Шпейердегі өткен қарсыласудан кейін және Германиядағы реформацияны жеңіске жеткізген Аугсбургтегі оқиғадан кейін, ақиқат үшін болып жатқан қатыгез шайқас әрі қарай жалғаса берді. Реформацияның санаулы ғана күндері қалғандай болып көрінді. Қаншама халық шындық жолында қанын төкті. Азаматтық соғыс басталды. Реформация қолбасшыларының бірі сатқындық жасап, атақты протестант - ханзадалар қамауға алынып, тұтқын ретінде қаладан қалаға аттандырылып отырды. Жеңістің ең жоғарғы шыңына жеттім деген император, керісінше жеңіліске ұшырады. Жемітін қолында ұстап тұра алмайтынын сезген ол, реформация іліміне қойған тыйымдарды алып тастауға мәжбүр болды. Реформациямен шайқасам деп жүргенде, империяны қайыршылыққа ұшыратып, қазына сарайлары бос қалып, әскері талқандалды. Құдайға қарсы шайқасқа түсем деп жүргенде, азып-тозып империядан бас тартып ақыры қайыршы монахқа айналып, өмірі монастырда тамамдалды. ҮШ 131.1
Швейцарияның басына да Германиядағы сияқты қайғылы күндер туды. Реформация ілімін қабыл алғандар көбейгенімен Римге сенушілер де аз болған жоқ. Мұндай шайқастың соңы азаматтық соғысқа әкеліп тіреді. Цвингли және оның көптеген достары Каппель түбіндегі шайқаста қаза тапты. Болып жатқан сұмдықтан қайғыға ұшыраған Эколампадиус көп ұзамай қайтыс болды. Рим жеңісін салтанатты түрде тойлап жатты. Бірақ Шексіз Алла Өз халқын, Өз ісін ұмытқан жоқ. Осы уақытқа дейін Лютердің атын да естімеген Франдияда реформация шырағы жанды. Париж университетінің профессоры Лефевр деген үлкен адам папаның ілімінің шынайы жақтаушысы болатын. Ежелгі әдебиетті зерттеумен айналысып жүрген профессор, күндердің күнінде Киелі Кітапқа көзі түсіп, оны студенттерге пән ретінде жүргізе бастады. Әулиелер жайлы көп білетін Лефевр шіркеудің аңыздарына сүйене отырып, киелілер мен шеиттер жайлы кітап жазып шығармақшы болған. Бұл еңбегі орталанып қалған кезде, көмегі тиер деген ниетпен ол Киелі Кітапты ашып зерттей бастады. Бұл кітаптан ол шынымен де тақуалар жайлы оқып білді, бірақ олар Рим күнтізбесіндегілер емес, мүлдем басқа жандар болып шықты. Сөйтіп ол өз еңбегінен бас тартып, бар уақытын Киелі Кітапты зерттеуге арнады. Біраз уақыттан соң профессор Киелі Кітапты студенттер арасында жалынды түрде уағыздай бастады. ҮШ 131.2
1512 жылы Лютер мен Цвинглидің еңбектері шыкпас бұрын Лефевр былай деп жазған болатын: «Құдай бізді иман арқылы ақтайды, Оның мейірімі арқылы берілген әділеттілік қана бізді мәңгілікке жеткізеді». Ол ақиқатты зерттей отырып ақталудың құпиясына таң қалады. Күнәсіз сотқа тартылады, күнәкар ақталады, баталы қарғысқа ұшырайды, ал керісінше қарғыс иесі бата алады. Өмір өледі, өлген тіріледі. Даңк түнекте қалады, ал ұятсыз даңққа ие болады. Бұл не қылған ғажап? He қылған құпия? ҮШ 132.1
Даңқ Құдайға ғана тән, бірак Оған бағыну адамға тән - деп уағыздады профессор. Егер сен Мәсіхтың шіркеуінің мүшесі болсаң, онда сен Оның денесінің бір бөлігісің. Ал егер сен Оның денесінің бір бөлігі болсаң, онда сенің бойыңнан Оның табиғатының сұлулығы керінеді. Осыны адам баласы ұға білсе, өмірі соғұрлым мәнді болып, көзге көрінбейтін ішкі дүниенің сұлулығымен салыстырғанда түкке тұрмайтын дүниенің атағынан бас тартатын еді - деп жазды Лефевр. Ұстаздарының үні мәңгілікке өшкенше оны мұқият тыңдап, одан тәлім алған студенттер саны өте көп болды және олар бірнеше жылдар бойы естігендерін жұртқа өнеге қылып айтып жүрді. Солардың ішінде Вильям Фарель атты студент болған. Ұлағатты ұядан шыққан бұл студент католиктер ілімін жақтап және елші Пауылмен бірге «Менің парызшыл ретіндс дініміздің ең қатал бағытын ұстанатындардың қатарына жатқанымды біледі» - деген болар еді (Елш. 26:5). Сондай-ақ ол папаға қарсы шыққандарды жек көрді. Өмірінің осы бөлігін еске ала отыра ол: «папаға карсы ніықкан біреу болса, соларға аш каскырдай тісімді қайрап тұратынмын» - дейді. Шынайы католик ретінде ол, Лефеврмен бірге Париждың күллі шіркеулеріне барып, меһрап алдында дүұға оқып, барлық «киелі мазарларға» сыйын әкелетін. Ол шіркеудің барлық дәстүрлерін мұқият түрде орындап жүрді. Бірақ мұнысының бәрі оған жан тыныштығын бере алмады. Бір күні ол «Құтқарылу мейірімділіктің нәтижесі. Күнәсіз жауапка тартылды да, қылмыскер ақталды. Тек айқыш ағаш қана аспанның қақпасын ашып, дозақтың қақпасын жабады» - деп, көктен шыққан үндей болған, реформатордың дауысын естіді. Фарель бұл хабарды қуанышпен қарсы алды. Сонан соң ол, кезіндегі Пауыл секілді, неше түрлі қажетсіз салт-дәстүрлердің барлығын тастап, Құдайдың балаларының бостандығына ие болды. Қанға тоймайтын қасқырдың жүрегінің орнына, оған момын қозының жүрегі берілді, сонда ол пападан теріс айналып, Иса Мәсіхтың соңынан ерді. Егер Лефевр рухани тәлімді студенттер арасы- на таратса, Фарель, әуелде, күллі ынтасымен папаға қызмет еткеніндей, ендігі жерде бар ниетімен, ашық түрде ақиқатты халык, арасына таратты. Оған католик шіркеуіндегі беделі өте жоғары тұрған иерархтарының* бірі, Мо қаласының епископы қосылды. Оларға үлкен кұрметке ие болып жүрген басқада мұғалімдер ілесті. Осылайша Ізгі хабар барлық жерлерге тарай бастады. Сол кезде мемлекет басында тұрған Франциск I - апасы да реформация ілімін қабыл алды. Патша мен патшайым да бұл ілімге жақсы қарады. Реформаторлар болса, барлық Франция Ізгі хабарды кабыл алады деп үміттенді. Ал шын мәнінде жағдай олардың ойлағандарындай емес, керісінше болатын. Бұл жалынды қызметкерлерді қуғынсүргін күтіп тұрды. Бірақ Исаның мейірімінің арқасында, болатын оқиға оларға ашылмады. Алда тосып тұрған қиындықтарды жеңуге күш жинау үшін бұларға осы тыныш мезгіл өте қажет еді. Реформация ілімін уағыздаушылар табысты еңбектенді. Мо қаласының епископы өз жерінде халық ағарту ісімен айналысты. Кесірлі және надан дін қызметкерлері білікті және иманды қызметкерлермен алмастырылды. Епископ әр адамның Киелі Кітапқа ие болғанын жөн көрді. Оның тілегіне карай Лефевр Жаңа Өсиетті аудара бастады. Виттенбергте Лютердің Киелі Кітабы неміс тілінде пайда болған кезде Мо қаласында француз тілінде Жаңа Өсиет шықты. Бұл үшін епископ қаражатын да, уақытын да аяған жоқ. Көп ұзамай оның маңайындағы шаруалардың барлығы Жаңа Өсиетті иемденді. Шөл далада жүріп суды аңсаған жолаушыдай, акиқатты аңсаған халық оны куанақуана қабыл алды. Қай жерлерде жүрмесін Киелі Кітап олардың әңгімесіне айналды. Егінжайда жүрсе де, шеберханада болса да олар Киелі Жазбаның баға жетпес ақиқаттары туралы айтып жүрді. Жұрт арақ шараптарын тастап, кешкілікте бірігіп Киелі Кітапты оқып талкылап, дұға айтып, Алланың есімін мадақтауды әдетке айналдырды. Біраз уақыттан соң олардың арасында өзгерістер пайда болды. Бір кездердегі қараңғы, токшар жандар Құдайдың өсиетінің арқасында енді өзгелер үлгі алатындай өнегелі жандарға айналды. Мо қаласында жанған шырақ кеңейе түсті, сөйтіп ақиқат жалғасын тауып әрі қарай тарай берді және оны қабылдағандардың да саны көбейді. ҮШ 132.2
Фанатизммен шектеліп қалған монахтарды жек көретін патша иерархияның қаһарын біраз уақыттежеп тұрды. Соған қарамастан папалықтар ақыры дегендеріне жетті. Алаулар тұтанды. Одан қорыққан Мо қаласының епископы ақикаттан бас тартты, бірақ папалықтар дін әкесін сүріндіргендеріне қанағаттанбады, алаулар жалындап, құрбандарын жұтып әкетіп жатты. Бақташылары құлағанымен үйірі сескенбеді. Көптеген адамдар ақиқатқа деген адалдықтарын қандарымен дәлелдеді. Олардьщ көрсеткен ерліктері айтылған сөзден мың есе асып түсті. Өз ерліктерін қарапайым адамдар ғана көрсетіп қойған жоқ, сонымен қатар әсем сарайларда да тұрып жатқан, шындықты ез дүниелері мен өмірлерінен артық қорғаған ұүлағатты адамдар болды. Патша сарайындағылардың иманы дінді өз қолдарымызда ұстап тұрмыз деген прелаттар мен епископтардың имандарынан әлдеқайда жоғары, әлдеқайда мықты болған. Сондай атақты адамдардың бірі Луи де Беркен болатын. Ол өте таза, әдепті, білімге құштар өнегелі рыцарь* еді. Киелі Кітаппен танысқанға дейін ол папаның жалынды шәкірттерінің бірі болған. Киелі Кітапты зерттей келе, Құдайдың арқасында Беркен, одан Римның доктриналарын емес, Лютердің доктриналарын тапты және соған қайран қалды. Сөйтіп ол Лютердің ілімімен танысты. Осылайша жалынды рыцарь өз өмірін ақиқат жолында қызмет етуге жұмсады. Франциядағы ең білімді жандардың бірі - ержүрек, өжет, сөз шебері Беркен патшаның сүйіктісі болатын. Егер Франциск I оның Саксондық курфюрсты болғанда, ол екінші Лютер болған болар еді. Беркен Лютерден де жаман деп айғайлады папалықтар. Шынымен де ол Римге неміс реформаторынан да артық қауіп төндіріп тұрған болатын. Папалықтар Беркенді зынданға қамады, бірақ патша оны қапастан шығарып алды. Бұл шайқас бірнеше жылға созылды. Франциск I Рим мен Реформацияның арасында жүріп, біраз уақыт бойы монахтардың қаһарын тежеп тұрды. Осы уақыт аралығында Беркен үш рет қамауға алынды, ал патша болса оны үш ретінде де қамаудан босатып алды. Осыдан кейін Беркенге Францияда қалу өте қауіпті болды. ҮШ 133.1
Бір күні Құдай жолында кызмет жасауға білімі жеткілікті, бірақ өнегесі жетпей жүрген, заманына қарай иліге беретін Эразм Беркенге «Сен басқа мемлекетке елші ретінде сұран немесе Германияға саяхатқа аттан. Қалай болған күнде де саған бұл жерде қалуға болмайды. Сен Безаны білесің ғой, ол адам емес, мың басты құбыжық. Жауларың болса - легион*. Тағдырың Иса Мәсіхтың тағдырынан жеңіл болған күннің өзінде де, сені олар жай қалдырмайды. Патшаға сене берме. Осыны біл. Қалай болған жағдайда да дін зерттеу факультетінде мен жайлы ешкімге ешқандай сыбыс шығарушы болма” - деп хат жолдады. ҮШ 134.1
Қауіп-қатер ұлғая түсті. Соған қарамастан Эразмның өзімшілдікке толы кеңесін қабылдаудан өте алыс тұрған Беркен, енді ақиқатты қорғап кана қоймай, оның жауларының адасушылықтарын әшкерелеуге кірісті. Беркенді кінәламақ болған папалықтарды керісінше ол өзі кінәнің астында қалдырды. Беркеннің аса қаһарлы жаулары атақты Париж университетінің дін зерттеу факультетінің ғалымдары мен монахтары болатын. Беркен олардың шығармаларының 12 бөлімінің Киелі Кітапқа қарама-қайшы келетінін жариялап, бұл пікірталасқа патшаның қатысуын және осы пікірталас кезінде оның үкімші болуын өтінді. ҮШ 134.2
Монарх күш пен даналықты салыстыру үшін және менменшіл монахтардың көкірегін басу үшін, католиктерден өз шығармаларын Киелі Кітап арқылы дәлелдеп берулерін талап етті. Католиктер бұл қарудың оларға жеңіс әкелмейтінін жаксы білді, ейткені олар осы уақыхқа дейін отқа тастау, қинау, камауга алу секілді қаруларды ғана пайдаланып келген. Енді олар өздерінің жардың шетінде тұрғандарын байқады, сол себепті жеңілмеудің басқа жолын қарастыра бастады. ҮШ 135.1
Дөл сол күндері кала көшелерінің бірінде орнатылған Мариям қыздың ескерткіші маскараланып тұрды. Оған халықтың көпшілігі, тіпті патшаның өзі де ашулы болды. Католиктер осы болған оқиғаны пайдаланып: «Бұл Беркеннің ілімінің нәтижесі. Ол әлі дінді де, заңды да, тақты да төңкеріске ұшыратады” - деп жариялады. ҮШ 135.2
Осыдан кейін Беркен тағы да қамауға алынды. Монахтар корольдің Парижде жоғын пайдаланып, Беркенді соттап, оған өлім жазасын кесіп, ал Франциск I бұл іске араласып үлгермеу үшін, шығарылған жаза дереу түрде орындалсын деп бүйырды. Түсте Беркенді өлім жазасы орындалатын алаңға алып келді. Францияның атақты жанұяларының бірінен шыккан ержүрек азаматтың папаның жемітіне ұшырағанына қынжылған халық көп болды. Жұрттың ойы мың сакка жүгірді. Біреулері таң қалысты, біреулері оны балағаттап ұрсып жатты, біреулері келемеждей бастады, енді біреулері жек көрінішті сыңай танытып, оған жиіркенішпен қарады. Тек бір ғана адамның жүзінен уайымның ширегі де байқалмады, өйткені ол Алланың өзімен бірге екенін сезінді. ҮШ 135.3
Сол сәтте ол өзінің екі дөңгелекті арбамен келе жатқанын да, қансорғыштардың түнерген түрін де байқамады, тіпті өлім туралы ойламады да. Оның бар ойы көкке бағытталған болатын. Дозақ пен ажалдың кілті қолында тұрған Шексіз Алла адал қызметшісімен бірге болды. Аспанның нұры оның жүзінен көрініп тұрды. Беркен өзінін шығу тегіне сай күрең түсті атлас камзол, барқыт жабу және алтын түсті шалбар киіп шықты. Оның патшалардың Патшасының, бүкіл ғаламның Иесінің алдында езінің адалдығын дәлелдейтін уақыты жеткен болатын. Көңілі жайбырақат, жүзінен қуаныш нышаны байқалады. ҮШ 135.4
«Мынау өлім жазасын алған адамға ұқсамайды, керісінше, ғибадатханада қасиетті ой ойлап отырған жан секілді” - десті топта түрғандар. Отқа тастар алдында Беркен халыққа бір екі ауыз сөз айтқысы келіп еді, монахтар әдейілеп шу көтеріп, сарбаздар қаруларын сартылдатып түк естіртпей қойды. Осылайша 1529- жылы, мөдениетті қала деп есептелетін, Париждің жоғарғы діни билігі 1793жылғы француздардың қара тобырына осындай масқара үлгі қалдырды. ҮШ 135.5
Беркен кайтыс болды. Францияда реформацияны жөн көретіндердің барлығы болған оқиғаға қатты қайғырды. Бірақ оның өлімі зая кеткен жоқ. Беркеннің ерлігін бағалаған жандар коп болды. «Біз де шындық үшін ажалмен бетие-бет кездесуге дайынбыз» - деді акиқаттың қарлығаштары. ҮШ 136.1
Мо қаласында, қуғын-сүргін кезінде, реформация ілімінің оқытушыларына ақиқатты уағыздауға тыйым салынды, сол себепті олар басқа жақтарға кетуге мәжбүр болды. Лефевр Г ерманияға кетті. Фарель Францияның шығыс жағындағы өзінің туған қаласына оралды. Біраз уақыттан соң Мо қаласында болған оқиға жайлы сыбыс мұнда да жетті, осылайша ақиқат өзінің ізбасарларын тапты. ҮШ 136.2
Десе де билік басында тұрғандар Фарельге халыққа тәлім беруге тыйым салып, көп ұзатпай оны туған жерінен қуып жіберді. Киелі Кітапты ашық уағыздауға мүмкіндік болмағандықтан, оған жасырын түрде еңбектенуге тура келді. Ол ауылдан ауылға, үйден үйге жүріп отырып, Киелі Кітап бойынша халыққа білім берді. Кей кездері ол бас паналайтын жер таппағанда тоғайларда, үңгірлерде жатып жүрді. Осылайша Құдай оны үлкен сынаққа дайындады. «Айқыш, қуғынсүргін, әзәзілдің қырсық істері - осының барлығы күшімді жасытып жіберген секілді, дегенмен Құдай Иенің мені ешқашан қалдырмайтынына өз басым қатты сенемін” - деді ол. Фарель басына түскен қасіретті Алланың күшімен жеңе білді. Елшілердің кездеріндегідей қуғын-сүргін еңбек алаңында оларға бұрынғыдан да зор табыстар әкелді (Флп. 1:12). ҮШ 136.3
Парижден және Мо қаласынан куылып, босып кеткен реформаторлар Францияның түкпір - түкпірін аралап Құдай Сөзін сол жерлерге жеткізумен айналысты (Елш. 8:4). Осылайша ақиқат жер жерлерге тарай берді. ҮШ 136.4
Құдай Ізгі хабардың уағыздаушылары көп болуы үшін соған жағдай жасады. Париждің оқу орындарының бірінде дәріс алып жүрген жас жігіт езінің жан тазалығымен, дінге деген құштарлығымен, білімімен көзге түсті. Біраз уақыттан соң ол колледждің мақтанышына айналды. Білімі мен дарындылығына сай Жан Кальвин Рим шіркеуінің сыйлы қызметкерлерінің бірі болуға тиісті еді. Бірақ Құдайдың жоспары бойынша ақиқат схоластика мен ырымшылдықтың қалың қабырғасын жарып етіп жас жігіттің санасына енді. ҮШ 136.5
Кальвиннің ойынша реформаторлар өздерінің іс-әрекеттеріне сай тиісті жазаларын алып жаткандай болды. Оның реформацияны қош көретін бөле ағасы Парижде тұрды. Олар жиі кездесіп, барлық христиандарды қобалжытатын сұрақтар бойынша өңгімелесетін. Протестант Оливетанның ойынша дүниеде екі діни бағыт бар. Оның бірін адамдар өздері ойлап тапқан. Бұл адамдардың айтуынша ақталуды жақсы істеріңмен немесе неше түрлі ырым - жырымдарды орындау арқылы сатып алуға болады. Ал екінші бағытты ұстанатын адамдар Киелі Кітаптағы жазу бойынша емір сүруге тырысады. Бұл ілім бойынша ақталудың жолы біреу-ақ. Құдайдың берген сыйын қабылдау. Кальвинге бауырының әңгімесі ұнамайтын, себебі оның ұстанатын көзқарасы мүлдем басқаша еді. ҮШ 136.6
Уақыт өткен сайын жас жігіттің көкейіне неше түрлі ойлар келетін болды. Жалғыз қалған сәттерінде ол белесінің айтатын сөздерін жиі есіне алатын. Өйткені шіркеудің барлық дәстүрлерін мұқият орындағанымен, оның жаны ешбір тыным таппады. Құдаймен келісудің, Онымен бірігудің жолы қайда? - деген сұрақтар оның жанын жай таптырмады. Осылайша жанталасып жүрген күндердің бірінде Кальвин бір еретикті* өртеп жаткан алаңға тап болды. Бейшараның бет жүзіне көңіл аударған студент, оның өжеттілігіне, иманының беріктігіне қайран қалды. ҮШ 137.1
Реформаторлардың Киелі Кітапты зерттеп, оны уағыздайтынын жақсы білетінін Кальвин Құдай Сөзін қолға алды. Осы кітап арқылы ол Мәсіх Исамен, Оның адамзат үшін жасаған ерлігімен танысты. «О, Құдайым! Иса сенің гаһарыңның бетін қайтарды, Оның қаны менің жамандығымды шайып тастады, менің кінәмді айқышқа шегелеп, өзімді ақтап, ажалдан арашалап қалды. Біз езіміздің ақымактығымыздың тұңғиығына түсіп, тұншығып жатқан екенбіз, ал Сен менің қолыма сөнбес шырақты ұстаттың» - деп тағзым етті Тәңірге. Жаратқанның сөзін қолына шырақ етіп ұстаған жалынды жас, енді өзінің бұрынғы өміріне жиіркенішпен қарады. ҮШ 137.2
Кальвин діни дәреже алуға дайындалып жатты. Он екі жаска толған кезінде ол католик шіркеуіне кіші-гірім қызметші ретінде алынды, әдейілеп сайланып, дін қызметкерінің міндетін атқармағанымен, өзіне тиесілі жалакысьт болды. Дін қызметкері бола алмайтынын сезген ол, құқык, зерттеумен айналысты. Бірақ көп ұзамай бұл кәсібін де тастады, сөйтіп өмірін Ізгі хабарға арнамақ болды. Десе де Ізгі хабарды уағыздаудан қорықты. Ол өте ұялшақ болатын және де айтулы істің жауапты екенін де жақсы сезінді. Ақыры достарының табандылығының нәтижесінде Құдай Сөзінің уағыздаушысы болуға келісті. «Таң қаламын, қалайша шығу тегі төмен адам, сонша жоғары абыройға ие болады» - дейді ол. ҮШ 137.3
Кальвин ө3 ісін байыппен бастады, оның айтқан сөздері жерге түскен, сергітетін шықпен бірдей болды. Құдай жолында қызмет етуге белін буған Кальвин, Парижден кетіп, кіші-гірім қалалардың бірінде орналасты және Ізгі хабарды жақсы көретін Маргарита ханшайымының камкорында болды. Кальвиннің мінезі өте жұмсақ болатын. Бас кезінде ол үйден үйге жүріп, Киелі Кітапты оқып, жан ұяларға хәлім берді. Кейін ол қала маңындағы ауылдарға да шығатын болды. Осылайша Кальвин зәулім сарайларда, ұсқынсыз лашықтарда адамдарға рухани нәр таратып, халық ағарту ісімен айналысты. Жүрген жерлерінің бәрінде ол Құдайға қызмет ететін жаңа шіркеулердің қазығын қағып отырды. ҮШ 137.4
Бірнеше ай өткеннен кейін Кальвин Парижге қайтып оралды. Бұл, ежелгі тілдерді зерттеумен айналысып жатқан ғалымдардың, Киелі Кітапқа келіп тіреліп, онда жазылған Құдай Сөзімен танысып, папалықтармен пікірталас құрып жатқан кездері болатын. Халықтың көкірегі ашылып жатқан сәт Ізгі хабарды уағыздауға ыңғайлы уақыт болды. Университет залдарында қызу пікірталас жүріп жатқан мезгілде, Кальвин үйден үйге жүріп ақиқатты уағыздаумен айналысты. Өйткені Жаратқанның жоспары бойынша Парижде тағы да Ізгі хабар жариялануға тиісті еді. ҮШ 138.1
Лефевр мен Фарельдің шақыруын қабылдамаған адамдарға Құдай тағы да бір мүмкіндік берді. Айтулы кезең, саясат бойынша, король әлі де болса реформацияға қарсы шықпаған мезгіл болатын. Маргарита ханшайымы болса протестанттар жеңіске жетеді деп үміттенді. Реформацияға жәрдем беремін деген ниетпен ол корольдің жоғын пайдаланып, Құдай үйлерінде Киелі Кітапты уағыздауға рұқсат берді. Папаның сановниктері оған тыйым салған кезде, ханшайым халықты ез сарайына жинауға мүмкіндік туғызды. Күн сайын адамдар сол жерге топ тобымен жиналатын болды. Олардың іштерінде мемлекет қызметкерлері, заңгерлер, саудагерлер, шеберлер, ұсталар бар болатын. Король болса бұған тыйым салғанның орнына, керісінше оларға тағыда екі жерден шіркеу ашып берді. Еш уақытта халық Құдай Сөзіне мұндай құштарлык танытып көрген емес еді. Маскүнемдік, бұзылғандық, өшпенділік, жалқаулық күрт тоқталып, тазалық пен тәртіп орнады. ҮШ 138.2
Бірақ діндарлар да дем алып жатқан жоқ болатын. Патша шіркеулердің жабылуына келісім бермеген соң, папалыктар тоқшар тобырлардың көмегін пайдаланып надан халықты фанатизм және ырым - жырымдармен қорқытып тоқтатты. Жалған оқытушыларға бағынған Париж ежелдегі Иерусалим секілді өздеріне келіп, тыныштык сыйлап тұрған Құдайдың рақымын сезбей қалды. Парижде Құдай сөзі екі жыл бойы уағыздалды, халықтың көпшілігі Ізгі хабарды қабылдағанымен, Оны қабылдамағандардың саны одан да кеп болды. Көздеген мақсатына сай Франциск I діни шыдамдылык танытқан болды, осылайша папалықтар билікті қайра қолдарына алып, дегендерін жасай бастады. Қайра шіркеулер жабылды жәнс эшафотгар* құрылды. ҮШ 138.3
Осы күндері Кальвин әлі Парижде болатын. Ол әдетінше дұғасын оқып, халыққа тәлім берумен айналысып жүрген еді. Ақыры ол көзге түсігі, қала әкімшілігі оны өртеп жібермекші болып шешім қабылдады. ҮШ 139.1
Бір күні қаннен қаперсіз отырған Кальвиннің үйіне достары кіріп келіп, оған әне-міне қамалатыны жайлы хабарды жеткізді. Олар сөзін аяқтамай жатып есік қағылды. Достарының бірі офицерлерге есік ашуға кеткенде, қалғапдары оны терезеден сыртқа шығарып жіберді. Ол қала шетінде тұратын, реформацияны қолдайтын бір кәсіпкердің үйіне тығылып, үстіне оның киімін киіп, қолына соның кетпенін алып жолға аттанды. Кальвин үнемі оңтүстік бағытта жүріп отырып, ақыры Маргарита ханшайымының иелігіне келіп тоқтайды. ҮШ 139.2
Осы жерде ол бірнеше ай бойы жасырынып жатып, Құдай сөзін зерттеумен айналысады. Уақытын пайдасыз өткізіп кермеген Кальвин, айғай - шу саябырласымен университеті жаңа ілімді қошеметпен қарсы алған Пуатье деген қалаға келді. Жаңа жерде ол көпшіліктің алдына шықпады. Құдай сөзін тыңдағысы келген адамдарды Кальвин қала әкімінің үйінде, өзінің тұрып жатқан баспанасында, бақ ішінде жинады. Соңынан адам саны көбейген кезде көзге түсіп қалмау үшін, ол халықты қала сыртында жинау дұрыс деп ұйғарды. Бұл қауым ағаштармен тасаланып тұрған бір үңгірді тауып алып, сол жерде жиналып, уағыз тыңдайтын болды. Айтулы жерге жұрт іздерін жасыру мақсатында азғантай топтарға белініп, әр түрлі жолдармен келетін болған. Осы үңгірдің ішінде олар Киелі Кітапты оқып, оны зерттеп, қажетті түсініктемелер алып, рухани білімдерін толықтырды. Осы жерде Францияның протестанттары алғашқы рет Құдай Кешін еткізді. Және осы азғантай ғана қауымның ішінен кейін Құдай жолында адал қызмет еткен жалынды азаматтар шыққан. ҮШ 139.3
Кальвин тағы да Парижге қайтып оралды. Себебі ол барлық Франция реформация ілімін қабыл алады деп үміттенген болатын. Дегенмен біраз уақыттан соң ол бұл ойынан бас тартты, өйткені Францияда ізгі хабарды уағыздау мүлдем мүмкін емес болып шықты. Ақыры ол Германияға кетуді жөн деп ұйғарды. Шынымен де Кальвин кетсімен протестанттар масқара оқиғаға душар болды. Кетіп үлгермегенде Кальвин де сол топалаңның ішінде кете баратын еді. Францияның реформаторлары Германия мен Швейцариядан калыспай Римге ойсырата сокқы береміз деп, барлық ұлтты тігінен тік тұрғызды. Бір-ақ күннің ішінде барлық Франция бойынша католиктердің мессалары* әшкереленген ұрандар ілініп, халық арасында дүрбелең басталды. Бұл ойланбай жасалған қадам оны ұйымдастырушыларға ғана емес, барлық реформаторларға да үлкен қырсығын тигізді. Папалықтардың кұтіп отырғандары да осы болатын. Есерсоқтардың көздерін бір жола жоюға бұл таптырмайтын сылтау болып шықты. Кім екені белгісіз, реформацияның достарының жасаған қателігі болса да немесе оның дүшпандарының әдейілеп істеген ісі болса да, біреу осындай ұрандардың бірін патшаның бөлмесінің есігіне іліп кеткен. Монархтың бетіне айтылған соншалықты дөрекі сөздер оның әбден қанын қайнатты. Жүздеген жылдар бойы олардың сеніп, қастерлеп тұрған дәстүрлерінің осыншама әшкереленгені патшаны катты назаландырды. Оның ашуға булыққаны сонша, ол өзін өзі ұстай алмай қалшылдап кетті. Енді патша Римнің жағына бір жола шығып: «Лютерандардың бірде бірін қалдырмай қырыңдар» - деп бұйрық берді. ҮШ 139.4
Папалықтар болса бұл бұйрықты орындауға бірден кірісіп кетті. Прелаттар барлық реформаторлардың және олардың достарының тұратын жерлерін білетін, оларды құпия жиындарға шақырып жүрстін бір кәсіпкерді ұстап алып, одан протестанттардың үйлерін көрсетуін талап етті. Әуелде ол мұндай пасық істен бас тартқанымен, кейіннен өлім жазасынан қорқып, бауырларына сатқындық жасауға мәжбүр болды. Өзінің арын аттап кеткен байғұс адам, патша полициясының үгіттеушісі Морин, монахтар мен дін әкелері және сарбаздардан құралған шеру қала көшелерімен ақырын жылжып келе жатты. Бұл, протестанттар масқаралаған мессаны ақтау мақсатында, «киелілердің құпиясы” үшін құрылған шеру - деп аталғанымен, олардың шын мәніндегі мақсаттары мүлдем басқаша болатын. Лютерандардың үйлеріне тақаған кезде әлгі сатқын қолымен белгі беріп, сарбаздар сол үйлерге кіріп, іздеген адамдарын алып шығып отырған. Осылайша айтулы қанішерлер бір үйді жай жібермей, жаман лашықтарға, университет ғимараттарына дейін талқандап, протестанттардың бірде біреуін қалдырмай қамауға алған және ұсталғандардың барлығын азаптап елтірген. Сонымен қоса олар өртеніп жатқан адамдардың жанкешті азабын соза түсу үшін отты шамалап қана жағып отырған. Париждың барлық кварталдарында эшафоттар құрылып, күн сайын отқа жаңа кұрбандар тасталып жатты. Мұның барлығы халықты қорқытып, бас көтертпеудің амалы болатын. Десе де құрбан болған жандардың мінез-қүлықтары Ізгі хабарды үнсіз насихаттап тұрғандай болды, жалын олардың мінбелеріне айналды. Бұл адамдардың өжеттіктері, момындықтары, мейірімге толы көздері кейбір жауларының да тас болып қалған жүректерін жібітті. Осылайша Ізгі хабар халықтың көкейінде өз таңбасын қалдырды. ҮШ 140.1
Болған оқиғаның ізі суымай жатып, дін әкелері халықты одан сайын протестанттарға қарсы назаландыра түсу үшін, олар жайлы неше түрлі өсек сөздер тарата бастады. Бірақ папалықтар лютерандарға таққан кінәларының бірде бірін ешкімге мәнді түрде дәлелдеп бере алмады. Сол кездері сөз болған қылмыстардың барлығы шынымен де жасалып жатқан еді, бірақ оларды жасағандар протестанттар емес, керісінше папалықтардың өздері болатын. Протестанттардың уағыздаған ілімі емес, керісінше сол ілімді табанды түрде жою, сол заманнан 300 жыл өткеннен кейін Францияның басына қайғылы оқиғалар туғызды. ҮШ 140.2
Халық арасында бір бірлеріне сенбеушілік, алауыздық, үнемі қауіптеніп тұру пайда болды. Тек Лютердің ілімін қабылдағандар ғана білімдерімен, сабырлықтарымен, тәртіптіліктерімен кезге түсіп, басқалардан өзгеше көрінді. Сол қантөгіс оқиғадан кейін каладағы барлық жауапты орындар босап қалды. Кәсіпкерлер, баспашылар, ғалымдар, университет профессорлары, жазушылар, әйгілі суретшілер, тіпті патша сарайының қызметкерлерінің өздері қаланы тастап босып кетті. Бұл қылықтарымен олар барлықтарына өздерінің реформаторлардың ілімдерін қолдайтындарын көрсетті. Папалықтар мұндай жағдайды мүлдем күтпеген болатын, олар жаңа ілімнің ізбасарларының соншалықты көбейіп кеткенін сезбей де қалған екен. Ызаға булыққан католиктер протестанттардан өш алуларын токтатқан жоқ. Түрмелер лық толды. Ізгі хабардың куәгерлері жанып жатқан алаулардың түтіні ауамен араласып кетті. ҮШ 141.1
Франциск I езін ғылым жаңарту қозғалысының басшысы санап, монахтардың ырымшылдықтары мен надандықтарын жек көргендіктен және өзінің білімге деген құштарлығын көрсегу үшін баска жерлерден маңайына ғалымдарды жинап, сол себепті де реформация іліміне шыдамдылық танытқан болатын. Енді ол жаңа ілімді жою мақсатымен барлық Франция бойынша баспасөз мекемелерінің жұмысын тоқтатуға бұйрық берді. Парасатты мәдениет пен діни шыдамсыздық үйлесімін хабатын үлгілер тарихта жиі кездесіп тұрады жөне Франциск I бұл арада ешкімнен де өзгеше болып қалған жоқ. ҮШ 141.2
Франция протестантизмді жойғысы келетін пиғылын өш алу арқылы бекітуі керек болды. Дін әкелері месса ажуаланып, аспан масқараланғаны үшін қан төгілуі керек деп және бұл қорқынышты істі жүзеге асыруға патшаның келісім беруін талап етті. ҮШ 141.3
Бұл қатыгез рәсім 1535-ші жылы 21-ші қаңтарда болып өтті. Сол уақытқа дейін папалықтар барлық ұлтқа протестанттарды жек көрінішті қылуға тырысты. Париждің көшелері халыққа лық толды. Барлык жерлерге қайғылы қара маталар ілінді және католиктердің табынатын пұттары қойылды. Есіктердің алдарына «киелі құпияларға» арналған шырағдандар орнатылды. Рәсімге қатысушылар таң атпай патша сарайының алдына жиналды. Бірінші катарда хоругвилер* мен әр түрлі шіркеулердің пұттары алынып жүрілді, олардың соңдарынан екі екіден can құрып, қолдарына алаулар ұстаған қала халқы еріп жүрді, сонан соң төрт орденнің монахтары, олардан кейін киелілердің қаңқаларымен can түзеген қатарлар, олардың соңдарынан әр түрлі тастармен әшекейленген алқызыл киімдер киген көкіректері көкті тіреп тұрған кардиналдар, сонаң соң Париждың епископы бастаған әскер, ең соңында жұпыны киінген патша жүріп келе жатты. Осы күні ол патшаға емес, қылмысын мойындаған күнәкар байғұсқа көбірек ұқсас болды. Патша әрбір пұттың алдына келіп жығылып, оған бас ұрып, кешірім өтініп отырды. Бірақ ол өз бойын кернеп тұрған кесір үшін емес, колын қанға бояп кінәсіздердің қанын теккені үшін де емес, месса масқараланып қалды деп, қарамағындағылардың «ауыр күнәсі» үшін жалбарынды. Патшаның соңынан екі екіден қатар түзеп, қолдарына алау ұстаған мемлекеттік сановниктер* мен патшайым жүріп отырды. ҮШ 141.4
Сол күні епископтардың зәулім сарайының үлкен залында патша империяның ығай мен сығайларының алдарына шығып сөз сөйледі. Ол барлық ұлтты дүр сілкіндірген бұл масқараға қатты өкінетіні жайлы айтты және жабырқау жүзбен алдындағыларға қарап: «Мен сендердің патшаларың екенім қандай айғақ болса, бұл індет аяғыма немесе қолыма жұқса оны кескізіп тастайтыным соншалықты айғақ. Егерде менің балаларымның бірі бұл кесірлі ілімді қабылдаса, мен оны аямастан өлім жазасына ұсынар едім»деді. Осы сөздерді айтып тұрған кезінде патшаның көзінен жас парлап ағып тұрды, ал тыңдаушылары: «Біз католиктердің діні үшін жанымызды құрбан етуге дайынбыз»деп бір дауыспен жариялады. ҮШ 142.1
Осылайша Франция өзіне шашырап тұрған жарық нұрын қабылдамай, түнекке оранып қалды. Ол Құдайдың беріп тұрғаи сыйынан бас тартты. Зұлымдықты рақымшылық деп, рақымшылықты зұлымдық деп, өзі өзінің меншікті өтірігінің қүрбаны болды. Мемлекетті алауыздық пен қантөгістен құтқарып қалатын таза ілімді қабылдамай, адасқан үстіне адаса түсті. Мүмкін ол Құдайдың халқын кыспаққа алып жатқанын түсінбей, шынымен де тірі Құдайға қызмет етіп жатырмын деп ойлаған болар. Десе де ол бәрі бір кінәсіз болып саналмайды. ҮШ 142.2
«Есерсоқтардың» ілімін жоюға арналған салтанатты түрде серт беру католиктердің мінбелі соборында өтті, ал сол оқиғадан кейін 300 жыл өткеннен соң Тірі Құдайды мүлдем ұмытқан бұл собор «ақыл кұдайының” басына өз тәжін тақты. ҮШ 142.3
Осыдан кейін шеру әрі қарай жалғасты. Францияның бетке ұстарымыз дейтіндер өз істеріне кірісіп кетті. Аралары бірдей арақашықтықта протестанттарды өртеуге дайындаған бағаналар орнатылды. Бұл бағаналарға байланған жандарды қарсыластары бірден өртемеді, оларға шеру тақаған кезде ғана бір бірден от қойылып отырылды, себебі шеру олардың қиналып жатқандары мен жанкешті азаптарын көруі керек болды. Бұл бейшаралардың өмір мен өлімнің ортасында тұрып, жанталасып азапқа түсіп жаткандарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Сонымен қоса олардың соншалыкты ауыр жазаны жүрексінбей қабыл алғандарына да күмән келтіруге болмайды. Шеру осылайша жүріп отырып патша сарайының алдына келіп тоқтады. Сонан соң халық өз беттеріне тарады, ал патша мен прелаттар бір бірлерімен өздерінің қыруар іс бітіргендеріне риза болып қоштасты. ҮШ 142.4
Франция Ізгі хабардан бас тартты, бірақ оның соңы жақсылыққа апарған жоқ. Айтулы оқиғадан 258 жыл өткен соң 1793-ші жылы 21-ші қаңтарда Париждің көшелерімен басқа шеру жүріп етті. Бұл шерудің де басты мүшесі патша болды. Тағы да Париждің көшелерінде шу кетеріліп, тағы да эшафоттар құрылып, тағы да айқайлаған қара тобыр өзінің жемтігін талап жатты. Осылайша күн дәл солай қантөгіспен аяқталды. Бұл алаңға өзінің қансорғыштарына қарсы жанталасып қарсыласып жатқан Людовик XVI әкелініп, оның басы шабылып тасталды жене онымен қоса сол күні 2800 адам қаза болды. ҮШ 143.1
Реформация Киелі Кітап арқылы адамзатқа Тірі Құдайдың заңын ұсынды, адамның арына әсер ету арқылы оны түзу жолға салғысы келді. Киелі Жазбада: «Сонымен, бұл занды сақтаңдар және оны орындаңдар, сонда сендерді көрген тыңдаған басқа халық: «бұлар Құдайдың ұлы халқы, ейткені олар ақылды және дана» - дейтін болады» делінген. (Заң 4: 6). ҮШ 143.2
Кектен келген сыйды қабылдамаған Франция, өзінің еккен егінінің жемісі - революция мен зорлықты басынан кешті. ҮШ 143.3
Mecca әшкереленген ақпараттардың нәтижесінде басталған қуғын-сүргіннен бірнеше уақыт бұрын Швейцарияға қашып тығылуға мәжбүр болған Фарель бұл жерде Цвинглиге көп көмегін тигізді. Ол өмірінің соңына дейін Швейцарияда тұрды, бірақ Франциядағы реформацияға белсенді түрде көмек жасады. Әсіресе өз отандастарына Ізгі хабарды тарату жолында біраз еңбектенді. Шекарадан алыс емес мекендерде тұратын жерлестеріне рухани білім берді. Үнемі шайқасумен жүрген олардың өмірлерін бақылап отырып, керек кезінде көмегін аяған жоқ. Басқа да қуғын-сүргінге ұшырап жүрген азаматтар арқылы неміс реформаторларының кітаптары француз тіліне аударылып, сонымен қоса фран- цуз тілінде Киелі Кітап та үлкен тиражбен басылып шығыгі, кітап тасушылар арқылы барлық Францияға таратылды. ҮШ 143.4
Швейцарияда Фарель мектеп оқытушысы болып жүмыс істеді. Кішкене шіркеуде жеке қалған ол осы жердегі балаларға рухани тәрбие берумен айналысты. Балалары арқылы ата аналарында қызықтырамын деген ниетпен Фарель басқа сабақтармен коса Киелі Кітапты уағыздай бастады. Осылайша кейбіреулерін ол Қүдай жолына түсіріп те үлгерді. Бірақ оныц жасырын ісін байқап қалған шіркеу қызметкерлері реформаторға қарсы надан халықты айдап салды. Қуғындалған кезде бір қаладан екінші қалаға қашатын алғашқы шәкірттердің үлгісі бойынша Фарель басқа қалаға қашып кетті. Арып ашыққан, әрі тоңған Фарель қауіп қатерге басын тіге отырып қаладан қалаға, елден елге жүріп кездескен жандардың бәріне Құдай сөзін уағыздаумен болды. Ол сауда саттык орындарында, кішкене шіркеулерде, кей кездері үлкен шіркеулерде сөз сөйледі. Кірген шіркеулерінің қайсыбірі бос тұрса, енді бірінде оны келеке мазақ етіп, ал басқа уақыттарда мінбеден сүйреп шығарып, қуған кездері де болды. Қалайда жаулары текке қарап отырмады, қараңғы надан тобырды оған қарсы жұмсап, оны неше рет соққыға жықты. Дегенмен Құдай сөзін қошеметтеп қарсы алатын жерлер де көптеп кездесті. Ол еңбек жолын бастаған кезіндегі Құдай сөзін уағыздаған кішкене шіркеу реформация ілімін қарсы алды. Морат, Невшателъ секілді қалалар католикгердің салт-дәстүрлерінен бас тартып, неше түрлі бейнелер мен пұттарды шығарып тастады. ҮШ 144.1
Фарель реформация туын Женевада орнатқысы келді. Бұл ой оны көп толғандырды. Егер Женеваны протестанттық қалаға айналдырса, ол Франция, Швейцария және Италияның рухани орталығына айналар еді деп армандады Фарель. Осы ойлаған ойын іске асыру үшін бұл жалынды реформатор көп еңбектенді. Ол әуелі Женеваның маңайындағы қалалар мен ауылдарға реформация ілімін таратты. Сонан кейін ғана ол жалғыз досын ерітіп, Женеваға келді. Бірақ бұл арада оның екі-ақ рет халық алдына шығып сөз сөйлеуге мүмкіндігі болды. Фарельді жазалауға үкімет тарапынан ешқандай көмек ала алмаған дін әкелері оны шіркеудің кеңесіне салды және бұл кеңеске олар жай келген жоқ, жабуларының астына қаруларын жасырып келді. Себебі олар осы жерде реформаторды өлтірмекші болды. Ал шіркеудің сыртында оны найзамен, сойылмен қаруланып алған тобыр күтіп тұрған болатын. Кеңестен сытылып кетем десе ол әлбетте сол тобырдың қолына түскен болар еді. Іске қала басшылары мен қаруланған сарбаздар араласпағанда, олардың Фарельді өлтіріп тастайтыны анық болды. Келесі күні Фарель достарымен қауіпсіз жерге жеткізілді. Осылайша оның Женевадағы алғашқы тәжірибесі сөтсіз аяқталды. Келесі сынаққа реформатор байқаусыз қаруды пайдалануды ойлады, сөйтіп өзінің орнына Женеваға қарапайым, тұрпатсыз жас жігітті жіберді. Түрінің ұскынсыздығы сонша, оны жаулары түгіл реформацияның достарының өздері де суык қарсы алды. Мықты да ержүрек азаматтар түк бітіре алмаған жерде, бұл момын да қарапайым жас жігіт не бітірмекші? Фарельдің әлі келмеген іске ол қалай кіріспекші? «Қарумен де, күшпен де жеңіліске ұшырайтын жерлеріңде Менің Рухыммен жеңіске жетесіңдер»дейді Калимат Алла. (Зөк.4:6). Адамдар «ақымақтық» деп санайтын Құдайдың құтқару жолы адам даналығынан әлдеқайда жоғары және Құдайдың «әлсіздігі» (Мөсіхтың айқышта жанын қиюы) адамның қуатынан өлдеқайда күшті. Бірақ Құдай бұл дүниеде кімдер «ақымақ” деп саналса, «данышпан - ақылгөй” дегендерді ұялту үшін және осы дүние «күшсіз” деп тапқандарды «күштілерді” ұялту үшін Өзіне таңдады (ІҚор.1:27,25). ҮШ 144.2
Фромент өз жұмысын мектеп мұғалімі ретінде бастады. Балалар мектепте алған білімдерін үйлерінде қайталап отырды. Біраз уақыттан соң балаларымен бірге олардың ата-аналары да келе бастады. Осылайша тәрбиелі оқушылар саны көбейді. Ал мектепке келуге батылы жетпеген ата-аналарға Кислі Кітапты үйлерінде оқып зерттеу үсынылды. Десе де біраз уақыттан кейін Фроментке де ол жерден кетуге тура келді. Бірақ реформаторлардың еккен дәндері көп ұзамай өз жемісін берді. Ол жерден Ізгі хабарды уағыздаушы хабаршылар кеткендерімен, олардың еңбектері жанды. Осылайша Женевада протестанттық ілім бекіді. ҮШ 145.1
Кальвин туған жерінен Базельге қайтып келе жатқан кезінде, жолды Карл V әскерлері жауып тастағандықтан, оған Женева арқылы жүруге тура келді. Кальвин Женеваға келгенде бұл қала реформация ілімін ашық түрде мойындап үлгерген болатын. Кальвинның мұнда келгенін Фарель құп көрді. Өйткені Женева реформация ілімін қабылдағанымен, бұл жерде әлі де болса жасайтын жұмыс жеткілікті еді. Женева Римнің билігінен бас тартса да, қандарына сіңіп қалған әдеттерінен құтылу оңай болмады. Халық Киелі Кітап бойынша өмір сүру үшін реформаторлардың әліде болса еңбектене түсуі қажет болды. Ал Кальвин болса мүндай жұмысты жүргізуге таптырмайтын адамдардың бірі болатын. Бұл ұсыныс Кальвинды қорқытып жіберді, сабырлы да момын реформатор мінездері тәуелсіз жөне ашушаң Женеваның тұрғындарынан аулақ жүруді жен санады. Ол бір оңаша жер тауып орналасып, кітап жазып реформацияға өз қаламымен жәрдем бергісі келген. Десе де Фарель оның осы арада қалуын табанды түрде өтінді. Фарельдің дауысы оған Алла Тағаланың дауысындай көрінді және бір мезетте аялдамай қашқысы келіп тұрған оны Жаратушы Өзі жібермей ұстап қалғандай болды. Сол себепті Кальвин айтулы жерде қалып еңбектенуге келісті. ҮШ 145.2
Сол кездері протестанттардың бастарына қауіп төніп тұрған болатын. Папаның шығарған анафемалары* Женеваға қысым келтіріп, күшті деген мемлекеттер оны жойып жіберуге дайын тұрды. Билігіне патшалар мен императорлар бағынатын мықты иерархияға кішкене қала қалай қарсы шықпақ? Ұлы басқыншылардың армиясының қыспағына қалай шыдамақ? ҮШ 146.1
Протестантизмнің жаулары жан жақтан қаптай түсті. Реформация үшін алғашқы жеңістердің уақыты аяқталды. Рим күшін қайра жинап, оны бір жола құртпақшы болды. Сол кезде ең қатыгез иезуиттердің ордені пайда болды. Олар жақсылық жасаудың не екенін білмейтін , өздерінің ордендеріне қызмет етуден басқа ешкімнің билігін мойындамайтын, оның әсерін кеңейте түсуге тырысатын, ұяттан жұрдай жауыздар болатын. Алдау, арбау, өтірік айту, өлтіруден тайынбайтын олар, кез келген тәсілдерді пайдаланып қалталарын толтыруға тырысты. Осының барлығын олар протестантизмді жойып, папаның билігін қалпына келтіру үшін жасаған болатын. Орденнің мүшелері тазалық пен пәктіктің бетпердесін жамылып алып, түрмелер мен емханаларды аралап, кәрілер мен кәріптерге көмектескен болып, өздерінің зұлымдық істерін істеп отырды, өйгкені олардың шын мәніндегі пиғылдары арам болатын. Көздеген мақсаттарына жету үшін бас тартатын киыншылықтары, айтпайтын өтіріктері, жасамаған айлалары, істемеген қылмыстары қалмады. Егер Ізгі хабар Мәсіхтың ізбасарларын ақиқат үшін аштыққа, суыкка, тапшылыққа, жоқшылыққа, түнекке, азап пен алауға шыдап, басын жоғары ұстайтын қылып тәрбиелесе, иезуиттер мұндай қиындыққа қарсы түра алатын күшке фанатизмді пара-пар етті. Қайыршылық пен бағынушылыққа уәде берген олар, барынша байлық пен билікке ұмтылды, протестантизмнің тамырына балта шауып, папаның билігінің дәрежесін көтеру үшін неше түрлі айла тәсілдерді пайдаланды. Орденнің негізгі ұстанымы - мақсатың қаражатыңды ақтайды деп аталады. Осылайша шіркеудің көңілінен шықса болғаны, өтірік те, озбырлық та, қаныпезерлік те, кісі өлтіру де ақталып қана қоймай, онымен қолдау табатын болды. ҮШ 146.2
Иезуиттер қулықтарын пайдаланып, мемлекеттік қызметтерге орналасып, патша кеңесшілерінің орындарына тұрып алып, көптеген мемлекеттердің саясатына қысым жасады. Қарапайым қызметшілер ретінде жұмыска тұрып қожайындарын аңдып, олардың аттаған адымдарын бақылап отырды. Колледждер мен мектеп- тер ашып қарапайым жанұялар мен протестанттардың жанүяларының балаларын өздеріне тартып, папаның салт-дәстүрлерін орындауға бейімдеді. Акыры бостандық үшін өжеттілікпен шайқасып, қандарын төккен адамдардың балаларын сатқындарға айналдырды. Олардың бар қызметі, көздеген мақсаттары адам баласының ойын жаулап алып өздеріне бағындырып ұстау еді. Бұл орденнің билігін бекіте түсу үшін папалық арнайы декреттің көмегімен инквизиция жандандырылды. Көпшіліктің қарсы болғанына қарамастан бұл сұмдық трибунал папаның көсемдерінің тырысуымен тіпті католиктік мемлекеттердің өздерінде қайра пайда болды. Құпия түрмелерде көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі хайуандық жазалар жасалатын болған. Көптеген мемлекеттерде мыңдаған адал зиялы азаматтар, ұлттың бояуы болып саналатын: дарындар, ғалымдар, әйгілі суретшілер, өнерлі кәсіпкерлер, отанын сүйетін еңбекқор жандар қырылды. Осылайша Рим Реформация жарығын сөндіріп, халықтан Құдай сөзін тартып алып, оларды қараңғы түк білмейтін тоқшар жандарға айналдырып қойғысы келген. ҮШ 146.3
Бірақ Құдайдың әмірі бойынша Лютердің орнына келген дарынды азаматтар протестантизмнің жойылып кетпеуіне көп еңбектерін сіңірді. Ең кішкентай мемлекеттер мен ең әлсіз ұлттар протестантизмнің бекінісіне айналды. Мысал үшін, мықты жаулары қоршап тұрған кішкене ғана Швейцария, сол кездегі ең бай және ірі мемлекет Испанияның катыгездігіне қарсы күрес жүргізген Солтүстік теңіздің кұмды жағалауында орналасқан Голландия жөне кедей Швецияда реформация ұлы істер атқарды. ҮШ 147.1
Кальвин Женевада 30 жылдай қызмег етті. Ол реформацияны барлық Еуропаға тарату жолында еңбектенді. Әрине оның басынан неше түрлі қателіктер де өтті. Дегенмен ақиқатты жалынды түрде тарату арқылы ол көптеген азаматтарды тазалыққа, пәктікке бейімдеді. Реформация ілімін барлық жерлерге таратумен айналысқан Женева рухани төрбие беретін окулықтар шығарып, жер жерлерге мүғалімдер жіберіп отырған. Осылайша бұл кала барлық батыс Еуропа бойынша қашқындардын мекеніне айналған. Жанұяларынан, отандарынан айрылып арып ашығандар, азап шеккендер осы жерден өздеріне пана тапқан. Ал бұл жандар өздерінің екінші отаны болған қалаға іскерліктерін, білімдерін, тазалықтарын бере отыра оның игілігіне айналды. Олардың көпшілігі денсаулықтарын қалпына келтіргеннен кейін, Римнің қатыгездігіне қарсы күрестерін жалғастыру үшін елдеріне қайтып оралған. Ержүрек шотландтық реформатор Джон Нокс, ағылшындық пуритандар, голландиялық және испандық протестанттар, француздық гугеноттар Женевадан ақиқаттың алауын қолдарына алып, туған жерлеріндегі түнекті сейілту үшін елдеріне тараған. ҮШ 147.2