Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?

    Құдай сөзінде жазылған киелі періштелердің адамзат баласы үшін жасайтын қызметі Исаның ізбасарлары үшін бағалы ақиқат болып табылады. Кең тараған теология бойынша Киелі Жазба бұрмаланып, адамдарға басқаша ұсынылады. Пұтқа табынушылардың философиясынан алынған «адамның жаны өлмейді” деген ілім мәсіхшілердің сенімдеріне ұлы шегінушілік кезінде еніп, ақиқаттың орнын алған. Сондықтан кепшілік жұрт, адамға көмек ретінде жіберілетін қызметші рухтарды, яғни періштелерді, өлгендердің рухы деп есептейді. Киелі Кітапта анық жазылған куәліктерге қарамастан, мұндай ұғым періштелердің барына және олардың өлгенге дейін адамдармен қарым-қатынаста болатынына қарама-қайшы келіп тұр. Адам өлгеннен кейін санасын жоғалтпайды және олардың рухы тірілерге қызмет етеді деген жалған ілім мәсіхшілер өлемінде мықты бекіп алып, спиритизмге (сиқыршылыкқа) жол ашып берді. Егер елгендер бұрынғы білімдерінен бірнеше есе артық білімге ие болып, Құдаймен жөне Оның періштелерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алса, неге оларға жерге қайтып келіп халық ағарту ісімен айналыспасқа?ҮШ 354.1

    Киелі Жазба бізге айқын анықтамалар беріп тұрғанына қарамастан, ақты қарадан ажырата алмайтын көкірегі соқырлар өте көп. Осылайша шайтан өзінің пиғылын іске асырып жатыр. Ол өзінің жындарын рухани әлемнен келген хабаршылар ретінде адамдарға жұмсайды. Зұлымдық рухтары: «Өлгендермен қарымқатынас жасауға болады» деп, жұрттың санасын уландыра отырып, оларды осы өтіріктеріне иландырады. Ібілістің өлгендердің бейнесін киіп келіп, сол бейнемен адамдарға көріне алатын күші бар. Ол тек сырт пішінін ғана келтіріп қоймай дауысын, сөйлеу мәнерін, жүріс тұрысын да келтіре алады. Осылайша адамдар шайтанмен қарым-қатынаска түскендерін байқамай да қалады. Өлгендер өздерінің көкте қандай бақытты екенін және соншалықты даңқ пен атаққа ие болғандары жайлы айта бастайды. Оны естіген адам әділетті мен арсыздардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ, қандай болсаңда ол жақта сені бақытты өмір күтіп тұрады екен деп ойлайды. Әзезілдің ара тұра шындықты айтып, болашақты болжап беретің күші де бар. Осыдан кейін жұрт шайтандардың айтқан сөздерін құмға құйылған судай сіміреді. Сонан соң Құдай заңы ұмытылып, бұл жандар үшін өсиет қанының мағынасы жоқ болып шыға келеді. Спириттер Мәсіхтің Алламен теңдес екенін мойындамайды және өздерін Жаратушымен қатар қояды. Осылайша ұлы көтерілісші өзінің көкте бастаган шайқасын міне алты мың жылдай жер бетінде жалғастырып келеді.ҮШ 354.2

    Кепшілік адамдар спириттік құбылыстарды медиумның қолының ептілігі мен қулығының нөтижесі деп ойлайды. Шынымен де кейде фокустарды шындық ретінде ұсынуға болады, десе де кейде оған табиғидан жоғары күштердің қатысып тұрғаны сезіледі. Мысалы: таңқаларлық дыбысхар, тоқьілдату (қағу) - спиритизм өзін дәл осылай көрсетті, өйткені ол жерде қолдың ептілігінен басқа, жындардың істерінің нөтижесін әбден көруге болады. Әуелде жұрттар спиритизмді жай кезбайлаушылық деп есептейді, кейін табиғидан жоғары күштермен бетпе-бет кездескенде, алданып, оны Алланың күші деп санайды.ҮШ 355.1

    Бұл адамдар Киелі Жазбаның таңғажайып істер жазылған жерлерін оқымаған болар. Перғауынның сиқыршылары жынның араласуының арқасында өз істерін Құдай ісіне ұқсастыра білген. Елші Пауылдьщ айтуынша Мәсіхтің екінші рет жер бстіне келуінің алдында жоғарыда айтылғанға ұқсас оқиғалар болады (2Сал. 2:9,10). Жоһан пайғамбар ақыр заманда болатын оқиғаларды суреттей отыра, былай дейді: «Шайтан ғажайып істерімен жұртты таң қалдырады, тіпті көктен жерге от та түсіреді, сөйтіп жердегілерді алдайды” (Аян 13:13,14). Елшінін айтуынша бұл құбылыстар көздің елесі емес, шыеымен болатын оқиғалар.ҮШ 355.2

    Жындар адамдарды алдап қақпандарына түсіру үшін бар өнерлерін салады. Қаншама уакыт бойы өнерін шыңдап келе жатқан зұлымдықтың әкесі қоғамның кез келген саласындағы адамдарды жағдайына, біліміне қарамай-ақ оп-оңай қармағына түсіреді. Білімді және тәрбиелі жұртқа спиритизмді парасаттылықтың қалыбына кұйып ұсынады.ҮШ 355.3

    Спиритизмнің даналығын Жақып пайғамбар «көктен келген емес, жердегі жындардың даналығы» дейді (Жақ. 3:15). Шөл далада Мәсіхке жар - жұрқ еткен періштенің кейпін киіп келген шайтан, адамдарға да өте тартымды бейнемен келеді. Адаммен өте биік тақырыптарға әңгімелесіп, оның санасын жаулап алады, керемет суреттемелер арқылы қиялын өрбітеді. ұлы бейнелермен адамды қанаттандырып, көкірек бітіреді, ез даналығына сендіреді. Осылайша адам Құдайды ұмытып өзін кетермелеп, өзін мадақтай бастайды. Кезінде Құткарушымыздың Өзін алдағысы келген әзәзіл Құдаймен арасы ажырап кеткен адамның жүрегіне жолды оп-оңай табады.ҮШ 355.4

    Әуел баста Бейіш бағында қулық жасау арқылы Хауа ананы алдағандай, ол бүгінде неше түрлі айла тәсілдерді пайдалануда. Спиритизм, «кез келген адам табиғаты бойынша шығармашылық тұлға, ол Құдайдың деңгейіне дейін жету үшін мәңгілік дамуға, өркендеуге ұмтылуы керек” - деп оқытады. «Әркім біреуге емес, өз өзіне үкім шығаруы керек”. «Тақ біздің ішімізде» т.б.ҮШ 356.1

    Спиритизмнің бір кеменгері: «Менің бауырластарымның барлығы күнәнің не екенін білмейтін жартылай құдайлар болған» дейді. Енді біреуі: «Кемелденген, әділетті жандардың бері - Мәсіх” дейді.ҮШ 356.2

    Сонымен жалғыз ғана тазалық пен пәктіктің Иесі - Шексіз Алланы мадақтап, Оған табынғанның орнына ібіліс күнәһар пендеге табынуға үсыныс жасайды. Бүны шынымен де даму деп айта аламыз, бірақ алға қарай емес, артқа қарай. Адам кімге қараса, соған ұқсай бастайды емес пе? Егер адамның арман тілегі өзінің өзімшілдігін аялау болса, онда ол ешқашанда өркендемейді, керісінше төмен қарай қүлдырайды. Құдайдың игілігі ғана адамды өсіреді. Спиритизм адамның талғамына сай ұсыныстар жасайды. Тән талабын көбірек орындап, ләззатты сүйетіндерге жиіркенішті спиритизм ұсынылады. Әзәзіл адамның мінезін, қандай күнәға бейім екендігін бақылап отырады және сәті түскен кезде ешкімді де күттірмей былыққа белшесінен итеріп салып, мыңдаған адамды өлімнің тұзағына түсіреді. Бастаған ісін соңына дейін жеткізу үшін шайтан спиритгер арқылы «Шынайы білім адамды барлық заңнан жоғары шарықтатады”, «Болып жатқан істердің барлығы адам үшін игі», «Құдай адамды ешқашан жазғырмайды», «Адам жасаған қателіктеріне кінәлі емес» деген ілімдерді тарата отырып, соған жұртгы иландырады. Олай болса біздің заманымызда тәртіпсіздік пен кесірдің билік қүрып тұрғанына несіне таң қаламыз? Көпшілік қауым ойына не келсе, соны істеуге 100% бостандық беріп тұрған мұндай ілімді қуана қарсы алады. Ал ібіліс болса ұстамдылықты кесір жолына қызметке қойып, ал ақылдары мен рухани күштерін әдепсіз әдеттеріне бағындыратын, сонымен қоса өздерін Мәсіхтің ізбасарларымыз деп есептейтін құрбандарды өзінің торына түсіріп, жеңісін салтанатты түрде тойлайды. Дегенмен әзәзілдің өтірігінің шырмауына оралып қалмас үшін Құдай дүниеге жарықты жеткілікті түрде берді. Оның еркі Киелі Кітапта жақсы жазылған. Сонымен қоса Ол өлгендердің алдамшы рухымен қарым-қатынас жасауға тыйым салады. Яхудейлердің іштерінде де қазіргі кездегі спиритизмге сенетіндер секілді, өлгендермен қарым-қатынас жасайтын адамдар болған және оларды басқа дүниеден келген «достарымыздың рухтары” деп атаған. Киелі Жазба бізге: «Бұл шайтанның рухы» дейді (Рул 25:1-8; ІҚор. 10:20; Аян 16:14). Ондай қарым-қатынастар «жексұрындық» деп есептеліп, оған тыйым салынып, онымен айналысатын адамдар өлім жазасына ұсынылатын болған (Jley. 19:31, 20:27). Қазірдің өзінде «сиқырлық” деген сөзге жұрт жиіркенішпен қарайды. Кейбіреулердің зұлымдық рухтарымен қарым - қатынас жасайтындарына жұрт сенбей, оны ойдан шығарылған орта ғасырлық өтірік деп есептейді. Дегенмен спиритизммен айналысатындардың сандары жүздеген мыңдардан асып миллиондарға жетті. Спиритизм ғылыми әлемге, шіркеуге, заң шығарушы үжымдарға, патша сарайларына еркін еніп отыр. Спиритизм - ежелгі кездерде қатаң тыйым салынған сиқырлықтың жаңаша түрі.ҮШ 356.3

    Спириттер үшін пәктік пен күнәнің, таза да мейірбан Мәсіхтің елшілері мен әзәзілдің қызметкерлерінің айырмашылығы жоқ. Спиритизмнің зұлымдық екеніне бұдан артық дәлел іздеудің қажеті бар ма? Нағыз күнәкар жандардың өздері өлгеннен кейін көкке барады деген тұжырымды ұсына отыра шайтан жұртқа: «Құдайға сенсең де, сенбесең де, Оның сөзін тыңдасаң да, тыңдамасаң да, күнәкар болсаң да, болмасаң да, қалай өмір еткеніңе байланысты емес, сенің үйің - аспан” дейді. Шынында спириттер: «Зұлымдық жасайтындар Құдайдың көңілінен шығады және Құдай оларға батасын береді» немесе «Әділетті Құдай қайда?» (Мал. 2:17) деп ашық арыз тастайды. Бірақ Киелі Өз сөзінде: «Зұлымдықты жақсылық, жақсылыкты зұлымдық, жарықты қараңғы, қараңғыны жарық дейтіндер қайғыға ұшырайды» дейді (Ишая 5:20).ҮШ 357.1

