Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы

    1529 жылы Шпейерде өткен мемлекеттік сеймде Германия ханзадаларының Римнің кұрған ережелеріне қарсы шығуы, олардың Реформацияны қолдағандарының дәлелі болып табылады. Бұл азаматтардың ержүректіктері, сенімдері және қабылдаған шешімдері болашак ғасырларға адамның ойының, ар-ұжданының бостандығын алып берді. Сол себепті де Реформация шіркеуі «протестанттық» - деп аталады, яғни қарсы тұру деген мағынаны білдіреді.ҮШ 122.1

    Реформация үшін қайғылы күндер басталды. Вормсге өткен эдикт Лютер заңнан тыс (заң оны корғамайды) деп жариялағанымен, мемлекетте діни шыдамдылық басым түсті. Құдай акикатқа қарсы шабуыл жасайтын жактардың күшін тежеп тұрды. Карл V Реформацияға қарсы күрес жүргізгісі келгенімен, амалсыз тоқтап тұруға мәжбүр болды. Римнің тәртібіне қарсы шыкқандарға өлім жазасы төніп тұрса да, біресе шығыс жақтағы шекарадан Түрік әскері пайда болып, біресе Француз королі бас көтеріп, ол жетпегендей императордың қайратын көре алмаған папа өзінің қызғанышын жүгендей алмай, айтулы себептердің салдарынан әлсін-әлсін соғыс оты лапылдап жатты. Бұл кездері реформаторлар олардың көкейлерінен тыс қалып, өз істерін әрі карай сәтті жалғастырып, өсіп өне берді.ҮШ 122.2

    Ақыр соңында папалықтар бір - бірлеріне деген күншілдіктерін жүгендеп, Реформацияға қарсы бірігіп күрес жүргізбек болып шешім қабылдады. 1526-шы жылы Шпейерде өткен мемлекеттік сеймде, соборда өтетін үлкен жиынға дейін, әрбір неміс жерлеріне дінге қатысты бостандық берілгенімен, осы шешімге әкеліп тіреген қауіп етсімен, 1529-шы жылы император екінші сеймді шақыртып, оған реформацияны жоюға бұйрык, берді. Ханзадалар реформацияға бейбіт жолмен тыйым салсын деген шешім қабылданып, болмаған жағдайда Карл қолына найза алуға уәде берді.ҮШ 122.3

    Дел осы кезде папаның өкілдерінің куаныштарында шек болмады. Олар өздерінің реформацияға және оны қолдаушыларға деген өшпенділіктерін жасырғанда жоқ.ҮШ 122.4

    «Біз дүниенің қалдығы мен қарғысына айналдық, бірақ Мәсіх Исаның Өз халқын құтқарып алатынына толык сенеміз” - деп жазды Меланхтон. Протестант - ханзадаларға уағыз айтуға қатаң тыйым салынды. Бірақ тыйым салынғанға қарамастан Құдай Сөзін аңсаған халык саксондык курфюрсттың ғибадатханасына жиналды.ҮШ 122.5

    Бұл жағдай дағдарысты тездетті. Император сеймге деген үндеуінде: «Діни бостандық неше түрлі төртіп бұзушылыққа әкеліп тірейді, сондықтан бүл заңды жедел түрде жою керек” - деп талап етті. Бірак протестант - ханзадалар бүған қарсылық білдірді. Олардың бірі: «Иса Мәсіх тағы да Каиафа мен Пилаттың қолына түсті-ау» - деп қынжылды. Рим діншілдері басқыншылық жасады. Папалық бір фанат*: «Түріктер лютерандардан әлдеқайда артық, өйткені олар ораза үстайды, ал лютерандар болса оны да жасамайды” - деп жариялады. Егер Қүдайдың Сөзі мен шіркеудің басынан өткен адасушылықтардың бірін таңдау керек болса, онда біз екіншісін тандаймыз” - деді ол. Меланхтон, Фабер жайлы: «Олар біздің, яғни Ізгі хабарды уағыздаушылардың жағына күн сайын тас лақтыруда” - деп жазды.ҮШ 123.1

