17-тарау Нұрдың - хабаршылары
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
17-тарау Нұрдың - хабаршылары
Киелі Кітап ашып берген ең салтанатты жөне ең ұлы ақиқат - бұл Иса Мәсіхтің қайтадан екінші рет жер бетіне келетіні жайлы хабар. Адам затыньщ күнәдан ақталуы осылайша аяқталады. «Қараңғыда» жер бетін кезіп жүрген Құдай халқы үшін, ақыр заманның келуі, мәңгілік өмір Сыйлаушының қайтадан оралуы - өте қуанышты хабар және куанышты үміт. Сонау баста жер бетіндегі алғашқы жұбайлар Бейіш бағымен күңіреніп қоштасқалы Құдайдың адал құлдары жұмақты аңсап, ақырды күтуде. Мәсіх Исаның жер бетіне келетіні жайлы хабар ерте заманнан бергі барлық қасиеттілерді үміттендірген қуаныш. Бір кездері Бейіш бағында өмір сүрген Адам атаның жетінші ұрпағы Ідіріс 300 жыл бойы жер бетінде «Алланың апдында жүріп” Құтқарушыны алыстан кәруге тұрарлықтай болды.ҮШ 193.1
«Міне, қаптаған киелі періштелерін ерітіп, жер бетіндегі жандарды соттап, әр пендеге үкім шығару үшін, Құдай келе жатыр»дейді ол (Яхуда.14,15). Әйүп пайғамбар тәні жараланып, касірет шегіп жаткан кезінде, болашақта болатын оқиғаны сеніммен хабарлайды: «Білемін Құтқарушым менің тірі, Ол соңғы күні менің шіріген денемді қайра жаңартады, Оны басқа біреу емес, мен өз кезіммен көретін боламын»дейді (Әйүп. 19:25-27).ҮШ 193.2
Мәсіхтың келетіні Киелі Жазбаның авторларын шабыттандырып, бұл оқиғаны олар өте көтеріңкі көңіл күймен қуанышты түрде сипаттайды. Бұл ақындар мен пайғамбарлар айтқандары тыңдаушыларының көкейлерінен шығатындай жалынды сөздерді жақсы таба білген. Жыршы, патшалардың Патшасының келетіні жайлы тебірене отыра айтып, толқи сөйлейді: «Сұлулықтың заңғар шыңы Сионнан Құдай келе жатыр және Ол үнсіз емес. Оның алдында жалындаған от, маңайында қатты дауыл. Иеміз көктен жерді көріп тұр жөне Ол Өз халқын соттап, оларға үкім шығару үшін келеді» (Жыр. 49:2-4). «Қуаныңдар көктегілер, салтанат құрыңдар жердегілер. Оның көз алдында мұхиттар мен теңіздер шулаңдар. Өйткені жерге Жаратқан Иеміз келе жатыр. Ол өлемді шындықпен соттап, адамзатқа ақиқатпен үкім шығарады» (Жыр. 95:11,13). Ишая пайғамбар болашақта болатын оқиғаны сипаттай отыра былай дейді: «Көрдегілер оянып, орындарынан тұрады! Топыраққа айналғандар салтанат құрып қуаныңдар! Өйткені өсімдіктің шығы - Сенің шығың және жер өлгендерді қайтарып береді”. «Өлім мәңгілікке жоғалады. Құдай Өз халқының көз жасын құрғатып, оларды ақтап алады, өйткені Құдай солай дейді. Сол күні пенделері: Мінекей біздің Құдайымыз келді, біз Оған кәміл сендік, ал Ол бізді мәңгілік ажалдан кұтқарып алды, енді бәріміз қуанып, біріміз қалмай шагтанайық» (Ишая 26:19; 25:8-9). Аббақұқ пайғамбар езіне берілген аян жайлы былай деп жазады: «Теманнан Құдайымыз келеді, Қасиеттіміз Паран тауынан көрінді. Оның ұлылығы жер бетін көмкеріп, оны Өзінің атағымен толтырды. Иеміздің жарығы күннің көзіндей жарқырайды. Ол жерді сілкіндірді, бұдан халықтардың үрейлері ұшып, дірілдеп кетті; ғасырлық таулар жарылып, алғашқы жоталар құлады; Құдайдың жолы мәңгілік”, «Жаратқан Өзінің арғымақтарына отырды, Иемізді көріп таулар діріл қақты, сулардың кезі ашылды, шыңыраудан үн шықты. Шексіз Алланың үшып жатқан садақтарының жарығынан ай мен күн тоқтады. Жаратқан Ием Сен Өз халқыңды, белгілеп қойған адамдарыңды құтқарып алау үшін келесің” (Аббақұқ 3:3-13).ҮШ 193.3
Құтқарушы жер бетінен көтеріліп кетер алдында Өз шәкірттеріне былай деп уәде берген болатын: «Мен сендерге қайта келемін. Сендер қамықпаңдар. Әкемнің үйінде барлығыңа да орын жетеді. Мен барып сендерге тұрақтарыңды дайындаймын. Сонан соң қайта келіп сендерді әкетемін» (Жох. 14:1-3). «Даңқы жeрді жаңғыртып, қаптаған періштелерін ерітіп, Мәсіх Иса жeр бетіне қайта келеді және жер бетінің барлық тұрғындары Оның алдына жиналады (Матай 25: 31 -32).ҮШ 194.1
Зәйтүн тауының үстінен көкке көтеріліп кеткен Исаның соңында аялдап тұрып қалған періштелер де солай деген болатын: «Ол көкке қалай көтеріліп кетсе, жерге дәл солай оралады” (Елш. 1: 11). Киелі Рухпен шабыттанған елші Пауыл былай деп куәлік еткен: «Жәбірейіл періште дауыстап хабар беріп, керней тартылған соң, аспаннан жерге Алла Өзі түседі, сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бүл дүниеден өткендер оянады» ( ІСал. 4: 16). Патмос аралында болған пайғамбар да солай дейді: «Мөсіх келеді жөне Оны барлығы өз көздерімен көреді , бұлардың ішінде Оны түйрегендер де бар, сонда жер бетіндегі барлық тайпалар үрейленіп, еңірейді» (Аян 1: 7). Құдай касиетті пайғамбарларының аузымен баяғыда жариялап қойғанының барлығы орындалып болғанша Мәсіхті көкке қайтарып алды (Елш. 3:21). Сол кез келгенде зұлымдықтың билігі тамамдалады, дүниенің патшалыгы Құдай мен Мәсіхтің иелігіне көшіп, Иса мәңгілік патшалык, құратын болады (Аян 11:15) Сонда Жаратқан Иенің ұлылығы барлық адамзатқа көрінеді (Ишая 40:5). Құдай шындығы мен даңқын күллі халықтардың алдында айқындайды (Ишая 61:11). Сол кезде әлемнің Иесі Исраилдің салтанатты тәжі іспетті, тірі қалғандары үшін гүлдерден жасалған көрікті шірдей тамаша болмақ (Ишая 28:5). Жер бетіне Құдай келіп Өз патшалығын орнатқаннан кейін, жерде ақиқат пен әділдік орнайды. Иелерін көп күткен халқы үшін Құдай керемет жақсылықтар жасайды, орасан зор өзгерістер болып, шөл далалар жұмаққа ұқсап, аңыздар баққа айналады ( Ишая 51: 3). Айдала жайқала гүлдеп, қуана ән шырқайды. Құла түз енді Ливан тауларындай салтанатты, Кармил тауы мен Шарон жазығындай қүлпырып, көрікті болады (Ишая 35:2). Бұдан былай ешкім сені «күйеуі тастап кеткен» деп атамайды, жеріңді «ойсырап қалған» ден айтпайды. Қайта, сені «Қуанышым” және жеріңді «Келіншек” деп атайтын болады. Себебі Жаратқан Ие саған каггы қуанады. Күйеуінің келіншегін қамқорлайтынындай, Жаратушы да сенің жеріңді қамқорлайтын болады. Жас жігіттің қызға үйленетініндей, сенің тұрғындарың өзіңмен тұрақты байланыс орнатады. Күйуе жігіттің қалыңдығына қуанғанындай, Құдайың да саған шаттанады (Ишая 62:4,5).ҮШ 194.2
Исаның келетіні барлық ғасырларда да Оның ізбасарларын үмітпен қанаттандырған. Құтқарушы Зәйтүн тауының үстінде оқушыларымен қоштасқан кезде, оларға: «Мен қайтып келемін” - деп уәде берген. Оның шәкірттерінің жүректеріндегі бұл қуаныш пен үмітті ешқандай мұң да, сынақ та өшіре алмады. Қуғындалып, қасірет шегіп жүрген кездерінің өзінде Құдіретті Құдай Иенің келетіні оларды шексіз бақытқа бөледі. «Исаның келгенін өз көздерімізбен керер ме екенбіз” - деп үміттенген жақындарын жерлеп жатқан салоникалық мәсіхшілерді, олардың тәлімгерлері, елші Пауыл бьшай деп жұбатты: «Сонда Мөсіхке сеніп бұл дүииеден өткендер түрегеледі, сонан соң тірі қалған мәсіхшілермен бірге көкке көтеріледі. Сөйтіп Жаратқан Иемен мәңгі бірге болады. Осы сөздерді айтып біріңді бірің жұбататын болыңдар» (ІСал. 4:16-18). Қалыңдығына куанған күйеу жігіттей, жаңарған жерге және Өзінің құтқарып алған халқына Құдай да қатты қуанатын болады. Патмос аралында жатқан Исаның сүйікті оқушысы «Жуырда келемін” деген Оның сөзін естіп, барлық ғасырлардағы шіркеулердің тілегін «Тезірек кел, Тәңір Иса, біз Сені күтеміз!»деп білдірген болатын (Аян 22: 20).ҮШ 195.1
Киелілер мен шеиттер ақиқат жайлы куәлік еткен зындандардан, жалыннан, эшафоттардан олардың сенімдері мен үміттерінің дауысы барлық ғасырларға тарап жатты. Қуғын-сүргінге ұшырап азап шегіп жүрген Исаньщ ізбасарлары ажал оғынан қорқып тайсалып көрген емес, өйткені өлімнен жоғары тұрды және Құдайдың келіп, ездерін қайта тірілтіп алатынына олар кәміл сенді. Вальдендіктердің де сенімі осындай болды. Уиклиф Құтқарушының келуін шіркеудің үміті деп күтті.ҮШ 195.2
