16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
Ағылшын реформаторлары католиктердің ілімінен бас тартқандарымен, сол ілімнің көптеген формалары бұрынғы күйінде сақталып қалды. Олар негізінен папалықтың абыройы мен сенімінің рәміздерін алып тастаса да, бірқатар салттары мен дәстүрлері сол қалпында ағылшын шіркеуінің Құдай жолындағы қызметгерінің тәртібіне енді. Негізсіз болғандықган бұл дәстүрлер жайлы Киелі Кітапта ештеңе айтылмаған, десе де оларға тыйым да салынбағандықтан, айтулы дәстүрлердің шіркеуге келтіретін ешқандай зияны да жоқ деп есептелді. Бүларды орындау реформаланған шіркеулер мен Римнің арасындағы шыңырауды жалғап, католиктердің протестанттық дінді қабылдауына жәрдемін тигізеді делінді. Конссрваторлар мен мәмілеге келушілер бүған толығымен келісті. Басқаша ойлайтындарда аз болған жоқ. Олардың ойынша, айтулы дәстүрлер реформация мен Римнің арасына көпір орнатады деген дерек, керісінше сол дәстүрлерді орындамау керектігін айқындап тұрғандай болды. Өйткені олар ендігі жерде мойындарына осы секілді қамьгг артқылары келмеді, ал айтулы дәстүрлер - құлдыктың рәміздері еді. Құдайға қызмет етудің ұстанымын Жаратушының Өзі әуел баста сызып қойған болатын, оған ештеңе қосуға да, одан ештеңе алып тастауға да болмайды. Бұл қылмыс. Кұнәға белшесінен бату Құдайдың абыройын шіркеу өз абыройымен толықтырам дегеннен басталды. Әуелі Рим Құдайдың берген кеңшілігіне тыйым салды, онан соң Оның бекіткен ережелерін алып тастады.ҮШ 186.1
Көпшілік жандар болса қарапайымдылық пен тазалықты аңсады. Ағылшын шіркеуінің бірсыиыра дәстүрлері пұтқа табынушылардың дәстүрлерінен сақталып калған ескерткіш секілденді, сондықтан адамдардың басым кепшілігі оны ұяттарына сыйғыза алмады және онымен келіспеді. Бірақ шіркеу болса үкімет билігінің қолдауына сүйеніп алып, ештеңені өзгерткісі келмеді. Жұрт заң бойынша ресми түрде қабылданған шіркеуге жиналуға тиісті болып, басқа жерлерде жиналса жауапқа тартылатын болып шықты. XVII ғасырдың басында таққа отырған монарх әркімнен ағылшын шіркеуінің абыройын мойындауын талап етті, онымен келіспегендер жазаның басқаша тұріне ұшырамай тұрғанда мемлекеттен кетуге тиісті болды. Құдайға өздерінің арына сай шын жүректен қызмет еткісі келгендер қуғын-сүргінге ұшырап тұтқындалып, қамауға алынды. Кепшілік жандардың әбден түңілгендері соншалықты ағылшын жері мекен етуге келмейді екен деп шешті, сөйтіп Голландияға кетпекке шешім қабылдады, бірақ қиындыққа, жоқшылыққа, қуғындалуға тап болды. Сатқындардың қырсығынан құрған жоспарлары да жоққа шығып отырғанмен, табандылықтарының нәтижесінде өздеріне Голландия республикасынан пана тапты. Қашып-пысып, сүрініп - жығылып жүргенде олар өздерінің күн көретін қаражаттары мен дүние мүліктерінен айрылды. Өмір бойы жерді өңдеумен айналысып жермен күн көрген, егде жасқа жетіп қалған адамдар енді күн көріс үшін бөтен жерді мекендеп, бөтен халықтың ортасында тұрып, олардың тілін меңгеріп, техникалық мамандықтарды игеріп, басқа кәсіппен шұғылдануларына тура келді. Олар текке өмірлеріне шағым жасай бермей, еншілеріне түскен ауыртпалықты мойымай көтеруге тырысты. Үлестеріне тиген қиыншылықтарға қарамастан, олар, Құдаймен рухани карым-қатынас жасай алатындарына ризашылықтарын білдіріп қатты қуанды. Бұл адамдар уақытша өмір емес, мәңгілік өмір жайлы ойлады және өздерін пилигримдердей сезінді. Қуғын-сүргіндер мен тапшылық олардың сенімдері мен сүйіспеншіліктерін нығайта түсті, ал Құдайдьщ көзге көрінбейтін періштелері олармен үнемі бірге болды.ҮШ 186.2
Құдай Өз қолымен мұхиттың арғы жағын нұсқағанда, олар ойланбастан бұл ұсынысты қабыл алды. Сөйтіп сол жақтан өз мемлекеттерінің ірге тасын қалап, өз ұрпактарына рухани бостандықты сыйға тартты. Алла Өз халқын қатаң сынақтан өткізді. Бірақ Өзіне сенетіндерді Ол ешқашанда ұмытпайды. Шайтанның гаһары мен арсыздардың зүлым әрекеттері керісінше Құдайдың абыройын асыруға және Оның халқының қауіпсіздікте болуына себебін тигізді, куғын-сүргін бостандыққа жол ашты.ҮШ 187.1
Ағылшын шіркеуінен бөлініп шығуға мәжбүр болған пуритандар бірігіп, Құдайдың тәуелсіз халқы ретінде Тәңірдің белгілі және әлі де белгісіз жолдарымен жүруге, Оған шын жүректен қызмет етуге уәде берді. Реформаның әсері осы жерде жақсы байқалды. Осындай ниетпен протестанттар Голландия жерін тастап, жаңа отандарын игеруге аттанды. Жаратқанның еркі бойынша бауырластарына ілеспеген олардың діни жетекшісі (пастор) Джон Робинсон өз жамағатымен коштасып тұрып: «Енді біздер кездесеміз бе, жоқ па, оны Алла біледі. Мен Исаның соңынан не үшін ерсем, сендер де сол үшін еріңцер. Егер де біреу Киелі Жазуға сүйене отыра, сендерді ақиқат жолымен жетелейтін болса, соның соңынан еріңдер. Жарылқаушы Алланың әліде беретін жарығы жеткілікті. Өз ба- сым реформаланған шіркеулердің қазіргі күйіне қатты қынжыламын. Олар діни дамудың анықтаулы кезеңіне жетті де, Реформацияның негізін қалаушылардың жасаған қадамдарынан артық алға қарай бір қадам да жасағылары келіп тұрған жоқ. Лютерандар Лютердің білгенінен артық ештеңені білгілері келмей, сонымен шектеліп қалды. Дәл сол секілді кальвинистер де діни қолбасшыларының қалдырған жерінде тоқтап, қалып қойды. Шіркеудің осыншалықты аянышты күйде тұрғаны жаман екен. Оны құрушылар ақиқаттың кезін тапқанымен, оның тереңдігіне бойлап үлгермеді. Егерде олар әлі де болса тірі болғанда шындықтьщ алғашқы сәулелерін қабылдағандай, ашылып тұрған жарыққа қарай жүретіні анық еді. «Алланың ізімен қазір де, болашакта да жүреміз»деген уәделеріңнен таймаңдар. Алламен құрған өсиеттеріңді және Құдайдың Сезі арқылы ашылған кез келген жарық пен ақиқатты қабыл аламыз деп бір-бірлеріңе берген уәделеріңді де ұмытпаңдар. Бірақ ете байқаулы болыңдар, ақиқатты жетесіне жеткенше зерттеңдер, оны қабылдамас бұрын Киелі Жазбаның басқа жерлерімен салыстырып алыңдар, тиянақты түрде талдаңдар, өйткені су қара түнектен енді шыққан мөсіхшілер өлемі кемелденген білімді толық қабылдай қоюы мүмкін емес» - деген болатын.ҮШ 187.2
Ақыры бостандыққа ие боламыз деген ой пилигримдерді қатты құлшындырды. Олар аяқ баспаған жерді мекен қыламыз деген ниетпен мұхиттың арғы бетіне өтер кездегі қауіп-қатер мен еншілеріне түскен қиындықтарды ерлікпен жеңе білді. Алланың арқасында Америка жағалауында ұлы ұлттың ірге тасын қалауға дайындалды. Десе де Құдайдан қорқатындары мен әділдіктеріне карамастан олар рухани бостандықтың мағынасын толығымен түсіне алмады. Құрбандықтың құнымен алған бостандықтарын басқалармен бөлісуге дайын болған жоқ. «XVII ғасырдың ұлы ойшылдары мен насихатшыларының өздерінің ішінде Жаңа Өсиеттің ең негізгі ұстанымы -адам сенімінің жалғыз ғана үкімшісі Құдай екенін толық танып білгендері аз болды”.ҮШ 188.1
Папалықтардың беріш болып қатып қалған қателіктерінің бірі: «Құдай шіркеуді адамның арының әміршісі қылып, есерсоқтықты анықтап, оған жаза тағайындауға хұқық берді” - деген қате ілімді таратқандары еді. Реформаторлар католиктердің ілімінен бас тартқандарымен, солардан тараған діни шыдамсыздық рухынан толық дерлік босанып шықпаған болатын. Бірнеше ғасырлар бойы оларды қоршап тұрған қою тұман әліде болса сейіле қоймаған еді. Массанусетс штатының көрнекті қайраткерлерінің бірі: «әлемді (анти) терісмәсіхшіл еткен осы діни шыдамдылық, сондықтан шіркеу есерсоқтарға қандай жаза тағайындаса да айыбы жоқ»деген болатын. Колонистер азаматтық мәселелерді шешер кезде дауыс беруге тек шіркеудің мүшелерінің ғана құқығы бар деген қаулы қабылдады. Мемлекеттік деп аталатын шіркеу ашылып, халық діндарлардың дегендерін құптауға тиісті болды, ал қала басшылары кез келген ересьті* тоқтатып отыруға мүмкіндік алды. Осылайша мемлекет билігі шіркеудің қолына тиді. Ал оның соңы қуғын-сүргінмен аяқталды.ҮШ 188.2
Алғашқы колонияның негізі құрылғаннан кейін он бір жыл өткен соң, Жаңа ЖарыққаРоджер Уильямс келді. Ол да алғашқы пилигримдердей мұнда бостандық іздеп келген болатын, бірақ Роджердің олардан айырмашылығы қандай дінді уағыздағанына қарамастан кез келген адам бостандықта болуға құқылы екенін жақсы білетіндігінде еді. Ол шындықты сабылып жүріп іздеді. Робинсонның ойына ортақтаса отырыгі Роджер, Құдай сөзінің жарығын әлем әліде болса толык қабылдамағанын айтады. Уильямс мәсіхшілердің ішіндегі, азаматтық биліктід негізіне адамның ар-ұжданы мен заң алдындағы көзқарасының тендігі жайлы ұстанымдарын енгізген алғашқы адам болатын. Ол: «Үкімет қылмысты істерді тоқтатуға міндетті, бірақ адамның ар-ұжданын аяқ асты етуге қақысы жоқ»дейді. Үкімет билігінде отырғандар адамдардың бір-бірімен қандай қарымқатынаста болуы керектігін шеше алады, бірақ адам мен Құдайдың арасындағы қарым-катынасқа араласуға құқығы жоқ, себебі олар адамдардан бүгін бір дінді, ертең басқа дінді мойындауларын талап етуі мүмкін. Бұл дегеніміз билікті пайдаланып, біреудің өз дегенін басқаларға орындату деген сөз. Англияда дәл осындай істерді көптеген патшалар мен патшайымдар жасаған, осындай шешімді Рим соборы мен шіркеулер қабылдаған. Соның нәтижесінде иманға катысты сұрақтар маңайында көптеген түсініспеушіліктер болған. Халықтан ресми шіркеуге барып отыру талап етілді, оны орындамағандар айыпка тартылып немесе қамауға алынды. Уильямс бұл заңға карсы шықты. Әр түрлі дінді уағыздайтын адамдардың бастарын бір жерде күшпен біріктіріп ұстау, олардың табиғи құқығын бұзу деп есептеді. Ал Құдайға сенбейтіндерді күшпен шіркеуге келтіруді екіжүзділік деп санады. Адамды күшпен Құдайға сендіру мүмкін емес - деді ол. Қалайша? Сонда дін уағыздаушы тәлімгерлерге қаражатты кім төлемекші?деп ашуланды оның қарсыластары. Әрине оларға ақы төленуге тиісті. Бірақ ақыны кім жалдаса, сол төлеуі керек.ҮШ 189.1
Үкімет Роджер Уильямсты сенімді қызметкер, дарынды азамат ретінде әділдігі мен кең пейілділігі үшін сыйлағанымен, үкіметтің шіркеуді билеуге қарсы болғанына және олардан діни бостандықты талап еткеніне шыдай алмады. Үкімет басында отырғандар Роджердің ойы жүзеге асып қалған жағдайда, қолдарында тұрған биліктен айрылып қаламыз ба деп сескенгендіктен, Уильямсты колониядан қуу керек деген шешім қабылдады. Қамауға алынып, жауларының қолына түспес үшін Уильямс қақаған аязда қалың орманды паналауға мәжбүр болды. Кейіннен басына түскен қиындықтарды есіне ала отырып, ол былай дейді: «Маған он төрт апта бойы нансыз, баспанасыз қаңғуыма тура келді. Осы күндері мені қарі алар асырады, ал ағаштың үңгірлері баспанам болды». Ол қар басқан қалың тоғайда әрең дегенде жол тауып жүріп отырып, ақыры бір үнді тайпасына тап болды. Аз уақыт ішінде Роджер өзінің мінез-құлқымен олардың сүйіспеншілігі мен сыйына беленді. Оларға ақиқатты уағыздады.ҮШ 189.2
Бірнеше айдан соң ол Нарагенсет шығанағының жағалауына жетті. Дәл осы арада ол шын мәнінде басында діни бостандығы бар алғашқы штаттың негізін құрды. Роджер Уильямстың колопиясындағы іргелі ұстанымдарының бірінде: «Әр адам Құдайға өз арыиа сай қызмет етеді” делінген. Осы кіші - гірім Род — Айленд штаты барлык қуғынға ұшырағандардың баспанасына айналды. Оның негізгі ұстанымдары - азаматтық бостандык, және діни бостандық Америка республикасының іргетасына айналғанша, бүл штат көркейіп өсіп өне берді. Маңызды кұжат - тәуелсіздік Декларациясында былай делінген: «Жер бетіндегі бар жандарды Құдай жаратты және олардың барлығыньщ белгілі құқықтары бар. Олардың ішіне өмір сүру, бақытты болуға ұмтылу және бостандыққа ие болу кіреді”. Ата заңында былай делінген: «Адамның арына жанасуға, яғни соқтығуға болмайды. Құрама штаттарда адамның діни көзқарасы оның жауапты жұмысқа тұруына кедергі немесе негіз бола алмайды. Конгресс кімге болса да кез келген дінді күштеп таңып қоюға немесе керісінше оған кіргізбеуге тыйым сала алмайды”.ҮШ 190.1
«Ата заңның авторлары бұл ұстанымдардың өзгермейтінін, Алла мен Оның пенделерінің арасындағы қарым-қатынасты адам заңы бойынша рсттсугс болмайтынын, яғни Құдай мен адамның арасындағы қарым-қатынасқа ешкімнің кіруге қақысы жоғын мойындады. Бұл ақиқатты дәлелдеудің еш қажеті жоқ, ол әр адамның көкірегінде өмір сүреді. Дәл осы ақиқат қуғын - сүргін кезінде босығандарға қиындықтарды жеңуге көмектескен болатын. Олар пенделердің Құдай алдындағы борышы адамның құрған заңынан жоғары екенін жақсы білді. Және бұл туа біткен ұстанымды жойып жіберу мүмкін емес”.ҮШ 190.2
Коптеген Еуропа елдерінде осындай мемлекет барыи естіген халық солай қарай ағылды. Колониялар тез өсе бастады.ҮШ 190.3
Аштықтан, соғыстан, қуғыннан қашқан кез келген ұлттың мәсіхшілеріне Массачусетс штаты жәрдем көрсетті, тамақпен және баспанамен қамтамасыз етті. Осылайша бір кездері қуғындалып жүрген халық, енді заңның күшінің арқасында мемлекеттің қонағы болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Плимугге алғашқы зәкір тасталғаннан бері Жаңа Англия мыңдаған пилигримдердің мекеніне айналды. Олар бостандық үшін көп нәрседен бас тартты, аздаған қаражатты қанағат қылды. Байлық деген оларды кызықтырмады, олар тіпті байлық туралы ойлаған да жокСонымен, бостандықтың ағашы терең тамырын жайғанша, бұл акиқаттың қарлығаштары оны көз жастарымен суарып отырды. Киелі Кітап олар үшін иманның негізі, даналықтың басы және бостандықтың жарғысы болды. Оның ұстанымдарын бұлар мектепте де, үйде де және шіркеуде де зерттеді, үйренді. Соның нәтижесінде айтулы шәкірттер ұстамдылықты, үнемділікті, данышпандық пен парасаттылықты меңгерді. Олардың арасында бір де бір мас адамды немесе аш адамды кездестіру мүмкін болмады, ауыздарынан бір де қарғыс сөз естілмеді. Киелі Кітаптың ұстанымдарының ұлттың өркендеуіне кепілді екені осы жерде жақсы байқалды. Кішкентай мекенді жерлер үлкен - үлкен штаттарға айналып, папасыз, шіркеусіз, патшасыз өркендеп, көркейіп есіп жатқанына бар әлем таң қалып қарап отырды. Дегенмен Американың жағалауына ойлары мүлдем өзгеше жандар да кептеп жиналды. Алғашқы кездегі сенім мен тазалық адамдарға қатты әсер еткенімен, пайдакүнемдердің саны көбейген сайын, тазалық пен пәктіктің әсері нашарлай бастады. Жауапты қызмет орындарына ие болуға және дауыс 66pyre шіркеудің мүшелері ғана құқылы болды, десе де оның соңы жаксылыкқа апармады, себебі көпшілік жандар шіркеудің мүшелігіне белгілі орындарга мс болу үшін жай гана формалды түрде кірді, ал шын мәнінде жүректері Алладаи өте алыста еді. Тіпті шіркеуде қызмет жасайтын насихатшылардың өздерінің Киелі Рухтың адамның мінезін өзгерте алатын күші бары міңкелеріне кіріп те шыққан жоқ, оған қоса айтулы ұстаздар ақиқатқа қарсы келетін пікірлерді уағыздай бастады. Осының нәтижесі өте күйінерліктей болды. Мұндай оқиғалар, яғни шіркеуді мемлекеттің көмегімен ұстап тұру, «Менің патшалығым бұл өмірдікі емес» деген Алланың Ізгі хабарын қолдау үшін зайырлы биліктің көмегіне жүгіну Константинның заманынан бері біздің уақытымызға дейін бір-ақ рет болып қойған жәйт емес. Шын мәнінде мемлекет пен шіркеудің арасындағы байланыс әлемді шіркеуге жақындаткан жоқ, керісінше шіркеуді әлемге жақындатты.ҮШ 191.1
Киелі Жазудан шығып тұрған Құдайдың жарығын кабылдауға әр адам дайын болуы керек те. Бірақ керісінше Робинсон мен Роджер Уильямс уағыздаған бұл ұлы ұстанымды олардың ұрпақтары жоғалтып алды. Америка мен Еуропаның протестанттық шіркеулеріне Реформация жол ашып бергенімен, олар бұл жолмен жүрмеді. Ара тұра ақиқатты айқын уағыздап отырған реформаторлар болса да, Мәсіх Исаның заманындағы яхудейлер секілді, иә болмаса Мартин Лютердің кезіндегі папалықтар секілді халық ата бабаларының дәстүрлерін өзгерткісі келмей, соған риза болып отыра берді. Сол себепті де дін қайрадан формализмге айналды. Егер де шіркеу беріліп тұрған жарыққа қарай ұмтылғанда, салтдәстүр, ырым-жырым секілді керексіз рәсімдер өзінен өзі жойылған болар еді. Бірақ халық Құдай сезіне құлақ аспады, тазалыққа қарай ұмтылмады. Соның нәтижесінде Лютердің кезіндегі Рим шіркеуі секілді протестанттык шіркеулерде де, реформаландыру қажеттігі туындағанша, Реформация рухы бара-бара өшті. Шіркеуде зайырлы және діни дағдарыс билік құрып, адамның пікірінің алдында бәйек болу пайда болды. Бір сезбен айтатын болсақ, Құдайдың берген ілімі адамның ойлап шығарған теориясымен алмастырылды.ҮШ 191.2
XIX ғасырдың басында Киелі Жазбаның кең етек жайып тарағаны айтарлықтай табысқа жеткізген жоқ, себебі албасты бір кездері Киелі Жазбаны халықтан жасырып түнекте ұстаса, енді олай істей алмайтынын білген соң, Киелі Жазуды құнсыздандырып халықтың оны зерттеуге зауқын болдырмай қойды. Сол себепті адамдар баяғысынша естігендеріне сене беретін күйге жетті және де Киелі Кітаппен ешбір ортақтасгығы жоқ қате ілімдер тарап жатты. Ақиқаггы іздеп, оны зерттегендерді қуғын-сүргінге ұшыратқан албасты, енді бұл тәсілдің іске аспайтынын сезіп, халықты алдау тәсіліне кірісті, яғни олардың дегендерімен келісу ұстанымы. Бір кездері ол осы тәсілді пайдаланып жұртты Құдайдан бездіріп, нәтижесінде Рим шіркеуін кұрған болатын. Енді ібіліс мәсіхшілердің басын ежелгі кездегідей кәпірлермен емес, табынатындармен біріктірмек болды. Сонда кімге деген сұрақ туындайды? Әрине Құдайға емес, колдаи жонып жасалған пұттарға табынатындармен біріктірді. Ал бұл одақтың соңы бұрынғыдан да сорақы жағдайға әкеліп тіреді. Нәтижесінде діннің бетпердесін жамылған менменшілдер мен ысырапшылдар тәрбиеленіп шықты. Шіркеулер іріп шіріп бықси бастады. Албасты ақиқатты бұрынғыдан да бетер бұрмалады. Миллиондаған халықтың ажалы болған мағынасыз, зиянды дәстүрлер тамырын тереңге жайды. Шіркеу «бір кездері тақуаларға берілген иманды» қорғағанның орнына, керісінше айтулы дәстүрлерді колдады және қорғады. Осылайша ақиқаттың ұлы ұстанымдары үшін шайқасқан реформаторлардың жанкешті еңбектері зая кегті.ҮШ 192.1