Нидерландта папаның жауыздығы ерте кездің өзінде-ақ бұл жүйеге адамдарды қарсыластырмай қойған жоқ. Лютерден 700 жыл бұрын Римде болып қайтқан екі епископ «киелі тақта” отырғанның шынайы мінезін өз көздерімен көріп, қатты қорыққан еді. Олар Римнің діни ережелерімен келіспегендері былай тұрсын, оған қарсы шығып өз ойларын папаның бетіне еш бүкпесіз айтып кеткен болатын. «Құдай Өзіне қызмег ететін халқы үшін шіркеуді құрды, оған батасын берді, игілігін сыйлады. Басына тәжін кигізіп, қолына таяғын үстатты, ал сен болсаң бұл сыйды тартып алып отырған ұрысың. Құдай үйінің төріне шығып алғансың, үйірін қорғайтын бақташы болғанның орнына, қойға шабатын қасқыр екенсің. Жоғарғы епископпын деп, соған бізді сендіргің келеді, ал шын мәнінде сен нағыз жауызсың. Өзінді жұртқа діни ұстаз ретінде көрсетесің, бірақ сен барып тұрған баскесерсің. Сен, өзіңді өзің атайтындай, қызметшінің кызметшісі болуың керек, дегенмен сен қожайындардың қожайыны болып отырсың. Сен Құдайдың берген заңын жек көресің. Киелі Рух жер бетіндегі шіркеулерді құрады... Біздер түратын қаланың төбесі көкке жетіп тұр, ол пайғамбарлар Бабыл деп атаған қаладан биік, дегенмен Бабыл өзін киелі санайды, даналығына мактанады және түк негізсіз ешқашан қателескен емеспін және қателеспеймін де деп ойлайды”. ҮШ 148.1
Бүл рухани тұрғыдагы қарсьшастық ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Әр түрлі атпен жүріп жұмыс жасаған сол алғашқы ұстаздар, вальдендік миссионерлер секілді көп мемлекеттерді аралап, акиқатты уағыздай отырып Нидерландқа жетті. Олардың ілімі тез тарады. Бұл оқытушылар Киелі Кітапты вальдендіктердің тілінен голландиялықтардың тіліне аударды және «оның келтіретін пайдасы зор деп есептеді, себебі Киелі Кітапта жеңілтек болып көрінетіндей мысал, қалжың, мазақ, қулык, деген жоқ, тек кана ақиқат жазылған, әрине түсінуге қиын соғатын жерлері бар болғанымен, күллі жақсылық пен тазалықтьщ мәні мен шырыны кімнің болса да түсінуіне қиын соқпайды. XII ғасырдағы ежелгі сенімнің достары солай жазған. ҮШ 148.2
Қуғындалу басталды, бірақ азапқа да, алауға да қарамастан Құдайға сенетіндердің саны көбейе түсті. Олар дінге қатысты сұрақтар туындағанда дұрыс бағыт беретін жалғыз ғана сенімді құрал Киелі Жазба деп батылдықпен атады. Сондай-ақ ешкімді де мәжбүрлеу арқылы иманға келтіре алмайсың, тек уағыз айту арқылы ғана адамның санасын оятуға болады деп есептеді. ҮШ 148.3
Лютердін ілімі Нидерландқа да жетіп, бұл жерде де Ізгі хабарды уағыздаушы хабаршылар пайда болды. Голландияның бір қаласында туған Менно Симонс атты жігіт Рим католиктік шіркеуінде оқып тәрбиеленген болатын. Киелі Кітапты қолына емірі ұстап көрмеген ол, көкейінде күмән тудырған бір сұраққа жауап іздеп, Киелі Кітапты ашып қарамақшы болды. Бірақ есерсоқтардың торына түсіп қалам ба деген қауіппен, ол Киелі Жазбаны көпке дейін қолына ала алмай жүрді. Десе де арада біраз уакыт өткен соң, арының жетелеуімен ол Жаңа Өсиетті және Лютердің кітаптарын оқи бастады. Осылайша ол реформация ілімін қабылдады. Бір күні ол екінші рет суға шомылу рәсімінен еткен адамның басын шауып тастағанының куәсі болды. Бұл оқиға оның Киелі Кітапты әрі қарай зерттеп, көкейіндегі көп сұрақтарға жауап алуына мүмкіндігін берді. Ол Киелі Жазбадан балаларды суға шомылдыру рәсімінен қалай өткізетіні жайлы оқып білгісі келді. Бірақ бұл жөнінде ештеңе таба алмады, керісінше бұл рәсім кажет ететін шарт иман екеніне көзі жетті. ҮШ 149.1
Менно Рим шіркеуін калдырыгі, бар өмірін ақиқатты уағыздауға жұмсады. Сол кездері Германияда да, Нидерландта да қоғамдағы тәртіпті бұзып, қақтығысу ілімін таратып, бүлік шығарып жүрген фанатиктер көбейіп кетті. Бұл қозғалыстың әрекетінің ете қауіпті екенін сезген Менно олардың құрған жоспарларына карсы күрес жүргізді. Көпшілік кауым бұл қозғалысқа белсенді түрде қатысқанымен, кейіннен Менноның уағыздарының арқасында өз қателіктерін мойындап, көзқарастарынан бас тартты. Оның үстіне вальдендіктердің ұрпақтары, ежелгі мәсіхшілердің ізбасарлары сол кезде аз болған жоқ. Дәл сол адамдардың ортасында Менно өз ісін жүргізді және ол сөтті болды. Менно 20 жыл бойы әйелімен және балаларымен жер жерлерді аралап Құдай жолында қызмет етті. Ол барлық Нидерланд жері және Солтүстік Германия бойынша саяхат жасады. Менно аса кең білім алып үлгермегенімен, сезге өте шебер болған және әділ де момын мінезімен кепшілікті өзіне қарата білді. Жоқшылык пен тапшылық оның айнымас серігіне айналды, соған қарамастан ол мойымайтын мінезімен, қайыспайтын табандылығымен қиындықтарды жеңе білді және жалынды түрде еңбектенді. Оның шәкірттері де ұстазы секілді неше түрлі қиындықтарды бастарынан өткізе отыра Құдай жолында қызмет еткен. Халық кейде оларды мюнстерит - фанаттармен шатастырып қуғындаған. Соған қарамастан олар бар ниеттерімен еңбектеніп, көптеген адамдардың беттерін Құдайға бұрып үлгерген. Қатаң түрде тыйым салынғанына және тартылатын жазаларының соншалықты суықтығына қарамастан реформация ілімі ешбір жерде Нидерландтағыдай куанышпен қабылданған емес. Германияда Карл V реформация іліміне тыйым салып, оны уағыздаушыларға неше түрлі жаза тартқызғанымен, Германия ханзадалары оның жөйіт әрекеттеріне қарсы шығып, оларды болдырмауға көп кедергі жасаған. Ал Нидерландта болса оның билігі кең құлашын жайып, аяусыз қуғын-сүргін тоқтаусыз жалғаса берген. Киелі Кітапты оқу, ол туралы біреуге әңгімелеу, Құдайға кұлшылык, ету, дұға оқу, Алланы мадақтайтын әндерді айтуға тыйым салынған. Олардың айтқандарына құлақ аспағандар өлім жазасына кесілген. Ер адамдар найзаның ұшына түйреліп, әйелдер тірідей жерге көмілген. Осылайша Карл V мен Филипп II тұсында қаншама жандар жазықсыз өмірлерімен қоштасқан. ҮШ 149.2
Бір жанұяны түгелдей тұтқындап жауап алуға алып келгенде, жанұяның ең кішкентай мүшесі қойылған сұраққа: «Біз тізерлеп тұрып Құдайға сыйынамыз. Жасаған күнәларымызға Одан кешірім сүраймыз. Алланың санамызды тазартуын өтінеміз. Сосын патша үшін тілек тілейміз. Оның патшалығында тыныштық болуын сұраймыз. Қала басшылары үшін бата сүрап, Құдайдың оларды қорғап, сақтап жүруін тілейміз»деп жауап берген. Әрине бұл сөздер үкім шығарушыларды қобалжытпай қойған жоқ, соған қарамастан олар жаңағы баланың әкесін және бауырларының бірін алауға тастап, өртеп жіберді. ҮШ 150.1
Қуғындаушылардың назасы қаншалықты зор болса, азап шегушілердің иманы соған тең бе тең келді. Әйелдері жалынның құшағында қиналып жатқан күйеулерінің жанынан табылып, көңілдерін сөзбен жұбатып немесе киелі ұрандарды орындап оларға рухани демеу жасады. Көрге тірідей көміліп жатқан жас өспірім қыздар болған іске көніп, жайлы төсектеріне жайғасайын деп жатқандай сыңай танытып, ер жүрек мінездерімен жазалаушыларын таң қалдырмай қойған жоқ. Ал тірідей отқа тасталғандары жазаланар алдында ең әдемі көйлектерін киіп, ерекше сымбаттанып, соңғы сапарларына күйеуге шыққалы жатқан қалыңдықтардай дайындалып барды. Жазықсыз қырылған халықтың жерге сіңген қаны, оған көмілген дәнмен бірдей болды. Монарх зұлым әрекеттерін әрі қарай жалғастырып қуғын-сүргінді үдеткен сайын, ақиқаттың туын ұстағандардың саны да көбейе түсті. Тек мейірбан Вильгельм Оранский таққа отырғаннан кейін ғана жұрт ауыр азаптан құтылып, Құдайға еркін қызмет ету құқығына ие болды. ҮШ 150.2
Пъемонта таулы аймағында, Франция жазығында және Голландия жағалауларында Ізгі хабар кан төгу арқылы уағыздалса, солтүстік мемлекеттерге Құдай сөзі бейбіт жолмен тарады. ҮШ 151.1
Скандинавияға реформация ілімін Виттенбергтен оралған студенттер алып келді және Лютердің еңбектері де түнекті сейілтуге көп себін тигізді. Солтүстіктің шыныққан қарапайым халқы жаксы хабарды естісімен кесірден бірден бас тартып, Киелі Кітап ұсынып тұрған таза ілімді бар ниеттерімен қабыл алды. ҮШ 151.2
Данияның реформаторы Таузен қарапайым жанұядан шыққан бір шаруаның баласы болатын. Бала білімге өте құштар зерек болғанымен, әкесінің оған зиялы білім беретін қаражаты болмады, сол себепті ол монастырға түсті. Көп уақыт өтпей Таузен өзінің зеректігімен, ерекше дарындылығымен монастырдың меңгерушісінің көзіне түсті. Білім деңгейін тексеру кезінде ол болашақта шіркеуге көп пайда әкелетін кең дарындылық танытты. Сөйтіп оны Германия немесе Нидерланд университеттерінің біріне жіберуге шешім қабылданды. Виттенбергтен басқа жерді тандау баланың өзіне үсынылды, себебі монахтардың ойынша ол Виттенбергтен тарайтын улы ілімнен аулақ болуы керек болды. Осылайша Таузен папалықтың бесігі болып саналатын Кельнге келіп түсті. Көп ұзамай ұстаздарының мистицизмі* оның жүрегін айнытты. Шамамен осы кезде ол Лютердің еңбектерімен танысып үлгерген болатын және бұл кітаптарды ол ризашылықпен оқып, ақ пен қараны айыра бастады. Таузен Лютермен жүзбе жүз кездесіп, көп сұрақтар бойынша ақылдасқысы да келді. Әрине бұл ойының монастырдың меңгерушісіне ұнамайтынын, сонымен қоса оның қолдауынан айрылып калатынын да Таузен жақсы білді. Соған қарамастан ол кетпекші болып шешім қабылдап, акыры Виттенберг университетінің студенті болды. ҮШ 151.3
Данияға қайтып оралғаннан кейін Таузен өзінің монастырына келді, бірак, өзінің лютеран екенін ешкімге білдіртпеуге тырысты. Таузен достарының намысына тимеу үшін, ырым-жырымға қатысты сұрақтарды қозғамай ғана оларға киелі өмір, таза иман жайлы әңгімелеп, рухани тәрбие берумен айналысты. Әуелде ол Киелі Кітаптағы тамаша жаңалықтарды байқап-байқап айтса, барабара ол күнәкар адамның жалғыз ғана үміті Иса екенін айтып, тек Сол арқылы ғана кұтқарылу мүмкін екендігін ашык, уағыздады. Мұны естіген монастырдың меңгерушісі өзінің долдығын жасыра алмады, өйткені Рим шіркеуінің тамаша жауынгері болады деп үміттенген шәкіртінің Исаның жауынгері болып шыққанына шыдамады. Сөйтіп ол Таузенді басқа монастырға ауыстыртып жіберді. Бұл жерде діндарлар оны кельеге* қамап, сыртынан бақылаушы қойды. Десе де Таузен тордың арғы жағынан болса да, ақиқат жайлы әңгіме айтуын тоқтатқан жоқ. Осыдан кейін монастырдың басшыларының таңырқауына орай бірнеше монах өздерінің протестант болғандарын жариялады. Егерде данияның аталары еретиктермен* не істеу керек екенін жақсы білгенде, Таузеннің дауысы мәңгілікке өшкен болар еді. Олар Таузенді зынданға тастағанның орнына оны керісінше монастырдан қуып жіберді. Мықтымыз деп көкіректерін кетеретін олар өздерінің әлсіздік байқатқандарын сонда ғана түсінді. Себебі дәл сол кезде жаңа ілімнің оқытушыларын қамқорлыққа алатын патшаның жарлығы шыққан болатын. Әрине бұл оқытушылардың қатарында Таузен де бар еді. Енді ол Құдайдың сөзін ашық уағыздауға болатындай мүмкіндікке ие болды. Шіркеулердің есіктері айқара ашылып, оның уағызын тыңдау үшін халық топ тобымен жиналатын болды. Дания тіліне аударылған Жаңа Өсиет барлық жерлерге таратылды. ГТапа бұл жұмысты тоқтатуға қаншама кедергі құрғысы келгенімен, пәлендей бірдеңе жасауға әлсіз болып шықты, керісінше оның құрған кедергілері айтулы ілімнің кең етек жайуына себін тигізді. Көп ұзамай Дания түгел протестантизм ілімін қабылдағаны жайлы хабарлады.. ҮШ 151.4
Швецияда Виттенберг бұлағынан сусындап келген жастар естіген ақиқаттарын өздерінің отандастарымен бөлісті. Оребру жеріндегі бір ұстаның екі баласы Олаф және Лаврентий Петрилер шведтік Реформациясының көсемдерінің қатарында жүрген болатын. Олар кезінде Лютер мен Меланхтоннан ілім алып, ақиқат жолында жалынды еңбектенді. Олаф Лютер секілді сөзге шебер, дарынды болды және өзінің сергектігімен халықты рухани серпілте білді. Лаврентий болса Меланхтонға көбірек ұқсады. Сырт пішіні ғалымға ұқсас, өте салмақты және сабырлы болды. Екеуі де парасаттылығымен, білімділігімен, өжеттілігімен көзге түсті және ақиқат жолында қызмет еткенде адал жүрді. Бірақ папалықтар да жай қарап отырмады. Католиктердің дін әкелері қараңғы топас тобырды оларға карсы айдап салып, соққыға үшыратты. Әсіресе бұл тобырмен Олаф жиі кездесетін болды. Дегенмен патша реформаторларды қолдап, оларға үнемі көмегін беріп отырды. ҮШ 152.1
Рим шіркеуінің езгісінде болған халық кайыршылық күн кешті. Киелі Жазбадан алыстатылған, сонымен қоса рәміздер мен салт-дәстүрлерден құралған көкірекке арқау бермейтін діннен шаршаған олар, пұтқа табынған ата-бабаларының әдетіне қайтып оралды. Ұлт үнемі жауласып отыратын екі партияға белінді. Бұл жағдай олардың халдерінің одан сайын нашарлап кетуіне әкеліп соқты. Патша мемлекетте және шіркеуде реформацияны заңды түрде бекітпек болып, Римге қарсы шайқасып жүрген көсемдермен тығыз жұмыс жасады. ҮШ 152.2
Монархтың көмегін пайдаланып, оның кезінше Олаф Петри католик шіркеулерінің тәлімгерлерімен пікірталасқатүсіп, реформация ілімін шеберлікпен қорғады. ҮШ 153.1
Біз ата тегіміздің ілімін Киелі Кітапқа қарсы келмеген жағдайда ғана қоштай аламыз. Таза иманның ұстанымдары Киелі Жазуда түсінікті қалыпта берілген, сондықтан оны кез келген адам өзі оқып түсіне алады. «Менің ілімім - Менікі емес, Мені Жібергендікі»деп жазылған Киелі Кітапта (Жох. 7: 16). Ал елші Паул: «Құдайдың атынан емес, өз атынан сөйлегендердің сөзі - анафема* болып табылады» (Fan. 1: 8)дейді. Ол шіркеудің қаулылары Құдайдың заңына қарсы келсе, оның ешқандай күші бола алмайтынын дәлелдеді. Сондықтан да адамның өмірі мен сенімінің негізгі ережесі - Киелі Кітап, тек қана Киелі Кітап - деді ол. Бұл ұлы шайқас жаппай бәріне белгілі бола бермегенімен, ол бізге Реформация әскерінің сарбаздары жайлы мағлұмат береді. Реформаторлар - жан жағын шулатып жүрген шала білімді фанатиктер емес, Киелі Кітаптағы ақиқатты уағыздаушы тәлімгерлер. Олар Киелі Кітапты терең зерттеп, Оның беріп тұрған қаруын жақсы пайдалана білген және сонымен катар болашаққа көз жүгіртіп, уақыттарын дұрыс анықтай білген. Ал Виттенберг, Цюрих сияқты ғылыми орталықтарға және Лютер, Цвингли, Эколампадиус секілді ірі тұлғаларға көңіл аударатын болсақ, онда бізге, әрине олар ұлы қозғалыстың көсемдері, сондықтан тамаша жетістіктерге қол жеткізе алатындай ақылды болулары керек, бірақ олардың соңынан ергендер өздерінің үстаздарынан мүлдем өзгеше дейтін шығар. Солай болуы да мүмкін. Десе де ұстаздарынан шәкірттеріне көңіл аударатын болсақ, Олаф және Лаврентий Петрилер кімдер? Бұлар Римнің майталман теологтары мен софистерінің алдында мүлтіксіз жеңіске жеткен, Киелі Кітаптағы сұлу шындықты толығымен меңгеріп, маңайындағыларға рухани білім таратқан ғалымдар. Жоғарыда айтылып кеткен пікірталастың нәтижесінде Швецияның патшасы протестантизмді қабылдады және арада кеп уақыт өтпей-ақ оның үлгісі бойынша протестантизм ілімін барлық парламент мойындады. Олаф Петри Жаңа Өсиетті швед тіліне аударды және патшаның өтініші бойынша ағайынды Петрилер швед тіліне барлык Киелі Кітапты аударуға кірісті. Осылайша швед халқы алғашқы рет Киелі Жазуды өз тілдерінде оқып танитын мүмкіндікке жетті. Парламенттің қаулысы бойынша Киелі Кітапты барлық шіркеулерде халыққа оқып, оны ұғындыру, сонымен қатар мектеп оқушыларына сабақ ретінде жүргізу бекітілді. Киелі Кітап надандық пен ырымшылдықтың шымылдығын ысырып тастап, ақиқатқа халықтың көзін жеткізді. Осылайша Римнің қанауынан босап шығып, рухани тәрбие алған ұлт көркейіп гүлдене бастады. Кейін Швеция протестантизмнің қамалдарының біріне айналды. Арада жүз жыл өткен соң Германиядағы отыз жылға созылған қатыгез соғыс кезінде, олардың бастарына қауіп төніп түрған шақта, осы кішкене ежелгі әлсіз мемлекет Еуропа бойынша немістерге қол үшын берген жалғыз көмекшілері болды . Сол кезде барлық солтүстік Еуропа тағы да Римнің жемтігіне айналатындай болып көрінді, бірақ Швед армиясы Германияға көмегін беріп, папалықтардың қозғалысын тоқтатып, олардың протестанттарға, кальвинистерге, лютерандарға діни шыдамдьшық танытуын талап етіп, Реформацияны қабылдаған мемлекеттерге бостандықтарын қайтарып беруге жәрдемін тигізді. ҮШ 153.2