Лютер: «Менің ойымша Алла бір 300 жылдан кейін келіп қалуы мүмкін, өйткені Ол мына бұзылған заманға көп қарап отыра алмас” - деген болатын. Меланхтон болса: «Жер шарының тарихының аяқталуына көп уақыт қалған жоқ” дейді. Кальвин өз замандастарына: «Ашыққан адам тамақты қалай іздесе, бізде Алланы сонша тағатсыздана күтуіміз керек” - деп насихаттайды. Шотландтық реформатор Нокс: «Тәңір Иса жер бетінен көкке адам секілді көткріліп кеткен жоқ па және Ол қайтадан қайтып келмей ме? Әрине келеді және бүл жуырда болатын оқиға, оны біз білеміз. Алланың жер бетінен көтеріліп кетуі қаншалықты айғақ болса, Оның жер бетіне оралуы да соншалықты айғақ” - дейді. Ридли мен Латимер ақиқат үшін жандарын қиған және Исаның келуін сеніммен күткен. «Дүниенің ақыры тақап қалғанына еш күмәнім жоқ - деп жазады Ридли, сондықтан Жохан пайғамбарға қосылып, «Тәңір Ием! Тезірек кел” - дейік. «Алланың жер бетіне қайтып оралатыны жайлы ой, менің жүрегімді тебірентетін қуаныш» - дейді Бакстер. Тақуалардың сенімі мен мінезі олардың Құтқарушыны сүйіспеншілікпен күткенінен жақсы көрінеді. «Егер өлім қайта тірілу арқылы жеңілетін соңғы жау болса, онда толық жеңіске жету үшін біз Исаның жер бетіне келуін күні түні тілеуіміз керек». «Ақыр заман дегеніміз мөңгілік ажал тұзағынан босататын, қасиетті мекеніңе оралып ауру-сырқаусыз, уайым - қайғысыз, өлімжітімсіз өмірге жеткізетін соңғы нүкте. Нағыз бақыт, нағыз жүрек жарды қуаныш дегеніміз осы емес пе? О, Құдайым! Осы күнді тезірек жақындата көр!» Бұл күнді елшілер де күткен, бабалар мен пайғамбарлар да күткен, бұл ьсүнді реформаторлар да күткен. Сол күннің тезірек келуін біз де Алладан тілеуіміз керек. Пайғамбарлар Иса Мәсіхтің жер бетіне келетіні жайлы ғана айтып қоймай, Оның келуінің белгілері жайлы да айтады. Иса: «Күн мен ай және жүлдыздар белгі береді» дейді ( Лүқа.21: 25). «Күн сөніп, ай жарығын бермей қояды, жерге жұлдыздар жауып, аспан күштері сілкінеді, сол кезде барлық адамзат Исанын дацқы және күшімен жерге келе жатқанын көреді» ( Марқа 13: 24-26). Жоһан пайғамбар көргенін: «Жер қатты сілкініп, күн, қара жамылғандай, жарығын бермей, ай қан секілді қып-қызыл болып қалды” - деп сипаттайды (Аян 6: 12). Бұл аян XIX ғасырдың алдында орындалды. 1755-ші жылы тарихта бұрын соңды болып көрмеген жер сілкінісі болды. Бұл Лиссабониялық жер сілкінісі деп аталғанымен, Еуропаның көп жерлеріне, Африка мен Америкаға жетті. Тіпті Гренландия, Вест-Индия, Мадейра аралы, Швеция, Норвегия және Ұлыбритания мен Ирландия жерлері де бұл сілкіністі байқады. Айтулы сілкініс төрт миллион квадрат мильден кем емес аймаққа тарады. Африкада сілкініс Еуропадағыдай қатты болды. Алжирдың басым көпшілік жерлері когіарылып қалды, ал Мароккодан алыс емес жерде орналасқан бір ауыл сегіз не он мыңдай халқымен жер жұтып, көзден ғайып болды. Испания және Африка жағалауларында су тасқыны көптеген аймақтарды шайып өкетіп, каңғыратып бос қалдырды. Испания мен Португалияда жер сілкінісі өте қатты болды. Айту бойынша Кадиске биіктігі 18 метр толқын келді. Португалиядағы ең биік таулар түп орнымен қозғалды, олардың жоғарғы жақтары ашылып, неше түрлі қалыпқа түсті. Жақын жерлердегі ауылдарға таулар құлап, олар бұзылып қалды. Таулардың жарылған жерлерінен лаулап от шығып жатты. Лиссабонда әуелі жер астынан күннің күркірегеніндей қатты гуіл естіліп, онан соң жер сілкінісі қаланың басым көпшілік бөлігін қиратты. Айналдырған 6 минуттың ішінде 60 мың адам елді. Теңіз әуелі жалаңаштанып шегініп барып, қайтып келіп 15 метрге көтерілді. Лиссабонда болған басқа да оқиғалардың ішінде мынаны айтпай кетуге болмайды. Орасан зор ақша белініп, таза мәрмәрдан жасалған жағалаудың быт-шыты шықты. Құтқарылып қаламыз ба деген ниетпен сол араға жиналған халық, тұңғиыктың түбіне түсіп жоқ болды, себебі жағалау кенетген теңізге айналған болатын.ҮШ 196.1
Сілкіністің салдарынан барлық шіркеулер мен монастырлар қирады, үлкен ғимараттардың күл талқаны шықты, тұрғын үйлердің төрттен бір бөлігі сынды. Кей жерлерден ерт шығып, тез өршіп бүкіл қаланы жоқ қылды. Бұл сілкініс мейрам күні барлық шіркеулер мен монастырлар адамдарға толған күні басталды. Аздаған адамдар ғана кұтқарылып қала алды. Жұрт қатты үрейленді, ешкімнің жылауға шамасы келген жоқ, өйткені олар естері шығып не істеп, не коятындарын да білген жоқ, кеуделерін соққылап: «Ақыр заман деген осы!» - деп айғайлай берді. Аналары балаларын ұмытып, қолдарына ұстаған пұттарымен ерсіліқарсылы сабылды. Сорына қарай көптеген адамдар шіркеулерге кіріп, пұттарға табынды. Бірақ пұттардың бұларға ешқапдай себі тиген жоқ, сол арадағы жандар да, діндарлар да, олардың құрып қойған пұттары да тып-типыл құрыды. Кейін сол күні 90 мың адамның қаза болғаны белгілі болды.ҮШ 197.1
Сол оқиғадан 25 жыл өткен соң айтылған аянның жалғасы орындалды - күн мен айдың тұтылуы. Айтылған уақытында орындалған бұл аян көпшілікті қайран қалдырды. Оқушыларымен Зәйтүн тауының үстінде әңгімелесіп отырғанда Иса оларға ғибадатхананың басына түсетін қайғы кезеңін суреттеп айтқан болатын. Бүл 1260 жыл бойы папалықтардың Құдай халқын қуғынға ұшырататын кезеңі еді. Және Ол, бұл күндер қысқартылатын болады деп ескерткен болатын. Сонымен қоса Ол Өзінің келер алдындағы болатын кейбір белгілерді және де сол белгілердің алғашқысының уақытын да айтқан еді. «Қайғы мұң кезеңінен кейін күн сөніп, ай жарығын бермей кояды” (Марқа 13: 24). 1260 күн немесе жыл периоды 1798 жылы аяқталды. Айтулы мезгілге ғасырдың төрттен бір бөлігіндей уақыт қалғанда қуғын-сүргін түгел дерлік тоқтады. Исаның сезі бойынша қуғынсүргіннен кейін күн тұтылуға тиісті болды. 1780-ші жылы 19-шы мамыр күні бұл аян орындалды. Осы күні Жаңа Англияда күн тұтылып, атаулы жер қара түнекке оранды. Бұл езінше түсініксіз, құпия феномен* болды.ҮШ 197.2
Массачусетс штатындағы куәгерлердің бірі болған оқиғаны былай деп сипаттайды: «Таңертең әдеттегідей күн шықты, бірақ біраздан соң бұлттар қоюланып, күн ұясына отыра бастады. Арасында найзағай жарқылдап, аздап жаңбыр жауды. Таңертеңгі тоғыздың кезінде бұлттар сейіліңкіреп қола - сары немесе мыс тәрізді түске айналды. Жер, ағаштар, таулар, сулар, тіпті адамдардың түстері де бір түрлі өзгеріп кетті. Бірнеше минуттан соң, әдетте кешкі сағат тоғыздың кезінде болатындай, көкжиектегі жіңішке жолақты санамағанда, аспанды қара бұлт торлап, жерге қараңғылық түсті. Адамдардың бойларын қоркыныш билеп, олар қаггы абыржи бастады. Әйелдер есіктерінің алдына шығып, қараңғыға қарап тұрып қалды. Ерлері жұмыстарынан қайтып оралды. Жұмыскерлер жұмыс орындарын тастап, балташы саймандарын, ұста ұстаханасын жауып, саудагерлер саудасын тамамдап, дүкендер жабьшып, мектептен балалар қорқып оралды. Жол жүріп бара жатқан жолаушылар жақын жерлердегі мекендерге тоқтады. Барлық адамдардың көкейлерінде туындап оларды киналтқан бір-ақ сұрақ болды. «Не болайын деп тұр?» Ешқашан көріп білмеген дауыл басталайын деп тұрғандай болды. Жұрт майшамдарын жағып, тауықтар орындарына қонақтап, мал өрістен оралды. Колбақалар бақылдап, құстар кешкі әнге басты. Барлық жерлерде жарқанаттар ұша бастады. Бірақ түннің басталуына көп уақыт барын тек адамдар ғана білетін”.ҮШ 198.1
Салемдегі Скиния атты шіркеудің пасторы, доктор Уиттейкер Нафанаил мәжілісханада қызмет өткізіп жатқан болатын және өз уағызында ол: «Бұл түнек тегінде табиғидан жоғары құбылыс” - деп белгіледі. Басқа да ғибадатханаларда тәлім беріп жатқан насихаттаушылар Киелі Жазбадағы осы оқиғаның болатыны жайлы жазылған жерлерін оқи бастады. Сағат 11 ден кейін тіпті қараңғы болып кетті. Жұрт сағаттың тілін майшамсыз кере алмай қалды. Бұл түнек шығыстағы Фалмаутидан бастап Коннектикута және Албанидың батыс шекараларына дейін жетті. Оңтүстік теңіз жағалаулары түп түгел және солтүстік америкалық қоныстарды ала барлық жерлер қараңғылыққа шомыды. Күн батуға екі сағат шамасындай уақыт қалғанда ғана түнек сейіле бастады, бірақ қою қара тұман әлі де болса кете қоймады. Күн отырсымен аспанды қара бұлт тұмшалап, қайтадан караңғылық түсті. Бұл қараңғылық та, күндізгідей өте қорқынышты болды. Туып тұрған толық айға қарамастан, барлык жер Мысырдың қараңғы түнегіне оранғандай болды, майшамсыз ешкім аяқ баса алмай қалды”. Бұл оқиғаны көзі көргендердің бірі былай дейді: «Барлық жұлдыздар мен көктегі жарық денелер жасырынып немесе сөніп қалса да, пайда болатын түнек бұл түнектей қорқынышты болмас». Кешкі сағат тоғызда толық ай туды, бірақ соған қарамастан түнек сейіле қоймады. Түн ортасынан былай қарай ғана түнек сейілді, ай болса қыпқызыл қан түске айналды. 1780 жылғы 19-шы мамыр «қараңғы күн” деген атпен тарихқа енді. Мұса пайғамбардың заманынан бері қарай, соншалықты уақытқа созылған және соншалықты көп аймаққа тараған түнек болып көрген емес еді. Осы оқиғаның көзі көргендермен берілген сипаттамасы сол оқиға орындалмастан 25 ғасыр бұрын Жоел пайғамбары жазып кеткен аянның, яғни Тәңірдің Сөзінің әлсіз ғана жаңғырығы (ызыңы) және ол айтылған уқытында тамаша бір дәлдікпен орындалды. Бұл аянда: «Ұлы да, қоркынышты ақыр күні келмес бұрын күннің козі түнеріп, ай қып-қызыл қан түске айналады» делінген ( Жое.2: 31).ҮШ 198.2
Иса Мәсіх меншікті халқына Өзінің келер алдындағы болатын замана өзгерістерін бақылап отыруларын және патшалардың Патшасының келетін мезгілін қуанышпен қарсы алуға дайын болулары керектігін айтқан болатын. «Сол оқиғалар орындала бастағанда, бастарыңды кетеріп шаттаныңдар, себебі ол азат етілетін уақыттарыңның жақын екенін мезгейді”. «Көктемде ағаштардың бүршік жарғанын көріп, жаздың келе жатқанын қалай білетін болсаңдар, болып жатқан оқиғаларға қарап, Құдайдың патшалығының тақау екенін де білетін болыңдар» - деген еді. (Лүқа 21: 28, 30, 31).ҮШ 199.1
Бірақ шын мәніндегі момындық пен Құдайға деген берілгендіктің орнын тәкәппарлық пен құр формализм басқандықтан, Алланың келуіне деген сенім салқындап кетті. Күйбең тірлікпен айналысып, кездері алақтап дүниенің соңына түсіп кеткен Құдай халқы Оның берген тәлімдерін ұмытып, жалған мәліметтермен көз алдарын тұмандатып, ақыры Исаның жерге екінші рет оралатыны туралы ақиқат бір жола ұмытыла басгады. Әсіресе бұл Америка шіркеулерінде жиі кездесетін оқиға болды. Халық жер бетіндегі үйреншікті тәртіпті бір-ақ күнде жоққа шығаратын ақырдың келетінін ұмытып, ыңғайлылық пен бостандықгы пайдаланып, атақ пен байлықка, молшылық пен кеңшілікке ие болу үшін жан- дарын салды. Арам дүние табуға, билік құрып атағын шығаруға ұмтылды және сол айтылғандарға кім болса да қолын жеткізе алады деген құлшыныс болашақта болатын салтанатты күнді алыстата түсті.ҮШ 199.2
Ізбасарларына Өзінің келер алдындағы болатын белгілерге нұсқай отыра, Құтқарушымыз Иса Мәсіх, сол оқиға болардың дәл алдында осындай шегінушіліктің болатынын білген еді. Нұх пайғамбарының заманындағыдай жұрттар үйреншікті әдет бойынша үйленетіндері үйленіп, тұрмысқа шығатындары тұрмыс құрып, егіншілер егіндерін егіп, үй салғысы келгендер үйлерін салып, саудагерлер саудасын жасап, сататындар сатып, алатындар алып, халық Құдайды ұмытып дүниенің қамын ойлап жүргенде, қылышын сүйретіп акырдың күні жетеді. Бұл жөнінде Иса Мәсіх: «Байқаңдар, рахаттанып ішіп жеп, масаттанып жүріп ақырдың келетіні жайлы ұмытып кетпеңдер, болашақта болатын зілзала мен апаттан қүтылып, Құдайдың алдында тұра алатындай болу үшін, әрқашан сергек болып, мінәжат етіп сыйыныңдар» - дейді (Лұқа 21: 34, 36). Қазіргі кездегі шіркеудің жағдайын Құдай былайша суреттейді: «Сен өзіңді тірімін деп ойлайсың, бірақ сен өлісің» (Аян 3: 1). Бейқам жүргендерге Алла былай дейді: «Сергек болмасаң Мен сені іздеп табамын, қай кезде табатынымды сен білмейсің” (Аян 3: 3). Адамдар өздерінің қандай жағдайда тұрғандарын түсініп, болашақтағы соңғы сынақтармен байланысты болатын оқиғаларға дайын болуы керек. Бұл жөнінде пайғамбар: «Келе жатқан ақырдың күні ұлы және өте қорқынышты күн, оған кім шыдай алар екен?” - дейді (Жое.2: 11). «Сол күні Оның алдында кім тұра алады екен» - деп, Тәңір Иенің келуіне байланысты жазылған мынадай мәтін бар: «Киелінің көзі зұлымдыққа қарай алмайды” (Абқ. 1:13). «Біз Алланы танимыз, Оны жақсы білеміз - деп, өздері керісінше Құдай заңын бұзғандар (Ош. 8: 2, 1; Жыр. 15: 4), жүректерін зұлымдык, кернеп, сол зұлымдыкты сүйгендерге ақырмен қоса түнек те келеді» (Амо. 5: 20). Сол күні Алла: «Қолыма майшамымды алып Иерусалимді қарап келейін «Құдай жақсылық та, жамандық та жасамайды” деп, заңсыздықтың үстінде отырғандарды жазалаймын» - дейді (Соф. 1:12). «Мен зұлымдық жасағандарды жазалаймын, тәкаппар - менменшілдердің көздерін кұртамын» (Ишая 13:11). «Сол күні алтындары мен кұмістері оларға көмектесе алмайды. Байлықтары жемтікке айналып, үйлері құлдырап босқа қалады» (Соф. 1:18,13). Осы қоркынышты заманның келетінін алдын ала білген Еремия пайғамбар былай дейді: «Жүрегім қобалжулы, үнсіз тұра алмаймын, өйткені менің жаным сырнайдың дыбысын естіп, ұрыстың болатынын сезіп тұр” (Ерм. 4: 19, 20).ҮШ 200.1
Бұл күн кек алатын күн, қайғы мен қысым күні, ойсырата қирату күні, түнек күні, сырнайдың дыбысы мен ұрыс күні (Соф. 1:15,16). Бұл күн күнәкарлардың көздерін құртып, жерді бос қалдыратын күн (Ишая 13:9).ҮШ 201.1
Осы үлы күн келмес бұрын Құдай Сөзі халықтарды діни дағдарыстан шығып, Құдайға қарай бет бұруға шақырады: «Ақыр заман тақау! Құдайдан қорқыңцар! Ораза ұстап, салтанатты жиын жариялаңдар, халықты жинаңдар, кәрілер де, жастар да келсін. Күйеу балалар мен калыңдықтар да шықсын. Құдай үйіндегі есік пен құрбан шалатын орынның ортасында жүрген дін қызметкерлері зарласын. Жыландар барлығың, киімдеріңді емес, жүректерінді жыртыңдар, Құдайдан кешірім сүрап, Оған жалыныңдар. Алла мейірімді, кешірімді, өте шыдамды және аса рақымды” (Жое.2: 1, 15-18,12,13).ҮШ 201.2
Ақыр күні кұтқарылып қалу үшін ұлы өзгерістер қажет. Құдай Өз халқының арасында көптеген адамдардың Құдай патшалығына кіруге дайын емес екенін көрді, сондықтан да Ол осы хабарды әдейілеп солар үшін жіберді. Бұл хабар аянның 14-ші тарауында жазылған. Үш періште хабарландыруларын жеткізсімен Құдай жер бетіне «егін” жинауға келеді. Бірінші хабарда сот жайлы айтылады. Пайғамбар аспанның дәл ортасында қолына Ізгі хабарды ұстап ұшып келе жатқан періштені көрді. Бұл періште жер бетінің күллі тұрғындарына, барлық ұлттар мен буындарға, әр түрлі тілдерде сөйлейтін барша халыққа: «Құдайдан қорқыңцар, Оның есімін мадақтаңдар, өйткені сот басталды. Жер мен кекті, теңіздер мен мұхиттарды Жаратқанға табынындар» - дейді (Аян 14: 6, 7). Бұл хабар мәңгілік Ізгі хабардың бір бөлігі ғана. Құдай сөзін уағыздау періштелерге емес, адамдарға сеніп тапсырылған. Періштелер тек бұл жұмыстың қалай жүріп жатқанын бақылап, қолбасшылық жасайды. Ізгі хабарды жер бетіне таратып, әр пендеге айтып жеткізу Құдайдың адал құлдарына жүктелген. «Таң атып, таңғы жұлдыз жарқырап шыққанша, жер бетіне жарык беріп тұратын «пайғамбарлар жазып қалдырған шын Сөзге” кәміл сенген, Киелі Рухтың жетелеуіне бағынған, Оның тәлімдерін бұлжытпай орындаған Құдайдың сенімді құлдары Ізгі хабарды жердегілерге таратқан» ( 2Петір.1: 19). Бұл қызметкерлер Алла туралы ақиқатты басқа қазынадан артық іздеген және «даналыққа ие болу күмістен және оның пайдасы алтыннан артық” екенін түсінген (Нқл. 3:14 ). Сондықтан Құдай оларға Патшалықтың ақиқаттарын сыйға тартқан. «Құдай Одан корқатындарға сырын ашады және есиетін оларға өнеге қылып береді» (Жыр. 24: 14).ҮШ 201.3
Егер ғалымдар мен ақылгөйлер Құдай сөзін қолдарына алып, оны дұрыс тілек тілей отырып зерттесе, онда олар түн қараңғылығының түскенін сезіп, болашақты болжай алған болар еді. Бірақ олар Құдай Жазбасын керек кылмағандықтан, бұл киелі істі орындауды Жаратушымыз қарапайым жандарға тапсырған. «Түнек басып алмау үшін, жарықта жүріңдер» - дейді Иса (Жох. 12: 35), яғни Құдайдың жарығын қабыл алмайтындар қараңғыда қалады. «Менің соңымнан ергендер, қараңғыда қалмайды, үнемі жарықта жүреді» - дейді Құтқарушымыз (Жох. 8:12). Құдай сөзін жан тәнімен зерттеп, оны білгісі келгендерге Алла ақиқатты ашады.ҮШ 201.4
Миха пайғамбар Құтқарушымыздың қай жерде туатынын, ал Даниял пайғамбар Оның қай уақытта келетінін айтқанымен (Мих. 5: 2, Дан. 9: 25), сол заманның дін мұғалімдері мен кітап оқытушылары Иса Мәсіхтің бірінші рет жер бетіне келетіні жайлы білмеді, адамдарға Ол туралы хабарлап айтқан жоқ, өйткені олар жазбаны дұрыс зерттеген емес. Мұндай нәтижеге олар немқұрайдылықтың салдарынан келіп тірелді. Олар дүниеден өткен гіайғамбарларға ескерткіштер орнатып, осы дүниенің үлыларыи мадақтап, яғни шайтанның қызметкерелерін әспеттеп жүргевде, қоғамдағы орындарға таласып жатқанда, патшалардың Патшасы жайлы ұмытып, Оның батасынан кұр қалды.ҮШ 202.1
Исраилдің аксақалдары мен ру басшылары Құдай Жазбасын мұқият зерттеп, адамзат баласын мөңгілік өлімнен құткару үшін келе жатқан Иса Мәсіх жайлы біліп жоне Ол туралы халыққа жариялап, әлемнің Құтқарушысын қарсы алуға дайын болулары керек еді. Өкінішке орай олай болмай шықты. Вифлеемге шаршап шалдыққан екі жолаушы келіп кірді. Олар Назареттен келе жатқан болатын. Бар қаланы аралап қонатын жер таппай, ақыры мал тұратын қораның бір бұрышына жайғасты. Дәл осы жерде бар өлемнің Құтқарушысы дүниеге келді.ҮШ 202.2
Оның салтанатты, сәнді, сұлу түрін көрген, Құдай Әкемен бөліскен даңқының куәсі болған, Оның нұрына бөленген періштелер, енді Құтқарушының жер бетінде қалай туылатынын мұқият бақылады. Айтулы хабардың жеткізілуі періштелерге жүктелді және бұл оқиға жер бетінің тұрғындарына қуанышты хабар болып таралуға гиісті еді.ҮШ 202.3
Иса Мәсіх адам затының табиғатын қабылдап, оның құрбанына айналмақшы. Құтқарушының, адамның деңгейіне дейін төмендегеніне қарамастан, Оның адамдардың арасына салтанат қүрып келуі әбден мүмкін еді. Жер бетінің өйгілілері мен ұлылары Исраилдің астанасында жиналып, туылатын нәрестені салтанатты гүрдс қарсы алар ма екен? Мыңдаған періштелер жерге түсін Құтқарушыны тосып тұрған халыққа Оны ұсынар ма екен?ҮШ 202.4
Жердегілердің Құтқарушыларын қалай қарсы алайын деп жатқанын көру үшін, періште жерге түсті. Вірақ ешбір жерден ешқандай ән естілмеді. Қалаулы қаланың, бірнеше ғасырлар бойы Алланың даңқы шарықтап тұрған ғибадатхананың үстінен бақылаған кезінде, ол жерден де періште ешқандай дайындықты көрмеді. Діндарлар арам кұрбандықтарын жасап, парызшылар әр жерде халыққа дауыстап бірдеңелерді айтып, жұрттың көзіне түсу үшін бұрыш бұрыштарда тұра қалып дұға оқып жатқандарын көрді. Патша үйінде, философтардың жиынында, дін оқытушыларын дайындайтын мектептерде, бір сезбен айтқанда еш жерде, ешқандай дайындықтың ширегі де жоғын көрді. Күллі көкті қуанышқа толтырған бұл хабарды естуге, әлемнің Құтқарушысын қабыл алуға ешкім дайын болған жоқ, тіпті Оның келетінін сезген де жоқ. Жер бетінде Өмір Ханзадасын қарсы алуға дайын адамдар жоғын біліп және таң қалып қатты қысылған періште көргенін жеткізбекші болып, көкке қайтадан оралайын деп жатқанда, малдарын күзетіп отырған бір топ бақташыларға кеңілі ауды. Олар аспандағы жарқыраған жұлдыздарға қарап, жер бетіне Құтқарушының келетіні жайлы өңгімелесіп отырды. Олар Құтқарушының келгенін қалады, соны жан дүниелерімен аңсады. Дәл осы отырғандардың Құтқарушыны қабыл алуға дайын екендерін көрген періште қатты қуанды. Ол бақташылардың алдына келіп түсе қалып осы қуанышты хабарды оларға жеткізді. Сол-ак екен көктің даңкы жазықтықты толтырып жіберді. Айтулы хабардың куанышты және де маңызды болғаны соншалықты, оны бір-ақ хабаршы жеткізуі мүмкін емес еді. Сол жазықтық періштелерге толып, куанышты хабар сұлу әнге ұласты. «Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жерге береке бірлік ориап, адамдарға тыныштық болсын» (Лүқа 2:14).ҮШ 202.5
Осы Вифлеемде болған тарихи оқиғаның қаншалықты мәнді екенін адамзат білсе ғой. Бұл оқиға адамдардың бойларына сіңіп кеткен менменшілдікті, тәкаппарлықты, сенімсіздікті айқын әшкерелейді. Ол адамдарды немқұрайдылықтың салдарынан замана белгілеріне көңіл аудармай, Алланың келгенін білмей қалатын жамандықтан сақтандырады!ҮШ 203.1
Періштелер Құткарушының келуін күткендер тек Яхудей төбешіктері мен бақташылардың араларындағы жандар ғана емес, солармен қоса пұтқа табынушы кәпірлердің жерлерінде де Құтқарушының келуін күткен адамдар барын білді. Олар ақылды да атақты, бай және данышпан Шығыстың философтары болатын. Жаратылысты зерттеу арқылы олар Жаратушының барын білді. Еврейлердің жазбаларын тексеру аркылы олар жаңадан туатын жұлдыз жайлы мағлұмат алды. Осылайша бұл ғалымдар тек Исраил халқы үшін ғана емес, жер бетіндегі барлық адамзат баласы үшін құрбан болатын Құтқарушының келетінін біліп, Оны тағатсыздана күтті (Лүқа 2:25,32; Елш. 13:47). Бұл данышпандар жарықты іздеді, сол себепті Құдайдың нұрынан шыққан жарық оларға жол нұсқады. Иерусалимдегі діни мұғалімдер мен дін уағыздаушылар тұнекте отырғанда, пұтқа табынушылардың жерінің жолаушылары жарқыраған жұлдыздың соңынан жүріп отырып патшалардың Патшасының туылатын жеріне жетті.ҮШ 203.2
Өзін күтіп отырғандарды әкету үшін Иса Мәсіх екінші рет жер бетіне келеді (Евр. 9:28). Құтқарушының туатыны хабарланғандай, Исаның екінші рет жер бетіне келуі жайлы хабарды уағыздау да дін көсемдеріне емес, карапайым жандарға тапсырьшды. Діндарлардың жүректері Құдайдан алыс болды, көктен келген жарықтан бас тартты, сол себепті «Біз түнектің балалары емеспіз, біз жарықтың балаларымыз, сондықтан ол күн бейқам отырғанда келмеу үшін, байқаулы болыңдар» - деген елші Паулдың сөзінің соларға еш қатысы болған жоқ (ІСал. 5:4-5). Сионның күзетшілері Құткарушы жайлы хабарды бірінші болып қабылдап, халыкка таратуға тиісті еді, бірақ өкінішке орай олар өздерінің қара бастарының қамын ойлап, өз қауіпсіздіктері жайлы армандап жүргенде халық қылмысқа батқан үстіне бата түсті, сөйтіп күнә ұйқысына шомыды. Иса ғибадатхананың, жапырақтары жайқалып өсіп өздері ешқандай жеміс бермейтін инжир ағашы секілді, мақтанып отырғандарын көрді. Ғибадатхана Алланың көңілінен шықпады, діннің қалыбына ғана ие болып Құдайға сенуден, Оған шын мәнінде бағынудан, тәубаға келуден мүлдем аулақ болды. Киелі Рухтың беретін жемістерінің орнына кұр формализм, мақтаншақтық, өзін өзі әспеттеу, біреуді зорлау сияқты мінездер пайда болды. Құдай оларды ұмытпағанымен, олар Құдайды ұмытып уақыт белгілерін байқамады. Сол себепті олар Құдайдан және Оның сүйіспеншілігінен алыстап кетті, нәтижесінде, әрине Жаратқанның батасынан құр қалды. Қазіргі кезде де егер ғибадатхана Құдайдың заңын орындап, міндетіне жауаптылықпен қарап, Оның дегенімен жүрмесе, дін бос формализмге айналып, Киелі Рух олардың өздерімен өздерін қалдырады. Бұл ақиқат неше рет ғибадатхана тарихымен расталды. Құдай Өз халқына сыйлаған дарындылыктары мен өзгелерден артықшылығына сай, олардың Тәңірге бағынуын және Оған адал қызмет етуін талап етеді. Бағынушылық дегеніміз құрбандық және айқыш ағаш, осы себеп бойынша өздерін Мәсіхтің ізбасарларымыз деп есептейтіндердің көбі ежелдегі яхудейлер секілді өздеріне түсіп түрған жарықты қабылдамай, нәтижесінде Құдайдың өздерін құтқаруға келгенін түсінбеді (Лүқа 19:44). Құдай еркөкірек, имансыздардың жандарынан өте шығып Вифлеем бақташылары мен шығыстың данышпандарына ақиқатты ашқандай, Оның жарығын қабыл алуға дайын болғандарға ғана батасын береді.ҮШ 204.1