8-тарау - Шындық жақтаушысы
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
8-тарау - Шындық жақтаушысы
Германияның тағына жаңа император Карл V отырды. Римнің шабармандары оны осы орынға тағайындалуымен құттықтауға және айтулы сәтті пайдаланып реформацияға қарсы үгіттеуге асыкты. Бірақ Карл V-нің таққа отыруына көп себін тигізген Саксондық курфюрст, императордан, Лютерді тыңдап алмай ол жөнінде ешқандай шаралар қолданбауын өтінді. Осы кезде император қолайсыз жағдайда тұрды, бір жағынан курфюрст Лютердің әділ қазылар алдында тыңдалуын талап етсе, екінші жағынан оған Рим қыспақ жасады. Папалықтарды Лютердің өлімі ғана қанағаттандыратын еді. Ал курфурст болса доктор Лютердің қорғау қағазымен қамтамасыз етіліп және білімді, таупықты және алаламайтын қазылар алқасымен тыңдалуын табанды түрде одан талап етті, өйткені сол уақытқа дейін реформатордың ілімін не басқа жұрт, не императордың езі жаман деп есептеген емес.ҮШ 89.1
Енді жұртшылықтың назары таққа жаңа отырған жас императордан Вормста өтетін Германия ханзадаларының сеймына* ауды. Осы жерде Германияның ханзадалары алғаш рет жас монархпен жүздеспекші және сонымен қоса маңызды саяси сұрақтарға жауап алмақшы болды. Мемлекеттік сеймге империяның шетшетінен зиялы және діни сановниктер жиналды. Сондай-ақ шығу тегін және өздерінің артықшылығын мақтан тұтатын вельможалар, хал-ахуалы мен билігіне масаттанатын дін өкілдері, қарулы вассалдарын ерткен сарай маңындағы рыцарьлар және алыс мемлекеттерден келген елшілер осында болды. Күллі маңызды сұрақтардың ішінде жұрттың барлығын еліктеткені саксондық реформатор болатын.ҮШ 89.2
Курфюрст бүл жиынға Лютермен бірге келуге тиісті болды және реформаторға қамқорлық жасауға сондай-ақ дау тудыратын сұрақтарды ашық талқылау үшін оны білікті азамахтармен жүздестіруге кепілдік берді. Ал Лютер болса императормен кездесуге асықты. Кейінгі кездері оның денсаулығы сыр беріп жүрген болатын, дегенмен курфюрстке жазған хатында ол, егер денсаулығы жағынан кедергілер туындап, өзі жүріп бара алмаса, курфюрсттың оған жәрдем беріп алып баруын өтінді. «Император мені шақыртып тұрса, оны Құдайдың қалауы - деп есептеймін, ал егер олар маған қиянат жасағылары келсе, ол әбден мүмкін (өйткені мені ол жакка парасаттылық тәлімдерін алу үшін шақырып жатқан жоқ), онда мен барлығын бір Құдайдың қолына тапсырамын. Үш жеткіншекті лаулап тұрған пештен сақтаған Құдай әлі де тірі. Егср де Ол мені өлімнен қүтқарып қалмаса, онда өмірімнің мағынасы болмағаны. Қайткенде де біз Ізгі хабарды көпшіліктің келеке мазағы қылып қоя алмаймыз және оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Адамдардың құтқарылуы үшін ненің пайдалы екенін, өмірімнің бе немесе өлімімнің бе, оны шешетін мен емес. Мені қашып кетеді екен немесе Құдайдың сөзінен бас тартады екен деп ойламаңыз, өйткені Жаратқансыз өмірдің мағынасы жоқ»деп жазды Лютер. Папаның легаты Алеандр Лютердің сеймге* келетіні жөніндегі хабарды естіп ашуға булықты. Папа үкім шығарып қойған істің қайта қаралуы жарылқаулы понтификтің абыройына дақ түсіреді. Оның үстіне Құдайдың сөзімен қаруланған ұлы шешен сеймде сөз сөйлесе, оған қатысқан ханзадалардың басым көпшілігі папаға қарсы шығуы әбден мүмкін еді. Сондықтан папаның легаты Лютерді бұл жиынға қатыстырмауға бар күшін салды. Дәл осы кезде Лютерді шіркеуден шеттету туралы булла* шығып, папаның декретінің қысымынан аса алмаған император курфюрстке былай деп сәлемдеме жолдады: «Лютердің өз ілімінен бас тартатын ойы болмаса, сеймге келмей Виттенбергге қалғаны жөн болады».ҮШ 89.3
Бұл жеңісіне қанағаттана алмаған Алеандр Лютерді жауапқа тартқызу үшін, өзінің барлық қулығы мен билігін пайдаланды. Ол Лютерді мемлекет тәртібін бұзушы, көтерлісші және Құдайдан безген қаныпезер - деп жазғырды. Прелаттың ашуға булығып тұрып қатты-қатты сөйлеген сөздері оның өзінің қандай рухпен қаруланып тұрғанын жақсы байқалтты. Сондықтан да жиналған қауымның көпшілігі Лютердің ісіне не бір сабырлықпен қарады.ҮШ 90.1
Алеандр болса папаның декретінің іске асуын бұрынғысынан бетер талап етті. Германияның заңы бойынша ханзадалардың келісімінсіз оны іске асыру мүмкін емес еді, сол себепті Карл прелаттың табанды түрде қойған талабының әсерінен істі сеймде қарастыруға бұйрық берді. Папаның көсемі үшін бұл салтанатты күн болатын. Айтулы жиынға өте маңызды деген зиялы қауым жиналды, ал жиында қарастырылатын іс оданда маңыздырақ еді. Алеандр әлемнің анасы есептелетін Римнің абройын қорғауға тиісті болды. Сөзге өте шешен прелат жұрттың көңілінен шығатындай сөздер сөйледі, реформаторға жаны ашитындар Алеандрдың сөзінен қауіптенді. Саксондық курфюрст өз адамдарына оның сөзін жазып алуға тапсырма беріп, өзі келмей қалды. Шындыққа ойсырата соққы беру үшін Алеандр өнерін аяған жоқ. Ол Лютерді шіркеудің де, мемлекеттің де, халықтың да, өлінің де, тірінің де, барлық адамзаттың, күллі сенетіндердің және әрбір мәсіхшінің жауы - деп жазғырып, оған жаланы жапқан үстіне жаба түсті. «Осы дәлелдемелердің өзі оны және оның соңынан ергендерді өртеп жіберуге жеткілікті».ҮШ 90.2
Сөзін тамамдай келе ол реформаторлық сенімді жақтаушыларды жек көрінішті ету мақсатында: «Лютерандар дегеніміз кімдер? Жауап біреу-ақ, бұлар дөрекі, әдепсіз, надан ұстаздар, арсыз дін мұғалімдері, азып кеткен монахтар, түисіксіз заңгерлер, қайыршылыққа ұшыраған дворяндар және солардың сөздеріне иланып жүрген қараңғы тобыр. Оларды ұлы да, дарынды католиктермен қалай салыстыруға болады? Осы жарқын жоғарғы соттың шешімі қарапайымдардың кезін ашып, санасыздарды сақтандырып, бұлтақтап тұрғандарға мықтылық берсін» - тоқтады.ҮШ 91.1
Ғасырлар бойы акиқатты қорғаушыларға осындай қару колданылып келді және Құдай Сөзінде анық жазылған ақиқаттарды уағыздаушыларға әлі де қолданылып келеді. «Жаңа ілімнің уағыздаушылары кімдер?” - деп айғайлайды көпшілікпен қабылданатын дінді жақтаушылар. «Бұлар қарапайым, білімсіз, азғантай халық. Олар: «Шындык бізде, біздер Құдайдың қалаулыларымыз» - деп қалайша айта алады? Шынында олар надандар, өздерін оздсрі алдайды. Біздің шіркеулерімізге қараңдар, біз көппіз жөне әсеріміз де ауқымды. Араларымызда үлы ғалымдар да көп. Біз оларға қарағанда әлдеқайда мықтымыз» - дейді. Әрине бұл дәлелдер әлемге әсер етпей қоймайды, дегенмен Лютердің заманында олар қандай нанымсыз болса, қазір де күші сондай-ақ.ҮШ 91.2
Реформация Лютердің өмірімен аяқталып қойған жоқ, ол әліде жалғасуда және біздің планетамыздьщ тарихы аяқталатын күнге дейін жалғаспақшы. Папаның көсемінің айтқан сөздері жұрттың көкейінен шыққандай болды, ол жерде Құдайдың Сөзінің анық ақиқаттарын дәлелге келтіре отыра папаның корғаушысының аузына тосқауыл қоятын Лютер болмады. Осы кезде реформаторды жақтаушы да ешкім қалмады. Барлығы Лютердің ілімін айыптап қана қоймай, оны түп орнымен құртып жіберуге дайын тұрғандай болды. Римнің өзін қорғап қалуына барлық жағдайлар жасалынды, яғни айтатын сөз айтылды, істелінетін іс істелді. Бірақ бұл жеңіс көздің елесіндей алдамшы болатын. Екі ұлы күш әлі де болса ашық шайқаста кездесуге тиісті болды.ҮШ 91.3
Сейімнің мүшелерінің кепшілігі Лютерді Римнің сотына шығарып беруге дайын болғанымен, іштей Германияның халқына зиянын тигізіп тұрған шіркеу мен қаныпезер дін әкелерінің азғындық әрекеттерін тоқтатуды да армандады. Легат папаны тек жақсы жағынан ғана суреттеді. Дәл осы сәтте өтірікке әрең шыдап отырған сейімнің бір мүшесі орнынан тұрып Римде болып жаткан барлық тәртіпсіздіктерді айқын әшкерелеп айтып берді. Бұл адам Саксондық герцог Георг болатын. Сөзін аяқтай келе ол: «Папа билігін пайдаланып білгенін істеп келеді, ал дін әкелері болса ұяттарын калталарына салып қойған, олардың басты мақсаттары ақша табу, халыққа ақиқатты айтып жеткізгеннің орнына, оларды керісінше етірікке үйретеді, ал жүрт оларды тыңдап кана қоймай сол үшін оларға ақша төлейді. Олар өхірікті не ғұрлым көп айтса, сол ғұрлым ақшаны көп табады. Папаны уланған бұлақтың көзі десек қателеспейміз. Олардың жүрген ортасында дүниеқұмарлық пен азғындық қатар адымдап келеді. Дін әкелері халықты бақытсыздықка ұшыратып, мәңгілік өлімге итермелеуде. Дәл осы кезде біз үшін реформа өте қажет-ақ» - деген еді.ҮШ 91.4
Герцог реформацияның дұшпаны болғандықтан тындаушыларын өз сөзіне сендірмей қоймады, тіпті Лютердің өзі де халықты осылай аузына карата алмайтын еді. Жиналғандардың көздері рухани ашылған жағдайда, олар, маңайларындағы ақиқатты қабылдату үшін адамдардың саналарын мен жүректерін ашып жатқан періштелерді көрген болар еді. Мартин Лютер айтулы жиынға қатыспағанымен, ол жерде реформатордан үлкен Біреудің үні естілмей қалған жоқ. Дәл осы сеймде комитет сайланып, папа айыгіты - деп табылып, оның мойнына 101 тармақтан тұратын әр түрлі кінә тағылып, императордан оның қаралуы жөне реформа енгізіліп, оның жүргізілуі талап етілді. Сонымен қоса олар сеймге реформатордың міндетті түрде қатысуын талап етті. Алеандрдың қысымы мен қарсы болғанына қарамастан енді император Лютерді сеймге шақыртуға мәжбүр болды. Шабарман арқылы шақыру қағазымен бірге оған коргау қағазы да жіберілді және айтулы шабарман Лютермен Вормске дейін қоса жүріп отыруға тиісті болды.ҮШ 92.1
Бірақ Лютердің достарына бұл шақырту мүлдем ұнамады. Олар ешбір қағаздың Лютерді қорғауға құдіреті жетпейтінін айтып, оның ешқайда атганбауын өтінді. Ал Лютер болса олармен келіспеді. Рим менің келгенімді емес, өлгенімді қалайды. Сендер менің тілегімді тілей беріндер, егер олар менің көзімді жойса, онда қорыққаны, ал қорыққаны - жеңілгені. Бұрын мен папаны Исаның орынбасары деп санасам, енді Алланың дұшпаны, ібілістің пайғамбары деп атаймын.ҮШ 92.2
Бұл қауіпті жолға Лютер жалғыз аттанған жоқ, императордың шабарманымен қоса оған үш досы еріп шықты. Лютердің досына айналып, оған бауыр басып қалған Меланхтон да онымен бірге еріп барғысы келді. Бірақ Лютер оның осы жерде қалуын жөн керді, себебі Люгермен бірдеңе бола қалған жағдайда, оның ісін әрі қарай жалғастыратын шәкірті болуы керек. Лютерді шығарып салуға келген студенттер мен қала халқы қатты қобалжулы болды. Ізгі хабар жүректеріне әсер еткен кейбір адамдар оны жылап тұрып шығарып салды. Осылайша реформатор Виттенбергтен аттанып жолға шықты.ҮШ 92.3
Жол жөнекей кездескен мекендерде Лютер адамдардың көңіл күйлерінің мәз емес екендігін байқады. Барлық жерлерде императордың шабармандары Лютердің халық арасына тараған еңбектерін жергілікті үкімет билеушілеріне тапсыруды олардан талап етіп жатты. Лютермен бірге еріп келе жатқан шабарман, мүмкін ол кері қайтқанды жөн санар, деп те ойлады. Бірақ Лютер: «Күллі қалаларда да менің шіркеуден шеттетілгенім туралы айтылып жатса да, мен алған бетімнен қайтпаймын» - деп жауап берді оған. Және болып жатқан сапырылыс Лютердің жолын әрі карай жалғастыруына бөгет бола алмады.ҮШ 93.1
Лютер Эрфургке жеткенде халық оны қошеметпен қарсы алды. Ол бір кездері қайыршының қалтасын асынып алып, садақа сүрап аралаған көшелерін көрді. Сол кездердегі өзінің монахтық кельесіне* бас сұғып карап, азап шеккен күндерін есіне алды. Сол сынақтар арқылы оған жеткен, ендігі жерде күллі Германияға тарап жатқан, жарық оның жүрегін нұрландырған болатын. Ал жергілікті халык болса, реформатордың насихат айтуын өтінді. Осы жағдайда оның насихат айтуға құқығы болмағанымен, онымен бірге еріп келе жатқан шабарман ережені бұзып, бұл мүмкіндікті туғызды. Осылайша бұл жерлерде кезінде ең қара, ең лас жұмысты істеген қарапайым монах енді мінбеге көтерілді.ҮШ 93.2
Лютер Алланың атымен барша халыққа сәлем жолдап, айтпақшы болған сөзін бастап кетті. «Философтар, дін ұстаздары, жазушылар қалай адамға мәңгілікке қол жеткізуге болатынын ұғындырып бере алмайды. Айтарым мынау: «Құдай Тағала бір Азаматты, яғни Иса Мәсіхты өлімнен қайта тірілтіп, сол арқылы күнәні жойып, дозақтың есігін жауып, жұмактың есігін ашты”. Бұл кұтқарылу жұмысы... Мәсіх өлімді жеңді. Мұны есту біз үшін бақыт. Біз өз еңбегімізбен емес, Оның біз үшін жасаған ерлігі арқылы кұтқарыламыз”.ҮШ 93.3
Лютер халыққа Иса Мәсіхтың кім екенін, жер бетіне не үшін келгенін, Алланың адамзат баласын құтқарып қалуға арналған жоспарын айтып, Оның кісілерге қоятын талабы жайлы баяндады. Бай болсаң байлығыңмен жақыныңа жәрдемдес, кедей болсаң оларға еңбегіңмен қызмет ет, дүниенің жалғыз ғана тірегі бір Алла екенін мойындап, Оған деген сеніміңді шыңдай түс. Қара басының ғана қамын ойлайтындар Алланың көңілінен шыға алмайды. Халық Лютерді есі кетіп тыңдады. Ашыққан адамдар рухани азық алды. Реформатор халықтың көз алдында Мәсіхтың мәртебесін көтерді және адамдар Оның папалардан, легаттардан, императорлардан және патшалардан жоғары екенін түсінді. Ол өзінің қиын жағдайда тұрғаны жайлы ешкімге тіс жармады, тек бір Алла жайлы ғана айтып, баршаның ниетін Шексіз Құдайға бұрды.ҮШ 93.4
Осыдан кейін Лютер қайта жол жүріп кетті. Жол-жөнекей кездескендер оған алау дайындалып жатқаны жайлы хабар берді, бірақ Лютер Алла үшін алау түгілі, айдаһардың ауызына түсуге де дайын еді. Достары оны қауіптен аман алып қалу үшін ешқайда бармауға қанша үгіттегендерімен, Лютер алған бетінен қайтпады. Достары оның емірі үшін қорықса, жаулары жеңіліп, масқара боламыз ба деп қорықты. Папалықтар пайда болған киындықтар шешілгенше оның бір рыцарьдын, сарайында жасырына тұруын сұрады, ал достары алдында қауіп барын айтып сақтандырды. Дегенмен екі жақта бекерге әуре болды. «Вормсте жындар үйлердің шатырларындағы иректерінен көп болса да, мен оған кірмей қоймаймын” - деп үзілді-кесілді жауап берді оларға Лютер.ҮШ 94.1
Вормске келгенде қала қақпаларының алдына жиналған көп халық Лютерді қуанышты қарсы алды. Императордың өзіне сонша халық жиналып көрген жоқ. Адамдар ете қобалжулы болды. Бір кезде топтың арасынан Лютерге төнген қауіп барын білдірмек болған біреудің зарлаған дауысы шықты. Күймеден шығып келе жатқан Лютер: «Құдай менің қорғаным» - деп жауап берді оларға.ҮШ 94.2
Папалықтар Лютердің Вормске келгенін көргенде, бойларын бейне бір аяз шарпып өткендей болды. Император дереу кеңесшілерін жинап, істі әрі қарай жалғастырудың жоспарын құрды. «Бұл өзі бір ұзаққа созылып кеткен әрекет болды - деп арыз тастады епископтардың бірі. Одан біржола кұтылуға сіздің шамаңыз әбден келеді - деп ол тағы да императорға қарады. Сигизмунд Ян Густы өртеу жазасына ұсынған жоқ па еді. Біз «есерсоққа» берілген қорғау қағазын сыйлауға міндетті емеспіз». Дегенмен император оны қоштамады. «Біз өз сөзімізді аяқ асты қылмай, қайткен күнде де реформаторды тыңдауымыз керек” - деген шешім шығарды ол.ҮШ 94.3
Барлық қала халқы Лютерді көруге құштар болды. Әрі сырқаттан енді айыққан, әрі екі апталық жолдан қажыған Лютерге тыныштық әбден керек еді. Десе де бірнеше сағат демалыстан соң Лютер оны көруге асык болған рыцарьлар*, дворяндар*, дін әкелері және қала халқымен сұхбаттасуға шықты. Соншалықты өжет монахты көруге тек достары ғана емес, жаулары да асықты. Оның жүдеу түрі мен әбден кджыған көздері мейірімділік пен қуанышқа толы болды және жүрегіндегі жылуын барша халыққа жеткізе білді. Сонымен қоса ол қойылған сұрактарға асықпай салмакты түрде жауап берді. Бұл сәтте Лютерге қарсы сөз айтуға оның дүшпандарының да дәті бармады. Біреулер реформаторды Алланың қасиетті күшімен шабыттанған деп есептесе, енді біреулері оны шайтанның кұлы деп санады.ҮШ 94.4
Лютер қазылар алқасының алдына шықпас бұрын, көп шайқастардан өткен кәрі генерал оған жылы көзбен қарап былай деді: «Байғұс монах, мен көп шайқастараға қатысқан адаммын және сенің де сондай қатыгез шайқастың алдында тұрғаныңды білемін. Егер шындық сенің жағыңда болса және өзің соған сенімді болсаң, Құдай үшін алға бас, ештеңеден қорықпа. Алла сені қалдырмайды».ҮШ 95.1
Ертеңінде Лютер сеймге шақырылды. Мұндай үлкен жиынға бұрын соңды қарапайым адам қатысып көрген емес еді. Папа Лютерді шіркеуден шеттетіп, халық арасынан масқаралап қуғындағанымен, енді оны соншалықты ұлы жиынға шақырып тыңдауға мәжбүр болды. Дін әкесі Лютердің үнін канша өшіргісі келгенімен, ол өлемнің әрбір бүрышынан жиналған мыңдаған халықтың алдына шығып сөз сөйледі. Қарапайым монахтың үні ұлы Римнің абыройын әшкерелеп, шаңырағын шайқалтты. Ал бұл дегеніміз нағыз кетерілістің өзі болатын.ҮШ 95.2
Басында реформатор әлемнің ақсүйектерінің алдына шыққанда аздап қобалжыды. Бірақ Шексіз Құдай Өзінің қызметкерін жалғыз қалдырған жоқ, оған дереу көмекке келді. Отырған ханзадалардың бірі: «Ештеңеден қорыкпаңыз, тәніңізді өлтіргенмен, жаныңызды ешкім өлтіре алмайды” - десе, енді бірі: «Әлемнің билеушілері мен патшалардың алдына шыкданда не айтамын деп қысылмаңыз, аузыңызға сөзді Алла Өзі салады» (Матай 10:18-20) - деп, оның көңілін кетеруге тырысты.ҮШ 95.3
Лютерге императордың тағының алдына шығуға ұсыныс жасалды, сарай ішін үнсіздік басты. Оған екі сұрақ койылды, біріншісі: мынау сіздің еңбектеріңіз бе? Солай болған жағдайда олардан бас тартасыз ба?ҮШ 95.4
Бірінші сұраққа Лютер бірден «Иә” - деп жауап қайтарды. Ал екінші сұраққа дұрыс жауап қайтару үшін, ол императордан аздаған уақыт беруін өтінді. «Құдай Сөзі көкте де жер бетінде де ұлы қазына болып табылады. Сондықтан ол сұраққа ойланбай жауап беру дұрыс болмас, олай істеген жағдайда ақиқатты толық жеткізбеуім немесе артық сөйлеуім әбден мүмкін. Ал Иса былай дейді: «Адамдардың алдында Менен біреу бас тартса, көктегі Әкемнің алдында Мен де одан бас тартамын» (Матай 10:33). Сонда бұл мәтін тікелей маған қатысты болғаны ғой. Қымбатты император! Құдай Сөзін ғайбаттамас үшін және соған тұрарлықтай жауап беру үшін маған ойлануға уақыт беруіңізді сұраймын”. Реформатордың бұл өтініші оның даналығын байқатты және оның солай істегені дұрыс болды. Кұллі жиын оның ісінде селқостық және аңғырттық жоғының куәсі болды. Ымыраға келмейтін және өжет адамның бойынан табылған сабырлық пен жігерлік оның сөзіне сенімділік берді және кейінгі жауабында ол өркөкіректігі мен менменшілдігі әшкереленген қарсыластарын таң қалдырып, барлық койылған сұрақтарға салмақтьшықпен, өжеттілікпен және данышпандықпен жауап қайырды. Келесі шешуші күн болатын. Кенеттен Лютердің бойын беймолім бір қорқыныш билеп кетті. Ол өзін сенімі шайқалып кеткендей сезінді, ал жаулары болса оның жеңілісін тойлауға дайын тұрғандай болып көрінді. Түнек оны орап, Алламен байланысы үзіліп қалғандай сезілді. Осындай жанталасқан сәтте Лютер Алланың алдына құлап, басын иіп, Оған жалбарынды. Көкірегінен үзіліп шыгып жатқан сөздер тек Құдайға ғана мәлім болатын.ҮШ 95.5
«Жаратқан Жалғыз Ием! Бұл не қылған қатыгез әлем? Ол өзінің аузын айдаһардай ашып, мені жұтып жіберуге дайын тұр. Ал менің Саған деген сенімім өте нашар. Егер де мен осы әлемнің мықтыларына ғана сенсем, онда мәңгілікке құрығаным. Мен оларға ешқандай жамандық тілемеймін, десе де олардың көздерін шындыкка жеткізу үшін маған Сенің даналығың меи күшің қажет. Бұл әділетті және ұлы шайқас. Осы шайқас үшін Сен мені таңдап алдың. Өтінемін Сенен, көмектесші маған. Сенерім Жалғыз Өзіңсің. Мен үшін жанын пида қылған Иса Мәсіхтың атынан сұраймын, өйткені менің Қорғаным да, Қалқаным да, қамалым да жалғыз Иса” - деп Жаратқанға жалынды. Бұл оның сенімін сынақтан өткізуге арналған кезең, шыңдалатын сәті еді. Лютер өз емірі үшін қорыққан жоқ, ақиқатты қорғауға даналығым жетпей қала ма деп қауіптенді. Жаны қатты күйзеліске ұшыраған осы сәттерде, ол, бір кездері жалғыз жылғаның жанында жаны азапқа түскен Исраил секілді киналды. Бірак Исраил жеңді, дәл сол секілді Лютер де өзінің жеңіске жететінін сезді. Құдай оның жалғыз емес екенін білдіртті. Осыдан кейін оның жаны жай тауып, бойын әлдебір қуаныш биледі. Енді ол атақты адамдардың алдына шығып ақиқатты уағыздап, сөз сөйлейтініне өте риза болды. Болар істі Алланың қолына тапсырып, ол алдағы болатын шайкасқа дайындалды. Лютер өзінің қолжазбаларын қарап шығып, Киелі Кітаптан сөздерінің растығын дәлелдейтін жерлерін жазып алды. Онан соң сол қолын Киелі Кітапқа қойып, оң қолын көкке көтеріп: «Ақиқатты ашық түрде қорғаймын, егерде оны қаныммен дәлелдеу кaжет болса, дәлелдеймін” - деп Құдай алдында серт берді.ҮШ 96.1
Сеймге қайта келгенде оның жүзінде қорқыныштың ізі де болған жоқ. Осы әлемнің ұлыларының алдында Құдайдың ержүрек куәгері жалғыз тұрды. Императордың сановнигі: «өз іліміңнен бас тартасың ба? Жоқ па?»деп, Лютердің оған бірден жауап беруін талап етті. Лютер саспады, оның байсалдылығы мен қуанышты жүзіне көңіл аударған жиын қайран қалды.ҮШ 97.1
«Қымбатты император, қадірменді ханзадалар, мейірімді қауым - деп бастады Лютер өз сөзін. Мен сіздердің алдарыңызға кешегі қойылған сұраққа жауап беру үшін шығып тұрмын және де мені дүрыс тұсінулеріңізді етінемін. Егерде бір себептермен әдепті бұзсам, алдын ала кешірім сұраймын, өйткені мен патша сарайында емес монастырда тәрбиелендім. Менің қолжазбаларым мағынасы жағынан әр қилы. Олардың кейбіреулері тек сенім мен Құдайдың беретін берекесіне арналған. Олардың ешкімге келтіретін зияны жоқ, керісінше тек қана пайдасы барын достарым түгілі жауларым да мойындайды. Олардан бас тарту ақиқатты жоққа шығарумен бірдей. Қолжазбалардың бір белігі папаның бұзақылық әрекеттерін әшкерелейді, олардан бас тарту Римнің қатыгездігін қолдап, заңсыздыққа жол ашып беру деген сөз. Ал қолжазбалардың енді бір бөлігі осы заңсыздықтарды қолдайтын жеке адамдарды сынауға арналған. Кейінгі жазбаларға келетін болсақ, мін тағам деп артық кеткен жерлерім де бар шығар, өйткені неше түрлі қателіктер менің де басымнан өтіп жатады”. Соған қарамастан айтулы жағдайды пайдаланып акикаттың жаулары Құдай халқын бұрынғыдан бетер қорламас үшін ол, осы қолжазбалардан да бас тарта алмайтынын айтты.ҮШ 97.2
«Мен Құдай емеспін, адаммын. Қымбатты император! Қадірменді ханзадалар! Егер де сіздер мені қателесіп тұр деп ойласаңыздар, қатемді көрсетіп, оны Киелі Жазу аркылы дәлелдеп беріңіздер, сонда мен қатемді мойындап, өзім бірінші болып бұл кітаптарды отқа тастайын».ҮШ 97.3
«Сондай-ақ мен бостан босқа емес, ойымды салмақтап барып сейлеп тұрмын және қаншалықты қауіпке бас тігіп тұрғаным да өзіме белгілі. Жүрегімде ешқандай қорқыныш жоқ, керісінше, біздің заманымызда, Ізгі хабардың бұрынғы кездердегідей ұлы шайкастың себепшісі болып тұрғанына қуанамын. Себебі Құдай сөзіне ешкім немқұрайды қарай алмайды. «Мен жерге бейбітшілік емес, қылыш әкелдім” - деген болатын Иса Мәсіх. Құдайды назаландыруға ешкімнің хақысы жоқ. Құдай сөзін қуғынға ұшыратам деп өз бастарыңызға тауқымет пен қасірет тілеп алмаңыздар. Бұған мысалдарды көптеп келтіруге болады. Кезінде перғауын да, Исраил патшалары да өз биліктерін бекіте түсу үшін, жанындағылардың ақылын дұрыс деп тауып, ақыры өз бастарын ажалға өздері ұсынған”.ҮШ 97.4
Лютер неміс тілінде сөйледі, одан, осы айтылған сөздерінің бәрін латын тілінде қайталап беруі сүралды. Қаншалықты шаршап тұрғанына қарамастан ол латын тілінде қайта сөйледі. Тоң мойын тоқшар болып қалған ханзадалар Лютердің сөзін екінші рет қайталанғанда ғана ұға бастады. Ал ақиқатты тыңдағысы келмегендер ызаға булықты. Сеймнің төрағасы: «Мына қолжазбалардан бас тартасың ба? Жоқ па?” - деп, Лютердің оған қысқа жауап беруін талап етті.ҮШ 98.1
«Ұлы император және қадірменді ханзадалар менен тура жауапты талап етсе, айтарым мынау. Мен соборға да, папаға да сенбеймін, өйткені олар жиі қателеседі, мен тек Киелі Кітапқа ғана сенемін және ондағы жазылған ақиқаттан еш уақытта бас тартпаймын. Дейтінім осы, басқаша істей алмаймын. Құдайым маған жар болсын. Аумин” - деп реформатор қысқа жауап қайырды. Осылайша қайратты туған ер, Киелі Жазбаны басшылыққа ала отырып, жауыздыққа қарсы жалғыз шабуыл жасады. Осы сәтте оның жүзі де жарқырай түсті.ҮШ 98.2
Жиналғандар бір сәтке үнсіздікке оранды. Әуелде олар Лютердің дұрыстап ойланып алуға мұрсат сұрағанын екі ойлы болып тұр деп есептеген болатын. Карлдың өзі реформатордың жүдеу түріне, жұпыны киіміне жай сөйлегеніне қарап: «Мына монах маған ешқашан өз ілімін қабылдата алмайды” - деп шіренді. Кейін оның батылдығы, келтірген дәлелдемелерінің күші мен анықтығы тындаушыларын таң қалдырмай қоймады. Енді жиналған қауым Лютердің өжеттігіне қайран қалды. «Мына монах ержүрек екен, қорқайын деп тұрған сыңайы жоқ” - деп дауыстап жіберді император. Германия ханзадаларының көпшілігі өздерінін жерлесінің жеңісін көріп, оған мақтанышпен қарады.ҮШ 98.3
Рим жақтаушылары сәтсіздікке ұшырады. Айтқан сөздері, келтірген дәлелдемелері қисынсыз болды. Биліктерін Киелі Жазбадағы ақиқаттар арқылы емес, қауіптендіру, қорқыту арқылы бекітпек болды. Сеймнің төрағасы Лютерге қарап: «Егер сен өз дегеніңнен бас тартпасаң, бұзақы ретінде қатты жазаға тартыласың» - деді.ҮШ 98.4
Лютерді жігерлене тыңдап отырған оның достары бұл сөзді естіп сескеніп қалды. Ал Лютердің жүзінде қорқыныштың ізі де болған жоқ. Ол жайбырақат үнмен: «Мен ілімімнен бас тарта алмаймын. Тәңірім маған жар болсын» - деп жауап берді оларға.ҮШ 98.5
Ханзадалар бір бірімен келіссөз жүргізгенше, Лютерге сеймнен шығып тұру бұйырылды. Лютердің соборға қарсы шығуы шіркеудің тарихына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін еді, сол себепті Лютер тағы да соңғы рет сеймге шақырылды. Бұл жолы оған қандай жаза қолданылса да оның Римнің қойған талаптарын орындамайтыны, айтқан сөздерінен бас тартпайтыны белгілі болды.ҮШ 98.6
Мықтылардың мықтысы болып саналатын папаның көсемдеріне қарапайым монахтың қарсы шығуы оларды қатты қобалжытты. Лютер азапталып өлтірілсе ғана олардыңызасы басылатындай болды. Осыған қарамастан Лютерді ңмінезінде менменшілдік, ашушаңдық байқалмады, ал оның өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан жүзінде коркыныштың елесі де болған жоқ. Себебі оның арқа сүйері барлық жан иелерін жаратқан, бүкіл ғаламның Иесі - Иса Мәсіх еді. Айтулы жиында қарапайым адамның тілімен Құдайдың Өзі сөйледі. Алланың сөзінің күші ешкімді немқұрайды қалдыра алмады. Ханзадалардың біразы Лютердің сөзінің шындық екенін мойындады. Олардың бір бөлігі бастапқыда реформатордың сөзіне иланғанымен, кейін одан бас тартты, ал енді бір бөлігі ақиқатқа берілгендіктері соншалық, кейін реформация ісінің қажырлы қайраткерлеріне айналды.ҮШ 99.1
Лютердің сеймге шығуын алаңдай отыра күткен курфюрст Фридрих оның сөзін қатты қобалжи отыра тыңдады. Өз иелігіндегі азаматтың ерлігіне қызығып, әрі қуанған Фридрих оны қорғауға бел байлады. Қарсыласушы жақтардың күштерін салыстыра келе, ол, папаның және оның сыбайластарының акылдарының Құдайдың даналығымен салыстырғанда жай ғана топырақ екенін айқын көрді. Папа жеңіліске ұшырады және оның жеңілісі осы жерде ғана тамамдалып қоймай, барлық келесі ғасырларға тарайтыны анық байқалды.ҮШ 99.2
Лютердің сезінің қайратын және оның көпшілікке қалайша әсер еткенін бақылаған легат, Римнің билігінің берік болатынына күмән келтірді. Сөйтіп ол, барлык сөз шеберлігін пайдаланып, қайдағы қайыршы монах үшін ұлы Риммен достығын жойып алса, қандай қауіпке душар болатынын жас императорға суреттеп берді. Легаттың сөзі императорға әсер етпей қойған жоқ. Келесі күні Карл католиктер шіркеуін қолдап, оны қорғайтыны жайлы уәде етілген шешім қабылдады. Лютер дегенінен бас тартпағаны үшін оның өзі де және оның ізбасарлары да қатты жазаға тартылатын болды. Өйткені ол таза мәсіхшілер дініне қарсы шыққан есалаң, ойына масаттанып жүрген нақұрыс деп жарияланды. «Мен бұл бұзакылардың көзін жою үшін өз билігімді, байлығымды, достарымды керек десе өмірімді кұрбан етемін. Жексұрын монах көзіме көрінбей жок болсын. Оны және оның ізбасарларын типыл қылу үшін бар күшімді саламын. Десе де тағдыры түбегейлі шешіліп болғанша, Лютер үйіне аман-есен оралуы үшін, қорғау қағазы өз күшін жоймайтын болады» - деді император.ҮШ 99.3
Сейм қарама-қайшы екі лагерге бөлінді. Папаның елшілері сеймнен «Лютерден қорғау қағазы алынуы керек” - деп талап етті, жүз жыл бұрын Ян Густың күлін қабылдағандай, Рейн оның да күлін қабылдасын - деп шулады. Ал Германияның ханзадалары болса, өздері папаның жағы, яғни Лютердің дұшпандары бола тұра: «Атымызға кір келтіретін мұндай заңсыздыққа жол бере алмаймыз. Ян Гуспен болған оқиғаның арты ұрысқа айналып, халық қаншама қасірет шеккен болатын. Біз ейтіп Германияның және оның жас императорының басына сор тілеп алатын жайымыз жоқ” - деп, бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы болды. Лютердің жаулары императорды өз айтқандарына қаншалықты көндіреміз дегенімен император: «Сигизмунд секілді уәдемнен бас тартып абыройымды айрандай төге алмаймын» - деп, олардың дегеніне көнбей қойды.ҮШ 99.4
Карл католиктер шіркеуінің заңсыздық әрекеттеріне, зұлымдықтарына қарамастан ақиқаттан бас тартып, ата-бабаларының жүрген жолымен жүріп, солардың ұстанымдарын жақтап қалуға бел байлады.ҮШ 100.1
Қазіргі заманымыздың өзінде де анық тұрған шындыққа мойын ұсынбай, ата-бабаларымыз солай істеген, бізде солай жасаймыз деп қателесіп жүрген жандар аз емес. Десе де біздер ата-бабаларымызға қарағанда басқаша жағдайда тұрмыз, өйткені біздердің міндеттеріміз де, парызымыз да өзгеше. Егер біз ақиқатты өз бетімізбен зерттеуге мүмкіндіктеріміз бола тұра, соған байланысты міндеттеріміз бен жауапкершілігімізді анықтағанның орнына ата-бабалар салтына алаңдай беретін болсақ, әлбетте сол үшін Құдай алдында жауап береміз. Біздің жауапкершілігіміз олардың жауаикершілігінен артық, өйткені біздің жанымызды олармен қалдырылған ілім және Киелі Жазба беттерінен алынған ілім нұрландырып тұрады.ҮШ 100.2
Иманы шала яхудейлер жайлы Иса Мәсіх былай дейді: «Мен сенімі жоқ яхудейлерге келіп шындықты айтпаған болсам, олар күнәсіз болып қала берер еді, ал ендігі жерде олар өз жасаған күнәларына жауапты болмақ» (Жох. 15:22). Дәл сол Ұлы Күш германиялық сеймге Лютердің аузымен сөз сөйледі. Сол жерде ақиқат жарығы жиналғандарға өз сәулесін шашқан кезде, Құдайдың Рухы соңғы рет олардың көпшілігінің Құдайға бой ұсынуын өтінді. «Мәсіхші қылуға көзімді аз-ак жеткізе алмай тұрсың» - деген менменшіл Агриппа секілді, «Ал қазір бара бер, уақытым болған кезде шақырып аламын» - деп үрейленген Феликс секілді (Елш. 24:25, 26, 28), осы дүниенің билігі үшін Әлемнің Құтқарушысының алдында жүрегінің есігін мықтап жауып алған Пилат секілді Карл V де жер бетінің билігін қимай, Алланың жіберіп тұрған жарығын қабылдамады.ҮШ 100.3
Лютерге төніп тұрған қауіп жайлы сыбыс бар қаланың тұрғындарын қобалжытты. Реформатордың достары оны құтқарып калудыц жолын қарастырды. Көпшілік қауым императордың шығарған шешімін Римге жағынғандығы деп жа- риялады. Ғимараттардың қабырғаларында, үйлердің қақпаларында неше түрлі жазулар пайда болды. Олардың бірі Лютерді балағаттауға арналса, енді бірі керісінше оны мақтауға арналды. Кей жерлерде қарапайым да көп мағыналы дана патша Сүлейменнің: «Уа елім! Патшаң бозбаладай тәжірибесіз болса қасіретке қалғаның!” (Уағ. 10:16)деген жазулары да болды. Лютердің жанашырларының, бүкіл Германияны баурап алған, бұл қобалжулары сеймнің де, императордың да байқаусыз әрекетхен сак, болуына мезгеп тұрды.ҮШ 100.4
Саксондық Фридрих реформаторды іштей жақтайтынын ешкімге білдіртпей, оны сырттай қорғап жүрді және Лютердің де, оның жауларының да соңынан аса бір сақтықпен бақылап отырды. Лютерге дұрыс көзқараспен қарайтындарын жасырмайтындар да көптеп табылып жатты. Оған графтар, барондар, ханзадалар сонымен қоса шіркеуден де адамдар жиі келіп тұрды. «Кейде жиналғандардың сандарының көп болатындығы соншалықты, олардың, реформатордың аядай бөлмесіне симай қалатын кездері де болатын” - деп жазды Спалатин. Халык оған адамнан жоғары жан иесі секілді қарады. Оның ілімін қабылдамайтындардың өздері Лютерге деген керемет бір қарым-қатынастарын жасыра алмады.ҮШ 101.1
Лютерді Риммен келісімге келтірмеьске мәжбүрлеген адамдар көп болды. Вельможалар*: «Қасарысқаннан шығатын ештеңе жоқ, өз басыңа пәле тілегеннен басқа түк таппайсың»деп Лютерді Риммен келісімге келу қажеттігіне иландыруға тырысты.ҮШ 101.2
«Ізгі хабар шайқассыз жариялана алмайды. Here корқақтық, ақиқат болып табылатын Құдай сөзінен мені ажыратуы керек? Ешкашан олай болмайды». «Мен ақиқат үшін өлуге де дайынмын»деп жауап берді оларға Лютер. Реформатордан тағы да императорға бағыну талап етілді. «Менің кітаптарымды императордан бастап карапайым мәсіхшілерге дейін оқып шығып, сарапқа салуына қарсы емеспін, бірақ олар бұл еңбектерді Киелі Кітаппен салыстырып отырып оқулары керек. Себебі Құдай сөзіне бағынбау мүмкін емес. Мен өзім Құдай сөзіне түптүгел бағынамын. Сіздерге айтарым, менің арымды, дегендеріңізге лайықты етем деу пайдасыз әрекет». Тағы да бір кездесу кезінде: «Мен қорғау қағазынан да бас тартамын, ез өмірімді императордын колына тапсырамын, бірак Құдай сөзінен ешқашан бас тартпаймын»деді Лютер. Онан соң реформатор сеймнің шешіміне, ол Киелі Жазумен қарама-қайшы келмесе ғана, бағынатынын айтты. «Ал Киелі Кітапқа келетін болсақ, оны оқуға және ол туралы өз көзқарасын айтуға папа және оның сансыз соборлары секілді кез келген мәсіхшінің құқығы бар” - деп, ол, өз сөзін тамамдады. Осыдан кейін Лютердің жаулары да, достары да оны Риммен татуластыру мүмкін емес екендігін жақсы ұқты.ҮШ 101.3
Егер де Лютер өз еңбектерінің ең болмағанда бір тармағы бойынша папалықтармен келіскенде, сайтан өз жеңісін тойлаған болар еді. Бірақ Люгер осы жерде табандылық танытты және оның табандылығы жаңа дәуірге жол ашты.ҮШ 102.1
Бұл адамның дін саласында ойланып, белгілі бір әрекеттер жасап енгізген жаңалықтары шіркеуге де, барлық әлемге де ықпалын тигізбей қойған жоқ. Сонымен қоса бұл әсер белгілі уақыт аралығымен шектеліп қалмады, келер ұрпақтарға кеңінен тарады. Оның табандылығы, Құдайға деген мүлтіксіз сенімі дәл осындай жағдайларға тап болған адамдарға көмектеседі, күш жігер береді. Құдайдың күші мен Оның қабылдайтын шешімі адамның шешімінен және албастының күшінен әлбетте жоғары.ҮШ 102.2
Лютер императордың қаулысы бойынша еліне қайтарылды, бірак ол, өзіне шығарылған үкімнің оның соңынан бірге еріп жүретінін жақсы білді. Төбесінен төніп тұрған қасірет бұлтына қарамастан реформатор Вормстен куанышқа толы жүрекпен аттанды.ҮШ 102.3
Папаның қамалын сайтан қорғап тұрған болатын, бірақ Иса қамалға қабырғаны тесіп кірді, осылайша сайтан Оның билігін мойындауға мәжбүр болды.ҮШ 102.4
Лютер кетер алдында, оның табандылығын қасарысқандық деп ұкпау үшін, императорға хат жазып кетті: «Адам баласының жүрегін көріп тұратын Жаратқан Жалғыз Иеміз - менің куәгерім. Мен сіздің өзіңізге, билігіңізге ешқандай қарсылығым жоқ, бағынамын. Бірақ адам емірінің жалғыз ғана өлшеуіші болып саналатын Құдай Сөзіне карсы тұра алмаймын. Мәңгілік жайлы сез болған кезде, бір адамның екіншісіне бағынғанын Құдай қаламайды. Өйткені Алланың алдына барғанда әркім өзі үшін ғана жауап береді. Мұндай бағынушылық сол адамның алдында бас июмен бірдей. Ал адам тек Құдайдың алдында ғана бас июі керек».ҮШ 102.5
Вормстен қайтар жолда жртшылық Лютерді жылы қарсы алды. Императордың сотына түскен адамды үкімет басшылары да, дін иелері де қуанышпен қабылдады және одан Құдай Сөзін уағыздауды өтінді. Лютер императордыңтыйым салғанына қарамастан мінбеге көтерілді.ҮШ 102.6
Папалықтар, Лютер Вормстен аттанып кетсімен, императордың оған қарсы үкім шығаруын талап етті. Бұл декретте: «Лютер, монах киімін киген, адам бейнесіндегі шайтан»деп жарияланды. Қорғау қағазының мерзімі өтсімен оған қатаң шаралар қолданылу қажеттігі бекітілді. Шығарылған үкімде: кім кімге болса да жүрген жерінде Лютерге қонақжайлық жасауға, ас-сумен бөлісуге, қол көмегін, сөз көмегін жасауға тыйым салынды. Кез келген жерде оны ұстап, қамауға алуға болады деген бұйрық берілді. Ал оған көмек көрсеткендер мүліктерінен айрылатын болды. Лютердің жазған еңбектері жойылуы керек деп жарияланды, ал оны оқитындар ауыр жазаға тартылады делінді. Лютер кеткен соң көп ұзамай онымен жылы қарым-қатынаста болған ханзадалар мен Саксондық курфюрст те Вормстен аттанды. Олар кетсімен сейм императордың қаулысын дереу бекітті. Бұл жолы папаның көсемдері: «реформацияның тағдыры біржола шешілетін болды»деп есептеді.ҮШ 102.7
Бірак Құдайдың жоспары баскаша болатын. Реформаторды өлімнен кұтқарып қалу үшін құпия жерге тығып тастау қажет болды. Сөйтіп Құдай Саксондық Фридрихке даналық беріп, ол Лютерді құтқарып қалудың жоспарын ойлап тапты. Сенімді адамдарының арқасында курфюрсттың ойлағаны жүзеге асты. Үйіне қайтып келе жатқан Лютерді орта жолда біреулер ұстап алып, жолбасшыларынан айырып, орман ішіндегі жолмен таулы жерде жалғыз орналасқан Вартбург қамалына әкеліп тығып тастады. Бұл, іске асқан жоспардың құпия болғаны соншалықты, тіпті Фридрихтің өзі де көп уақытқа дейін Лютердің қайда екенін білген жоқ. Білмейтін адамға құпия сақтау оңай, сол себептен оған ештеңе айтылмады, тек реформатордың амандығы жайлы ғана хабар жеткізіліп тұрды.ҮШ 103.1
Көктем, жаз, күз өтіп қыс келді. Ал Лютер өлі де болса сол қамалдың тұтқыны болып жатты. Алеандр және оньщ маңайындағылардың қуанышында шек болмады. Өйткені олар Ізгі хабар біржола өшіп, жоқ болады деп есептеді. Десе де жағдай олардың күткеніндей емес, мүлдем басқаша болатын. Реформатор өзінің майшамын ақиқаттың қазынасынан толықтырып жатты, себебі жарық одан бетер жарқырай түсуге тиісті болды.ҮШ 103.2
Лютер біраз уақытқа созылған қатаң шайқастан соң қауіпсіз жерде - Вартбург қамалында дем алды. Бірақ бұл демалыс ұзаққа созылған жоқ. Себебі уақыт өткен сайын оның іші пыса бастады. «Алланың адамзат баласына қаһары төніп тұрған осы ауыр кезеңде, Исраилды қорғайтын бір пенде табылмады ғой” - деп ол іштей қатты қынжылды, тіпті өзін шайқас алаңын тастап тығылып жатқан қорқақтай сезінді. Дегенмен, ол күн сайын адамның бір күнде істеп бітіруге мүмкіндігі келмейтіндей орасан еңбек жасап жатты. Оның қаламы бір сәт те дем алмады. Лютердің үні бір жола өшті-ау деп есептеген оның жаулары кенеттен қобалжи бастады. Реформатордың қаламынан шыққан жазбалар барлық Германияға таралды. Оның отандастарына сіңірген еңбегі өте зор болды, өйткені Жаңа Өсиетті неміс тіліне аударған Мартин Лютер болатын. Жыл бойы өзінің тасты Патмос аралынан Ізгі хабарды уағыздап жатқан Құдайдың адал куәгерінің дауысы жан жаққа шарықтап шығып жатты.ҮШ 103.3
Құдай оны бұл өмірдің сахнасынан алып кетіп, оңаша жерге бекер тыққағі жоқ. Біріншіден ажалдан арашалап қалды, екіншіден маңызды жұмыс тапсырды. Ең бастысы жетістіктер мен табыстан соң кеудесін көтеріп кететін менменшілдіктен, басты шыр айналдыратын атақтан қорғады.ҮШ 104.1
Адамзат ақиқат сыйлаған бостандыққа қол жеткізгенде, сол ақиқатты берген Құдайды емес, оны уағыздаған пендені дәріптеп кетеді. Себебі албасты адамның ойы менсезімін Алладан бұрып әкетіп, Құдайды емес, Оның қолындағы қаруының атағын жаңғыртады. Ал адам баласы болса атакқа тұншығып, кейде пендешілік жасайды, сөйтіп халықты Құдай Сөзіне емес, өз сөзіне иландырғысы келеді. Ғибадатханалардареформа*осындай рухпен қаруланған пенделердің қьірсығынан жиі тоқтап қалып жатады. Құдай Реформацияны осындай қателіктерден қорғап қалуды көздеді. Бұл еңбек адамның емес, Алланың мөрімен бекітілуге тиісті болды, сондықтанда Құдай, адамдардың назарын мәңгілік шындықтың Авторына аудару үшін Лютерді ешкімге көрсетпей, тасалап тастады.ҮШ 104.2