    Діни шыдамдылық халыққа заң жүзінде берілген болатын, сондықтан протестанттар өз хұқықгарын қорғап қалу үшін шайқасқа кірісті. Лютердің хүқығы шектеулі болғандықтан оның орнына Шпейерге Лютердің кезқарасына ортактас ханзадалар аттанды. Лютердің бұрынғы қамқоршысы саксондық Фридрих қайтыс болды, бірақ оның орнына реформацияны жөн санайтын оның бауыры герцог Иоганн түрған болатын. Ол бейбітшілікті сақтап калу үшін көп күш жігерін жұмсады.ҮШ 123.2

    Дін әкелері ханзадалардың Римге бағынуларын талап етті, ал ханзадалар болса керісінше олардан бұрынғысынша діни бостандықтың қалуын талап етті. Себебі ханзадалар, жігерлі түрде Құдай Сөзін қабылдаған мемлекеттің қайрадан Римге бағынғанын қаламады.ҮШ 123.3

    Ақыры екі жаққа да бір шешімге келу үсынылды. Реформация бекімеген жерлерде Вормстық эдикт* күшіне еніп, ал халык, онымен келіспеген жерлерде көтеріліс болдырмау үшін реформа кұру тоқтатылып, уағыз кезінде шиеленіс тудыратын сұрақтарды қозғамау, мессаның қызметіне кедергі келтірмеу, сонымен қоса католиктерге лютерандыққа көшуге тыйым салу ұйғарылды. Папалық діншілдер мен прелаттардың куанышына орай бұл ұйғарымды сейм қолдады.ҮШ 123.4

    Егер бұл шешім бекітілсе, онда реформация ісі жалғасын таба алмайды, яғни жаңа жерлерге тарай алмайды, ал тараған жерлерде нығая алмайды. Нәтижесінде сөз бостандығына тыйым салынып, шынайы дінге кіру мүмкін болмай калады. Реформацияны жақтаушылардан осы ережелермен келісу талап етілді. Әлем тығырыққа келіп тірелгендей болды. Рим иерархиясының қайра құрылуы оның зұлымдықтарың қайтып келуіне жол салады, сонда онсыз да фанатизм мен алауыздықтан қопсып тұрған реформация қозғалысы түп орнымен жойылып кетуі мүмкін. Кеңеске жиналған протестант өкілдері бір бірлеріне қарады. Бәрінің қойғаны бір сұрак: «Не істеуге болады?” Бұл сұрақтың жауабының әлем үшін маңызы зор еді. Реформацияның жетекшілері бұл қаулыны қабыл ала ма? Осындай шешуші сағатта реформаторлар, қате бағытты таңдау қажеттігі туындап тұр деп, өздерін соған көндіруі оп-оңай болды. Римге бағынбауға шарасызбыз деп, соған неше түрлі дәлелдер келтіре алатын еді. Лютеран ханзадаларға дін бостандығы уәде етілді. Сонымен қатар ол бостандық, айтулы қаулы шыққанға дейін, реформацияны қабылдап ұлгергендерге де беріліп тұр. Осының өзі де аз емес секілді. Жаңа қаулыға бағынса, қаншама қатерден құтылар еді. Бағынбаса жолдарында неше түрлі дауыл кездесері һак. «Бір кездері бұдан да артық мүмкіндіктер пайда болар. Тыныштықты тандап, Рим үсынып түрған зәйтүн бұтағын алып Германияның жарасын емдейік”. Әлбетте, реформаторлар, ондай шешім қабылдағандары үшін ақтала да алар еді, дегенмен сол шешімнің соңынан кеп ұзамай-ақ қозғалыстарының күйреуі де анық.ҮШ 123.5

    Бақыттарына орай істеріне имандары басшы болып, бұл ұсыныстың негізінде жатқан ұстанымға олар көңіл аударды. Оның нәтижесі қандай болмақ? Рим ой бостандығына тыйым салып, адамның арын мәжбүрлеуге құқылы болды. Бірақ олардың өздеріне және солардың өкілеттіктеріндегі протестанттарға дін бостандығы уөде етіліп тұрған жоқ па? Әрине, айтса да құқық ретінде емес, осы ұсыныс талап ететін садақа ретінде ғана. Келісімшарттан тыс басқа нәрселерді алатын болсақ, ғибадат (дін) билігі сол қалпында қалып, ар-ұждан ұмытылып, Рим, күллі жан оған бағынатын қасиетті сот саналмақ. Айтулы шешім бойынша діни бостандық протестанттық Саксониямен ғана шектеліп, ал қалған барлық мәсіхшілер әлемі бөз баяғысынша Римнің езгісінде болмақ. Бас кетерем деушілер отқа тасталып, түрмеге қамалады. Сонда олар діни бостандықтың шектелуімен келісіп, енді барлығы шынайы дінге енді деп айта ала ма? Римнің билігіндегі барлық жерлердің оның езгісінде мөңгі қалуына жол бере ала ма? Бұл келіссөздің салдарынан папалық мемлекеттерде жүздеген және мыңдаған жандар өмірмен қош айтыспақшы. Бұл дегеніміз шешуші сәтте, мөсіхшілердің бостандығына жөне Ізгі хабарға сатқындық жасау. Сонда төгіліп жатқан халықтың қанына біздің еш қатысымыз жоқ деп ханзадалар айта ала ма? Әрине өздері құрбан болуы бар олар бұл ұсыныспен келісе алмайды.ҮШ 124.1

    «Біз бұл қаулыдан бас тартамыз - деп, бір ауыздан жауап берді ханзадалар. Ар-ұжданға байланысты сұрақтар шешілер кезде көпшіліктің пікірлері қабылданбайды”. Депутаттар: «Империяның бейбіт өмір сүруі -1526 жылғы декреттің нөтижесі - деп, арыз тастады. Ол декреттен бас тарту Германияның басына алауыздық пен толқу әкеледі. Үлкен жиынға дейін сейм діни бостандықты қолдауға тиісті, басқаша іс-әрекеттерге құқысы жоқ». Оған қоса ар-ұжданның бостандығын қорғау - мемлекеттің борышы. Діни өмірді неше түрлі азаматтық заңдармен реттеу бостандықтың негізгі ұстанымдарын жоққа шығарады. Ал протестант-мәсіхшілер болса осы ұстанымдардың жолында жальгады түрде еңбектенді емес пе?ҮШ 125.1

    Бұл қарсылықты папалықтар қырсықтық - деп атады. Олар реформацияны қолдаушылардың арасында ұрыс-керіс тудыруға тырысты. Папалықты қолдамайтындарды қорқытып көндіреміз деп үміттенді. Соңында сейм бостандық алған калалардың өкілдерін шақыртып, осы сұраққа байланысты тіке жауап берулерін талап етті. Кідіріске еш мұрсат берілмеді. Қала депутаттарының тең жартысы реформацияның жағына шықты. Неше түрлі кінә тағылатынын, қуғын-сүргінге ұшырайтындарын олар жақсы білді. Делегаттардың бірі: «Біздің таңдауымызға екі-ақ жол беріліп тұр, не Құдай Сөзінен бас тартуымыз керек, не болмаса отқа түсіп өртенуіміз керек” - деп ез пікірін айтты.ҮШ 125.2

    Сеймдегі императордың өкілі король Фердинанд бұл қаулының алауыздыққа әкеліп тірейтінін жақсы білгендіктен ханзадаларға айтқандарын алдап қабылдатпақшы болды. Сол себепті ол бар әнерін салып, мәжбүрлеу олардың өз шешімдерінде қалатындарына әсер ететінін біле тұра, дегеніне иландырмақ болды. «Бұл қаулыны қабылдасандар император тек қуанады” - деп, король, ханзадаларға жалынды. Бірақ оның ойластырған тәсілі іске аспай қалды. Өйткені бүл адал азаматтар иманға қатысты сұрақтар туындағанда жердегі патшалықтан биік тұратын билікті ғана мойындайтын еді. Олар: «Біз Құдайды мадақтайтын және бейбіт өмірді сақтап қалатын қаулы шыққан жағдайда ғана императорға бағынамыз»деді.ҮШ 125.3

    Мұны естіген патша: «Жуыр арада императордың қаулысы шығады және сендер соған бағынуға тиісті боласыңдар» - деп жариялап, ешкімнің жауабын күтпейақ орнынан тұрып шығып кетті. Қайтыңыз, деген, делегаттардың өтінішіне ол кұлақ аспады. «Бұл шешіліп қойған іс, ал сендер тек соған бағынуларың керек” - деп ешкімді бет қаратпады.ҮШ 125.4

    Императорды жақтаушылар мәсіхші - ханзадаларының бұрынғысынша Киелі Кітапты бірінші орынға қоятындарына күмән келтірмеді. Бұл ұстанымға берік болған олардың алдында папалықтардың жеңіліске ұшырайтындарын да білді. Бірақ көрінбейтін емес, көрінетін билікке бағынып үйренген олар, император мен оның жағында тұрғаидар реформаторлардан әлдеқайда күшті деп есептеді. Егер реформаторлар адамдардың көмегіне ғана сенсе, онда жауларының ойлағанындай, шыныда, да әлсіз болған болар еді. Бірак өздерінің аз болғанына және Римнің катыгездігіне карамас ган олар қуатты болды, өйткені сеймнің шешімінен Құдай Сөзіне және император Карлдан Иса Мәсіхқа беттерін аударды.ҮШ 125.5

    Фердинанд ештеңеге құлақ аспай кетіп қалғаннан кейін, ханзадалар жедел түрде декларация құрып, өз қарсылықтарын мемлекеттік кеңеске жолдап, оны сеймнің қарауына ұсынды. Бүл декларацияда:ҮШ 126.1

    «Бізді жаратқан Тәңіріміздің алдында және тірілсрдің алдында Құдай Сөзіне қарсы келетін, адамның арына қарама-қайшы тұрған бұл қаулының бірде бір бөлігін қабылдай алмаймыз - деп салтанатты түрде арыз тастаймыз. Мұндай қаулыны тіпті қабылдау мүмкін емес. Құдай адамды Өз Сөзін танып білуге шақырады, ал олар болса адамдарды мұндай мүмкіндіктен айырғылары келеді. Киелі Кітап адамға ете қажет. Біз Көне және Жаңа Өсиеттерде жазылған Құдай Сөзін, бір сез қоспай және бір сөзін алып тастамай халыққа уағыздауымыз керек. Құдай Сөзі - ақиқат, ол адам өміріне қажетті, сенімді ереже. Бұл негіздемеде тұрған адам дозақтың күшіне қарсы шыға алады.ҮШ 126.2

    Сол себепті де біз кез келген езгіге қарсы тұра аламыз. Құрметті император! Сіз Құдайды шын сүйетін мәсіхші ретінде бізді жақсы түсінеді деген ниеттеміз. Сонымен қатар қадірменді қауым сіздерге де, императорға да өз сүйіспеншіліктерімізді жолдаймыз” - делінген.ҮШ 126.3

    Осы өтініш сеймге қатты әсер етті. Бұл адамдардың ержүректігі көпшілікті таң қалдырмай қоймады. Ал реформаторларға қантөгістен, өшпенділіктен кұтылу мүмкін еместей көрінді. Десе де өз істерінің әділдігіне жүгінген олар табандылық танытты. Ханзадалардың бұл қарсылықтары екі жакка: адамдардың діни еміріне араласатын үкімет билігіне және дін әкелерінің озбырлықтарына бағытталған болатын. Бір кездегі елшілердің сөздерін қайталап реформаторлар: «Біздер адамның дегенін емес, Алланың дегенін орындауымыз керек” - деді. Бұл Құдайдың қалаулылары Карл V патшалығына емес, Шексіз Алланың патшалығына ұмтылды. Адамның білімі Құдайдың ақиқатына қызмет етуі керек. Алғашкысына қоса протестанттар діни көзқарастарын ашық жария ете алатындай хұкыкка ие болуға арыз тастады. Шпейерде өткен бұл карсылық адам баласының Құдайға құлшылық етуге хұқылы екенін бекітті. Болған оқиғаны барлығы естіді, мыңдаған адамдардың көкейіне қонды, ешкімнің қолы өшіріп кетіре алмайтын Көктегі кітаптарда жазылып қалды. Барлық протестанттық Германия оны қолдады. Егер реформация жағдайға және уақытқа байланысты иіле берсе, онда ол әуел баста-ақ жойылып құритын еді. Құдайдың адал құлдарының көрсеткен қажырлығы мен табандылығының арқасында ол келер ұрпаққа сабақ болып қалды.ҮШ 126.4

    Ібіліс Құдайға қарсы жүргізіп жатқан шайқасында өзінің қолданып жүрген құралын әлі де өзгерткен жоқ. Сол XVI ғасырдағыдай қазірде, әзәзіл, адам баласының Киелі Кітапты өз өміріне басшылыққа алуына қарсы. Ол діни бостандықты құрту жолында аянбай еңбектенуде. XVI ғасырдағы дағдарыс кезінде рсформаторлар қандай табандылык танытса, бүгінде біз дәл сондай табандылык танытуымыз қажет. Сол замандарда сенімді қызметкерлердің бастарына қауіп төнген сәттерде, Шексіз Алла оларды әрдайым қорғап отырған. Оның көрнекті дәлелі ретінде мына мысалды айта кетуге болады.ҮШ 127.1

    «Шпейердің көшесінде Меланхтон өзінің досы Симон Гренауспен аяғын асыға басып келе жатты. Ол досын Рейннің келесі жағалауына өткізіп салуға асыктырды. Гренаус болса бұл асығыстыққа таң қалды. Маған бір ақсақал келіп сізді қамауға алатыны жайлы Фердинандтың бұйрык шығарғанын айтып кетті. Мен сол үшін асығып келемін” - деді оған Меланхтон.ҮШ 127.2

    Күндіз көрнекті папалық дін зертгеушісі халыққа уағыз айтты және Гренаусқа қайта - қайта соқтыға берді. Гренаус болса жауапсыз қалмады, оның, барлық болып жатқан жағдайды біле тұра зұлымдықты қолдайтынын ашық айтты. Фабер осы жерде өз ашуын жасырып қалғанымен, артынша Фердинандқа келіп Гейдельбергтік профессорды тұтқындауға оның келісім алды. Меланхтон болса, келіп хабар айтып, бұларды сақтандырып кеткен ақсақалдың періште екеніне күмән келтірмеді. Ол досының арғы жағалауға өтіп кеткенін күтіп тұрды. Ал үйіне қайтып оралған кезінде офицерлердің Гренаусты іздеп, оның үйін көшіріп тастағаны жайлы хабарды естіді.ҮШ 127.3

    Реформацияның мәртебесін бұл өмірдің ұлыларының алдында көтеру кажет болды. Фердинанд, протестант - ханзадаларды тыңдаудан бас тартқанымен, император және мемлекет пен шіркеудің белгілі қызметшілерінің қатысуымен өткен жиында ханзадаларға өз жағдайларын мазмұндап беруге мүмкіндік берілді. Шгіейерде болған қарсыласушылыктан кейін бір жыл өткен соң Карл V империяны қинап тұрған қақтығысуларды токтату үшін қайра Аугсбургте сейм өткізді және өзі соның төрағасы болды. Бұл жиынға барлық протестантизмнің көсемдері шақырылды. Реформацияға қауіп төніп тұрғанымен, оның мүшелері бір Құдайға сыйынып, Оған адал болып қалуға уәде берді.ҮШ 127.4

    Саксондық курфюрсттың маңайындағылар оның сеймге бармауын өтініп, соған оны көндірмекші болды. Император ханзадаларды алдап қақианға түсіргісі келеді - деді олар. Бірақ басқа мейірбан азаматтар бұл ұйғарыммен келіспеді. «Қам жемеңдер, Құдай ісі алға басады, Ол бізбен бірге»деді Лютер. Осыдан соң курфюрст өз нөкерлерімен Аугсбургке аттанды. Жол жөнекей төніп тұрған қауіп бәріне де белгілі болатын, бірақ оларды Кобургке дейін шығарып салған Лютер «Құдай біздің қамалымыз»деп аталатын әнді орындау арқылы барлығының көңілдерін жадыратты.ҮШ 128.1

    Ханзадалар сеймге бел буынып тұрып дайындалды. Олар әуелі өз көзқарастарын қағаз бетіне мазмұндап, сонан соң жазғандарын Киелі Кітаптағы дәлелдемелермен бекітті. Бұл құжатты дайындау Лютерге, Меланхтонға және олардың көмекшілеріне тапсырылды. Сонымен қатар барлығы бірігіп бұл құжаттың соңына қол қоймақ болды.ҮШ 128.2

    Меланхтон: «Қол қоюды шіркеу басшылары мен дін уағыздаушыларға берейік, ал олардан жоғары тұрғандардың абыройларын баска жолдары пайдаланармыз»деген ұсыныс айтты. Олай тыйым салудан Құдай бізді сақтасын!деп дауыстап жіберді Саксондық Иоганн. Мсн әділдік жолында еңбектенемін және орнымнан айрылып қаламын деп қам жемеймін. Құдайдың есімін бар халықтың алдында ашық уағыздауға дайынмын. Мен үшін Мәсіхтың айқыш ағашы курфюрсттың тәжінен артық. Осылай деп айтып, ол бірінші болып өз қолын қойды. Сонан соң басқалары да Құдай үшін не болса соған дайын екендерін айтып, өз қолдарын қойды. Бұл азаматтардьщ Жаратқан Аллаға деген сенімдері осындай болатын.ҮШ 128.3

    Императордың алдына келетін уақыт тақады. Курфюрсттер мен ханзадалардың алдында Карл V келіп тағына отырды. Сөйтіп протестант реформаторларын қарсы алды. Олардың сенім рәміздерінің тармақтары оқылып шықты. Жиын осылай ашылып, онда Ізгі хабардың ақиқаттары мазмұндалып, сонымен қоса папаның адасушылықтарына меңзелді. Бұл күн текке реформация тарихындағы ұлы күндердің бірі болып аталмаған. Осыдан аз жыл ғана бұрын Вормстегі ұлттық кеңестің алдында виттенбергтік монах жалғыз тұрған болатын, енді мінекей, оның орнында империяның ең белгілі ханзадалары тұрды. Лютерге Аугсбургке келуге тыйым салынды, бірак ол өзі сол арада тұрмағанымен, өзінің тілегімен, сөзімен айтулы жерде ізбасарларымен бірге болды.ҮШ 128.4

    «Соншалықты көрнекті жиынның алдында Мәсіхтың есімін атақты адамдар дәріптегенге мен іштей қатгы қуанамын» - деп жазды Лютер. Осылайша: «Патшалардың алдында Сенің хатыңды оқимын» (Жыр. 118:46) - деп, Киелі Кітапта жазылған аян орындалды. Ақиқат үшін зынданда отырған елші Пауылдың заманында да шындық осылай уағыздалған болатын. Тарих қайра қайталанды. Император Ізгі хабарды мінбеден уағыздауға тыйым салған кезде, ол туралы патша сарайларында айтылатын болды. Атактылар түгіл жалшыларға да тыңдауға келмейді деген Сөзді империяның ығай мен сығайлары тыңдады, ал белгілі ханзадалар бұл Сөзді уағыздаушы қызметкерлерге айналды. Бұрын-соңды елшілердің замандарынан бері мұндай ұлы іс атқарылып көрген емес еді.ҮШ 129.1

    Лютерандардың айтқандарының барлығы шындық, біз оны өтірік деп айта алмаймыз - деді папаның епископтарының бірі. Тағы бірі доктор Эккенге былай деп сұрақ қойды: «Алдыңызға келіп ақтарылып тұрған ханзадаға негізге сүйене отырып тойтарыс бере аласыз ба?” «Пайғамбарлар мен елшілердің жазуларына жүгінетін болсақ олай істей алмаймын, ал егер шіркеу әкелерінің ілімі мен собордың қаулыларына сүйенетін болсақ әрине тойтарыс бере аламын» - деп жауап берді ол. Сонда сіздің сөзіңізге қарағанда лютерандар Құдай Сөзін негізге алады да, біз алмайтын болып шықтық қой - деп, тұжырымдады әлгі адам.ҮШ 129.2

    Германия ханзадаларының тағы да біразы реформация ілімін қабыл алды. Тіпті императордың өзі де бұл ілімді мойындады. Кептеген тілдерге аударылған айтулы сенім рәміздері барлық Еуропаға таралып, миллиондаған халық оны өздерінің діндерінің қазығы ретінде қабылдады.ҮШ 129.3

    Осынау зұлымдықтың күштері қоршап тұрған аласапыран заманда Құдайдың адал қызметкерлері жалғыз шайқасқан жоқ. Олар өз көздерімен ештеңені көрмегенімен, Алла Өз күшімен оларды қолдап тұрды. Елішенің қызметкері қаптаған жауды көріп қатты қорықты. Сонда пайғамбар: «О Құдайым! Мынаның көзін аша гөр” - деп тіледі. Сол сәтте қызметкердің көзі ашылып, ол Құдайдың құлын қорғауға көктен келген жалындаған атты әскерді көрді (4 Пат.6:17). Дәл сол ежелгі кездегідей періштелер реформаторларды неше түрлі кауіп-қатерлерден қорғап отырған.ҮШ 129.4

    Ханзадалар қауіпсіздік үшін қорғанушы одақ құрмақшы болды. Реформацияны қорғау үшін қолға қару алудың қажеті жоқ - деп Лютер, бұларына қарсы болды. Біздің атқарып жатқанымыз Құдайдың ісі, сондықтанда шайқаста жеңімпаз атану үшін Оның сөзімен қарулануымыз керек, ал шын ниетпен тілек тілеуді басты еңбегімізге айналдыруымыз қажет - деді ол. Құдай сөзін уағыздауды қантөгіске айналдыруға болмайды. Курфюрстке жолдаған хатында ол: «Қолыңызды қанға боямаңыз. Біз шынайы тілекпен жауларымызға құлдырата соққы береміз” - деген болатын. Шынында да реформация қозғалысымен бар әлемді дүр сілкіндірген дұғаның күші еді.ҮШ 129.5

    Лютердің өзі күніне үш сағат уақытын дүғаға арнаған. Құдаймен шынайы қарым-қатынастан кейін ғана оның жаны жай табатын еді.ҮШ 130.1

    Меланхтонға жазған хатында ол: «Жайдан жай абыржып күйзеле берме. Ондай жаман әдетті қой. Әйтпесе «Мен сенің қорғаныңмын, тыныш жатып ұйықта» - деген Жаратушының сөзіне сенбегеніміз ғой. Мәсіх Өз ісін соңына дейін жеткізеді. Құүдай бар және Ол жеңімпаз, ендеше бізге қорқатын ештеңе жоқ” - деп, досын жұбатқан болатын.ҮШ 130.2

    Шынымен де Алла, олардың тілектерін жауапсыз қалдырған жоқ. Түнекке қарсы шайқаста ақиқатты қорғауға империяның ең белгілі ханзадалары шықты. Себебі Киелі Жазбада: «Міне, Мен, аса құнды Тасты таңдап алып, Оны Сиондағы киелі үйдің бұрышының Іргетасы ретінде орнатып қойдым. Енді Оған сенім артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады!” - делінген (1 Петір 2:6). Протестантханзадалар ез істерін осы Тастың үстіне қалады, сондықтанда дозақ оты оларды ала алмады.ҮШ 130.3

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents