгеннен кейін, ібіліс өзінің істерінің дұрыс емес, ал Құдайдың талаптары әділетті екеніне көзі жетті. Барлык көктегі тұрғындардың алдында ол өз қатесін мойындауға тиісті болды. Дәл солай істегенде ол өзін де, оған еріп тұрған періштелерді де құтқарып қалған болар еді. Сол кезде ібіліс әлі де болса Құдайға бағынатын. Жарқ-жұрқ еткен әйгілі періште бұрынғы орнын жоғалтқанымен, Алланың жоспары бойынша тұрған орнына ризашылығын білдірсе, кейін Құдай оған бұрынғы орнын қайтарған болар еді. Зұлым періште қателігін түсініп, оны мойындауға бет бұрғысы келгенімен, тәкәппәрлығын жеңуге дәрмені жетпей, намыстанып, еркөкіректік оның Құдайға бағынуына мүмкіндік бермеді. Әзәзіл өз дегенінің дұрыстығын дәлелдеп, қырсығып тұрып алғандығының нәтижесінде, абырой мен ардан жұрдай болып, өзінің Жаратушысына қарсы шайқасқа шықты. Осылайша ол бар даналығын періштелерді ақиқаттан тайдыру жолына жұмсады. Шайтан өзін жақсы көретін періштелерге шағым айтып: «Мәсіх барлық көктегілердің алдында мені мазақ қылғысы келеді» деп, Оны қаралай бастады. Ал алдауына көнбегендерін, парықсыздар -деп кінәлады. Құдайға адал болып қалғандарға ол өз мойнындағы кінәні тақты. Көздеген мақсатына жету үшін Алланың істеген істері мен айтқан сөздерін басқаларға керісінше жеткізіп отырды. Жауыздық саясатын әрі қарай жалғастыра отырып, ол періштелерді үгіттеу арқылы, олардың көкейлерінде Құдайға деген сенімсіздік туғызғысы келді. Қарапайым нәрселерді құпияға айналдырып, Киелінің сездерін бұрмалап отырды. Оның ие болып отырған орны, Алланың ісіне қатысып отырғаны ібілістің әрекетіне септігін тигізіп, оның кәкейіндегісін іске асыруға әсер етті. Сол себепті көктегі кауымның көпшілігі алданып, әзәзілдің шайқасына қосылды.ҮШ 317.1

    Алла, ібіліс Оған қарсы ашық шайқасқа шыққанға дейін оның істеп жүрген істеріне кедергі жасамады. Бұл оның шын мәнінде кім екенін басқаларға көрсету үшін қажет болған еді. Ібіліс әдейілеп сайланған періште болғандықтан, барлық аспанның тұрғындарына үлкен өсерін тигізетін. Ал Құдай тек аспанның тұрғындарына ғана қамқорлығын жасап қоймай, Өзі жаратқан басқа ғаламдарға да билік еткен. Әзөзіл болса өзінің шайқасына періштелерді кірістірсе, соңынан басқа ғаламдағыларды да алдап, өз жағына шығарамын деп үміттенді. Ол өз жоспарын епті және сәнді түрде кұра отыра, неше түрлі айлакерлік әрекеттер жасады. Албастының азғыру күші өте үлкен болатын, сол себепті өтіріктің жабуын жамылып алған ол дегеніне жетті. Сенімді деген періштелердің өздері ібілістің мінезін толық түсіне алмады және оның бастаған ісінің неге әкеліп соқтыратынын ұқпады. Албасты өте жоғары орынға ие болған және ол езін өткізгішсіз кұпиямен қоршап тастады, сондықтан періштелерге оны түсіну қиынға соқты. Күнә күш алып дами бастағанға дейін, ешкім оны кермеді. Соған дейін бар ғаламда күнә дегеннің не екенін ешкім білмеді. Құдай заңын бұзғанның неменеге әкеліп соқтыратынын олар тіпті де білмеді. Өйткені шайтан өзінің нағыз пиғылын мұқият түрде олардан жасыра білді. Ол өзі Құдайдың даңқы мен атағын бекіткісі келетінін және көктегілердің камын ойлап жүргенін айтып, барлығын соған сендірмек болды. Қарамағындағы періштелердің санасына келіспеушіліктің уын бір тамшыдан ғана құйып отырып, бар күшін салып осы түсінбеушілікті тоқтаткысы келетінін айтып, байғұстарды алдаған үстіне алдай түсті. Оларға «Құдай заңына өзгеріс енгізсек қана көкте тыныштык орнайтын болады» деп түсіндірді.ҮШ 318.1

    Құдай күнәмен тек әділдік пен ақиқат арқылы ғана шайқаса алады. Ал шайтан болса, жағымпаздык. пен өтірікті пайдаланды. «Құдай барлығынан жарғылар мен заңдарды орындауын талап ететін себебі, өзін - өзі дәс көтергісі келеді» деп Ібіліс Құдайды жазғырумен болды. «Мен де бар ғаламға жақсылық пен бақыт тілеймін» деп, ешкімге арам пиғылын көрсетпеуге тырысты. Сол себепті бар ғалам оның шын мәнінде кім екенін білуі керек болды. Ал оның арам пиғылы өшкерелену үшін әрине уақыт кажет.ҮШ 319.1

    «Көкте шыккан жанжалға Құдайдың заңы мен Оның билігі себеп” деп жариялады ібіліс. «Зұлымдық Оның билік еткенінен пайда болды, ал менің мақсатым тек Оның шығарған жарғыларын жетілдіру” - деп арыз тастады ол. Сол себепті де оған Құдай заңына өзгеріс енгізуге, билік жүргізуге мүмкіндік берілді және бұл биліктің неменеге океліп соқтыратынын бар ғалам көруі керек болды. Шайтан әуел бастан-ақ кетерілісті бастаған мен емес деп, соған неше түрлі дәлелдер ұсынды. Сол себепті бар ғаламның алдында оның өтірігі айқындалуы қажет болатын.ҮШ 319.2

    «Албасты аспанда қала алмайды” деген шешім іпыққаннан кейін де, шексіз даналықтың Иесі оның көзін жойып жіберген жоқ. Өйткені бар ғалам соңына дейін Құдайдың әділеттілігі мен мейірімділігіне әбден көздерін жеткізулері керек болды. Егер Құдай шайтанның көзін жойып жіберсе, онда қалғандары Алланы жақсы көргендіктен емес, Одан қорыққандықтарынан қызмет еткен болар еді. Сөйтіп олар шайтанның салып кеткен күдігінен ешкашан арыла алмас еді. Сол себепті зұлымдық пісіп жетілуі керек болды. Бар ғаламның бақыты үшін Құдай шайтанды еркіне жіберді. Сонда ғана оның зұлымдығы әшкереленіп, ғаламдағылар Құдайдың мейірімді және әділетті екеніне көздері жетіп, Оның қасиетті заңы мәңгілік бекіп қалатын болды. Варлык ғасырлардағы Ібілістің кәтерілісі жан иелерінің барлығына мөңгі бақи сабақ болып қалуы керек болды. Бұл Құдай заңын ұнатпағанның нотижесі. Құдай жаратқан жан иелерінің бақытының Алланың ұстанымдарын дұрыс пайдалануларына, Оның қасиетті заңын мүлтіксіз орындауларына тікелей қатысы бар. Ұлы өтірікші көктегі шайқас аяқталғанша өзін езі ақтаумен айналысты. Ол өзінің ізбасарларымен бірге көктен қуылатынын білген кезде ғана, Құдай заңын жек көретінін ашық жариялады. «Періштелердің барлығы қасиетті, оларға қандайда болса жақсылық жасау үшін ешқандай заңның қажеті жоқ. Олардың бостандығын кісендеп тұратын заң атаулыны жою керек, сонда ғана олар бұрынғысынан да биік жағдайларға жетіп, даңққа ие бола алады” деп арыз тастады ол. Шайтан және оны жақтаушылар: «Егер Ол бізді жазғырмағанда, ешқандай шайқас болмайтын еді” - деп, бар пөлені Мәсіхтің басына үйіп төкті. Ақыры Құдайдың басшылығына қарсы шыға тұра, соған қарамастан өздерін «кінәсіз» деп жариялаған Ібіліс және оның жақтаушылары аспаннан қуылды.ҮШ 319.3

    Көктегі бастаған ісін жерде жалғастырып, үлы көтерілісші жердегілердің санасын уландырып, зүлымдық жасауға шабыттандыруда. Ол періштелерді азғырған тәсілдерін адамдарды азғырған кезінде де пайдаланды. Мүнда да ол Қүдай заңын орындамайтындарға бостандық беруге уәде етеді. Кінәсін бетіне басқан кезінде ашуланатын жандар, шайтанның рухымен қаруланып алғандар. Қателіктерін түзеткеннің орнына олар керісінше оны байқағандарға қарсы шығады. Әділетті Әбілден бастап осы заманға дейінгі кінәлілер кінәсін ошкерелейтіндерді жек көреді. Шайтан адамдарға Құдайды қатыгез жауыз қылып корсегіп, оларды күнә жасауға итермелейді. Бұл жағынан дегеніне жеткен Ібіліс: «Құдайдың өділетсіз талаптары адамдарды құлдырауға дейін жеткізді» деп әлі күнге дейін жариялауда.ҮШ 320.1

    Бірақ Жаратқан Иеміз Өзінің болмысын бізге: «Адамдарды жақсы көретін Төңірлерің мейірімді, шыдамды жөне шынайы. Ол мың ұрпаққа дейінгі күнө мен қылмысты кешіреді» - деп айкындайды (Мыс. 34:6,7).ҮШ 320.2

    Құдай шайтанды көктен қуып жіберіп Өзінің әділеттілігін бекітті. Ал адам болса, шайтанның құрған торына түсіп, күнә жасады. Күнәға батқан адамзат баласын қайтадан тазартып алып шығу үшін Құдай өзінің рухани Үлын құрбандыққа қиды. Осылайша Алла Өзін адамзат баласына танытты. Ібілістің таңдаған жолының Құдайдың билігіне еш қатысы жоқ, мұның көрнекті дәлелі - айқыш ағаш.ҮШ 320.3

    Құтқарушының жер бетіндегі қызметі кезінде әзәзіл Онымен шайқасам деп, өзін - өзі әшкереледі. Әлемнің Құтқарушысына қарсы қатыгез шайқаспен шыққан Ібілісті керген бар ғалам тұрғындары мен періштелер одан біржола түңілді. Мәсіхтің оған бас июін талап еткен азғындығы, мақтаншақтығы, Мәсіхке бас айналатындай биіктіктен жерге секіруге ұсыныс жасаған кездегі арам пиғылы, дін қызметкерлерін Оған айдап салып, Оны бір жерге тұрақтатпай, орын ауыстырып отыруға мәжбүр еткені жене ең соңында «Оны айқыш ағашқа керіп өлтіріңдер» деп талап еткені - осының барлығы ғалам тұрғындарын таң қалдырмай қойған жоқ.ҮШ 320.4

    Әлемді Исадан бас тартуға иландырған осы қара күштің иесі болатын. Өйткені Мәсіхтің мінезі, Оның мейірімділігі, махаббаты, нәзіктігі әлемге Қүдай Иені танытты, сондықтан Ібіліс Оның көзін жою үшін бар күшін, жауыздығын, өнерін салды. Шайтан Исаның айткан әрбір сөзіне қарсы шықты. Оның өмірін қасіретке толтыру үшін адамдарды өзінің қаруы ретінде пайдаланып, Оған айдап салып отырды. Осының барлығы тамырын тереңге жіберген кектің нәтижесі болатын. Барлық аспан үнсіздікке шомып, Маңдайтөбенің үстінде Құдайдың рухани Ұлын күншілдіктің, зұлымдықтың, жеккөрушіліктің және кекшілдіктің жалыны шарпып жатқанын жандары түршіге отырып бақылады.ҮШ 321.1

    Ұлы қүрбандық шалынып болғаннан кейін Мәсіх көкке көтерілді. Бірақ Ол: «Маған бергендерің Менің жанымда болғанын қалаймын» деген тілегін Құдай Әкенің алдына әкелгенше, періштелердің құрметінен бас тартты (Жох. 17:24). Сонда Құдай Әкенің тағынан сүйіспеншілік пен күшке толы дауыс шықты: «Барлық періштелер Оған тағзым етсін” (Евр. 1:6). Исаның бойында бірде - бір кіршік болған жоқ. Оның қорлығы аяқталды. Ол Өзінің жанын адамзат баласы үшін құрбандыққа қиды және Оған кез келген есімнен жоғары ат берілді.ҮШ 321.2

    Енді шайтанның ақталуы мүмкін емес. Ол өзінің өтірікші және қанішер екенін дәлелдеді. Шайтан адамдарға: «Құдай заңын бұзсаңдар бостандыққа жетесіңдер» - деген болатын. Керісінше оны бұзу қүлдық пен сұмдыққа әкеліп тіреді және оны барлық жандар өз көздерімен көрді.ҮШ 321.3

    Албастының Төңір Иені өділетсіз кінөлағаны және оның өзінің жасаған масқара істері әбден әшкереленді. Әзәзіл: «Құдай бар ғаламды Өз заңына бағындыра отыра, олардан селт етпестей берілгендікті талап етеді, бірақ Өзі жаратылғандар үшін ештеңе жасамайды” - деп Оған пәле жапты. Десе де күллі ғалам шайтанның зұлым әрекеттерін, арам пиғьшын өз көздерімен керді. Жазбада: «Құдай Мәсіхтің арқасында адамзатты Өзімен татуластырды» - деп жазылған (2Қор. 5:19). Сондай-ақ Тәңірмен жаратылған жан иелерінің барлығы шайтанның билікке ұмтылу мақсатында күнәға есік ашқанын, ал Мәсіх сол күнәні жою үшін өлімге де келіскенінің куәсі болды.ҮШ 321.4

    Солайша Құдай бар ғаламға көтерілістің ұстанымдарын қабылдамайтынын көрсетті. Сонда Ібіліс: «Құдай заңын бұзу -қылмыс болса, онда кез келген қылмыскер Жаратушының мейірімінен біржола айрылғаны, ендеше олардың барлығы - менің жемтігім» деген арыз тастады. Бірақ Мәсіхтің өлімі адамның пайдасы үшін берілген маңызды дәлел (аргумент) еді. Адамзаттың күнәсі үшін тиесілі жазаны Құдаймен тендес біреу Өзіне алды. Мәсіхтің өділеттілігін қабылдауға кез келген адамның еркі бар. Оларға таза да, шынайы өмір етіп жеңіске жетулеріне болады. Бірақ Мәсіх біздің әлемге адамзат баласының күнәсін Өзіне алып, оларды ақтау үшін ғана емес, Құдай заңының әділетті және бөріне пайдалы екенін көрсету және оның абыройын көтеру үшін келді. Құдай заңының тұрақты және мәнді екенін жердегілер ғана емес, көктегілер де дұрыс түсінулері керек болды. Егер заң бұзылмаса, онда қылмыс та жоқ. Егер қылмыс жоқ болса, онда Исаның елімі не үшін керек? Заң бұзылды жөне оны бұзғандар жазалануға тиісті болды, сол себепті Иса адамзаттың күнәсін Өзіне алып, оларды мәңгілік өлімнен құтқарып қалу үшін жерге келді. Құдай Әке мен Оның рухани Ұлы Исаны мұндай қадамға итермелеген күнөкарларға деген шексіз махаббат, Оның билігі мен заңының негізі болып табылатын өділеттілігі мен мейірімділігін бар ғаламға паш етті. Сот аяқталғаннан кейін күнәнің пайда болуына еш себеп болмағандығы айқындалады. Бар ғаламның төрешісі: «Не үшін сен көтеріліс жариялап, Менің патшалығымның азаматтарын ерітіп кеттің?” - деп албастыға сұрақ қойғанда, зұлымдық әкесінің, яғни шайтанның айтарға сөзі болмайды. Сонда кетерілісшілердің барлығы үнсіз тұрады.ҮШ 322.1

    Ғолғота айқыш ағашы заңның тұрақтылығын, өзгермейтіндігін дәлелдейді және бар ғаламға күнә үшін жаза - өлім екенін көрсетеді. Құтқарушының: «Орындалды» деген жанкешті дауысы шайтанның тағдырын біржола шешкен болатын. Кеп уақытқа созылған ұлы шайқастың кінәлісі анықталды және зұлымдықты біржола жою мүмкіндігі пайда болды. Құдай Ұлы аждаһаны жеңу үшін «моланың қақпасынан» өтті (Евр. 2:14). Өзін Құдайдан артық қойғысы келген тілегі албастыға: «Тағымды жұлдыздардан жоғары кетеремін...Тәңірмен бірдей боламын” - деген сөздерді айтқызды (Ишая 14:13,14). Алла оған: «Мен сені күлге айналдырамын... мәңгілііске жоғаласың” (Езк. 28:18,19) дейді. «Лаулап тұрған пеш секілді күн келгенде барлық менменшілдер мен әділетсіздер сабандай өртенеді. Тамыры да, бұтағы да қалмайтын болады» - дейді Құдай (Малахи 4:1). Күнә дегеннің не екенін жөне оның нөтижесі қандай болатынын бар ғалам көреді. Құдай күнәні, яғни оны тудырушыны әуел баста жойып жібергенде, Оның абы- ройы төмендеп, періштелер Оған қорыққандарынан қызмет еткен болар еді. Бұдан былай қарай періштелер де, ғалам тұрғындары да Оның зор сүйіспеншілік Иесі екенін және Оған тең келетін ешкім жоғын көріп, Оның заңын ризашылықпен орындап, Оған қызмет етуді өздеріне қуаныш санап рахат сезімге бөленеді. Бұдан кейін зұлымдық болмайды. Құдай сөзі бізге: «Кесапат енді қайталанбайды” - дейді (Нқм. 1:9).ҮШ 322.2

    Албасты Қүдай заңын «ауыр жүк” деп жарияласа, оның ешқандай ауыртпалық емес, керісінше «бостандық» екенін барлығы мойындайды. Сынақтан өтіп, оған шыдап шыққан жандар өздерін шексіз жақсы көретін Тәңірлеріне деген сенімдерінен айрылмайтын болады.ҮШ 323.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents