40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
Құдай заңын орындайтындар үкімет билігінің қорғауынан қүр қалғанда әр түрлі мемлекеттерде жаппай оларды құртып жіберуге бағытталған қозғалыстар пайда болады. Бір-ақ түннің ішінде бұл жандардың қарсыласу үнін өшіріп тастауға шешім қабылданады. Құдайдың халқы түрмелерде, тоғайларда, тау тасаларында Иелерінен қорған сұрап мінәжат етіп жатқанда, жындардың азғыруымен желігіп алған қарулы топтар оларды өлтіруге дайын тұрады. Осындай қауіпті сәтте халқын құтқару үшін іске Алла араласады.ҮШ 410.1
«Ал сендер касиетті мейрам түніндегідей ән салатын боласыңдар, Құдайдың қасиетті тауына көтеріліп бара жатқан адамдай жүректерің қуанышқа толы болады. Сонда Құдай зор дауысымен күндей күркірейді, қатты ашуланып оттай жалындайды, борандай бұрқырап тас бұршақтай болып жауады» (Ишая 30:20,30).ҮШ 410.2
Салтанатты айғаймен, ауыздарымен атқан қарғыспен ашынып алған қара тобыр жемтігіне бас салуға дайын тұрған кезде, жер бетіне түннен де қою қараңғылық түседі. Сонан соң аспанда жарқыраған Алланың тағының кемпірқосағы пайда болады және ол Құдай алдында тізе бүгіп тұрған әрбір жанды орап алғандай көрінеді. Осы сәтте зұлым тобыр үнсіз қалады. Мысқылдау, ажуалау бірден тоқталады. Адамдар бойларын кернеп бара жатқан ашу-ызасын ұмытады. Бастарына сұмдық қауіп төніп тұрғанын сезінген олар, денелерінен өтіп бара жатқан жарықтан тығылудың қамын ойлайды. Құдайдың халқы болса «Бойларыңды түзеңдер!” - деген сазды дауысты естиді. Бастарын жоғары көтеріп қараган олар серттесу кемпірқосағын кереді. Қоюланған қара бұлттар сейіліп, бұлар енді кезіндегі Степан секілді көктен Құдайдың атағы мен тақта отырған Адамзат Ұлын (Құдай тағайындаған Билеуші) көреді. Бұлар Оның денесінде қалған қорлықтың ізін көріп және «Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Мен болатын жерде болуларын, әрі Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көргендерін қалаймын» деп Әкесінен жалынып сүрап жатқан Исаның дауысын естиді (Жох. 17:24). Онан соң тағы да сазды дауыс естілді: «Мінекей келе жатыр! Күнәсіз және кіршіксіз қасиеттілер келе жатыр! Бұлар Менің сөзімді мүлтіксіз орындағандар, олар періштелермен бірге жүретін болады».ҮШ 410.3
Сенімдерін бар күштерімен қорғаған бұл жандардың бозарып кеткен түрлеріне өң кіріп, дірілдеген еріндерінен жеңістің дыбысы үзіліп шығады. Түннің ортасында Құдай Өзінің халқын құтқарып алатын күшін көрсетеді. Шуақтары жаркырап күннің көзі шығады. Таңғажайып істер мен белгілер бір бірлерін алмастырып жатады. Тақуалар куанып жатканда, құдайсыздар бұл көріністерге сұмдық қорқынышпен қарайды. Табиғат та өзінің әдеттегі жағдайынан өзгеше болып көрінеді. Өзендер тоқтап қалады. Ауыр күңгірт бұлттар бір біріне соғылысып жатады. Бұрқан талқан болып жатқан көктің ортасынан айтып жеткізе алмайтындай даңқтың жолағы көрінеді. Оның артынан көптеген сулардың гүрілдеген дыбысына ұқсас «Орындалды» деген Алланың дауысы шығады ( Аян 16:17).ҮШ 411.1
Бұл дауыстан жер мен көк сілкінеді. Сонан соң адамзат жер бетінде өмір сүргелі болып көрмеген зор жер сілкінісі болады (Аян 16:18).ҮШ 411.2
Аспан ашылып және сығылып келе жатқандай керінеді. Құдайдың тағынан Оның даңқының жарығы шығады. Таулар шайқалып сынып, сынықтары жан жаққа ұшады. Көтеріліп келе жатқан дауылдың гуілдеген дыбысы естіледі. Теңіз толқындарын жағаға ұрып, буырқана бастайды. Жындардың дауысына ұксас дыбыс шығып, сұмдық дауыл көтеріледі. Жердің беті теңіздің толқындары секілді шайқалады. Жердің негізі қозғалып, оның бетінде жарықтар пайда болады. Таулар теңіздерге батып, мекенді аралдар көзден ғайып болады. Жағалауға жақын жердегі калалар, кезіндегі бүлікшілердің мекені болған Содом қаласы секілді бірте - бірте жоғала бастайды.ҮШ 411.3
Осылай ұлы Бабыл Құдай алдында ескеріліп, қала Құдайдың «тостағанынан” - Оның қатты ашуы мен қаһарын білдіретін «шарабын» ішуге мәжбүр болды. Аспаннан адамдардың үстіне салмағы жүз қадақтай дәу тастар жауды (19,20 өлеңдер). Ең үлкен, өзімшіл, асқактаган қалалар үйіндіге айналды. Әлемнің ұлылары атағын асыру үшін, байлыктарын салып орнаткан зеулім сұлу сарайлары опырылып құлап жатқандарын өз көздерімен көреді. Түрмелердін кабырғалары қирап, сенімдері үшін зардап шеккен имандылар одан босанып шығады.ҮШ 411.4
«Бейіттер ашылып, жер астында ұйықтап жатқандар, біреулері мәңгілік өмір үшін, енді біреулері мәңгілік мазақ үшін оянады (Дан. 12:2). Үшінші періштенің хабарына сеніп, Құдайдың заңына бағынып иманды болып өлгендер кәрден даңқты болып түрегеледі. Сол сияқты Мәсіхтің елім алдындағы азабына айызы қанып, Оны мазақ қылып, қорлап, шанышқымен түйрегендер де тіріледі (Аян 1:7). Және де Құдайдың меншікті халқы мен Оның ақиқатының қарсыластары да Мәсіхтің даңқы мен құрдіретін ез көздерімен көру үшін оянады.ҮШ 411.5
Қою бұлт әлі де болса аспанды торлап тұр, десе де оның арасынан Құдайдың қаһарының көзі секілді күннің сәулесі көрінеді. Найзағай жарқьшдап, арсыздардың тағдырларының шешілетінін хабарлап тұрғандай сырлы (құпия) дыбыстар шығады. Кепшілік мұның мағынасын ұқпағанымен, жалған ұстаздар оны анық түсініп тұр. Жуырда ғана қамсыз, дөрекі, өркөкірек болып Құдайдың парызын орындаушыларға қатыгездік жасаған олар, енді мұндай қорқынышты сұмдыктан бойларында әл қалмай дірілдеп кетеді. Олардың зарлы үндері табиғат апатының дыбысынан да асып түседі. Мәсіхтің Құдаймен бірдей екенін білетін жындар Оның билігінен қатты қорқады, қорқатындары соншалықты естері қалмай дірілдейді. Ал адамдар болса, бұл уақытта не істеп, не қойғандарын білмей, Құдайдың мейірім жасауын сұрап жер бауырлап жорғалай бастайды.ҮШ 411.6
Ежелгі пайғамбарлар ақырдың күні туралы: «Жылаңдар, өйткені ақырдың күні тақау, ол Жаратқанның талқандайтын күшіндей болып келе жатыр” (Ишая 13:6) деп айтып кеткен болатын.ҮШ 412.1
«Ей, опасыздар Жаратқан Иенің қорқынышты қаһарынан, Оның айбынды ұлылығынан құз шатқалдардың арасына қаіпып барып, жердегі шұңқырларға жасырынуға тырысыңдар! Менменшілдің көзі төмен қарап, адамзатгың асқақтауы талқандалатын күн туады! Сол күні жалғыз Жаратқан Иенің ғана мерейі үстем болады» (Ишая 2:10-12).ҮШ 412.2
«Сол күн туғанда күнөкарлар табыну үшін өздеріне жасап алған алтын, күміс тәңір мүсіндерін лақтырып, оларды көртышқандар мен жарканаттарға қалдырып, өздері құз шатқалдардың ішіндегі үңгірлер мен қуыстарға қашып кіреді. Өйткені Жаратқан Ие жерді сілкілеу үшін тағынан тұрғанда олар Алланың қорқынышты қаһарынан, әрі айбынды ұлылығынан тығылып қалмақ болады» (Ишая 2:20,21).ҮШ 412.3
Бұлттардың арасындағы саңылаулардан жұлдыздар жарқырап көрінеді. Бұл көрініс Құдайға адал болып қалған жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды. Иса үшін азапты бейнетке шыдаған бұлар, ендігі жерде өздерін қауіпсіз сезінеді. Олар зор сынақтан өтіп, солар үшін қанын төккен Исаға адал болып қалды. Енді бұл жандар жындарға айналып кеткен адамдардың езгісінен босады. Әбден қобалжып, торығып кеткен түрлеріне өң кіріп, жүздері жарқырай түсті. Сонан соң олар бірігіп жеңіс әнін орындады: «Құдай біздің панамыз да күшіміз, киын қыстау шақтардағы көмекшіміз. Сол себепті біз уайымдап қорықпаймыз, дүниенің астан кестені шығып, таулар теңіз тұңғиығына құласа да, теңіз ақ көбігін атқылап, толқынынан тау сілкініп жатса да, өлемнің Иесі біздің жанымызда, Жақып сыйынған Құдай - біздің Қорғанымыз» (Жыр. 45:2-4). Жеңіс жыры шарықтап кекке көтеріліп жатқан кезде, бұлттар сейіліп, жұлдыздар жарқырап, адам баласы көріп көрмеген керемет сұлулық ашылады. Жартылай ашулы түрған көктің қақпаларының арғы жағынан сұлу қала жарқырап көрінеді. Онан соң аспанда Алланың заңы жазулы тас тақташаларды ұстаган қол пайда болады. Пайғамбар сөзі: «Аспан Оның ақиқатын жария етеді, өйткені Ол үкім шығарушы - Құдай” - дейді (Жыр. 49:6). Мұса пайғамбарының заманында Тұр тауының басынан оттай жалындап, күндей күркіреп жарияланған, өмірдің ережесі ретінде берілген Құдайдың қасиетті заңы, соңғы күні әділетті үкімнің өлшеуіші болып, адамдардың көздеріне оттай басылады. Қол тас тақташалардың бетін ашқан кезде, тұрған жандардың барлығы Құдайдың жалынды қаламымен жазылған он заңын өз көздерімен көреді. Бұл жазудьщ анықтығы соншалықты, оны ешкімде түсінбей қалмайды. Енді оны көріп тұрған жұрттардың сана сезімдері оянып, ырым-жырым мен адасушылықтың бұлттары сейіліп, кысқа да түсінікті Құдайдың касиетті заңы жердің тұрғындарының барлығының кокейіне қонады.ҮШ 412.4
Сол кезде Құдай заңын аяқ асты еткен адамдардың қорқынышын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін көреміз. Құдай Өз заңын адамзат балаларының барлығына бірдей етіп берді. Сол заңды пайдаланып, оған сәйкес келетіндей етіп мінездерін өзгертіп, тәубәларына келіп, Алланың сызып берген жолымен жүріп отырғанның орнына, адамдар заңды өздері де бұзды, басқаларына да бұрыс үйретті. Әсіресе олар Құдайдың заңының сенбі күні туралы бабын арамдады. Енді ештеңемен де ақтала алмайтындарын сезінген олар өте жаман күйде тұрды. Өйткені кімге қызмет ететіндерін өздері қалап алған болатын. «Сонда тақуалар мен арамдардың айырмашылықтары көрінеді, Құдайға сыйынатындар мен сыйынғысы келмегендер анықталады» (Малахи. 3:18).ҮШ 413.1
Құдай заңының жаулары - шіркеу қызметкерлерінен бастап қатардагы қарапайымдарға дейін өздерінің міндеттері мен ақиқат жайлы жаңа түсінік алады. Құдай заңының төртінші бабы - сенбі күні - Тірі Құдайдың мөрі екенін олар кеш түсінеді. Жалған сенбінің, яғни жексенбінің негізінің құмнан қаланғанын сонда біледі. Өздерінің Құдайға қарсы шайқасқандарын ұғады. Дін ұстаздарының «жұмаққа бара жатырмыз» деп, шын мәнінде оларды елімге жетелегенін түсінеді. Үкім шығарылатын күні ғана діни қызметте тұрғандардың міндеттерінің қаншалықты жауапты болғанын және олардың қателерінің неменеге әкеліп тірегенін көретін боламыз.ҮШ 413.2
«Маңайыма жолама арам құл!» деген Алланьщ сөзін еститіндер өте жаман жағдайда тұрады.ҮШ 413.3
Аспаннан Өзінің халқымен мәңгілік өсиетке тұратын Иса Мәсіхтің қай күні, Қай сағатта келетінін хабарлайтын Құдайдың дауысы шығады. Бұл дауыс күннің күркірегеніндей болып, барлық жердің бетіне естіледі. Құдайдың халқы көкке қарап әрбір сөзді мұқият тыңдайды. Кезінде Мұса пайғамбарының жүзі Алланың нұрымен қалай жарқыраса, Оның меншікті халқының да түрі дәл солай жарқырайды. Арсыздар олардың жүздеріне қарай алмайды. Алланың заңын орындап, Оны сыйлағандарға бата беріліп жагқан кезде қатты жеңісті дауыс шығады.ҮШ 413.4
Сонан соң шығыс жақтан адамның алақанының жартысындай күңгірт бұлт пайда болады. Бұл бұлт Құтқарушыны қоршап, алыстан қарағанда ол мүнарға оранғандай болып көрінеді. Бірақ меншікгілер бүл Адамзат Ұлының белгісі екенін жақсы біледі. Осы көріністі олар салтанатты үнсіздікпен бақылап тұрады. Жерге жақындаған сайын бұлт айқындала түсіп, ақыры үлкен ақ бұлтқа айналады. Оның негізі жұтып әкететін жалындағандай оттай агақпен қамтылған, ал бұлттың үстінде өсиет кемпірқосағы жарқырайды. Енді Ол мазақ пен масқараның ащы тостағанынан ішкен «қасірет тартқан азамат» ретінде емес, көк пен жердің Билеушісі, өлілер мен тірілерге үкім шығарушы Жеңімпаз ретінде келді. «Ақ боз аттарға мініп, кіршіксіз таза ақ бәтес жамылғы киген көктің әскерлері Оның соңынан еріп жүрді” (Аян 19:11,14). Исаның соңынан ерген періштелердің көптігі соншалықты, саны да жоқ секілді. Түгел аспан жарқылдаған тіршілік иелеріне толып кетті. Бұл көріністі айтып жеткізуге адамның тілі де жетпейді, пенделердің қаламы оны бейнелеп те бере алмайды. Оның ұлылығы мен атағы жердің бетін толтырды. «Оның жарығы күннің көзіне ұқсас” (Абқ. 3:3,4). Бұлт төмендеген кезде барлық жандар өмір Ханзадасын өз көздерімен көреді. Енді Оның басына кигені тікенек емес, даңқтың жарқыраған төжі, ал жүзі тал түстегі күннің кезіндей жарқырайды.ҮШ 414.1
«Оның жамылғысы мен мықынында: патшалардың Патшасы, иелердің Иесі» деген жазуы бар (Аян 19:16).ҮШ 414.2
Оның мейірімін қабылдамаған жандардың бойын сұмдық қорқыныш билеп алған. «Жүректері еріп, тізелері дірілдеп, жүздері қарайып кеткен» (Ерм 30:6; Нқм. 2:10). Тақуалар шымырлаған сезіммен: «Кім шыдай алар екен?” деп абыржиды. Осы сөздерден кейін керемет қорқынышты үнсіздік орнайды. Сонан соң Исаның «Менің рақымым сендерге жетерліктей берілді” деген дауысы шығады. Сол кезде тақуалардың жүздеріне қуаныш еніп, періштелер әндерін әрі қарай жалғастырады.ҮШ 414.3
Патшалардың Патшасы жалындаған оттай бұлттың үстіне түседі. Жер сілкініп, таулар мен аралдар орындарынан қозғалады.ҮШ 414.4
«Біздің Құдайымыз келе жатыр және Ол үнсіз емес: алдында жалын, маңайында қатты дауыл. Ол көк пен жерді халықтарға үкім шығаруға шақырады» (Жыр. 49:3,4).ҮШ 415.1
«Жердегі патшалар, ақ сүйектер мен байлар, қолбасшылар мен күштілер және күллі құл еріктілер ұңгірлерге, таудағы құздардың арасына тығылып қалады. Олар таулар мен құздарға жалбарынып: үстімізге кұлап, бізді тақта Отырғанның көзінен таса қылып, Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдер. Құдайдың қаһарын төгетін күні жетті, енді кім соған төзе алады!» деп қиналады. (Аян 6:15-17).ҮШ 415.2
Мысқылдау мен ажуалау тоқталады. Арсыздардың ауыздары жабылады. Сатырлаған қарулардың дыбысы, шапқыншылардың айғайы және шайқастың шуы естілмейді. Тек мінәжат ету, жылап сықтау, зарлы үн ғана шығады. Бір кездері ажуалаған, мазақ сөздер шыққан ауыздардан енді: «Қаһарлы да ұлы күн келді, соған кім шыдай алар екен!” деген үндер үзіліп-үзіліп кеңістікке тарап жатады. Арсыздар таулар мен қүз шатқалдардың үстеріне құлап, тақта отырғанның жүзін көрсетпеуін сұрайды. Өлілерді оятып жатқан дауыс оларға өте таныс. «Өлімнің сендерге қанша керегі бар? Жаман жолдарыңнан қайтып, Менің ізіммен жүріңдер, тәубәларыңа келіңдер» - деген бұл мейірімге толы дауыс - ең жақын достың, жанашыр бауырдың, Құтқарушының дауысы болатын. Алланың қанша рет шақырғанын керек қылмай, оның мейірімін қабылдамаған жандарды бұл дауыс әбден кінәлай алады (Езк. 33:11). Бұл дауыс оларға таныс болмаса бір жөн ғой! Иса оларға: «Мен сендерді шақырдым, бірақ сендер тыңдамадыңдар, қолымды создым, керек қылмадыңдар, Менің ақылыма көңіл аудармадыңдар, Мені қабылдамадыңдар” дейді (Нқл. 1:24,25). Осы дауыс олардың пайдаланылмай қалған мүмкіндіктері мен зұлым істерінің барлығын естеріне салады.ҮШ 415.3
Исаның жанын қинағандар да сол жерде тұрады. Сонда «Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыңдар!” деген Исаның сөзі олардың естеріне түседі (Матай 26.64). Енді олар шынымен де Мәсіхтің даңқын және Оның Жаратқан Иенің қасында отырғанын көреді.ҮШ 415.4
Бір кездері «Мен Құдайдың Үлымын» дегенде Оны мазақ қылғандар, енді үнсіз түр. Нөкерлеріне: «Басына патшаның тәжін кигізіңдер» деп мысқылдаған Ирод та осында. Исаның үстіне қоңыр қызыл жамылғы жауып, басына тікенек тәж кигізген жексұрындар да, өмір Ханзадасының бетіне түкірген сұмырайлар да, аяқ қолын шегелеп, канжармен бүйірін тескен жауынгер де осы жерде. Олардың енді Исаның өткір жүзіне қарауға шамалары жоқ. Тақта Отырғанның түрін көрмесе болды, қайда болса да қашуға дайын.ҮШ 415.5
Сол заманның басшылары мен дін қызметкерлері Ғолғота оқиғасын анық естеріне алады. «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмай тұр! Егер Ол Исраилдің патшасы болса, Өзінің кұдіретін пайдаланып дереу айқыштан түссін, сонда біз Оған сенейік. Ол Құдайға үмітін артыпты, ендеше Құдай Оны ұнатса қазір босатып алсын! Өйткені Ол Өзін Құдайдың рухани Ұлымын дейді ғой” (Матай жазған Ізгі хабар 27:42,43) - деген сөздері естеріне түсіп, қатты қоркып тұрады.ҮШ 416.1
Олар жүзімнің өнімін иелеріне бермей, оның қызметшілерін мазақ қылып, баласын елтірген жүзімшілер туралы Құтқарушының айтқан аңызын естеріне алады. Сондай-ақ олардың естеріне істеген қылықтары үшін қожайынның шығарған үкімі де түседі. Сондықтан олар ендігі жерде өздерін не тосып тұрғанын жақсы біледі. Сол кезде олардың ауыздарынан қамықкдн сұмдық айғай шығады: «Бұл Құдайдың Ұлы! Шынайы Елші!». Осы айғай бір кездердегі «Айқышқа шегелеңдер! Шегелеңдер Оны!» деп Иерусалимнің көшесін даңғыратып жіберген айғайдан да ащы болады. Сол-ақ екен патшалардың Патшасының жүзіне қараудан қорыққан олар табиғат апатынан пайда болған терең шұңқырларға тығылмақ болады, бірақ олай істей алмайды.ҮШ 416.2
Ақиқатты қабылдамайтындардьщ өмірлерінде ұяттары оянып, жасаған арсыз істерін естеріне алып, қиналатын кездері болады. Бірақ олардың бұл уайымдарын ақыр кезінде арсыздардың бастарына түсетін уайымдарымен салыстыруға да келмейді (Нқл. 1:27). Сонан соң олар: «Мінекей бұл - біздің Құдайымыз. Біз Оған үміт арттық және Ол бізді құтқарды» (Ишая 25:9) - деп салған тақуалардың әндерін естіп, жандары түршігеді.ҮШ 416.3
Күркіреген күн мен жарқылдаған найзағайдың арасынан Құдайдың рухани Ұлының дауысы шығады. Ол қолын көкке көтеріп: «Ояныңдар, ояныңдар, ояныңдар, көрде ұйықтап жатқандар түрегеліңдер!” деп дауыстайды. Сонда жер бетіндегі барлық қабырлар ашылып, өлгендер Оның дауысын естіп тіріледі. Әрбір тілдердің, буындардың, халықтардың іштерінен оянып шыққан көп әскердің дүбірінен жер сілкінеді. Сонда мәңгілік даңқка бөленген олар: «Ажал! сенің уытың қайда? Дозақ! сенің жеңісің қайда?» - деп салтанатты түрде шаттана дауыстайды (ІҚор. 15:55). Сонан соң тірілгендер елімнің дәмін татып көрмеген тақуалармен қосылады, олардың біріккен әндері жоғарыға шарықтап, әуені шайқалтып, жан жаққа таралып жатады.ҮШ 416.4
Қабырдан шыққандардың түрлері дәл өлер алдындағыдай болады. Қайта тірілгендердің ішінде тек Адам ата ғана ұзын бойымен, сымбатты мүсінімен көзге түсіп, Құдайдың рухани Үлынан сәл ғана темен түрады. Ол езінің ұрпақтарынан әлдеқайда өзгеше көрінеді, соның өзінен-ақ күнәнің адамзат баласын қаншалықты тоздырып жібергенін көруге болады. Дегенмен мәңгілік өмір үшін оянғандардың еңінен мәңгілік жастықтың, нәзіктіктің, сұлулықтың мөрі байкалады. Адам жаратылған кезде тек мінезі ғана емес, түрі де Жаратушысына қатты ұқсаған. Бірақ күнә адамның бойынан Құдайдың бейнесін өшіріп жіберді, ал Мәсіх біздің планетамызға жоғалғанның барлығын қайтару үшін келді. Ол біздің сымбаттылығынан айрылған денемізді қалпына келтіреді. Барлық мүкістеріміз, ақауларымыз, кесірлеріміз молада қалады. Ақталғандар Бейіш бағына кіргеннен кейін, өмір ағашының жемістерінің дәмін татып (Малахи. 4:2), өсіп өніп өздерінің алғашқы қалыптарына келеді. Қарғыс пен күнәнің ізі өшіп, олар жанымен де, тәнімен де, ойымен де Аллаға ұқсайтын болады. Тақуалар осы өмір жайлы көп ойлаған, оған сенген, үміттеніп күткен, оны аңсаған, бірак қалай болған күнде де оны жете түсіне алмаған.ҮШ 416.5
Ал тірі қалған тақуалар бір мезетте өзгеріп шыға келеді. Олар сырнайдың дауысы шыққан кезде сымбаттанады, енді ешқашан өлмейтін денеге ие болады, сөйтіп қайта тірілген такуалармсн бірге әуеде қалықтап Құдайға қарай жоғарыға көтеріледі. Періштелер барлық жердің бетінен тақуаларды жинап, нәресте кезінде өліп қалған балаларды аналарына қайтарады. Өлім ажырастырып жіберген достар қайта қауышады. Барлық жандар ауызбен айтып жеткісіз қуанышқа беленіп, көктегі қалаға көтеріледі.ҮШ 417.1
Бұлттан құралған кос дөңгелекті арбашалардың қанаттары болады. Оның тірі дөңгелектері және қанаттары да қозғалған сайын «Қасиетті” деп сөйлеп тұрады. Барлык періштелер «Құдай Иеміз қасиетті!” деп ән салады. Арбашалар жаңа Иерусалимге тақаған кезде такуалар да Иелерін мадақтап ән салады.ҮШ 417.2
Қасиетті қалаға кірмес бұрын Құтқарушы Өзінің ізбасарларына жеңіс эмблемалары мен «Патшаның әулетіне жатады» деген белгілерді таратады.ҮШ 417.3
Ақталғандар, бойы періштелер мен киелілерден әлдеқайда жоғары, жүзі сүйіспеншілік және мейірімділікпен жайнап тұрған Құтқарушыларын қоршап жарқыраған шеп құрады. Иса оң қолымен жеңгендердің бастарына даңқ тәжін кигізеді. Ақталғандардың тәжінде «Аллаға арналған қасиетті!” деген сөз бен олардың жаңа аттары жазылып тұрады. Олардың әр қайсысының қолына құрма ағаштарының бұтағы мен жарқыраған арфалар беріледі. Сонан соң әнге қолбасшылық жасайтын періштенің басқаруымен барлығы күй аспаптарын қолдарына алып, ғажайып ән орындайды. Тұрғандардың барлықтарының жүректері қуанышқа толып, Құдайға деген ризашылықтарын әнмен білдіреді: «Мәсіх бізді сүйіп, Өзін құрбан етіп, төгілген қанымен күнәларымыздан тазартып, арылтты, һәм бізді Өз Құдайы және Әкесіне бағышталған қызметкерлердің патшалығы қылды. Оның салтанатты ұлылығы мен құдіреті мәңгілік бола бермек. Амин» (Аян 1:5,6).ҮШ 417.4
Ақталғандардың алдында киелі қала тұрады. Иса оның меруерт қақпаларын ашып, ақиқатқа адал болып қалғандарды осы қалаға кіргізеді. Қаланың ішінен олар Бейіш бағын көреді. Сонан соң олар адамның құлағы естіп көрмеген, керемет әннен де нәзік «Шайқастарың аяқталды» деген дауысты естиді. «Әкемнің батасын алғандар келіңдер, дүние жаратылғаннан бері сендерге дайындалған I Іатшалықты еншілікке алыңдар»ҮШ 418.1
«Маған бергендерің Мен кдйда болсам, Менімен бірге сонда болса екен» деген Исаның тілегі орындалады (Яхуда.24). Мәсіх Өзінің құтқарып алған халқын Әкесіне көрсетеді: «Мінекей Мен және Маған берген балаларың, Мен оларды сақтадым». Қандай ғажап сүйіспеншілік десеңізші! Шексіз Құдай Әке ақталғандарға қарап, олардан Өз бейнесін көретін сөт қаншалықты ғажап болмақ!ҮШ 418.2
Иса Өзіне сенімді болып қалғандарды шексіз сүйіспеншілікпен Оның қуанышына ортақтас болуға шакырады. Исаның қуанышы дегеніміз - Оның бейнетке батып, азап шегіп, қанын тегіп құтқарып алған қауымының Құдайдың патшалыгына кіргені. Сонда құтқарылғандар өздерінің араларынан бір кездері тілектерін тілеп, уағыз айтып, сүйіспеншілікпен Мәсіхтің маңайына жинаған жандарды көреді. Құтқарылғандардың барлығы Құдайдың ақ тағының қасына жиналады. Жүректері шексіз қуанышқа толған бұл пенделер, бастарындағы тәждерін шешіп Исаның аяғына қойып, Оның есімін мәңгі бақи мадақтауға дайын тұрады. Құдайдың қасиетті қаласында ақталғандарды қарсы алып жатқан кезде әуе шарықтаған әнге толады. Осы арада екі Адамның кездесетін сәті де келеді. Бірі Құдайдың Рухани Ұлы Мәсіх Иса, екіншісі адамзат баласының бабасы Адам ата. Адам ата өзінің бастап берген күнәсінің нәтижесінде Құтқарушының денесінде қалған ащы азап іздерін көргенде, Оның аяғына жығылып: «Біздер үшін құрбан болған Тоқты жасасын!» - деп дауыстайды. Құтқарушы оны сүйіспеншілікпен жерден тұрғызып алып, бір кездері ол куылып шыққан Бейіш бағын керсетеді.ҮШ 418.3
Бейіш бағынан қуылғаннан кейінгі Адам атаның жердегі өмірі қасіретке толы болды. Солып қалған әрбір жапырақ, құрбандыққа шалынып отырған әрбір жазықсыз мал, табиғатта болып жатқан өзгерістер, адам баласының мінезіндегі толып жатқан ақаулар - осының барлығы бабамыздың есіне оның күнәсін түсіріп отырған. Заңсыздықтары үшін ұрпақхарына ескерту жасаған кезде, «осы зұлымдықты бастап берген езіңсің” деген сөздерді естіп, жаны қатты күйзелген. Осы ауыр жүкті ол 1000 жылға тақау уақыт бойы арқалап жүрді. Ол бар ниетімен, шынайы түрде тәубасына келді. Құтқарушының келетініне және өлгеннен кейін қайта тірілетініне сенді. Құдайдың Рухани Ұлы адамзат баласының күнәсін Өзінің қасиетті қанымен жуып, адамдарды мәңгілік өлімнен арашалап алып қалды, осы татуластыру қызметінің арқасында Адам атаға оның алғашқы билігі қайтып оралды.ҮШ 418.4
Шексіз қуанышқа беленіп тұрған Адам ата өзінің ағаштарын, сол ағаштардан бейкүнә кезінде жинаған жемістерін, күтіп баққан гүлдерін көріп қатты қуанды. Қайта қалпына келтірілген Бейіш бағы бұрынғысынан да сұлу көрінеді. Құткарушымыз бабамызды өмір ағашының жанына жетелеп әкеліп, оның жемісінен үзіп алып, қолына ұстатады. Бір мезгілде Адам ата жан жағына көз салып, оларды қоршап тұрған өзінің ақталған көптеген ұрпақтарын көреді. Сол сәтте басындағы тәжін шешіп алып, Исаның аяғына қояды, ал езі қобалжығанын жасыра алмай Құтқарушыны құшақтайды. Сонан соң алтын арфаны қолына алып әндетеді: Құрбандыққа шалынып, қайта тірілген Тоқты жасай берсін! Адам атаның ұрпақтары бұл әнді әрі қарай жалғастырып әкетеді жөне бастарындағы тәждерін шешіп алып Құтқарушының аяғына тастайды.ҮШ 419.1
Бір кездері Адам атаның күнә жасап кұлағанын көріп қатты қайғырған және Исаның өлімді жеңіп, қайта тірілгеніне шексіз қуанған періштелер бұл сүлу көріністі жай ғана бақылап тұра алмайды, мадақтау әнұранына дауыстарын қосып, әрі қарай жалғастырып әкетеді.ҮШ 419.2
Шыны теңізінің үстінде, Құдайдың тағының алдында, теңіз Құдайдың атағымен отпен араласқан шыныдай жарқырайды, жиналғандарды көрдім. Бұлар айуанның мүсініне табынбаған, оның атының санын қабылдамаған, осылайша айуанды жеңіп шыққандар еді - дейді Жоһан пайғамбар (Аян 15:2).ҮШ 419.3
Мұнан кейін Сионның төбесінде тұрған 144 000 адамды көрдім. Сонда мен сырылдап аққан кеп судың дыбысындай, күннің қатты күркірегеніндей көктен шыққан бір дауысты естідім. Ол жетігенде ойнаған күйшілердің әсем сазындай еді. Тақ алдында және төрт нөкер мен ақсақалдардың алдында жаңа ән айтылды. Оны күнәларының құны өтеліп, күнәкар дүниеден азат етілген 144 000 мың адам ғана үйрене алды. Олар Иемізге деген адалдықтарын бұзбай, өздерін пәк ұстағандар еді. Тоқты қайда бармасын, олар Оған еріп жүреді. Бұлар - Тоқтыға және Құдайға бағышталған алғашқы сыйтарту (Аян 15:2,3; 14:1-5). Бұлар зор қасіреттен келгендер. Олар адам баласы ешқашан көрмеген қиын заманды бастарынан кешкендер. Жақыптың басынан өткізген қасіретін көргендер. Ақыр заманда жер бетіне Алланың қаһары төгілген сұрапыл заманда, қасіретке қарсы арашашысыз (қорғансыз) тұрғандар.ҮШ 419.4
Бұлар зор қуғындау кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Токтының төгілген қанымен «жуып” аппақ қылды, сондықтан Құдай тағының алдында тұрып, Оған күні түні всиелі үйінде қызмет етеді. Тақта Отырған олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. Олар аштық пен індеттен босап қалған жерді көрді, жер бетін күйдірген күннің аптабының да куәсі болды және өздері де сол аштықты, аптапты, қасіретті бастарынан өткізді. Енді ешқашанда соларды аштық пен шөл азабы қинамайды, күннің аптабы да күйдірмейді. Себебі тақтың ортасындағы Тоқты олардың Бағушысы болып, «өмір суының» бұлақтарына жетелейді. Құдай олардың барлық көз жастарын сүртіп тастайды (Аян 7:14-17).ҮШ 420.1
Барлық ғасырларда да Құдайдың қалаулылары сынақтың қатаң мектебінен өткен. Tap жолмен жүріп, тайғақ кешіп, қасіреттің отымен тазартылған. Мәсіх Иса үшін, Оған деген сенімі үшін неше түрлі көрешекті көрген. Күнәнің қаншалықты ауыр екенін біліп, оның күшін көріп, ездерін кінәлі сезініп қайғырғандары соншалықты, оны жек керіп кеткен. Олардың күнәлары үшін қасірет шеккен Құтқарушының азабы бұл пенделерді жуасытып, жүректерінде ризашылық сезімдерін оятқан. Өздері ондайды басынан өткермеген бейкүнә жан иелері (періштелер мен көктің басқа да тұрғындары) оларды ешқашан түсінбейді. Бұлардың сүйіспеншілік сезімдері де басқаларынан гөрі мықты болмақ, өйткені оларға көп нәрсе кешірілді. Мәсіхтің қасіретін бөліскен бұл пенделер, енді Оның атағын да бөлісе алады.ҮШ 420.2
Құдайдың мұрагерлері үйдің шатырларынан түсіп, лашықтар мен түрмелерден шығып, жазалану алаңдарынан (эшафот), таулардан, шел даласынан, зындандардан оралып, теңіз тұңғиығынан көтеріледі. Жер бетінде олар көп бейнет керді. Миллиондаған халық албастыға бағынбағандықтан өлім жазасына кесіліп, көрге түсті. Адамның шығарған үкімі бойынша олар қылмыскерлер. Дегенмен ендігі жерде Сот - бір Құдайдың Өзі (Жыр. 49:6). Жер бетінде шыққан шешімдер өзгертіледі. Құдай Өзінің халқынан масқара атақты алып тастайды (Ишая 25:8). «Олар «Жаратқан Иенің құтқарып, Өзіне бағыштаған халқы” - деп аталады. Сион қаласындағы жоқтау айтып жүргендердің бастарына шашылған күл орнына әшекейлі тәж кигізіліп, жұпар иісті май жағылып, қайғылары қуанышпен алмастырылады” (Ишая 62:12;61:3). Енді олар жер бетінде босып, қасірет шегіп, қуғындалып жүрген жандар емес. Бұл қауым Құдаймен үнемі бірге болады, үстеріне осы дүниенің әйгілілері кимеген киімді киеді. Бастарына жер бетінің монархтарының маңдайлары көрмеген тәждер кигізіледі. Уайым, қайғы, касірет, жылау бір жола жойылады. Құдай олардың көз жастарын сүртіп тастайды. Осы кауым қатты дауыспен: «Құтқарылу - тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде” деп мақтау айтады. Бұл қуаныш әнұранының дыбысы көкті сілкіндіреді. Барлық көктің тұрғындары: «Амин! Дәріптеу, ұлылық пен даналық, шүкірлік, кұрмет, құдірет пен билік мәңгілік біздің Құдайымызға арналған!” деп жауап қайырады (Аян 7.10,12).ҮШ 420.3
Бұл өмірде біз құтқару жоспарын түсінуге барымызша тырысамыз. Дегенмен шектеулі санамызбен қанша ойлансақта айкыш ағашта керсетілген қорлык, пен даңқты, өмір мен өлімді, әділеттілік пен мейірімділікті соңына дейін үға алмаймыз. Құдайдың шексіз махаббатының пәрменін аздап қана елестете аламыз. Мәңгілік бойы, уакыт өткен сайын біздерге жаңа ақиқаттар ашылып отырады, бірақ кұтқарылу жоспарының мәнін бақи бойы зерттейміз.ҮШ 421.1
Қасірет, қайғы, уайым, бейнет аяқталғанымен Құдайдың қауымы қандай бағамен кұтқарылғандарын анык білетін болады.ҮШ 421.2
Айқыш ағаш олардың мәңгілік бойы зерттейтін ілімі мен әңгімесіне айналады. Даңқы бар ғаламға белгілі Мәсіхтің келбетінен олар үнемі айқышқа шегелеулі Мәсіхті көретін болады. Шығармашылық күшімен бар ғаламды жаратқан, көктің тұрғындары мен періштелер сүйіспеншілікпен тағзым ететін Құдайдың Сүйіктісі адамзат баласын кұтқару үшін, оның деңгейіне дейін төмендеді, адамдардың күнәларын арқалап, солар үшін кұрбан болды. Күллі адамзат баласының күнәсін мойнына алып тұрған кезінде көктегі Құдай Әке одан бетін бұрып әкетті. Сонда адамзат баласының қанды касіреті Ғолғота Азаматының жүрегін қақ айырып, айқыш ағашта Ол пенделері үшін өмірмен қоштасты. Бұл ерлік барлық жан иелерін таң қалдырмай қоймайды. Оған сүйсінеді, қызығады және түсінуге ұмтылады. «Біз үшін кұрбан болған, қасиетті қанымен күнәмізді тазартып, өзімізді мәңгілік өлімнен арашалап алып қалған Тоқты жасасын” - деп шабыттана әндетеді. Есімін мәңгілік мадақтайды.ҮШ 421.3
Айқыш ағаштың құпиясы басқа да құпияларды түсіндіреді. Алланың біздер үшін айқышта қанын судай ағызған қасиеті бойымызда қорқыныш сезімін тудырып, жанымызды түршіктіретін, енді біз бұл қүрбандықты басқа қырларынан көріп, сүйсіне аламыз. Мейірімділік, түсінушілік, әкелік сүйіспеншілік қасиеттілікпен, әділетті үкіммен жөне Оның күшімен бірігіп тұр. Енді біз Оның табиғатын түсініп, Оның мейірімді де, шексіз махаббат Иесі екенін ұға аламыз. Сонда «Біздің көктегі Әкеміз» деген сөздердің де мағынасы айқындалады.ҮШ 421.4
Құтқарылудың басқа жолы жоқ болғанын әркім ез көзімен көретін болады. Қасиеттілер мекендейтін жерді көру қуанышы - бұл құрбандық үшін берілген тамаша сый болып табылады. Құтқарушымыздьщ қара күштің иесімен шайқасының нәтижесі Құдайды мәңгілік мадақтау үшін ақталғандарға сый ретінде берілген қуаныш. Ақталғандардың Құдайға қымбат болатыны соншалықты, олар үшін теленген төлем көпте болып көрінбейді және Мәсіх та Өзінің ерлігіне керемет ризашылықпен қарайтын болады.ҮШ 422.1