Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First

    5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/

    Реформация кезеңіне дейін Киелі Кітап өте аз данада шығарылған, бірақ Жаратушы Өзінің Сөзінің құрып кетуіне жол бермеді. Оның ақиқатгары жабулы қалпында қала алмады. Тәңір кезінде Өз ізбасарларын қамаудан шығару үшін зынданның темір қақпаларын еш қиындықсыз ашқанындай өмір сөзінің бұғауларын да оңай ағытатын еді. Алланың айтқан сөзі таралмай қалуы мүмкін емес болды. Әрбір мемлекеттерде Киелі Рухпен шабыттанған халық ақиқатты тығулы жатқан қазынадай іздеді. Киелі Кітапты ден қойып оқып, әрбір сөздің мағынасына көңіл аудара отырып зерттеді. Олар Киелі Жазбаны түгел игеріп алмағанымен, бұрын түсініксіз болған жерлерін кейін ұға бастады. Енді олар адасушылықтың кісенін ағытып, ырым - жырымға жол бермей, өз білімдерін басқаларға таратып, оларды өз бостандықтарын қорғауға шақырды.ҮШ 48.1

    Көптеген ғасырлар бойы Киелі Кітапты оқуға тек білімділердің ғана мүмкіншілігі болған, қарапайым халықтардың ішінен мүндай мүмкіншілікке ие болғаны тек вальдендіктер еді. Киелі Кітап басқа халықтардың тілдеріне аударылып, оны жұрт өз тілдерінде оқи бастаған кезде түнек сейіліп күн сәулесі көрінетін заман басталды.ҮШ 48.2

    XIVші ғасырда Англияда «Реформация таңы өз шұғыласын шашты». Джон Уиклиф тек қана ағылшын елінде ғана емес, барлық Құдайға сенуші қауымдардың арасындағы реформаның хабаршысы болды. Оның Римге қарсы айтқан сөзі барлық халықтарды дүр сілкіндіріп, бостандықка қарсы күреске құлшындырды.ҮШ 48.3

    Уиклиф кезінде зайырлы білім алған. Ол үшін Құдайдан қорқу - даналықтың басы болып табылатын. Оның білімге деген құштарлығының зор болғаны соншалықты, ол ғылымның барлық салаларымен танысуға тырысты. Фәлсафаны* жақсы білгендігі оны адасушылықтан қорғаса, азаматтық және діни кұқықты зерттеу, оны діни бостандыққа қарсы күреске әзірледі. Уиклиф гуманитарлық ілімді және Киелі Кітапты жақсы игерді. Ол алғырлығы мен дарындылығының арқасында тек достарының арасында ғана емес, жауларына да сыйлы болды. Оны жақтаушылар өздерінің көсемдеріне мақтанышпен қарады, ал жаулары болса оның ісін әшкерелеуге дәттері жетпеді. Ол кезде ежелгі тілдерді білетін оқымыстылар ғана Киелі Кітапты оқып, шындықты білуге мүмкіншіліктері бар болатын, ал оқымаған қарапайым қауымға Құдай сөзі құпия болып қала берді. Уиклиф болса студент кезінен бастап Киелі Жазбаны жақсы зерттеді, оны түсіне білді, осылайша бұл дарынды студент арқылы реформация ісіне жол салынды.ҮШ 48.4

    Ілімнің қай саласы болмасын зерттеп, сусындай алмаған Уиклиф керегін Киелі Кітаптан тапты. Бұл кітаптан ол дүниенің жалғыз ғана тірегі Жаратушы Құдай Ие екенін және адам баласын дозақтан құтқаратын да Ол екенін білді, сондықтан Оның жолында талмай қызмет етуге белін бекем буды. Уиклиф Риммен айқасқысы келген жоқ дегенмен шындыкқа берілгендігі оны адасушылыкка қарсы күреске әкеліп тіреді.ҮШ 49.1

    Рим халықты өз дегеніне бағындырып ұстау үшін, Құдай сөзін тығып көрсетпей, оларды мәңгүрт қылып қойған. Ал Уиклиф болса Римнен жұртқа Киелі Кітапты қайтаруын талап етті. Ол өзінің шындыққа берілгендігін күнделікті өмірімен дәлелдеді. Осылайша халыктың оған деген кұрметі мен сенімі арта түсті. Рим шіркеуінің заңсыздықтарына наразы болған көпшілік Уиклиф ұсынған шындықты қуанышпен қарсы алды. Ал ашуға булыққан Рим папалығының көсемдері реформатордың соншалықты кұрметке ие боғанын сырттай бақылауға кірісті.ҮШ 49.2

    Уиклиф зұлымдықты шеберлікпен әшкерелей білді. Ол Римнің құптауымен жасалып жатқан барлық заңсыздықтарға қарсы шықты. Патшаның дін қызметкері болған кезінде ол шындыққа және қисынды ұғымға қарсы келетін Рим папасының ағылшын монархына салып отырған салығын батылдықпен айптады. Онсыз да наразылық туғызып отырған папаның бұл талабы, Уиклифпен әшкереленгеннен кейін, мемлекет тарабынан қысымға алынды. Патша мен дворяндар бірігіп папаның салық салу туралы талабына тойтарыс берді. Осылайша Англияда папаның беделіне айтарлыктай соққы тиді. Сонымен қоса Уиклиф ұзақ уақыт бойы тағайындалған қайыршы монахтық ордендерге қарсы күрес жүргізді. Барлық Англияны көл-көсір монахтар басып кетті. Олар ұлттың өсіп өркендеуіне көп кедергі келтірді. Қайыр садақамен сауық құрып жүрген монахтардың қарапайым еңбекші халықка едәуір зияны тиді, өйткені халыққа бейнеттеніп, тапқан-таянғандарын олармен бөлісуіне тура келді. Ал ең жаманы еңбектің мәнінің төмендеп кеткені. Көпшілік жастар ата-аналарының рұқсат еткені түгіл, олардың карсы болғандарына қарамастан монастырларға кетіп отырды. Тіпті католиктік шіркеудің дін әкелерінің бірі былай деп жазған болатын: «Әкең босағада жолыңды бөгеп жатып алса да, тоғыз ай тоғыз күн көтеріп, ақ сүтін берген анаң шашын жайып зарласа да, сен оларды аттап өтіп Иса Мәсіхке қарай асығуың керек». Мұндай адамгершілікке сыймайтын, ата-аналары мен балаларының арасындағы қатынасты шиеленістіре түсетін азғындық доктринаны Лютер: «хайуандық әрекет» - деп әшкерелеген болатын. Осылайша дін әкелері ежелгі парызшылар секілді ез мүдделерін қорғау үшін Құдай заңын аяқ асты қылды. Нәтижесінде жан ұялардың ырқы - шырқылары шығып, қартайған ата-аналар балаларының қамқорынсыз қалды. Тіпті университеттердің студенттерінің өздері олардың тәтті лебіздеріне алданып, монах ордендеріне кірді. Олардың көпшілігі кейіннен өкінгендерімен одан қайтып шығу мүмкін емес еді. Ата-аналары монахтардан қорқып балаларын оқуға жібермей, оқу орындарындагы студенттер саны күрт азайып, нәтижесінде айтулы оқу орындары жабылып, надандыққа жол салынды.ҮШ 49.3

    Папа болса монахтарға адамның көңіл күйінің мән жайын біліп, күнәларын кешіретін кұқык беріп қойды, ал монахтар болса, бұл құқыкты пайдаланып, байудың жолын іздеп кез келген бұзақылар мен баскесерлердің күнәсін босатып отырған. Бұл зұлымдықтың көзіне айналды, сол себепті зұлымдық еселене түсті, ал монахтардың қалталары қалыңдай түсті. Ұятсыз монахтар қайыр-садақа бермейтіндерді «Құдайға қарсы шыққандар»деп жариялап, кедей-кепшіктер мен әлсіздерді соққыға жығып соңғысын тартып алып отырған. Олар неше түрлі ырым-жырымдарымен, жалған ғажаптарымен халықтың миын ашытып, «егерде папаның абыройын жоғары ұстасаңдар, әулиелерге құлшылық етсеңдер және монахтарға құдайы - нәзір беріп отырсаңдар жұмаққа тура барып түсе қаласыңдар»деп, байғұстарды соған сендірген.ҮШ 50.1

    Бұл ордендердің дорежесін төмендету зайырлы азаматтардың да, оқымыстылардың да қолынан келмеді. Тек Уиклиф қана бұл зұлымдыққа тойтарыс бере алды. Ол монахтандыру деген алдамшы әрекет екенін әшкерелеп, оның көзін жоюды талап етті. Бұл сұрақтың маңайында әртүрлі пікірталас жандана түсті. Адамға, жасаған күнөсына кешірім алу үшін ақы төлегені дүрыс па? Әрине ол дұрыс емес. Адамдар: «Күнә үшін кешірімді Рим папасынан емес, Құдайдан сұрау керек емес пе?” - деген сұрақтар қоя бастады. Ал монахтар болса, жұртты күнәдан босату үшін индульгенциямен* сауда жасайды. Монахтардың шектен тыс ашқарақтығын көрген қауым, олардан кауіптене бастады. «Монахтар мен Римнің дің қызметкерлері бізді қатерлі ісіктей жалмап жатыр. Құдай халықты құтқарып қалуы керек, болмаған жағдайда олар кырғынға ұшырайды» - деді жұрт. Өз қылмыстарын жасыру үшін монахтар: «Иса Мәсіх пен Оның оқушылары халықтың садақасына күн көрген»деген лақап сөзді таратты. Мұндай тұжырым халықтың назарын ақиқаттың көзіне аударды. Енді олар монахтардың сөздерінің каншалықты әділ екенін тексеру үшін Киелі Кітапты оқи бастады. Халықтың әрекеті Римнің пиғьшына сай болмай шықты. Өйткені олар Рим шіркеуі жасырып, оны оқып пайдалануға тыйым салған Киелі Кітапты қолдарына алды.ҮШ 50.2

    Уиклиф монахтарға қарсы мақалалар жазып шығара бастады, бірақ мұны пікірталас үшін емес, адамдардың назарын Алланың іліміне, Жазбаның Авторына аудару үшін жасады. Ол, Рим папасы басқа да қарапайым дін әкелері сияқты адамның күнәсін кешіріп және шіркеуден шығаратын билікке ие болған, бірақ бір де бір адамды Құдайдың сотынсыз ешкім де шіркеуден шығара алмайды — деп арыз тастады. Бұл Уиклифтің, папаның құрған дәу ескерткіші іспетті миллиондаған адамдарға жүргізген билігіне тигізген ең ауыр соққысының бірі болатын. Әрине халықтың қамын ойлаған мұндай жалынды жауынгерді Рим қалай жақсы көрсін?ҮШ 51.1

    Англия тәжінің хұқығын Римнің шабуылынан қорғау мақсатында Уиклиф патшаның елшісі болып тағайындалып, екі жыл бойы Нидерланд жерінде болды және папаньщ өкілдерінің жиындарына қатысып отырды. Франция, Испания, Италия елдерінің дін басшыларымен емін-еркін қарым-қатынас жасап, көп нәрсені түсінді, тәжірибе алады. Алған іс-тәжірибесі, көрген - білгені оның болашақ қайраткерлік жұмысында көп себін тигізді. Папалық сарайдың өкілдері иерархияның нағыз пиғылын көрсетгі. Англияға қайтып оралғаннан кейін ол өз ісін қайра жалғастырып, ақиқатты бар күшімен қорғап, Римнің шын мәніндегі құдайлары - тойымсыздық, көкірек соғу және өтірік айту екенін көрсетіп берді.ҮШ 51.2

    Кейіннен өзінің трактаттарының бірінде ол былай деген болатын: «Рим кедейкепшіктердің күн көруіне жарайтын аздаған қаражатты тартып алады, оған қоса патша қазынасынан шіркеудің неше түрлі құпия әрекеттеріне мыңдаған маркалар кетіп жатады. Егерде алтын тау болып үйіліп тұрып, шіркеудің қазынашысынан басқа ешкім оған қол сұкпағаның өзінде, бұл қаражаттың оларға аз ғана уақытқа жететіні ешкімге күмән келтірмейді. Олар біздің ақшаларымызды тартып алып орнына қарғыс қана атады”.ҮШ 51.3

    Уиклиф Англияға оралсымен патша оны Люттерворттің кішкене шіркеуіне қызметке шақырды, бұдан біз патшаның оның жалынды лебіздеріне қарсы емес, керісінше оны қолдайтынын байқаймыз. Уиклифтің әсері сарай өмірінде де, сол сияқты күллі ұлттың рухани жаңаруына да ықпалын тигізді.ҮШ 51.4

    Көп ұзамай Рим тағыда Уиклифке қаһарын төкті. Реформатордың аузын жабу үшін Англияға үш хат жіберілді, біреуі университетке, екіншісі патшаға, үшіншісі прелаттарға. Ол хаттар баратын жерлеріне жетіп үлгермей, бойларын ыза кернеген епископтар Уиклифті сотқа шақыртты. Уиклифпен ере келген елдің ең қуатты екі ханзадасы мен бір топ халықты көріп зәрелері кеткен сот мүшелері үкім шығаруды шегіндіріп, істі уақытша жауып қойды. Осылайша Уиклиф бастаған ілімін әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды. Прелаттар, Эдуард ІІІ-нің қартайып, еңкейген шағын пайдаланып, оны реформаторға қарсы қойғысы келді, бірақ олардың дегені орындалмады, Эдуард ІІІ-ші қайтыс болып, оның орнына ел басы болып Уиклифтің ежелгі қамқоршысы келді.ҮШ 52.1

    Десе де Англияға келіп түскен хаттар реформаторды ұстап, түрмеге қамауға корольді мәжбүр етті. Бұл дегеніміз «оны алау күтіп тұр” - деген сөз еді. Алайда «Қорықпа, Мен сенің Қорғаныңмын” (Жар. 15:1) - деп уәде берген Жаратушы Ие оған көмекке келді. Ажал реформаторды емес, оның көзін жоюға бұйрық шығарған папаны алып кетті. Сөйтіп Уиклифке үкім шығармақшы болып дайындалған шіркеудің соты болмай қалды. Құдай реформация ісін әрі қарай басқарып, оның өркендеуіне мүмкіндік берді. Григорий ХІ-ші өлгеннен кейін, оның орнына таласқан екі топтың өкілдері бір біріне соғыс жариялап, өздерімен өздері қырылысып, әр қайсысы сенетіндерді өз жақтарына тартқылап, қарсыласушыларына қарғыс атып, жақтаушыларына көкте сый кұрметке ие болатындарына уәде берді. Шайқасушы топтардың күресі кезінде Уиклиф өз жайына қалды. Сөйтіп ол халықтың назарын бір біріне қарсы шыққан екі топтың шайқасынан тіршіліктің нәрін беретін Жаратушы Құдай Иеге аудара отыра өз қызметін жалғастырды. Айтулы шайқас халыққа дін әкелерінің ниетін әбден байқатты. Енді олардың Құдайға қарап тұрған ешқайсысы жоқ екені айтпай-ақ түсінікті болды. Уиклиф Ізгі хабарды тек кедейлерге ғана емес, барлық Англияға тарату мақсатымен ақиқатты уағыздаушы топтарды дайындады. Бұл топтардың мүшелері шындыққа бар ниетімен берілген азаматтар болатын. Олар жер жерді аралап сауда орындарында, калада, далада, көшелерде жүріп және жолдарға шығып Жарылқаушы Құдай туралы қуанышты хабарды халық арасына таратты. Оксфорд университетінде қызмет атқарып жүрген кезінде Уиклиф Қүдай сөзін дәрісханаларда студенттерге уағыздады. Қуанышты хабарды бар ниетімен жеткізуге тырысқан Уиклифты студенттер «Ізгі хабар докторы” деп атап кеткен болатын. Ол халық Киелі Кітапты өз тілдерінде оқи алатын мүмкіндікке ие болулары үшін Жазбаны ағылшын тіліне аударуды қолға алды. Бұл оның негізгі жұмыстарының біріне айналды. Дегенмен көп ұзамай оған бастаған ісін күрт тоқтатуға тура келді. Ғылыми еңбек, үздіксіз жұмыс, жауларының шабуылы оның күшін азайтып жібергені соншалық, ол алпысқа толмай қауіпті дертке шалықты. Монахтар болса бұл хабарды қуанышпен қарсы алды. Осы уақытқа дейін шіркеуге қарсы жүргізген жұмыстарына өкінетін шығар - деген оймен олар Уиклифке келіп, көңіл күйін көруге асықты. Оған елдің беделді деген төрт азамахтык шенеуліктерін ерітіп төрт орденнің өкілдері келді. Уиклифтің жатқан төсегін «өлім төсегі»деп есептеп келген олар, реформаторға былай деген болатын: «Ажалың жақын, тәубеңе түсіп, бізге қарсы айтқан сөздерінді қайтып ал”. Оларды үнсіз тыңдаған реформатор кызметшісінің көмегімен басын көтеріп: «Мен өлмеймін, керісінше сендердің зұлымдық әрекеттеріңді әрі қарай әшкерелеймін»деп жауап қайтарды. Оның сөзіне қатты абыржыған монахтар тайып тұрды.ҮШ 52.2

    Уиклифтің айтқаны тура келді. Рим империясына қарсы ең қуатты қару - Киелі Жазбаны халықтың қолына ұстату үшін Уиклиф Алланың арқасында тірі қалды. Киелі Кітапты ағылшын тіліне аудару ісінде оның жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілер кездесті. Науқас тұла бойына тарап меңдеген сайын, ол өзінің уақытының шамалы қалғанын жақсы білді, бірақ Киелі Рухтың күшімен шабыттанған Уиклиф еш қорқынышсыз алға басты. Тәжірибесі де, білімі де жеткілікті болған ол, бұл үлкен істі атқаруға дайын еді.ҮШ 53.1

    Акыры Киелі Кітап ағылшын тіліне аударылып шықты және кез келген адамның оны өз тілінде оқуға мүмкіншілігі пайда болды. Уиклиф өз елінің гүлденуіне үлесін қосып, халқының кесір, көргенсіздік, мөдениетсіздік сияқты жаман қылықтардьщ қүрсауынан босап шығуьгна себін тигізіп, өзінің соңынан ешқашан өшпейтін шындықтың шырағын қалдырды. Енді реформатор зынданнан да, алаудан да қорықпады.ҮШ 53.2

    Ол кезде баспасөз деген болмағандықтан кітап жазып шығару деген өте қиын еңбек болатын. Халықтың Киелі Кітапты иемденуге деген ықыласы зор болды, сондықтан көпшілік халық оны бірінен бірі көшіріп алып оқып жатты. Шамасы жеткендер Киелі Кітапты тұтастай сатып алса, шамасы жетпегендер оның кейбір бөлімдерін алып, Құдай сөзінен сусындады. Кей кездері жанұялар Киелі Кітапты бірігіп сатып алған. Осы жолмен Уиклифтің Киелі Кітабы қарапайым жандардың үйіне де жетті.ҮШ 53.3

    Ақиқатты өз көздерімен көріп, оқып, ой сараптамасынан өткізген адамдар енді Рим папасына мүлтіксіз бағынуды тоқтатты. Уиклиф халыққа протестантизмнің негізгі қағидалары - Киелі Кітаптың шындык екенін жөне құтқарылудың жалғыз ғана жолы Иса Мәсіхке сену екенін уағыздады.ҮШ 53.4

    Уиклифтен дәріс алып шыққан азамаггар халыққа Киелі Кітаппен қоса Уиклифтің жазған жеке еңбектерін де таратгы. Киелі Жазбаның халықтар арасына таралып кеткені шіркеу басшыларын қатты қобалжытты. Енді оларға жалғыз Уиклифпен ғана емес, одан мың есе артық күшпен шайқасуларына тура келді. Ол кезде Киелі Кітап ағылшын тілінде болмағандықтан Англияда оны оқуға тыйым салатын заңда болған жоқ. Кейін Құдай сөзі ағылшын тілінде пайда болсымен оны оқуға тыйым салатын заң жедел түрде шығарылды, десе де соған қарамастан Киелі Жазба жер жерге тарап жатты.ҮШ 54.1

    Тағыда папаның көсемдері реформатордың үнін өшірудің жолын іздеді. Үш трибунал Уиклифтің бетін қайтара алмады. Епископтардың бірінші жиналысында Уиклифтің еңбектері «сандырақ»деп жарияланып, жас король Ричард II қолдауымен діндарлар: «Кім де кім бұл ілімді қабылдаса зынданға тасталады»деген патшаның үкімін шығарды.ҮШ 54.2

    Уиклиф парламентке үндеу тастады. Ол шіркеудің барлық зұлымдык, әрекеттері мен халыққа жасап отырған қиянатын батылдықпен айыптады. Дін әкелерінің бұзылғандықтары мен сараңдықтарын көңілге қонарлықтай етіп суреттеп берді. Оның сөздері жауларын дүрліктірді. Уиклифтің бұрынғы жақтаушылары мен жолдастарына амалсыз папаға берілулеріне тура келді, ал жаулары болса картайған шағында жалғыз қалған реформаторды біздің тәжіміздің алдында бас иеді - деп есептеді. Уиклифтің жалынды сөздеріне алаңдаған парламент оның ізіне түсушілерге тойтарыс беріп, реформатор қайра бостандыққа шықты.ҮШ 54.3

    Осылайша папаның көсемдері өздері жеңіліске үшырады. Көп үзамай Уиклиф үшінші рет патшаның жоғарғы діни сотыньщ алдына келді. Папаның көсемдері: «осы жолы Уиклифтің ісі аяқталады, ол өз ілімінен бас тартады, болмаған жағдайда оны алау күтіп түр»деп есептеді.ҮШ 54.4

    Бірақ Уиклиф дегенінен қайтпады, екі жүзділік оған тән «қасиет” емес еді. Ол өзінің қандай жағдайда тұрғанына көңіл аударған жоқ, тыңдаушыларына Құайдың соты болатынын және әрбір пенденің ісінің мәңгілік шындықтың таразысына салынатынын ескертті. Оны Киелі Рух қолдап тұрғаны байқалды. Отырған адамдар тұруға шамалары келмей, орындарына жабысып қалғандай болды. Оның жалынды сөздері Құдайдың атқан жебесіндей тыңдаушылардың жүректеріне қадалып жатты. Өзіне жапқан жаланы ол жауларының мойындарына аударды. Неліктен деді ол: «бұлар шындықты мойындамай өз дегендерінде қасарысып тұрады, өйткені олар дүние жинау мақсатында Құдайдың рақымымен сауда жасайды».ҮШ 54.5

    Айтындаршы, сіздер кіммен күресіп жатырмыз - деп ойлайсыздар? Көрдің шетінде тұрған қариямен бе? Жоқ. Сіздер ақиқатпен айқасып жатырсыздар. Бірақ біліп қойыңыздар, ақиқат сіздерден үлкен, ол сіздерді жеңеді. Сонан соң Уиклиф сөзін аяқтап, ғимараттан шығып кетті, оны тоқтатуға ешбір жанның батылы бармады.ҮШ 55.1

    Осымен Уиклифтің еңбек жолы аяқталып, шындыктың туын жоғары көтеріп ұстаған қолы төмен түсуте жақын қалды. Дегенмен оған тағы да бір рет ақиқаттың куәгері ретінде азғындықтың патшалығы болған Римнің алдына шығуына тура келді. Ол папаның сотына шақыртылды. Бұл қойылған талаптың қаншалықты қауіпті екенін Уиклиф жақсы білді, өйткені Рим шындықты шыбын жанындай қорғаған азаматтардың қанын талай рет судай төккен болатын. Бұл сапарға аттануға реформаторға сал ауруы кедергі жасады. Уиклиф Римге жете алмағанымен қалам ұстауға шамасы бар еді, сол себепті ол папаға хат жолдады: «Мен әрбір жанға, әсіресе сізге Жаратушының сөзін жасырмай, ашық айта алатыныма қуаныштымын. Иса Мәсіхтың Ізгі хабары - бұл Құдай заңының болмысы. Егерде сіз өзіңізді Құдайдың орынбасарымын деп есептесеңіз, онда басқа жұрттан бұрын Құдай заңына сіз бірінші бағынуыңыз керек. Өйткені Исаның оқушылары абырой мен атаққа ие болуға тырысқан жоқ, олар Исаға ұқсауға тырысты. Исаның Өзі де жер бетінде өмір сүрген кезінде ең кедей адамдардың бірі болған. Ешбір ниеті таза адам басқа адамға, тіпті папаға ұқсауға тырыспауы керек. Біз тек Аллаға ғана ұқсауға, Оның пәктігі мен тазалығына ұмтылуымыз керек. Өйткені Петр мен Зәуедейдің ұлдары атаққа ұмтыламыз деп күнәға батты, бізге осы қателіктерді қайталауға болмайды...ҮШ 55.2

    Папа иелікті үкіметке тапсырып, барлық дін иелерін осыған шақыруға тиісті. Мен сіздің шақыруыңыз бойынша алдыңызға келетін едім, бірақ Алланың жазуы басқаша болып шықты, ал біз Алланың еркіне сөзсіз бағынуымыз керек. Сізге тілейтінім еңбегіңіз жемісті болып, Құдай сізге жар болсын!»ҮШ 55.3

    Сөйтіп Уиклиф Урбан VI-ға және кардиналдарға ғана емес, барлық мәсіхшілерге дін көсемдері мен өзінің Ұлы Ұстазы Иса Мәсіхтің айырмашылығын көрсетті. Осы жолы Уиклиф Құдайға берілгендігі үшін құрбан болатынын тура білді. Патша, папа және епископтар бірігіп реформаторды өлтіруге дайындалды. «Сіздер, қасірет тәжі бізден алыс»деп ойлайсыздар ма? Олай болса менменшіл қауымға Ізгі хабарды насихаттап көріңіздер. Сонда қалай болғаны, бас сауғалап өмір сүру керек пе? Ешқашан! Болған іске болаттай болып, Жаратушы Құдай Иенің дегенін орындау керек. Алла өзінің сүйікті құлын әлі де қорғап тұрған бо- латын. Ол Уиклифті жауларының талан таражына салғызбай, олардың қолдары жете алмайтын жерге жіберді. Дұшпандары оны азапқа салудың түр түрін ойластырып жатқан кезде, Уиклиф дүние салды. Реформатор Алланың берген тапсырмасын қажырлықпен орындап шықты. Ұлы Реформация ісіне жол салынғанша Құдай оның өмірін, еңбегін қорғады.ҮШ 55.4

    Уиклиф ортағасырлық түнекті сейілтті, реформация ісін басқарып басқаларға өнеге көрсетті. Кезіндегі Жақия пайғамбары секілді, ол жаңа дәуірдің хабаршысы болды. Оның салып кеткен ірге тасының мықтылығы соншалықты қазірдің өзінде оның іліміне түзету енгізудің, толықтырудың қажеті жоқ.ҮШ 56.1

    Римнің күймесіне тіркелген халықты босату үшін, олардың ар ұжданы мен санасын тазарту бағытында Уиклиф бастакан қозғалыстың бастамасы Киелі Жазбадан шығады. XIV ғасырдан шыққан, жанды су іспетті игіліктің көзі барлық ғасырларға тараған. Уиклиф Киелі Кітапты өмірмен сенім ережесі ретінде, Құдайдың еркін аян ретінде қабылдады. Бұрын Уиклиф Рим шіркеуінің абыройын қорғаған, олардың салт-дәстүрлерін, ырым - жырымдарын қабылдаған адамның бірі болатын, бірақ Киелі Кітапты қолға алып, Құдай сөзіне ден қойғаннан кейін ол бұрынғы өмірімен қоштасып, жаңаша өмір бастады. Киелі Кітап оның сенімі мен өмірінің ережесіне айналды. Құдай сөзін басшылыққа ала отырып ол өзі де түзу жолға шығып және халықты да Рим шіркеуінің құлдығынан алып шықты. Ол адамдарға адамзаттың мәңгілік тірегі дін әкесі де, шіркеу де емес, құдіретгі Құдай Ие екендігін ұғындырды. Жаратушы жайлы шындық Киелі Кітапта жазылған, ал оны түсінуге басшылық жасайтын көмекшіміз - Киелі Рух. Құдай сөзін зерттеу әр адамның қасиетті парызы.ҮШ 56.2

    Уиклиф өзінің заманындағы ұлы реформаторлардың бірі болатын. Оның ізбасарларының ішінде Уиклифпен ақылы, ой-өрісі, парасаттылығы, көрегендігі, шындыққа берілгендігі, батылдығы жағынан пара-пар келетін адам аз еді. Сол рухани түнек, азғындық, надандық билеген заманда Уиклиф өзгелерден дара жаны таза, білімге құштар, еңбекқор жан болған.ҮШ 56.3

    Мұндай сирек кездесетін тұлға, Кислі Кітаптың адамдарды өзгерте алатын күшін көрсететін куәгер болып табылады. Құдай сөзін үнемі зерттеу, Алланың тазалығы мен пәктігіне ұмтылу адамның ойын тазартып, қабілетін арттырып, шыдамдылыққа, батылдьщқа тәрбиелейді. Мұндай тәрбиені ешқандай мектеп, ешбір философия адамға бере алмайды, тек шексіз даналық Иесі ғана береді. Бұл жөнінде Дәуіт пайғамбар былай деген болатын: «Сенің сөзің қарапайымдардың санасын кеңейтіп, көкірегін ашады” (Жыр. 118:130).ҮШ 56.4

    Уиклифтің ілімі көп жерлерге тарады. Оның уиклифтіктер және лоллардтар деп аталып кеткен ізбасарлары көсемдерінен алған білімдерін тек Англияға ғана емес, басқа да елдерге таратты. Бұл ілімді қабылдағандардың қатарында зиялы азаматтарда болды, тіпті патшаның әйелі де осы сенімді қабыл алды. Көптеген жерлерде рухани өзгерістер болып, халык ырым - жырымдардан арыла бастады. Көп ұзамай Киелі Жазбаны басшылыкка алып өмірлерін өзгертем дегендердің бастарына Англия монархтары әңгір таяқ ойнатты. Бірінші рет тарихта Англияның алаулары тұтанды. Реформация ісін жақтаушылар тірідей отқа тасталып, азап шекті. Десе де зиянкестердің зұлымдық әрекеттеріне қарамай, шындық өз жолын тауып, жақсы іс әрі қарай жалғаса берді. Тағдырдың тәлкегіне түскен халық та қиындыққа мойымай, зүлымдыққа төтеп берді. Оның ішінде кейбіреулері ауыр азапқа шыдамай, бостандық үшін имандарынан бас тартып жатса, енді біреулері алған беттерінен қайтпай қажырлық танытты. Қалай болған күнде де Аллаға адал азаматтардың қатары азайған жоқ. Бұлардың іштерінде карапайым адамдар да, зиялы азаматтар да жеткілікті болды. Олар тағдырдың мойындарына салғанын тік тұрып қарсы алды. Уиклифтің ілімін қабылдап, ақиқаттың туын көтергендердің саны көп болғаны соншалықты, папалықтар «тірі Уиклиф түгіл оның қаңқасы да бізге дамыл бермеді ғой»деп ызаға тұншықты. Осылайша реформатордың өлгеніне кырық жыл өтсе де, олар Констанц соборының* шешімі бойынша Уиклифтің бейітін қайра ашып, қаңқасын өртеп, күлін көрші жатқан арықтың суына тастады. Кейін бір жазушының айтқанындай оның күлін азғантай ағын өзенге, өзен теңіздерге, теңіздер мүхиттарға жеткізгеніндей, Уиклифтің ілімі барлык халықтар арасына тарап, ақиқат ісі жалғасын тапты. Уиклифтің еңбектерінің арқасында богемиялық Ян Гус католицизмның шырмауынан босап шығып, реформация жолына түсті. Осылайша бір бірінен алыс жаткан осы екі мемлекетте ақиқаттың тұқымы шашылды. Ал Богемиядан бұл ілім әрі қарай тарады, осылайша реформация ісіне жолды Жаратқан Иенің Өзі ашып беріп отырды.ҮШ 57.1