21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
Вильям Миллер мен оның серіктестері Исаның жер бетіне ІІ-ші рет келетіні жайлы уағыздауының басты мақсаты қамсыз отырған халықты Құдай сотына дайындау еді. Олар діни жетекшілердін назарын шіркеудің шынайы үмітіне, масіхшілік өмірдің терең төжірибелерінің қажеттігін түсінуге және әлі де болса Құдайға бұрылмағандарды жедел түрде тәубаларына келтіру жолында еңбектену керектігіне аударғылары келді.ҮШ 246.1
«Менің еңбектерім қандайда бір жаңаша дінді уағыздауға арналған жоқ - дейді Миллер, керісінше көпшіліктің көңілін ақиқатқа қарай бұруға бағытталған. Мен бар ниетіммен халыққа көмектескім келеді. Жұрттың ырқы - шырқысын шығару секілді ойдан мүлде аулақпын. Айта кетсем осы жазылған еңбектерімнің арқасьгада көп адам түзу жолды таңдап, Аллаға бет бұрды”.ҮШ 246.2
Шынымен де шіркеулердегі адам саны көбейгендіктен дін басшылары оның еңбектеріне дұрыс көзбен қарады. Дегенмен кейіннен олар адвентистік ілімді жою мақсатында Исаның ІІ-ші рет келетіні жайлы уағыздар айтылатын жиындарға жұрттың келуіне тыйым салды және мінбелерден Миллерді балағаттап, оның абыройын айрандай тегуге тырысты. Осы кезде сенушілер не істейтіндерін білмей, қай жаққа бұрылу керектігін ұға алмай, дағдарып қалды. Бір жағынан олар өз шіркеулерінен шеттетіліп, өз қауымдарынан белініп қалғылары келмеді. Екінші жағынан оларға дін басшыларының Киелі Кітапты зерттеуге тыйым салғандары ұнамады. Сол себепті де көптеген адамдар шіркеуден кетіп қалуға мәжбүр болды. 1844-ші жылдың жазында сенушілердің елу мыңы өз қауымдарынан бөлініп кетті.ҮШ 246.3
Дәл сол кездері АҚШ шіркеулерінің көпшілігінде орасан зор өзгерістер болды. Көп жылдар бойы неше түрлі дәстүрлерге, ырым - жырымдарға сенгеннің салдарынан адамдар рухани жүдей бастады. Ал сол жылы олар тіпті рухани құлдырауға ұшырады. Бұл жөнінде газет және журнал беттерінде де, шіркеулерде де көп сөз айтылды. Жиырма жыл бойы шіркеуде еңбектеніп жүрген діни қызметкер Барнес өз сөзінде: «Осы уақытқа дейін Құдай кешін өткізген кезде шіркеу мүшелігіне бір адам қосылмай қалған жері жоқ еді, ал қазір болса адамдар шіркеуге келуді қойды. Жеке меншік, коммерция дегендер көбейген сайын, жұрт рухани өлімге душар болды. Бvл көрініс бір шіркеуде ғана емес, барлық деноминацияларда* жақсы байкалуда” - деген еді.ҮШ 246.4
Сол жылдың ақпан айында Оберлинск колледжінің профессоры Финней мынадай деректі жариялауға мәжбүр болды: «Қазіргі кезде барлық шіркеулер дағдарысқа ұшырап тұр. Ал оның мүшелері сәннің құлына айналған. Олар неше түрлі мерекелерге қатысып, би алаңдарына барып, жаман әдеттерге шалдығып, күнәға кұнығып алған. Асыра сілтеп жатыр деп ойламаңыздар, өйткені бұған деректер дәлел. Халық Құдайдан алыстап кетті, сол себепті Құдай да олардан кашықтады”.ҮШ 247.1
«Рухани телескоп» деп аталатын журналдың жазушыларының бірі бұл дерек жайлы: «Біз бұрын соңды болып көрмеген рухани дағдарыстың куәгерлері болып отырмыз. Шіркеу оянып, бұл бақытсыздықтың себебін дереу іздеуі керек. Деректерді салыстыра келе біз Құдайдьщ мейірімі кайда кеткен? Берекенің есігі жабылған ба?” - деуіміз мүмкін. Шын мәнінде бұған шіркеудің өзі кінәлі. Құдай адамдардан Өзінің мейірімін алмайды, керісінше олар - Алланың сүйіспеншілігінен істеген істері аркылы бас тартады. Бұған дәлел ретінде біз Мәсіх Исаның заманындағы яхудейлердің өмірін көрнектілікке ала аламыз. Олар ойын - сауық, күйбең тірліктің қамын ойлап жүріп Құдайды және Оның сөзін мүлдем ұмытқан. Сол себепті де олар ездеріне келіп тұрған «Елшіні” танымады. Соған қарамастан Құдай оларды құтқарылу құқығынан айырған жоқ. Бірақ акиқаттан тұмшаланып алған жандар, көктің беріп тұрған сыйынан құр қалды. Олар Алланың беретін берекесі бар екенін ойлаған да жоқ, ал дінді тек ішкі дүниесін көрсетпей жасырып тұратын жабу ретінде ғана ұстап отырды.ҮШ 247.2
Ібілістің көздегені де осы болатын. Яхудейлер Ізгі хабарды мойындамай, ұлттың әдет - ғұрыптарын ғана сақтап отырып Алланың олардан қалай алыстап кеткенін ссзбсй дс қилды. Даниял пайғамбарының кітабында жазылған Мәсіх жайлы аянды жоққа шығарып, оны қоймастан қоймай зерттегендерге раввиндер (дін ұстаздары) қарғыс айтты. Сейтіп алдын ала берілген белгілер мен ақыл - кеңеске көңіл аудармай, білімнен бастарын сауғалап, ақыры түнектің құшағында қалды.ҮШ 247.3
Әр нәрсенің соңы болады емес пе? «Табиғатыма сай келмейді» - деп өз міндеттерінен бас тартатындар, кейіннен дұрыс пен бұрысты ажырата алмай қалады. Сонан соң адамның ойлау кабілеті нашарлап, жүрегі қатайып, ұят дегеннен жұрдай болып жаны Алладан алыстайды. Осылайша Құдайдың жарығынан (білімінен) бас тартатындар түнекке оранады, нәтижесінде араларында алауыздық пайда болады. Шіркеу мүшелері осы дүниенің әлегімен айналысып жүргенде, күнәкарлар бұрынғыдан бетер күнәға батып, қатыгезденіп алады.ҮШ 247.4
Аянның 14-ші тарауындағы періштенің бірінші хабары дәл осындай тоқшар күйге түсуден сақтандыратын хабар. Егер адамдар Құдайдың хабарына құлақ түре білген болса, онда сенімде жүрген барлық қауымның, кезіндегі елшілердей жүрегі де, жаны да бір болған болар еді және олар Алланың жіберген хабарын өжеттене уағыздап, Иеміз күн сайын құтқарылғандарды Өз қауымына қосып отыратын еді. (Елш. 4:32,31; 2:47).ҮШ 248.1
Егерде Құдай халқы Киелі Жазба арқылы беріліп тұрған ілімді қабыл алса, онда Мәсіх тілеген және елшілер жазған бірлік, «Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сактауға ұмтылыңдар! Бәріміз біртүтас рухани денеміз, Қүдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді. Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей» (Еф. 4:3-5), оларға жеткен болар еді.ҮШ 248.2
Адвентистер ілімін қабыл алғандар Құдайдың батасына ие болды. Әр түрлі шіркеулерден шыққан олардың қарым-қатынастарына кедергі болардай еш бөгет қалмады. Мың жылдық патшалық келеді деп еш негізсіз қалаған үміттері қалдырылды, Мәсіхтің жер бетіне екінші рет келетініне қатысты қате көзқарастары түзетілді. Дүниеқорлық пен менменшілдік жойылды, қателер түзелді, олардың бастары бірігіп, араларында сенім мен сүйіспеншілік пайда болды. Егер бұл ілімді қабылдап аздаған халықтың мінездері осылай түбегейлі өзгерсе, сол ілімді қабылдаған көпшілік те, дәл солай өзгерген болар еді, сонда Құдай халқының қатары еселеніп, ақиқаттың туын желбіреткендердің саны көбейе түсетіні анық емес пе еді?ҮШ 248.3
Өкінішке орай кепшілік айтылған ескертулерге еш кеңіл бөлмеді. Құдай жолында қызмет етіп жүрміз дегендер өздерінің де ақиқатты қабылдауға қабілеттері жетпеді. Өйткені олардың көңілдері жер бетінің қызығына ауған болатын. Сондықтан да олар Исаның жер бетіне ІІ-ші рет келетіні жайлы хабарды естігенде оған сенбеді, неше түрлі салт-дәстүрлер мен ырым - жырымдарды көбірек ойлағанды дұрыс санады. Ал ақиқатты арнайы білімсіз қарапайым жандар уағыздағандықтан, оларды ешкім тыңдаған жоқ. Шындықты тыңдаудан бас тартқандар: «Киелі Кітапта берілген аяндар құпия және оны түсіну мүмкін емес» - деп шығарып қойды. Кейбір адамдар ақиқатты уағыздаушылардан гөрі, өздерінің діни ұстаздарына кебірек сенді. Енді біреулері ақиқатты мойындағандарымен, ол жайлы ашық түрде жариялап айтуға батылдары жетпеді. Осының бәрі Мәсіх Исаны жақсы көретіндерден гөрі, мына дүниенің алдамшы қызығына бет бұрып, дүниеқүмарлар санының көбірек екенін байқатты. Сондықтан да олар көктен келген сыйды қабылдамады. Бірінші періштенің хабарын қабьш алмады, яғни өз құткарылуларына немқұрайды қарады. Сенімді куәгерлерді тыңдағылары келмеген бұл жандар ез бастарын тікелей қауіпке тікті. Олар күнәкар әлеммен достасып, онымен одак құрды. Бұл дегеніміз нағыз рухани өлім болатын. 1844-ші жылы барлық шіркеулер осындай күйде болды. 14-ші тарауды әрі қарай оқитын болсақ, біз екінші періштенің хабарын естиміз. Онда: «Барлық халықтарды бұзақылыктың шарабымен тойдырған ұлы қала құлады, құлады Бабыл” - делінген. Бабыл «аралас», «тәртіпсіз қозғалыс» деген мағынаны білдіреді. Киелі Кітапта бұл сөз «бұзақылық» деген мағынаны білдіреді. 17-ші тарауда Бабыл әйел бейнесімен суреттеледі. Ақылды әйел - таза шіркеуді, ал бұзылған әйел - жалған шіркеуді бейнелейді. Иса Мәсіх пен Оның шіркеуінің арасындағы қарымқатынас таза неке ретінде көрсетілген. Құдай Өз халқымен өсиетке тұрған. Ол адал жандардың Құдайы болуға уәде берген, ал бұл адамдар осы Құдайдың халқы болуға уәдесін берген. «Мен сендермен некеге тұрдым»деп жазылған (Ерм. 3: 14) кітабында. Жаңа Өсиетте айтылаған: «Мен сендерді таза қыз ретінде Исаға беру үшін, Онымен некелестірдім” - деген Пауыл (2 Қор. 11:2). Яғни шіркеу таза қыз болып қарастырылса, Мәсіх Иса күйеу жігіт болып сипатталады. Шіркеу өсиетті бұзып, Құдайға саткындық жасады. Бұл сатқындық Киелі Кітапта былай деп суреттеледі: «Әсем киінгендіктен, көз тартар сұлулығыңнан сенің жүрегіңде менменшілдік пайда болды, сен тым мақтанып кеттің. Өзіңнің сұлулығыңа сеніп, атағыңды пайдаланып бұзыла бастадың. Сөйтіп күйеуіне сатқындық жасаған әйелдей, сен де Маған сатқындық жасадың” (Езк. 16:8,13-15,32. Ерм. 3:20). Пайғамбар Құдайын ұмытып, босып кеткен халыққа осындай суреттеме береді. Бұл жөнінде: «Бұзақылар мен жезөкшелер! Бұл әлеммен одақ құру - Құдайға қарсы шығу екенін білмеп пе едіңдер? Сонымен сендерге айтарым, мына әлемнің достары - Жаратқанның жаулары” - дейді Жақып пайғамбар (Жақ. 4:4).ҮШ 248.4
Аянның 17-ші тарауында алтын және қымбат бағалы тастармен әшекейленіп, қан қызыл көйлегін киіп, қолына бұзылғандық пен неше түрлі ластыққа толы алтын тостағанын ұстаған, маңдайында: «құпия, ұлы Бабыл, бұзақылар мен жексұрындардың анасы” - деп жазылған әйел (Вавилон) жайында айтылады. «Ол тақуалар мен Исаның сенімді куәгерлерінің қандарын ішіп, тойынып алған” - дейді пайғамбар. Әрі қарай Бабыл (Вавилон) барлық патшалықтардың үстінен билігін жүргізіп тұрған ұлы қала ретінде сипатталады (Аян 17:4-6,18).ҮШ 249.1
Бұл жерде өркөкірек, менменшіл, қатыгез жүйе жайлы айтылып тұр. Көптеген ғасырлар бойы темір тізесін батырып, мәсіхші монархтарды бағындырып тұрған бұл жүйе - Рим империясы болатын. Қан қызыл киім, алтын бұйымдар, қымбат бағалы заттар Римнің өркөкіректігін көрсетеді. Бірде бір мемлекет соншалықты жиіркенішті түрде сипатталып көрген емес, өйткені Рим шынымен де бірнеше ғасыр бойы Исаның ізбасарларын аямай азаптап, кандарын судай теккен болатын. «Жер бетінің патшаларымен» заңсыз қатынас жасаған Бабыл қатты айыпталады. Кәпірлермен бірігіп, Құдайдан алыстап кеткен яхудейлер ғибадатханасы жезөкшеге айналды. Сол секілді Рим шіркеуі де үкімет билігінің қолдауына сүйеніп алып неше түрлі азғындықтар жасады және Бабыл секілді ол да айыпталады.ҮШ 250.1
Бабыл бұзақылардың анасы деп аталған. Оған бұл әлемнің зұлымдарымен қосылып алып, ақиқаттан бас тартқан шіркеулер жатады. Аянньщ 14-ші тарауында айтылатын Бабылдың кұлайтыны жайлы хабар - бір кездері пәк болып, кейіннен бүліне бастаған ғибадатханалар жайлы хабар болатын. Және бұл хабар сот жайлы ескертуден кейін айтылғандықтан, ол ақыр тақайтын кезде жариялануға тиісті. Сондықтан ол Рим католиктік шіркеуіне ғана қатысты емес, өйткені бұл шіркеу бірнеше ғасырлар бойы зұлымдыққа қызмет еткен қалпында тұр. Аянның18-ші тарауында Құдай Өз халқының Бабылдан шығуын талап етеді. Ендеше Құдай халқының көпшілігі әлі де болса Бабылдың, яғни адасқандардың ішінде. Айтыңыздаршы, Исаның ізбасарларының көпшілігі қандай шіркеулерде жүр? Әрине, күмәнсіз протестанттық шіркеулерде.ҮШ 250.2
Шіркеудің жанданып, жаңарып жатқан шағында протестанттық ілімді қабылдағандар ақиқатты мойындап, Құдайдың жағына шыққан болатын. Сонда Алла оларға батасын берген еді. Тіпті қатыгез деген заманның өзі Ізгі хабардың ұстанымдарын мойындаған болатын. Шіркеудің сол кездегі күйін: «Құдайдың берген таза киімін киіп сұлуланған кезіңде, атағың әлемге тараған еді. Сымбатты келбетіңе барлығы қызығатын” - деп сипаггайды пайғамбар. Бірақ олар кезінде Исраилды Құдайдың қарғысына душар еткен күнәкарлыкка батты.ҮШ 250.3
«Сен өзіңнің сымбатты келбетіңе мастанып, бұзақылық жасай бастадың»делінген (Езк. 16:14-15).ҮШ 250.4
Көптеген протестанттық шіркеулер Римнің үлгісі бойынша «жердің патшаларымен» одақ құрды, яғни мемлекеттік шіркеулер оны үкіметтің көңілінен шығатындай етті, енді біреулері оны заманның ағымына сай келетіндей қылды. Бабыл «аралас” деген сөз осы шіркеулердің күйлерін сипаттайды. Олардың барлықтары Киелі Кітапты зерттегенмен теориялары мен догмалары бірбіріне қарсы келетін секталарға бөлініп - белініп алған.ҮШ 250.5
Римнен бөлініп шыққан шіркеулер оның бұзылған дүниемен құрған одағынан басқа да күнәкарлық ерекшеліктерін бірге ала шыққан.ҮШ 251.1
«Католик мәсіхшілеріне насихат” деп аталатын кітапта: «Егер Рим шіркеуі киелілерді дәріптегендері үшін пұтқа табынушылар деп айыпталса, оның қызы ағылшын шіркеуінің Мәриям қызға арналған он шіркеуі, ал Мәсіх Исаға арналған бір-ақ шіркеуі бар. Бұл пұтқа табынушылық емес пе?»деп жазылған.ҮШ 251.2
Доктор Хопкинс өзінің «1000 жылдық патшалық» деп аталатын трактатында былай деп жариялайды: «Антихрист* рухы тек Рим шіркеуінің бойынан ғана табылады деп ойламаңыздар, өйткені антихрист өз ісін протестант шіркеулерінде де атқарып үлгерді. Олар қасиеттілік пен имандылықтан өте алыстап кетті десем, қателеспеген болар едім”.ҮШ 251.3
Пресвитериандық шіркеулердің Римнен бөлініп шыққандығы жайлы доктор Гусри былай дейд: «300 жыл бұрын біздің шіркеу қолына Киелі Кітапты ұстап, «Жазбаны зерттеңдер!” - деген ұранмен Римнен бөлініп шыққан болатын. Соңынан өзі көп мағыналы сұрак қояды: Шынымен де ол Бабылдан таза күйінде шықты ма екен?»ҮШ 251.4
«Ағылшын шіркеуі сан қилы философияларымен тамылжып тұр. Кәпірдің кәпірі десе де болады. Үміт артқандарымыздың барлығы бірінің соңынан бірі иманның негізінен бас тартты. Мен зүлымдықты бойына сіңіріп алған, сөйте тұра өзін мөсіхшілмін деп атаудан және мінбеге шығудан тайынбайтын, жүрегі кұдайсыздыктың қарғысымен қайралған Англия туралы жиі ойлаймын» - деп жазады Сперджен.ҮШ 251.5
Бұл ұлы шегінушілік қалай пайда болды? Әуел бастағы шіркеу езінің тазалығын қалай жоғалтып алды? Жауап біреу ғана. Кәпірлердің Мөсіхті кабылдауын жеңілдету үшін, шіркеу, олардың салт-дәстүрлерін, яғни пұтқа табынатын рәсімдерін қабылдады. Кезінде «Заңсыздықтың құпиясы өз ісін бастады” - деп жазған болатын Пауыл (2 Сал.2:7). Елшілердің заманында ғибадатхана хаза болған. Бірақ ІІ-ші ғасырдың соңына қарай ол өзгере бастады. Исаның алғашқы шәкірттері бұл өмірден өткеннен кейін, жас буынның өкілдері шіркеуге өз ережелерін енгізді. Сенетіндер енді ғана келгендерді өз қатарларында ұстап қалу үшін мәсіхшілердің таза ұстанымдарын төмендете бастады. Ақыр соңында шіркеуге салт -дәстүрлерін, рәсімдерін, құдайларын алып пұтқа табынушылардың тасқыны енді. Бұл жандар сырт көзге ғана мәсіхшілер болып есептелгенімен, шын мәнінде құпия түрде өз пұттарына табынатын нағыз кәпірлердің өздері болатын.ҮШ 251.6
Протестанттык деп аталатын шіркеулердің ездері де осындай күйде емес пе? Оның ірге тасын қалаған алғашқы реформаторлар көз жұмсымен, кейінгілер ойларына не келсе, соны істеді. Бұл ұрпақ өзінің ата-бабаларына мүлдем ұқсамады. Осылайша карапайымдылық, тазалық, пәктік жойылып, оның орнына неше түрлі салт-дәстүрлер, рәсімдер, жалған құдайлар келді.ҮШ 252.1
Өкінішке орай Исаның ізбасарларының бұл әлеммен достығы әрі қарай бекуде. Бұл әлемнің достары Алланың дұшпандары екенін ұмытпаңыздар. Көпшілік шіркеулер жақынының қамын ойлау, жәрдемдесу, жанашырлық, ізеттілік, қарапайымдылық, сабырлық сияқты адам баласына пайдалы қасиеттерден жұрдай. Қаражатгы дұрыс пайдалану жөнінде Джон Уэсли: «Көрсе қызарып, неше гүрлі керексіз заттарға ақшаларыңды жұмсамаңдар. Үйлеріңді әшекейлеуге, қымбат бағалы жиһаздарға, алтын бұйымдарға қаражат шашаудың қажеті жоқ. Мақтану үшін, жұртты қызықтыру үшін бекерге тырыспаңдар. Бағалы киімдер киіп, құнды заттар алып, жан жақтағыларды қызықтырып, баршылықпен мақтанғанша, Құдайдың көңілінен шығуды ойлаңыздар» - дейді. Бірақ мұндай тәлімге көп көңіл бөліп жатқан адам жоқтың қасы деуге болады.ҮШ 252.2
Дүниедегі адамдардың көпшілігі қандайда бір дінді уағыздаумен айналысады. Қолында биліктері барлар, саясатшылар, заңгерлер, ғалымдар, коммерсантгар - барлығы шіркеуге тек сый-құрмет іздеп келеді. Өздерінің жаман жақтарын мәсіхшілердің атымен бүркемелейді. Қазір діни мекемелердің көбі осындай сорақы күй кешуде. Көшелерде әшекейленіп салынған ғибадатханалар, оларға келушілер де сәнді киінген бай адамдар. Бұл шіркеулерде еңбектенетін дін қызметкерлеріне мол жалақы төленеді. Олар жұрттың күнәсін айтып ешкімді де әшкерелемейді, уағыздары көпшіліктің құлағына жағымды болуын қалайды. Бұл жерде күнәкарлыққа ешқандай кеңіл аударылмайды, оны жылы жауып орап қояды. Дінді тартымды ету үшін барлық жағдай жасалған. Бір сөзбен айтатын болсақ шіркеу мүшелері сәнқұмарлар мен шенқұмарлар. Құдайдың ойымен санасып жатқан адам баласы жоқ. Бұл жерде кайыр садақа беру мейірімділіктің нышаны емес, адамдар ақшаларын байлықтарын көрсету үшін береді және оны мақтан тұтады. Неше тұрлі драма, жәрмеңке, көрнекілік үшін берілген сот істерін қарастыру, театрланған банкеттер жасау үшін акша беруге ешкімді көндірудің қажеті жоқ.ҮШ 252.3
1873-ші жылдың қаңтарында губернатор Висконсина өзінің жыл сайын беретін жолдауында былай дейді: «Заң адамның кұмарлығын қоздыратын ойындарды жабуды талап етеді. Өйткені бұл зұлымдық кең етегін жайған. Тіпті шіркеу мүшелерінің өздері албастының қызметкерлеріне айналған. Мейірімділік концерттері, лотереялар, тағыда басқа адамдардың құмарлықтарын қоздыратын ойындар ақша табудың көзі. Осылайша еңбектенусіз ақша табу әсіресе жастарға жаман әсер етеді. Беделді адамдар: «бұдан шыққан қаражат мейірімділік максаттарына жұмсалады” - деп, өздерін өздері жұбатады. Дегенмен қызығушылық ойындарына бір іліккеннен соң, жастарды одан тартып шығару өте киын және мұндай жаман әдет олардың өміріне өте қауіпті». Өкінішке орай барлық мәсіхшілер шіркеулері осыған кірісіп, ыңғайланып алған.ҮШ 252.4
Роберт Аткинс өзінің Лондонда өткен уағызында ғибадатханалардың осы сорақы күйін жақсы суреттеді, Англияның рухани құлдырауын жетесіне жеткізе айыптады: «Шынайы жандар жер бетінен жойылып, жоғалған. Бұны уайымдап жатқан ешкім жок. Оларға кезекке келгендер өз қателерін көрмейтін, оны ешқашан мойындамайтын токшар қызметкерлер. Себебі олар зұлым әлемге икемделіп алған, жүрген жерлерінде өздерінің қамдарын ғана ойлайды, рахат күйлерін қамтамасыз етеді. Әрбір шіркеудің алдында: «Шегінгендер, шегінгендер” - деген жазулар бар. Бірақ оларға көңіл аударып жатқан ешкім жоқ. Көкіректері соқыр болған бұл жандар: «Біз өте баймыз, жақсы істеріміз жеткілікті, еш нәрсеге мұқтаж емеспіз” - деп жариялауда.ҮШ 253.1
Бабыл барша халыкты бұзақылықтың шарабына тойдырып, мастандырды. Сол үшін ол айыпталады. Әлемнің ұлыларымен достасып алған шіркеу олардың жалған ілімдерін судай сіміріп, иманның негізін шайқалтты, ал ондай шіркеу Құдайдың ұсынып тұрған ілімін уағыздауға шамасы жетпейді, керісінше ол адамдарды бүлінген ілімнің уытымен уландырады.ҮШ 253.2
Рим халықтан Киелі Жазбаны жасырып, оның орнына өзінің доктриналарын (ережелерін) ұсынды. Құдай Сөзі халыққа реформацияның (бастапқы шындықты қалпына келтіру) арқасында қайтарылған болатын. Соған қарамастан қазіргі күннің өзінде ғибадатханаларда халыққа Киелі Кітаптың орнына рәміздер мен аңыздар ұсынылады. Чарлз Бичер протестанттық шіркеулер жайлы былай деп жазады: Олар сандары соншалықты көбейіп келе жатқан киелілері мен шеиттері жайлы сез айтса болды, ашуланып шыға келеді... Осылайша протестанттық деноминациялар өз қолдарын өздері байлап тастаған, енді Киелі Кітаптан басқа кітаптарды мойындамайтындар ғибадатханаларда уағыз да айта алмайды. Сол себепті, кезінде сыпайы түрде болса да Киелі Жазбаны зерттеуге тыйым салған Рим секілді, олар да негізгі ережелерге сүйене отыра Жазбаны қолға ұстауға тыйым салады». Ал ақиқатты уағыздайтын, яғни Жазбаны сауатты түрде талдап бере алатын бір адам пайда болса болғаны, оның сөзін сандырак қылып апарып тастайтын көптеген ғалымдар шыға келеді. Егер әлем Бабылдың шарабымен тойынып алмағанда, Құдай Сөзінде жазылған анық ақиқаттарды түсінген және қабылдаған болар еді. Бірақ өкінішке орай шіркеулер таза ілім мен жалған ілімді араластырып, халықтың миын ашытып қойғандары соншалықты, жұрт дұрыс пен бұрысты айыра алмай калды, тіпті неге сенетіндерін де білмейді. Сондықтанда Құдайға бұрылмаған әлемнің күнәсі шіркеудің мойнына артылады.ҮШ 253.3
Аянның 14-ші тарауында айтылатын періштенің екінші хабары алғаш рет 1844-ші жылдың жазында, рухани құлдырау анық байқалып және айтулы хабарға немқұрайды қарап тұрған АҚШ шіркеулерінде уағыздалған болатын. Бірақ бұл аян 1844-ші жылы түгел дерлік орындалған жоқ. Сол кезде адвентистік хабардың жарығынан (шындығынан) бас тартқандарынан шіркеулер рухани құлдырауға ұшырады, бірақ бұл құлдырау түбегейлі емес еді. Өз замандарына сай ақиқаттан бас тартқандары үшін олар бірте - бірте төмендей берді. Бірақ Бабыл құлады деп айтуға әлі ертерек болатын. Заманына сай ақиқатты бұрмалау барлық мемлекеттердің протестанттық шіркеулерінде бар және сол жайында періште бізге салтанатты түрде ескертіп айтады. Бірақ шегінушілік өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ.ҮШ 254.1
Иса жер бстіне екінші рет келерінің алдында албасты халықты жалған ғажаптарымен және жасанды ілімімен адастыра түседі. Адамдар болса Алланың сүйіспеншілік ақиқатын қабылдамағандары үшін өз-өздерімен қалдырылады да, әрі қарай өтірікке сене беретін болады ( 2 Сал.2: 9-11). Жоғарыда сөз етілген оқиғалар түгел орындалып болғанша, мәсіхшілер шіркеуі әлеммен тұтастай біріккенше Бабыл құламайды. Шіркеулердің езгеріп бара жатқандары рас, бірақ ол бірден емес, біртіндеп кері кетіп барады. Сондықтан аянның 14-ші тарауының сегізінші мәтінінде айтылған хабар қазір емес, болашақта толығымен орындалатын іс. «Бабыл» деп, яғни шындық пен өтірікті қисынын келтіріп араластыру арқылы суреттеліп тұрған шіркеулер түнекке оранып жатқандарымен, олардың іштерінде Исаның шынайы ізбасарлары жеткілікті. Сонымен қоса олардың арасында заманына сай ақиқатты естімегендері де бар. Өздерінің нақтылы күйлеріне қанағаттанбай ақиқатгы іздеп жүргендер әлі де болса бар. Исаның шіркеуі емес, басқа шіркеулерден ақиқатты іздеп жүргендер, оны ешқашанда таппайды. Сол шіркеулер ақиқаттан алыстай түсіп, әлемге жақындаған сайын, бұл айырмашылық анық көріне бастайды. Дәл сол кезде Исаның ізбасарларының біріңғай бөлініп шығатын уақыты келеді. «Опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген олар Құдайдан гөрі ләззәт-ермекті артық көрді. Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгендерімен, Оның күшінен бас тартады” - деп, (Тімотеге жазылған екінші хаттың 4 және 5) мәтіндері арқылы сипатталып тұрған уақыт міндетті түрде туады. Аянның 18 тарауында (Аян14:6-12) берілген ескертулерден үш мәрте бас тартып, шіркеудің, екінші періште хабарлаған күйге түсетіні туралы жазылады. Бұл әлемге берілетін соңғы хабар болмақ. Сонда ақиқатты сүймегендер (2Сал. 2:12) өтірікке алданып, қараңғыда қалғанда, Бабылда жүріп ақиқатты аңсағандар «Халқым Менің Бабылдан шығыңдар» - деген дауысты естиді, сол кезде жаппай бөліну басталады. (Аян 18:4) Ақиқатты таза ниетпен еңбектеніп жүріп іздегендер оны міндетті түрде табады, ал жалған дүниенің қызығына тоймай жүргендер Құдайдың рақымынан кұр қалады.ҮШ 254.2