    Бұл өтіріктің рухтары өздерін «елшілердің рухтарымыз» деп, адамдарды алдап, Киелі Жазбаға қарама-кдйшылық жасап, елшілердің жазбаларын бұрмалайды. Шайтан жұртты Киелі Кітаптың Құдай сөзі екеніне күмәндандырып, мәсіхшілердің үміттерінің негізіне балта шабады. Киелі Кітап ойдан шығарылған ертегі немесе адамдардың сәбилік шағының кітабы, оған шындап мән берудің қажеті жоқ деп, оның орнына спириттік жаңалықтарды ұсынады. Осылайша шайтан өзінің және езінің ізбасарларының зұлымдық істерін әшкерелейтін Кітапты түнектің түкпіріне тыққысы келеді. Ал әлемнің Құтқарушысын жай ғана адам қылып көрсетіп қояды. Қазіргі кездегі спиритизм өзінің сыртқы пішінін өзгертіп, мәсіхшіліктің киімін киіп алған. Осы күйінде ол бұрынғысынан да қауіпті. Ежелгі кезде ол Мәсіх пен Киелі Кітаптан теріс айналса, қазіргі кезде ол екеуінде қабылдаған сыңай танытады. Сөйтіп Киелі Жазудағы ақиқатты құнсыздандырып, көпшілікке кішірейтіп көрсетеді. Мысал үшін Құдайдың ең басты қасиеттерінің бірі - Оның адамдарға деген сүйіспеншілігін зұлымдық пен жақсылықты ажырата алмайтын жай ғана сезімталдықпен алмастырып, Оның қасиетті зацын өлі өріппен бірдей қылдырып қойған. Әзөзіл еліктіріп әкететін ертегісімен адамның санасын жансыздандырып қойғаны соншалықты, ол өтірікті танымайды және сенімдерінің негізі болып табылатын Киелі Жазбадан бас тартады. Спириттердің ілімі бойынша Мәсіхтің адамға керегі жоқ, бірақ шайтанның адамдарды ессіздендіріп койғаны соншалықты ақиқатты өтіріктен ажырата алатындардың саны өте аз қалды. Кейбір жандар әуесқойлықтың салдарынан спиритизмнің шырмауына оралып қалады және мұның немен аяқталатынын өздері де сезбейді. Бар ниеттеріңмен Құдайға жалбарынсаңдар ғана бұл күштің шырмауынан босап шыға аласыңдар, болмаған жағдайда шайтанның зұлымдығының құрбаны болып кете барасыңдар. Ишая пайғамбар: «Алайда халык, сендерге аруағын, жынын шақырып, сыбырлап, міңгірлейтін бақсылар мсн сәуегейлерге баруға кеңес береді. Сонда оларға былай деңдер: Адамдар жалғыз Құдай Иесіне ғана сыйынып, Оның еркін сұрауы керек емес пе? Тірілер жайлы өлгендер не біледі? Жараткан Иенің берген тәлімдері мен ескертулеріне көңіл бөліп, соған сүйеніңдер! Егер халық осы хабарламаға сай сөйлемесе, онда олардың айтқаны жалған» дейді (Ишая 8:19,20). Мұндай өтірікшілерге «атар таң” жоқ. Егер де халық Киелі Кітаптың беттерінде анық жазылған адамның табиғаты жайлы ақиқатты жақсы білсе, онда спиритизмнің сайтанның ісі екенін жақсы білген болар еді. Тәубәларына келіп, Құдайға бұрылғанның орнына, жандарына жағатын күнәларын жалғастырғандары үшін «Құдай оларды өтірікке иланып, тура жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды” (2Сал. 2:10,11). Ал спиритизмге қарсы күрес жүргізетіндер тек онымен айналысатын адамдармен ғана емес, шайтан және оның жындарымен де шайқасады. Аспаннан түсетін хабаршылардың күші болмаса, әзәзіл бір адым жерді де босатайын деп тұрған жоқ. Бұл шайқаста жеңіске жету үшін Құдай халқы Киелі Жазбаны жақсы білуі керек. Өйткені сайтан Киелі Кітапты жатқа біледі және ондағы куәлік сөздерді кері бұрмалап ұғындырады. Ал сендер байқаулы болмасаңдар оның құрған торына түсулерің әбден мүмкін.ҮШ 357.2

    Сайтан жұртгы өзінің зұлымдығына иландыру үшін, олардың қайтыс болған туыстарының немесе жора-жолдастарының бейнесін жамылып алып келіп, неше түрлі кереметтерді көрсетуі мүмкін. Бұл зұлымдықтың рухтары - жындардың әрекеттері. Біз болсақ оларға қажетті тойтарысты беруге дайын болуымыз керек. Сенімдері Қүдай сөзіне негізделмегендер жеңіледі. Ақыр тақаған сайын шайтан күшін еселей түсіп, неше түрлі жалған кереметтерімен адамдарды түзу жолдан тайдырғысы келеді. Және оның қүрған торына түсетіндердің саны аз болмайды. Дегенмен адамдар шайтанның сөзіне сеніп, оған ез еріктерімен берілсе ғана әзәзіл дегеніне жете алады. Сондықтан, қапыда қалмас үшін, Киелі жазбаны зерттеп ақиқатты етіріктен ажырата алатындай мүмкіндікке ие болыңыздар. Тек Құдай сөзін өздеріне қорған ететін шынайы жандар ғана бұл шайқаста жеңіп шыға алады. «Сен Менің қиыншылықтарда төзімділік таныту керектігі жайлы бұйрығымды орындағаның үшін, Мен де осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде сені қорғаймын” дейді Раббым Алла (Аян 3:10). Ишая пайғамбарының айтуынша зұлымдар: «Біз ажалмен одақ құрдық, жердің астымен келісімге тұрдык, жалмаған от бізге соқтықпай жанымыздан өтеді, өйткені біз өтірікті баспана еттік, қулықты үстімізге жабу қылып жаптық» дейді екен (Ишая 28:15). Осы айтылған жандардың қатарына «адам жаны ешқашан өлмейді, мөңгілік өмір сүреді» деп өздерін өздері алдап жүргендер де қосылады. Көзі емес, көкірегі соқырларға қарап тұрып таң қаласың. Мыңдаған адамдар Құдайға сенбейді, бірақ шайтанның айтқан сөзін құмға құйылған судай сіміреді. Олар Киелі Кітапта Мәсіх және Оның адамзатгы кұтқару жоспары жайлы жазылған салтанатты ақиқатын күлкі қылады, Құдайдың заңын орындап, Оның еркіне бағынатындарды аянышты күйдегі фанатиктер (қиялшылдар), болмашы нәрсеге масаттанып жүрген шектеулі сорлылар деп атайды. Өздері болса шынымен де екі ортаға бұзылмайтын бекініс орнатып қойғандай, дозақпен келісім шартқа тұрғандай сыңай танытады. Олар Құдайдан қорықпайтындар. Шайтан соңғы шайқасқа мықтап дайындалуда. Ол өтіріктің сом тұлғасы - спиритизмге ақырындап отырып, байыппен көтерілді. Бұл шайқас Бейіш бағында сайтан айтқандай: «Жоқ сендер өлмейсіңдер, бірақ бұл жемістің дәмін татқан күні, көздерің ашылып, Құдаймен бірдей боласыңдар» деп адамдарды соған сендірген күні басталған және өзінің шарықтау шыңына жақындап келеді.ҮШ 358.1

    Пайғамбар былай дейді: «Сонда мен аждаһаның, хайуанның және жалған көріпкелдің ауыздарынан шыққан құрбақаларға үқсас шайтанның лебін көрдім. Бұл барлық жердің патшалықтарын Жаратқанға қарсы көтеріліске бастайтын жындар» (Аян 16:13,14). Алланың күші қорғап тұрғандардан өзгелердің бәрі бұл өтірікке қатысатын болады. Өтіріктің тербеткенімен қалғып отырғандар өздерін қауіпсіз сезінеді, тек Құдайдың қаһарының күші ғана оларды оятады. «Сотты өлшеуіш етемін, ақиқатты таразы қыламын, өтіріктің баспанасы ойрандалады, оған қашып тығылғандар талқандалады. Ажалмен құрған одақтарың бұзылады, келісім шарттарың қирайды. Жалындаған соңғы күн келіп жеткенде, типыл болып құрисыңдар» дейді оларға Құдай (Ишая 28:17,18).ҮШ 359.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents