Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз

    «Құдайдың берген заңы мен аяндарына қараңыздар, егер қандай да болса ілім Алланың сөзімен салыстырғанда онымен сәйкеспесе, ондай ілімнің жарығы жоқ” (Ишая 8:20). Шайтанның осуасынан қорғану үшін Құдай халқы Киелі Кітапты жақсы білуі керек. Албасты жер кекті шарлап, адам баласын түзу жолдан тайдыру үшін өнерін аямай салып жатыр. Көп ұзамай біз әзәзілдің ұлы өтірігімен бетпебет кездесетін боламыз. Мәсіхтің қарсыласы (антихрист) біздің көз алдымызда неше түрлі жалған кереметтерді керсететін болады. Оның өтірігінің ақиқатқа үқсайтындығы соншалықты, кім болса соның алданып қалуы әбден мүмкін. Тек Киелі Жазбаны жақсы білетіндер ғана жасандыны ақиқаттан ажырата алатын болады. Әрбір ғаламат пен әрбір бекітілім Киелі Жазбамен тексерілуі керек.ҮШ 379.1

    Сонда Құдай заңына бағынатындар мазакка ұшырап, күллі жанға жек көрінішті болады. Тек Жараткан Иені ғана олар күші мен қорғаны ете алады. Сынақтардан өтіп бейнетті жеңіп шығу үшін Құдайдың Сөзінде жазылған, Оның еркін білу керек, сонда ғана олар Алланың мінезін көріп, Оның билігін, пиғылын дұрыс түсініп, соған сай әрекеттер жасап, Жаратқанды дұрыс кұүрметтей алады. Бұл соңғы шайқаста Құдай сөзінен сусындағандар ғана аяқтарынан нық тұрады. Әрбір жан басы байлы шешім қабылдайтын кез келеді. Сонда сен Алланың дегенін орындайсың ба? He болмаса адамның дегеніне көнесің бе? Мәсіхке деген сенімің мен Алланың парызын қорғай аласың ба?ҮШ 379.2

    Мәсіх өлім жазасына ұсынылар алдында шәкірттеріне өзінің өліп, сонан соң қайта тіріліп, моладан шығатыны жайлы айтқан болатын, ал періштелер болса Оның сөзінің елшілердің жүректерінде таңбаланып қалуы үшін тырысқан. Бірақ римдіктердің езгісінен тезірек кұтылғылары келген Исаның оқушыларына, үміттерінің қазығы болып табылатын Құтқарушыларының маскара өліммен өлетіні жайлы хабарды түсіну өте қиынға соқты. Сол себепті сынақтан өту мезгілі оларға қапелімде келді. Бұл соққыға шыдамаған олар жан жаққа бытырап кетгі. Ақыр тақаған кезде адамзаттың басынан ететін емір Киелі Жазбада анық жазылған. Бірақ көпшілік қауым бұл ақиқатқа дұрыс көңіл аудармайды. Қасірет мезгілін жұрттың басына күтпеген жерден тудыру үшін ібіліс қажетті ілімнің таралуына барынша кедергі жасап тұр. Киелі Жазбада біздің құтқарылуымызға байланысты аяндар анық жазылған (Аян 14:9-11) қара. Хайуан мен оның мүсініне табынатындарға шығарылатын үкім барлық жандарға аяндарды мұқият зерттетуі керек, себебі олар хайуанның мүсіні туралы дұрыс түсінік алып, одан қандай жолмен құтылуға болатынын білулері қажет. Өкінішке орай халық ақиқатқа құлағын тарс жауып алып, керісінше аңызға көбірек кеңіл бөледі. Бұл женінде Пауыл былай дейді: «Дені дұрыс ілімді қабылдамайтын заман келеді» (2Тім. 4:3). Осы айтылған мезгіл жеткен секілді. Өйткені қазіргі заманның адамдары Киелі Жазуда берілген ақиқатты қабылдамайды, оны тіпті мойындағылары да келмейді. Here десеңіз бұл ақиқат олардың үйреншікті өмірімен сәйкеспейді. Шайтан олардың саналарын уландырып, өздерін қиялдандырып көздерін ашып жан жақтарына қарауға шамаларын келтірмей тұр.ҮШ 379.3

    Бірақ жер бетінде «Құдай» десе ішкен асын жерге қоятын, Оның дегенін бұлжытпай орындайтын қалаулы халқы да бар. Олар үшін барлық ілімнің өлшеуіші және күллі реформаның негізі Киелі Жазба болып саналады. Ғалымдардың пікірлері, ғылыми тұжырымдамалар, доктриналар, шіркеулердің қаулылары, көпшіліктің дауысы оларды тіке жолдан тайдыра алмайды. Кез келген ілім: «Алла солай айтады» - деген Құдай Сөзімен расталуы керекҮШ 380.1

    Ібіліс жұрттың көңілін Құдайға емес, маңайындағыларға аударғысы келеді. Адам өзінің парызын білгісі келсе Киелі Кітапты жеке басы зерттеуі керек. Егер олар адамдарға қараса, атап айтқанда епископтарға, пасторларға, діни қызметкерлерге, имамдарға, моллаларға, қандайда бір ұстаздарға қараса, жақсы жолдан тайып, жаман жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Албастының күтіп тұратыны да осы.ҮШ 380.2

    Мәсіх Иса жер бетіне келгенде көпшілік қауым Оны қуана қарсы алды, Оньщ алдынан ілім алды. Бұл халықтың ішінде кәптеген діни қызметкерлер де болды. Бірақ басты діни қызметкерлер мен халық көсемдері Оны қабылдамады. Оның Құдайдың Рухани Үлы екенін, әдейілеп жіберілген Елші екенін мойындамады. Халықтың көкейінде: «Неге Ол Елші болса, кітап адамдары мен парызшылар Оны қабылдамайды? Егер Ол шыныменде Мәсіх болса айтулы тақуалар Оны қабылдамас па еді?» - деген ой туындады. Соларға қараймыз деп жүрген Исраил халқы өздерінің Құтқарушыларын танымады.ҮШ 380.3

    Сол кездегі жаман рухпен қаруланып алған діни басшылар секілді сырт көзге қарағанда мейірбан болып көрінетін адамдар қазірде аз емес. Айтулы жандар Киелі Жазбада беріліп тұрған, қазіргі заманға қатысты ақиқаттарды оқымайды. Олар өздерінің қатарларының коптігіне риза болып, байлығы мен атағына мастанып, сенімдері басқалардан өзгеше, ілімдері кеңінен қолдау таппай тұрған ақиқатты жақтаушы аз топқа жек көрушілікпен қарайды. Қолдарына заңсыз тиген, кітапшылар мен парызшылар кұнықкан билік яхудейлердің бытырап кетулерімен аяқталып қана қоймайтынын Иса жақсы білген болатын. Ол көреген көзбен барлық ғасырларда да ғибадатхананың кесірі болған, ар - ұжданның үстінде ойнақтайтын, адамның билігінің дәс көтерілетінін көріп тұрды. Сол замандардағы, істерін үлгі етуге келмейтін кітапшылар мен парызшылар жайлы әңгімелер Киелі Жазбада келер ұрпаққа насихат етіліп калдырылған.ҮШ 380.4

    Рим католиктік шіркеуі Киелі Жазбаны талқылауға дін қызметкерлерінің ғана құқығы бар деп есептейді. Реформация Киелі Кітапты барша халықтың қолына ұстатканымен, Римнің барлығына мойындатқан ұстанымдары бойынша басқалары да, сол секілді протестант шіркеулері де адамдарға Киелі Кітапты өз бетінше зерттеуге кедергі жасайды. Олардың айтуынша шіркеу Киелі Жазбаны қалай талқыласа, халық оны солай қабылдауы керек. Мыңдаған адамдардың шіркеудің доктриналарына карама-қайшы келетін ақиқатты қабылдауға батылдары бармайды.ҮШ 381.1

    Киелі Жазбадағы жазылған анық ақиқаттарға қарамастан көпшілік жандар діндарлардың сөздерін мүлтіксіз қабылдайды. Кейбіреулер Қүтқарушының сөздеріне көңіл де аудармайды, сол діни қызметкерлер не айтса, соған сене береді. Сол қызметкерлердің өздерін күнәсіз деп кім айта алады? Олардың таратып жатқан ілімдерін Киелі Жазу қүптамаса, қалайша оларға сенуге болады? Құдай сызған ақиқат жолымен жүру үшін де адамға ерлік керек. Киелі Жазуды өз бетімен зерттеуге ерінетіндер, жалған ілімнің құрбаны болып қала береді. Кейбіреулер ақиқатты Киелі Кітаптан ғана табуға болатынын жақсы біледі, соған қарамастан оны ашық оқуға зауқылары соқпайды. Осылайша көздері ашық болғанымен, көкіректері соқыр болған жандар өз құтқарылуларына өздері немқұрайды қарайды, яғни тағдырларын дін қызметкерлерінің негізсіз нанымдарының, сенімсіздіктерінің, менменшілдіктерінің жолына құрбандық етіп тартады.ҮШ 381.2

    Албастының адамдарды құл қылып ұстайтын тәсілдері өте көп. Мәсіхтің айқыш ағашының жаулары болып табылатын адамдармен сыбайластықтың мыкты түйіндерін пайдаланып шайтан мыңдаған халықтың жүрегін жаулап алады. Бұл үйреншікті қарым - қатынастардың мінездемелері әр түрлі болуы мүмкін. Атап айтатын болсақ, ата - аналар мен балалар, жұбайлар, туысқандар, дос - жа- рандар немесе әлеуметтік қарым-қатынастар. Қалай болған күнде де нәтиже біреу-ақ. Ақиқаттың жаулары қарамақтарына түскен адамдардың арына қысым жасап, олардың ақиқатты жақтауға, міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға батылы жетпей қалады.ҮШ 381.3

    Ақиқат пен Құдайдың даңқы бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Біз - адамдар, қате жолда жүріп Алланы мадақтай алмаймыз. «Неменеге сенетінің маңызды емес, дүрыс өмір етсең болғаны” дейді біреулер. Олай айту қате. Өйткені сенім (иман) ғана адамның өмірін қалыпқа түсіріп отырады. Егер ақиқат бізге беріліп тұрса, ал біз одан өз еркімізбен бас тартсақ, онда түнекте жүргенімізді қалайтын болғанымыз.ҮШ 382.1

    «Кейбір жолдар адамға түзу болып көрінеді, бірақ оның соңы өлімге әкеліп тірейді” (Нқл. 16:25). Құдайдың еркін тануға мүмкіндік беріліп тұрғанда адасушылық пен күнәні түсінбеушілік деп ақтауға болмайды. Жолаушы келе жатып жол айырығына келіп тірелгенде, қай жол қайда апаратыны жайлы көрсеткіш нұсқап бағыт беріп тұрады. Оған көңіл аудармай, дұрысы осы деп жолды езі таңдаған жолаушы адасады, бірақ шынайы болғандығынан қате жолға түскенін байқауы мүмкін.ҮШ 382.2

    Құдай, Оның ілімін зерттеп, талаптарын білу үшін бізге Өзініц Сөзін берді. Бірде кітап адамы Исаға келіп: «Мәңгілік омірге ие болу үшін не істеуім керек” - деп, Оған сұрақ койғанда, Иса сол адамға: «Құдай заңында калай жазылған?, Қалай окисың? - деп айта отыра, оның назарын Киелі Жазбаға аударған. Білімсіздік жас болсын, кәрі болсын ешкімге де кешірілмейді және Құдай заңын бұзғандар жазасыз қалмайды. Өйткені олардың қолдарында сол заңның сенімді куәлігі бар. Пиғылыңның таза болғаны, осы жақсылық деп қандайда бір іс-шаралар жасау немесе діни жетекшің әділетті деп есептейтін істерді істеу жеткіліксіз. Адам өз тағдырына өзі жауапты, сондықтан кез келген адам Жазбаны жеке басы зерттеуі керек. Діни қызметкер ақиқатты жақсы біледі деп, соған қатты иланғанымен - мұның бәрі оның иманының негізін құрай алмайды. Адамның сенімінің негізі болжамдар мен жорамалдардан кұралуға тиісті емес. Оның қолында көкке бағытталған саяхатының картасы бар және сол картада оның жүріп өтетін жолы белгіленген. Кез келген адамның өмірінің ережесі болып табылатын Киелі Жазбаны зерттеуге мүмкіндігі бола тұра, оны керек қылмай өз бетімен өмір сүрсе, кейін сол немқұрайдылығы үшін қатты өкінетін болады.ҮШ 382.3

    Адам баласының бұл өмірдегі ең басты міндеті Құдай сөзін зерттеу, ақикатты танып біліп, оны басқа жандарға жеткізу. Біз мәтіндерді салыстыра отыра, ойы- мызды сараптай отыра Киелі Кітапты мұқият зерттеуміз керек. Құдай алдында әркім өзі үшін жауап беретін болғандықтан, Алланың көмегімен біздер жеке пікірімізді қалыптастыра білуіміз керек.ҮШ 382.4

    Өздерін данышпанбыз деп есептейтін ғалымдар Киелі Жазудың акикат екеніне күмән келтіртіп, оны адам баласына түсініксіз, сикырлы, рухани, күпия мағынаға толы деп шығарып қояды. Бұлар жалған мұғалімдер. «Құдайдың күшін де, Өзін де, сөзін де білмей адасып жүргендерсіңдер” -деген Исаның сөзі осыларға арналған (Марқа 12:24).ҮШ 383.1

    Киелі Жазбаның астарлап айтылған және рәміздер арқылы берілген жерлерінен басқа жерлерінің барлығын қалай айтылса, солай ұғу керек.ҮШ 383.2

    «Құдайдың еркін орындағысы келген адам, Оның ілімін ұға алады” (Жох. 7:17)деп уәде берген Мәсіх. Егер Киелі Жазбаны бұрмалап талқылайтын жалған мұғалімдер болмағанда, қазіргі кезде түнекте жүрген мыңдаған жандар, періштелерді куантып, Құдай жолына ендігі түскен болар еді.ҮШ 383.3

    Біздің ең негізгі мақсатымыз Киелі Жазбаны терең түрде зерттеу және санамыздың бар күшін соған жұмсауымыз қажет. Біз Құдайдың пиғылы мен ойын терең ұғуға ұмтылуымыз керек және ол кез келген ажалды адамға қолжетімді, сонымен қоса шынайы шәкірттіктің бірінші белгісі Алланың созіне балаша сену және карапайымдылық екенін ұмытпау. Киелі Жазбаны зерттеу алдында, адам менмсншіл мінезін көміп, Құдайға тәуелді екенін толық сезінуі керек, онан соң бар ниетімен дүрыс тілек тілеп, ақиқаттың ашылуын Алладан тілеуі керек. Егерде ол шындықты шөл далада келе жатып бір ұрттам суды аңсағандай іздейтін болса, Алланың акиқатының бұлағынан сусындайтын болады. Болмаған жағдайда зұлым періштелер жүректеріміздің есігін тарс жауып, санамызды уландырып, ақиқат бізді ештеңеге де сендіре алмайды. Қысқасында ақиқатты түсінбейміз, сондықтан да ол бізге шындық болып саналмайды.ҮШ 383.4

    Киелі Жазбаның ғалымдардың өздеріне қүпия немесе мәнсіз болып көрінетін жерлері көп. Бірақ Мәсіхтің мектебінде оқитын шәкірттерге Киелі Кітаптың маңызсыз жерлері жоқ. Кептеген дін зерттеушілер Киелі Жазбаны шала-шұрпы зерттейді. Себебі олар кейбір ақиқаттардың бағытымен жүргісі келмейді, сол себепті оны байқамаған болып коя салады. Алланың сәзін түсіну адамның ақылының тереңдігіне, парасаттылығына ғана байланысты емес, бұл айтылған қасиетгер жеткіліксіз, ол үшін адамның пиғылы түзу болуы керек және міндетті түрде табандылық танытқан жен. Дұғасыз Киелі Кітапты зерттеуге болмайды. Өйткені Киелі Рух қана оны түсінуге көмектеседі және де санамыз қаншалықты сиғыза алса, соншалықты береді. Санамыз игере алмайтын жағына тосқауьш қояды. Көктегі періштелер болса Киелі Жазудағы сұлу шындықтың жүрегімізге нәр, жанымызға әл болуын қамтамасыз етеді. Пайғамбардың: «Көзімді ашып, Сенің заңыңның тамаша екенін көрсетші маған” (Жыр. 118:18) деген дұғасы, біздің де дұғамызға айналуы керек. Кейде адам дұғаға немқұрайды қарағандықтан албастыға тойтарыс беруге шамасы келмей қалады. Ал Алланың дегенін екі етпей орындап, Оның сөзіне мұқият ден коятындарға қиын қыстау замандар келгенде кажетті аяндарды періштелер естеріне салады. «Жау езендей болып ағылса да, Алланың лебі оларды дереу тоқтатады” (Ишая 59:19).ҮШ 383.5

    «Жұбатушы - Киелі Рух келіп, Менің айтқанымның барлығын сендердің естеріңе салады» (Жох. 14:26) деп уәде еткен болатын Иса Мәсіх. Киелі Рух кезі келгенде ақиқатты біздің есімізге салу үшін, оны біз оқуымыз және білуіміз керек. Білмеген нәрсені еске түсіру мүмкін бе? «Сенің алдыңда күнә жасамас үшін, Сөзіңді жүрегімде сақтадым» деген болатын Дәуіт пайғамбар (Жыр. 118:11).ҮШ 384.1

    Мөңгілік жайлы ойлайтын жандар күмөндану дегенді жүректеріне жақындатпауы керек. Болашақта ақиқатқа шабуыл жасалатын замандар келеді. Қазіргі заманның мазағынан, зиянды ілімдерінен, жалған даналықтарынан қашып құтыла алмаймыз. Әрбір пенде сынақтан өтетін болады. Албасты білімі шамалыларды қисынсыз, ойдан шығарылған сандыраққа сендіреді, ал білімі жоғарыларға неше түрлі философиялық теорияларды ұсынады. Мұның қайсысы болса да Құдай сезіне деген сенімсіздікке немесе немқұрайдылыққа әкеліп тірейді. Ешқандай тәжірибесі жок жастардың өздері мәсіхшіліктің негізгі ұстанымдарына күмән келтіруге құқылымыз деп есептейді. Олардың мүндай мінездерін неше жерден сыпайы түрде «аңқаулық” деп атағанмен, осындай негізсіз ойларының өзі жанындағыларға жаман ықпалын тигізеді. Осылайша көпшілік жандар бабаларының сенімдерін мысқылдап, Игілік Рухын тілдейді (Евр. 10:29). Әлемге қаншама пайдасын тигізіп, Алланы мадақтауға қабілеті жетіп тұрған мыңдаған жандар, бүгінде құдайсыздықтың бүлінген лебімен уланған. Өзіміздің ақылымызбен - ақ ақиқатты игеріп, Құдайдың құпиясына жете аламыз дейтіндер, албастының торына түсіп сорлайды.ҮШ 384.2

    Біз ақыр тақап, жердің тарихы аяқталайын деп тұрған жауапты кезде өмір сүріп жатырмыз. Жер тұрғындарының тағдырларының шешілетін сөті тақап қалды. Біздің өзіміздің де, бізді қоршаған ортаның да құтқарылуы қалауымызға тікелей байланысты. Біз үшін Киелі Рухтың өзімізді жетелеуі өте қажет. Мәсіхтің ізбасарларының әр қайсысы ежелгі кездегі шынайы мөсіхшілердей: «О Алла! Маған не бұйырасың?» деп тұруға тиісті. Біз ораза ұстап, салауат айтып, дұға оқып Құдайдың еркіне көнуіміз керек және Оның сезін зерттеп, ақырдың күні жайлы көп ойланғанымыз дұрыс болады. Бір минут уақытты бос жіберуге болмайды. Біздер албасты сиқырлап қойған планетада өмір сүріп жатырмыз. Ояныңдар! Өйткені жау алыста емес, ол «кімді жалмасам екен» деп, жакын жүр. Шаршап ұйықтап кетсеңдер болғаны, бірден оның жемтігі боласыңдар.ҮШ 384.3

    Кей адамдар «ешқандай зұлымдық жасап жатқан жоқпыз, тақуа болуға соның өзі жеткілікті» деп есептейді. Жеткілікті емес. Біз Құдайдың бакшасында өсетін жай ағаштар емес, керемет жемістер әкелетін ағаштар болуымыз керек. Тәңір Ие, игілік Рухының жетелеуімен, қолдарынан келіп тұрған істі істемегендері үшін адамдар жауапты - деп есептейді. Көктегі кітаптарда ондай жандар жемісін бермейтін ағаштармен салыстырылады. Дегенмен жемісін бермейтін ағаштарға ұқсас адамдардың өздерінің өлі де болса уақыты бар. Алла оларға былай дейді: «Ұйқыдағылар ояныңцар, тіріліңдер! Мәсіх сендерді қайтадан нұрландырады. Бірақ байқаулы болыңдар, уақыттарыңды бағалаңдар, өйткені күндер алдамшы” (Еф. 5:14-16). Сынақ мезгілі жеткен кезде, Құдай сөзін өмірлеріне ереже еткендер бірден байқалады. Жаздың күні жай ағаштар мен мәңгі жасыл ағаштардың түсі бірдей болады. Бірақ қылышын сүйретіп кыс келгенде айырмашылығы айқын керініп тұрады. Мәңгі жасыл ағаштар түсін өзгертпейді, ал қалғандары жапырақтарынан айрылып, жалаңаштанып қалады. Дәл сол секілді қазіргі күні шынайы мәсіхшілік пен жасанды мәсіхшілікті ажырату қиын. Десе де олардың айырмашылығы анықталатын мезгіл келеді. Шайқас басталсымен фанатизм мен діни шыдамдылық өздерін көрсетеді, қуғын-сүргіннің оты лап еткенде шала мәсіхшілер теңселіске ұшырап, өз сенімдерінен бас тартады. Тек шынайы мәсіхшілер ғана тас секілді, қозғалмайды, мыкты тұрады және имандары беки, үміттері жарқырай түседі.ҮШ 385.1

    «Сенің аяндарың жайлы көп ойланамын” дейді жыршы (Жыр. 118:99). «Сенің бұйрықтарың ақылыма түсіреді, себебі мен өтірікті жек көремін” (Жыр. 118:104). «Даналықты іздейтін адам бақытты”. «Ол судың жанына отырғызылған ағаш секілді, ыстықты елемейді, қаңсымайды, жапырақтары жап-жасыл болып, жемісін үнемі беріп тұрады» (Ерм. 17:8).ҮШ 385.2

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents