23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
Сонда маған айтылды: «екі мың үш жүз кештер және таңдар өткен соң қасиетхана тазарады» (Даниял 8:14) - деген пайғамбардың сөздері адвентистер (құдайдың еркін орындаушы кауымдар) сенімінің іргетасы мен бағанасы болып табылады. Бұл сөздер имандылықта (таза сенімде) жүргендердің барлығына таныс. Мыңдаған адамдар оны күн сайын қайталап айтып отыратын. Бұл пайғамбарлық күндер (уақыт) 1844-ші жылдың күзінде аяқталуға тиісті болған. Барлық мәсіхшілер әлемі секілді адвентистер де «қасиетхана” болып жер немесе оның бір бөлігі саналады деп есептеген. Олар: «Қасиетхананың тазаруы дегеніміз жердің отпен аластатылып тазаруы” - деп ойлаған және де бұл Исаның ІІ-ші рет жер бетіне келген кезіндегі орындалуға тиісті ақірет оқиғасы болатын. Ендеше Киелі Кітапта жазылғандай Иса жер бетіне 1844 - ші жылы кайта оралуға тиісті болды. Бірақ айтулы мезгіл өтті, ал Иса болса жерге келген жоқ. Соған қарағанда жоғарыда сөз болған аян қате талқыланған секілді. Бірақ қай жерде қате кетуі мүмкін?деген сүрақ туындайды. Біреулер 2300 күн 1844-ші жылы аяқталмаған болуы керек деген тұжырымға келді. Бірақ Исаның келмегеніне қарап 2300 жьш 1844-ші жылы аяқталған жоқ деуге болмайтын еді. Өйткені жыл санауда қате кетуі мүмкін емес. Даниял ( 9:25-27) пайғамбардың кітабында жазылған бұл аян дәл осы күндерге сәйкес келіп тұр.ҮШ 264.1
69 рет жеті немесе 2300 жылдан алынып тұрған 483 жыл Мәсіх Исаға дейінгі жылдар. Ал Иса біздің дәуіріміздің 27-ші жылы шомылу рәсімінен өтіп, Құдайдың батасын алған. Жетпіс рет жетінің ортасында Мәсіх өлуге тиісті болды. Иман келтіріп, суға шомылу рәсімінен өткеннен кейін үш жарым жылдан соң Иса Мәсіх 31-ші жылдың көктем айында айкыш ағашқа керілді. Жетпіс рет жеті немесе 490 жыл бойғы уақыт яхудейдің тәубеге келуі үшін берілген болатын. Айтулы мезгіл өткеннен кейін яхудейлер Иса Мәсіхтен бас тартып, Оның шәкірттерін қуғындай бастады. Содан кейін 34 жылдан бастап елшілер өз уағыздарын Құдайды білмейтін кәпірлерге (язычниктерге) бағыттады. 2300-ші жылдан шегерілуге тиісті 490 жыл өткенде 1810 жыл қалып тұр. Егер 34-ші жылдан 1810 жылды алға қарай санап алсақ, 1844-ші жыл шығады. Періштенің айту- ынша осы мезгілде «қасиетхана” тазаруға тиісті болатын. Бұл аян ез уақытында орындалды. Осы арада бір нәрседен басқасының бәрі түсінікті, тек түсініксіз жағдай Исаның келмей қалғаны ғана.ҮШ 264.2
Десе де осы уақытқа дейін Өз халкын жетелеп келген Алла, оларды осындай қиын сәтте қалдырған жоқ. Киелі Жазбаны мазақ қылуға және ақиқатты түнектің сырып әкетуіне жол берілмеді. Біреулер өз сенімдерінен бас тартып жатса, енді біреулердің сенімдері шыңдалатын шағы жетті. Олар Киелі Жазбаны қолдарына алып, қай жерде қате жіберіп алғандарын айқындау үшін оны әрі қарай зерттеуге кірісті. Пайғамбарлық кезеңнің есептелуі кезінде ешқандай қатенің жоғына көздерін жеткізген олар, «қасиетхана” деген сөзге келіп тірелді. Енді олар зерттеулер кезінде алғашқыда ойлағандай қасиетхананың жер екеніне Киелі Жазбадан еш дәлел таба алмады. Дегенмен қасиетхананың не екеніне толық түсініктеме алды. Қасиетхана деген не? Оның ішінде қандай қызмет атқарылды ? Осыған жауап табылды.ҮШ 265.1
Елші Пауыл еврейлерге жолдаған өз хатында былай дейді: «Жердегі қасиетхана мен Құдайға қызмет етудің бірінші өсиет бойынша қаулысы бар. Шатыр (скиния) екі бөлімнен тұрады, әуелі бірінші бөлімі құрылды, оның ішінде жеті кұбырлы майшам, дастархан және ұсынылатын нан - бұл бөлім киелі деп аталады. Шымылдықтың арғы жағында киелінің Киелісі деп аталатын екінші бөлімі бар. Оның ішінде алтын ожау, алтынмен көмкерілген өсиет сандығы, оның ішінде Харунның гүлденген таяғы, өсиет тастары және үстінде «кешірім тағына» нұрын шашып тұрған періштелер мүсіні бар (Евр. 9:1-5). Қасиетхана дегеніміз, елші Пауылдың айтуынша, Құдайдың бұйрығымен кектегі қасиетхананың үлгісі бойынша жердегі Мұса пайғамбарының орнатқан шатыры яғни басқаша айтқанда Алланың жердегі мекені (Мыс. 25:8). Исраил халқы көшпелі болғандықтан, бұл шатыр құруға және жинауға ыңғайланып жасалған. Соған қарамастан бұл өте сұлу құрылыс болған. Оның қабырғасы алтынмен қапталған тақтайшалардан тұрған, төменгі жақтары күмістен жасалған. Төбесі кілемдермен жабылған, сырты өңделген терімен қапталып, іші періштелер бейнеленіп тоқылған матамен жасалған. Аулада кұрбан шалынатын құрылым орнатылған. Сөйтіп шатыр екі бөлімнен қүрылған — Киелі және киелінің Киелісі. Екі бөлімнің арасы өте әдемі шымылдықпен бөлінген. Дәл осындай шымылдық кіре беріске де кұрылған. Бірінші киелі деп аталатын бөлімнің оңтүстік жағында күні - түні жеті құбырлы майшам жанып түрған, солтүстік жағында үсыныс нандары қойылған үстел орнатылған, ал Кислі мен киелінің Киелісінің арасын бөліп түрған шымылдықтың алдында күні түні сөнбей түтінін булатып жанып тұратын құрылым орнатылған. Бұл құрылым тәуліктің кез келген уақытында иманды адамдардың көкке көтеріле жататын дұғаларын бейнелейді, киелінің Киелісінің ішінде өсиет сандығы болған. Ол қымбат бағалы ағаштан жасалып алтынмен көмкерілген. Оның ішінде Құдайдың Өз қолымсн жазған заңы екі бет гаста сақталған. Өсиет сандығының жоғарғы жағында әсем етіп жасалған «кешірім тағы» болған. Кешірім тағының қарама - қарсы жағында сандық үстіне яғни таққа бет бұрып тұрған екі періште бейнеленген, бұл кешірім тағы сонымен қоса сандықтың кақгіағы ретінде пайдаланылған. Осының барлығы таза алтыннан жасалған. Бұл Құдайдың құдіретіне бөленген жер болатын. Еврейлер Ханаан жеріне орналасқанда Сүлеймен пайғамбар ол жерге өте үлкен, атағы жер жарған ғибадатхана салған болатын. Бұл ғибадатхана жоғарыда айтылып кеткен шатырдың сызбанұсқасы бойынша салынған. 70-ші жылдарға дейін римдіктер келіп бүзған қасиетхана, әрине Даниял пайғамбарының тұсында үйінді болып жатқан уақытын санамағанда, былайша суреттеледі. Киелі Кітап бойынша бұл ғибадатхана жер бетіндегі бұрын соңды жалғыз ғана «қасиетхана” болған. Исаның шәкірті Пауыл оны алғашқы, яғни Көне Өсиеттің қасиетханасы дейді. Сонда Жаңа Өсиеттің қасиетханасы болмағаны ма? Еврейлерге жолданған хатты қайта - қайта оқи келе Пауылдың сөзінен біз екінші Жаңа Өсиеттік қасиетхананың барын байқаймыз. Бірінші есисттің де жердегі қасиетханасы мен құлшылық етудің қаулысы немесе тәртібі болған дейді ол. «Бірінші өсиеттің де» - деген сөзінен, алдында бұл қасиетхана жайлы сөз болғанын білеміз. Енді олар алдындағы бөлімнің басына қайта көңіл аударған кездерінде: «Ең бастысы біздің көкте бірінші діни қызметкеріміз бар, Ол көктегі сәулетті тағына отырды және адамның қолымен емес, Құдайдың колымен тұрғызылған қасиетханасында қызмет етуде (Евр. 8:1-2) делінген. Осы арада Жаңа Өсиеттің қасиетханасы жайлы айтылып тұр. Бірінші Көне Өсиеттің көшпелі касиетханасын Мұса пайғамбар орнатқан, ал Жаңа Өсиеттің қасиетханасы адамның емес, Құдайдың қолымен тvрғызылған. Алғашқы қасиетханада жердегі діни қызметкерлер еңбектенген, ал көктегі қасиетханада бұл қызметті біздің Алғашқы Діни Қызметкеріміз - Иса Мәсіх орындауда. «Бұл - осы замандағы жайттың бейнесі! Құдайға ұсынылатын сыйтартулар мен құрбандықтар Оған сыйынатын адамдардың ар-ұжданын өздерінің жасаған күнөларынан түпкілікті арылта алмайды. Сонымен, көктегі киелі үйдің көшірмесі болған жердегі ғибадат орны құрбандыққа шалынған малдың қаны арқылы тазартылуға тиісті болды, алайда көктегі киелі үй үшін бұдан өлдеқайда құнды құрбандық жасау қажет еді. Себебі Мәсіх адам қолымен жасалған ғибадат орнына кірмеді. Сол ғибадат орны шынайы киелі үйдің көшірмесі ғана болатын. Қайта, Мәсіх көктің өзіне енді. Ол қазір сонда Құдайдың алдында тұрып, бізді қолдап сөйлейді» (Евр. 9:9,23,24).ҮШ 265.2
Атап айтқанда жердегі касиетхана көктегі қасиетхананың көшірмесі, ал көктегі қасиетхана оның түпнұскасы болып табылады. «Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар! Үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да алтынмен қапта. Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол” (Мыс. 25:9,25,40) Жердегі қасиетхананың сұлулығы мен әсемделуінің ең жоғарғы сапада орындалуы Құдайдың даналығының кіріспесі екенін дәлелдейді. Қасиетхананың ішкі қабырғалары құйылған алтыннан жасалғандай болып көрінеді, өйткені ол алтын майшамдардың жарығымен жарқырап тұратын. Ұсынылатын нанның үстелі мен күні-түні түтіндеп тұратын қүрылымның сырттары да тазартылған алтындай жарқырайды. Ал осы кереметті неше түрлі жіптерден тоқылып жасалған періштелер бейнеленген шымылдық толықтырып тұр. Екінші бөлімде өсиет сандығы сақталған. Құдайдың даңқы шығып тұратын бұл бөлмеге ешкім баса көктеп кірмеген, кірсе тірі шықпаған. Оған кіруге тек бірінші діни қызметкердің ғана хақысы болған. Жердегі қасиетхана көктегі қасиетхананың қандай екендігін адам баласына көрнекілетіп көрсетеді. Көктегі орында біздің Аратүсушіміз (Иса) Құдай алдында біз үшін кызмет етуде. Ол жақта қызмет ететін рухтар, яғни періштелер Құдай алдына келгенде Оның кұдіреттілігіне шыдамай канаттарымен беттерін жауып тұрады. Бұрын - соңды адамның қолымен салынған ғимараттардың ішіндегі ең кереметі - Иерусалимдегі бұл ғибадатхана көктегі ғибадатхананың әлсіз елесі ғана. Десе де бұл ғибадатхана көктегі адамзат баласын құткару жолында жүріп жатқан маңызды еңбекті біздерге айқын көрсетеді. Жохан арқылы берілген аянда Құдай оған көктегі ғибадатхананың екі болімінде көрсеткен болатын. Және ол сол жақтан жердегі ғибадатханада Мұса пайғамбарының жасаған «өсиет сандығын» көреді. Бұл жердегі ғибадатхананың көктегі ғибадатхананың үлгісі бойынша салынғанының таптырмас дәлелі. Мұса пайғамбар жердегі қасиетхананы оған көрсетілген үлгі бойынша салды. Пауыл еврейлерге жазылған хатында оны растайды, ал Жоған пайғамбар болса соның куәгері болып табылады.ҮШ 267.1
Қүдайдың мекені - көктегі ғибадатхана. Оның тағының негізі - шындық. Аспан ғибадатханасындағы киелінің Киелісінің ішінде ақиқатты өлшеуіші - Қүдайдың қасиетті заңы сақталған. Сол заң бойынша адамзат баласы сынакка түседі. Құдайдың заңы сақталып тұрған өсиет сандығының үстінде кешірім тағы орналасқан. Сол арада Иса Мәсіх Оны қабылдайтын күнәкар пенделер үшін арашашы қызметін атқаруда. Осылайша күнәкәрді ақтау жоспарыида әділдік пен мейірімділік одақ құрып бірігіп тұрады. Мұндай одақты бізге тек Шексіз Даналықтың Иесі ғана ұсына алады. Бұл одақ бар ғаламның тұрғындарын қайран қалдырды, қуантты және барлығы осындай одақ алдында бас иді. Көктегі барлык періштелер құтқарылу жоспарының барысын мұқият бақылауда. Құдай қалай әділетті болып саналады, егер ол қатесін мойындаған пендені кешірсе, ал Иса Мәсіх оларды өлім тұңғиығынан алып шығып, пәктіктің киімін кигізіп, емірі күнә дегенді білмеген періштелердің қатарына қосса? Ал, бұл мейірімділіктің құпиясы және оны періштелер де түсінгісі келеді. Оған жауап беретін Зәкария пайғамбарының кітабында Иса жайлы аятта былай деп жазылған: «Ол Алланьщ тамаша ғибадатханасын құрып, тағына отырып, билік жүргізеді. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық тағына отырған соң екі лауазымның ортасында ынтымақ орнайды” (Зөк.6:13). Иса Мәсіх адамзат үшін ұлы Құрбан болғандықтан, Зәкөрияда айтылған ғибадатхананың негізі де және құрылысшысы да Исаның өзі болып саналады. Сонымен қатар Мәсіхтің шәкірті Пауыл Оны үйдің қабырғасы қаланатын іргетасымен салыстырады (Еф. 2:20-22).ҮШ 267.2
Даңқ пен атақ күнәкар пенделерді ақтап алған Исаға тән. Жер бетінде Құдай патшалығы орнамай, Ол даңқ тағына отырмайды. Ол арашашы, яғни біздің қазіргі тілде адвокаттық қызметін тамамдаған кезде тағына отырады және бұл патшалықтың шегі болмайды (Лұқа 1:32,33). Қазір Мәсіх діни қызметкер ретінде Құдай Әкемен бірге Оның тағында отыр (Аян 3:21). Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды. Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді және сынақтардан өтіп жатқан бізге көмектесе алады. Ал егерде біреулерің күнә жасап қойсаңдар, Құдай Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз - Мәсіх Иса (Ишая 53:4, Евр. 4:15,2:18, Жоханның бірініш хаты 2:1). Иса күнәкар адамзат баласы үшін кұрбан болды. Біз Оның жазықсыз төгілген қанының арқасында ақталамыз. Ол біздің Арашашымыз, Иеміз, біз Оның пенделеріміз. Оның тесілген бүйірі, жараланған денесі, аяқтары мен колдарында қалған шегелердің орны адамзат баласының қаншалықты жоғары құн төленіп сатылып алғанын айқындайды. Күнәға батқан адамзатқа деген Құдай Әкенің сүйіспеншілігі Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігінен кем емес. Ол туралы Мәсіх бізге былай дейді: «Сонда Әкеден сендер үшін өтінуімнің қажеті болмайды, ейткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді» (Жох. 16:26,27). Құдай Мәсіх Иса арқылы Өзін біздің әлемімізбен татуластырды ( 2 Қор.5:19).ҮШ 268.1
«Құдай бізді сондай жақсы көреді, біздер өлмей, мәңгі өмірге ие болуымыз үшін, Ол Өзінің жалғыз Рухани Ұлы Исаны құрбандыққа берді” - делінген Киелі Кітапта (Жох. 3:16). Сонымен Қасиетхана дегеніміз не? Киелі Жазба бұл сұраққа түсінікті түрде жауап береді. Жердегі қасиетхана көктегі үлгі бойынша салынған, яғни аспанға мезгеп тұрған Ғибадатхана. Иса айқыш ағашқа керілгеннен кейін жердегі ғибадатхананың Ұлы Құрбандықка сілтеп тұрған қызметі аяқталды. Құдайдың шынайы шатыры (скиния) көкте орналасқан. Ендеше 2300 кештер мен таңдар, сонан соң қасиетхана тазарады деген аянда көктегі ғибадатхана жайлы айтылған. Ендігі сұрақ былай: «Қасиетхананың тазаруы дегеніміз не сонда?» Жердегі қасиетхана тазартылуға тиісті. Ал көктегі қасиетхананы тазартудың қажеті не? Бұл сүраққа еврейлерге жазылған хаттың 9-шы тарауы жауап береді. Таурат заңы бойынша бәрі дерлік қанмен тазартылады. Қан төгілмей Құдай күнәні кешірмейді. Сонымен, көктегі киелі үйдің көшірмесі болған жердегі ғибадат орны құрбандыққа шалынған малдың қаны арқылы тазартылса, көктегі киелі үй үшін бұдан әлдеқайда құнды құрбандық жасау қажет еді. Атап айтқанда Исаның қасиетті қанымен тазартылады. (Евр. 9:22,23). Үлгі ретінде берілген бейнелеу қызметінде де, және шын мөніндегі қызметте де күнәдөн арылу тек қан төгілу арқылы ғана жүргізіледі. Алғашқыда ол малдың қаны арқылы жүргізілсе, соңынан Исаның қаны төгілуі арқылы тазартылды, себебі бідің дәуірге дейін төгілген қандар келешекте бүкіл адамзаттың күнәсі үшін құрбан болатын Құдай Ұлына жүктелген, міне киелі кітаптағы сол болжау орындалып Иса Мәсіх пенделердің күнәларын өз мойнына алып біз үшін айқыш ағашқа керіліп жанын өз еркімен кұрбан етті. Енді көне замандағыдай құрбан шалудың қажеті жоқ, өйткені жалпы адамзат тектеріне құрбан болған Исаға сенім артып, шариғатты (он заңды) кәміл орындап қоршаған ортаға сүйіспеншілік көрсетіп отырсақ, Алла бізді қорғап - қоршап жүреді. Егер адам бойында күнәнің бар-жоғын аңғартатын он заңның біруін ғана бұзғанның өзінде бізді сактаушы Тәңірдің қоршауында саңылау пайда болады да, одан ұры түсіп қойды касқыр жейді, қасқыр деп отырғанымыз шайтан, ал қой дегеніміз месіхшілер. Құр бес уақыт намаз оқып Құдайға жалбарынып шариғатты сақтамаса, адам күнәкар күйінде қалып қояды. Барлық жандар күнакар, күнәсыз адам жоқ және күнәнің жазасы өлім, ал Құдайдың Ұлына иман келтіргендерге Алладан сыйлық мәңгі өмір - дейді Киелі Кітап. Сондықтан күнә жойылуы немесе басқаша айтқанда тазартылуы ке- рек. Күнөнің көктегі болса да, жердегі болса да қасиетханаға қандай қатысы бар? - деген сұрақ туындауы мұмкін. Бұл сүраққа былай деп жауап беруге болады: діни қызметкерлер жердегі қасиетханада өз қызметтерін жүргізгенде, оны көктегі қасиетхананың үлгісі бойынша Мұсаға көрсетілгендей етіп жасаған (Евр. 8:5). Жерде Құдайға қызмет ету екі бөлімнен тұратын: күн сайын діни қызметкерлер киелінің ішінде қызмет атқаратын және жылына бір рет қасиетхананы тазарту үшін киелінің Киелісінің ішіне кіріп ерекше қызмет жасайтын болған. Күн сайын күнәкар жандар жасалған күнәсі үшін киелі шатырдың алдына малдарын әкеліп, олардың бастарына қолдарын қойып, күнәсін мойындап - айтып Алладан кешірім сүрап - жалбарынған, адамның шын ниетін білетін Тәңір оны қабыл алып отырған. Сөйтіп ол мал құрбандыққа шалынған. «Дененің жаны - қанында, сондықтан қан төгу жан тапсыру немесе өлім» - делінген. (Jley. 17:11). Құдай заңын бұзған күнәкардың қаны төгілуге тиісті. Бұл жерде оның күнәсі малға аударылып тұр. Сөйтіп жазықсыз мал жазықты болып есептеліп, оның қаны төгіліп, осы қанмен діни қызметкер Киелінің ішіне кіріп, арғы жағында Құдайдың қасиетті заңы сақтаулы өсиет сандығы орналасқан бөлімдегі шымылдыққа қанды тамшылатады. Осылайша рөміздеу түрінде күнә қасиетханаға ауысады. Кей жағдайларда малдың қаны Киеліге кіргізілмеген. Мұндай жағдайларда діни қызметкерлер сол малдың етін пісіріп жеуге тиісті болған, сонда кауымның күнәсі жойылып, кешірілген (Леу. 10:17). Рәміздеудің екі түрі бойынша да күнә кінәлі пендеден қасиетханаға ауысқан. Мұндай қызмет жыл бойы атқарылып отырған. Осылайша Ираилдің күнәсі қасиетханаға ауысып, енді оны жою үшін ерекше рәсім жасалуға тиісті болды. Сондықтан басты діни қызметкер жылына бір рет киелінің Киелісінің ішіне кіріп қасиетхананы тазартқан. Діни қызмет осындай циклмен жүріп отырған. Бұл күн Алламен татуласу күні деп аталған. Осы татуласу күні шатырдың алдына екі теке өкелініп, жеребе (таңдау) тасталған: «бір жеребе Құдай үшін, екінші жеребе жіберілу (шайтан) үшін» (Леу. 16:8). Алла үшін жеребе түскен теке әдеппен бауыздалып, сол текенің қанымен басты діни қызметкер шымылдыктың ішіне кіріп, қанды өсиет сандығының қақпағына және алдына тамшылатқан. Сол сияқты шымылдықтың алдындағы күні - түні түтіндеп түратын күрылымның үстіне де қан тамшыланатын болған. Харун тірі текенің басына екі қолын қойып, бар Исраил халқының күнәсін текеге аударған, сонан соң текені әдейілеп сайланған адам шөл далаға апарып тастайтын болған (Леу. 16:21,22). Теке Исраилдің тұрағына қайтып келмеген, ал әлгі адам әуелі жуынып, киімін жуып, содан кейін ғана отандастарына оралады екен.ҮШ 269.1
Осы рәсімдердің барлығы адам баласына Құдайдың каншалықты Қасиетті екенін және Оның күнәні соншалықты жек көретінін көрсету үшін орындалатын болған. Күнәмен жанасып кеткен адам таза болмай шығады, оны кез келген пенде ұғып алғаны ғанибет. Қасиетті Алланың алдында адамзат баласы жүрегін жуасытуы керек. Сондықтан да осы күні барлық халық әдеттегі шаруаларын доғарып, Құдайдың алдына салтанатты түрде жиналып, ораза ұстап, дұға оқып салауат айтып жүректеріне терең үңіліп, Аллаға тағзым етіп бастарын иген. Бұл татуласу рәсімінің мәні өте зор, оның түкпірінде өте қажетті ақиқат жатыр. Күнәкар тазалықпен алмастырылған. Құрбандықтың қаны күнәні жуа алмайтын болғандықтан, ол қасиетханаға ауыстырылған. Бұл рәсімнің барлығы болашақта болатын Ұлы Құрбандыққа, яғни Иса Мәсіхке сілтеп тұрған. Және де адам баласы ез күнәсін шынымен мойындап, сол болашақтағы Ұлы Құрбандыққа сену арқылы өз күнәсына кешірім алам деп үміттенген. Дегенмен ол заң бұзушы болғандықтан, заң алдында ол әлі де болса жауапты болған. Осы татуласу күні басты діни қызметкер халықтың Аллаға арнап шалған құрбандығының қанын алып, киелінің Киелісінің ішіне кіріп, киелі сандықтың ішіндегі заң жазулы тастардың үстіңгі жағынан өсиет сандығының қақпағына тамшылатқан. Осылайша заңның талабы қанағаттандырылған. Онан соң арашашы ретінде күнәні өз мойнына ауыстырып, қасиетханадан алып шығып, сыртқа шыққан соң, екі қолын шайтанға сілтейтін текенің басына қойып, күнәні оған аударған. Теке күнәні алып кетеді де, халық күнәдан босатылады. Көктегінің үлгісі болып саналатын бұл қызмет осылайша сипатталады. Басқаша айтатын болсақ үлгі ретінде берілген жерде өтіліп жатқан бұл қызмет шын мәнінде көкте жүргізіліп отырған. Құтқарушымыздың жерден көкке көтеріліп кеткеннен кейінгі атқарып жатқан қызметін Оның шәкірті Пауыл былай деп суреттейді: «Иса Мәсіх қолдан жасалған қасиетхана емес, көктегі қасиетханада біз үшін Құдай алдында қызмет атқаруда. Киелінің Киелісінің ішіне Мәсіх малдың қанымен емес, Өзінің адамзат үшін төгілген қасиетті қанымен кірді (Евр. 6:19,20; 9:12). 18 ғасыр бойы қасиетханадағы киелінің ішінде қасиетті қызмет атқарылды. Исаның қаны күнәкар пенделер үшін төгілді, бірақ қасиетті Құдайдың заңының алдында адам әлі де болса айыпты болғандықтан, бұл күнәлар көктегі кітапта жазулы болды. Жылына бір рет киелінің Киелісінің ішіне кіріп, қасиетхананы тазартқан басты діни қызметкер секілді, Мәсіх Иса да, 2300 жыл аяқталған соң, яғни 1844 жылы киелінің Киелісінің ішіне етті, осы өту фазасын кезінде адвентистер Оны жерге келеді деп түсінген. Жыл санаулары бойынша негізгі зерттеулері дұрыс болғанмен, қасиетханаға қатысты сұрақ маңайында кателескен. Десе де кейіннен Жазбаны мұқият зерттей келе қателерін тапкан. Даниял пайғамбарының кітабында жазылған аян бойынша Иса Мәсіх 1844-ші жылы Өзінің қасиетті қанын алып киелінің Киелісінің ішіне кірді. Бұл Оның жер бетіне екінші рет келерінің алдындағы соңғы қызметі. Қаны төгілген теке Исаны мезгейді, ал халықтың күнәсі артылып, шөл далаға аттандырылған теке — ібіліске сілтейді. Өз күнәларын шынымен мойындап Ұлы Құрбандықты қабылдап Исаның қасиетті қанының астына тұрғандардың күнәлары жуылып, ол күнә адамзаттың жауы сол күнәнің қайнар көзі — ібілістің басына аударылады. Шөл далаға жіберіліп әбден қалжыраған теке секілді, сайтан да біржола құритын болады. Осылайша күнә да, күнәкарлар да жойылып мәсіхшілер мәңгілік өмірге ие болады да Жаратушы Тәңір махаббат Иесі деп танылады.ҮШ 271.1