Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    7-тарау - Өз кезеңінің адамы

    Халықты папаның жалған ақиқатының шырмауынан, яғни түнектен алып шығу жолындағы ең ұлы істі басқарушылардың бірі Мартин Лютер болатын. Ақиқаттың негізі Киелі Жазба - деп білетін, Алладан басқа ешкімнен қорықпайтын ержүрек азамат Лютер арқылы Құдай халық ағарту ісін жүргізген.ҮШ 72.1

    Ізгі хабардың тұңғыш уағыздаушылары секілді Лютер де кедей қауымының арасынан шыққан. Оның әкесі кенші болған және ауыр бейнеттің астында жүріп жанұясын асыраған. Ол баласының білім алып, заңгер болғанын армандады, бірақ Жаратқан Ие оны Құдай үйінің ірге тасын қалаушы қылғанды жөн көрді. Шексіз данышпандықтың Иесі Лютерді қиындық, тапшылық, қатаң тәртіп арқылы өмір мектебінен өткізіп ұлы іске дайындады. Мартинның әкесі бір беткей, қатаң мінезді сонымен қоса адал, таза, ержүрек азамат болатын. Ол саналылығының арқасында монахтарға сенімсіздікпен қарады. Баласы оның рұқсатынсыз монастырға түскенде байғұс әкесі қатты қамықты. Арада екі жыл өтсе де Лютердің істеген ісіне бойы үйренгенмен, ойы өзгерген жоқ.ҮШ 72.2

    Мартинның ата-анасы балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөлген, Алланы ұмытпай адам болып жетілуін аңсаған. Әкесі баласының қатысуымен жиі мінәжат етіп, Құдайдан Мартинның Жаратқанды ұмытпай, Оның ақиқатын тарату жолында қызмет етуін сұрайтын. Балаларына дұрыс тәрбие беру жолында, ата-анасы бар күшін жұмсады. Кейде олар қатаңдық жасайтыны соншалықты, шектен шығып кететін кездері де болған. Реформатордың ойынша ата-анасы кей кездері қателескендерімен, мұндай қатаң тәрбиені ол бәрібір дұрыс деп есептеді.ҮШ 72.3

    Лютер мектепке ерте барып бала кезінен-ақ қатаң түгіл қатыгез тәрбиеге жолықты. Оның әке шешесі тақыр кедейлер болғанының салдарынан баласына жәрдем беретін мүмкіндіктері болмады, сол себепті басқа қалаға оқуға кеткен Лютер тапшылыққд ұшырап, үй-үйді аралап, ән салып жүріп күн көрді және көбінесе аш болып жүретін кездері де болды. Сол кездегі діннің қалыбына енгізілген толып кеткен ырым - жырымдар баланың жүрегін қатты толқытатын. Ұйықтар алдында болашағын ойласа болғаны, бәрін андып, бақылап қарап отыратын, ештеңемен келіспейтін қатыгез Құдай есіне түсіп жабыркайтын. Құдайдың мінезіне көңілі толмағанымен, сол ең биік санаға, өнегенің жоғарғы үлгісіне ол жан тәнімен ұмтылды.ҮШ 72.4

    Он сегіз жасында Мартин Эрфурт университетіне түсті, сол кезден бастап оның жағдайы шамалы жақсарды. Өйткені оның бейнетқор ата-анасы ақша жинап оған көмек көрсететіндей жағдайға жетті. Университетте жүрген кезінде мейірімді жастармен достасып, тығыз қарым-қатынас жасай келе, ол өзінің көңілсіз балалық шағын ұмыта бастады. Данышпандардың даналығын өзінің меншігіне айналдырған Лютер, олардың еңбектерін талаптана зерттеді.ҮШ 73.1

    Мұғалімдерінің тарапынан қатты қысымға ұшырап жүрген кездерінің өзінде де, болашаққа үмітпен қарап, алға қарай талпынған жас дарын ендігі жерде тұлға ретінде жақсы қалыптаса бастады. Зерек, қиялы дамыған, ой-өрісі кең, парасатты Лютер қатарынан озып шықты. Бұл жерде алған рухани тәрбиесі кейінен оның таптырмайтын қазынасына айналды.ҮШ 73.2

    Ол Құдайдан қатты қорқатын, ал бұл оның түзу жолдан тайып кетпеуіне себін тигізді. Лютер өзінің Құдай алдында әлсіз екенін жақсы түсінетін, сондықтан күн сайын Құдайға мінәжат етіп сыйынып отырды. Дұрыстап Құдайға сыйынып алу, тапсырманы жартылай жаттап алғаннан жақсы - деп есептейтін ол.ҮШ 73.3

    Бірде Лютер кітапханада керегін іздеп жүріп, Киелі Кітаптың лагынша аудармасын тауып алды. Бұрын ол шіркеуде, көпшілік жиналған жерлерде Ізгі хабар мен пайғамбарлар жазуларынан үзінділер еститін және Киелі Кітап сол үзінділерден тұрады деп ойлайтын, енді оның қолына алғашқы рет Киелі Кітаптың толык, жазбасы түсті. Кітаптың әрбір парағын ашып оқыған сайын шексіз Алланың хатының оны толғандырғаны соншалықты, жүрегі лүпілдеп аузынан шығып кете жаздап тұрды. Арасында тоқтап: «Шіркін-ай, Құдай маған осындай кітапты сыйласа ғой»деп ойлап қояды. Жан жағын қоршап тұрған періштелер акиқаттың қазынасын оған осылайша ашып керсетті. Лютер бұрын да Құдай туралы жаман сөз айтуға қорқатын, енді Оның қаншалықты биік, қаншалықты киелі екенін жақсы ұққанда, өзінің қаншалықты күнәкар, бейшара күйде екенін тіпті де жақсы түсінді.ҮШ 73.4

    Өзінің күнәлары үшін кешірім алам деген ниетпен ол монастырға түсті. Сол жерде дін басшылары Лютерге ең лас жұмыстарды істетіп, қайыр садақа жинатып қойды. Ол жас болғандықтан жұрттың пікірі оны әрине қатты толғандыратын, дегенмен қанша қорланса да, бұл - менің күнәларым үшін Құдайдың жіберген қарғысы - деп мойындап, берілген тапсырманы ізеттілікпен орындайтын. Бос уақыт кездесіп қалса ұйқы ұйықтамауы бар сабаққа жүгіреді және де ең сүйікті кәсібі әрине Киелі Кітапты зерттеу болды. Бірде ол монастырдың қабырғасына шынжырланып тасталған Киелі Кітапты көрді және осы жерден өткен сайын жиі тоқтап айтулы көріністен көз ала алмай жиі ойланып жүрді. Өзінің қаншалықты күнәкар екендігі есіне түскенде, оны еңбегімен жуып - шайып кетіру үшін барынша тырысып бақты. Алланың алдында пәк болу үшін жүрегін тазарту мақсатында неше түрлі қорлықтарға көнді. Кейінен өткен өмірін еске ала отырып ол былай деп жазады: «Мен шынымен де әділетті монах болыппын, орденнің ережелерін ауызбен айтқаннан да артығырақ орындаған екенмін, кімде кім мұндай ерлігімен жұмаққа кіретін кұкыққа ие болса, бірінші болып мен кірген болар едім». Мұндай күйі әрі қарай жалғаса бергенде, ол көрге түсіп тыным табатын еді. Өзін өзі жазалап жүргенде ол күшін сарқылтып басы айналып, аяқ қолы тартып қалатын жағдайға душар болды, соған қарамастан оның жаны бәрібір тыныштала алмады. Өзін кінәлі сезінгені соншалықты, жаны әбден торықты.ҮШ 73.5

    «Бөрі бітті” - деп үміті үзілуге тақаған кезде мейірімді Құдай оған көмекші жіберді. Лютерге ақ жарқын мінезді, мейірбан азамат Штаупиц жолықты және Мартинге Киелі Кітапты дұрыс түсінуге көп көмегін тигізді. «Адам баласының күнәсін кешіру үшін Құдай Әке жерге Құтқарушы жіберді. Біздің күнәкар планетамызға Иса Мәсіх келіп, адамзат баласының күнәсін Өз мойнына алып, біз үшін құрбан болды. Ендігі жерде өз жаныңды өзің жегідей жей бермей, барлығын Жаратқанның қолына тапсыр. Оған бағын, Оған сен, Оны жақсы көр, өйткені Ол сен үшін жерге келді, сен үшін адамның табиғатын қабылдады, сен үшін қасиетті қанын төкті. Енді адамдарға ешқандай құрбандықтың қажеті жоқ. Біздің жанымызды азапқа салып қойып қарап отыру Алланың жоспарында болған емес, болмайды да». Бұл айтылған сөздер Лютердің көкейінен жақсы орын тапты. Бойындағы кесірді кетіру мақсатында ұзаққа созылған нәтижесіз шайқастан кейін, шындықты енді таныған Мартиннің жаны сонда ғана жай тапты.ҮШ 74.1

    Діни дәрежесі көтерілгениен кейін Лютер Виттенберг университетіне мұғалім болып сабақ беруге шақырылды. Осы жерде ол Киелі Кітаптың түп нұсқасын зерттей бастады және сонымен қатар Киелі Кітап бойынша дәріс берді. Лютердің іліміне қызығушылык танытқан тыңдаушылары Забур жырларын, Ізгі хабар уағыздаушыларын, пайғамбарлар жазбаларын ізеттілікпен зерттеді. Оның досы Штаупиц Лютердің мінбеден Құдай сөзін уағыздауын өтінді. Бірақ Лютер бұл жауапты іске өзін дайын емеспін деп есептеп, кейіннен көп ойланып барып, айтулы өтінішті қабыл алды. Бұл оның Киелі Кітапты біраз талдап, жақсы игеріп қалған кезі болатын. Лютер өзінің білімімен, ділмарлығымен тыңцаушыларын сүйсіндірді.ҮШ 74.2

    Десе де ол өзін баяғысынша «папаның шіркеуінің адал ұлымын»деп есептеді. Енді Алланың жоспары бойынша ол Римге жол жүріп кетті. Жаяу сапар шеккен Лютер, жол-жөнекей монастырларға тоқтап отырды. Монахтардың мемлекет қазынасынан қаржы алып, акшаны судай шашып, киініп, ішініп, әсем үйлерде тұрып жатқандарын көргенде ол қайран қалды және көргендерін өзінің қарапайым өмірімен салыстыра келе түк түсінбей абыржыды, бойын белгісіз бір мұң кернеді.ҮШ 75.1

    Ақыры ол өзінің алыстан аңсап келген қаласы Римді көрді. Жан дүниесінің қобалжып кеткені соншалыкты: «Сәлем бердім саған киелі Рим!»деп ол жерге құлай кетті. Лютер каланы аралап, шіркеулерге барып, монахтар мен дін әкелерінің ғажайып әңгімелерін тындап, олардың барлык діни рәсімдеріне қатысты. Сонымен қоса ол көптеген әдепсіздіктер мен заңсыздықтардың куәсі болды. Әрбір дәрежелердегі дін иелерінің азғындық қылықтарын корді, тіпті мінәжат ету сәтіндегі прелалардың неше түрлі әзілдеріне таң қалып, қатты қапаланды. Монахтардың да, кала халықтарының да арасында нешс түрлі азғындықтар болып жатканын байқады. Ол өдептілік пен ізеттіліктің орнына заңсыздықтармен бетпе-бет кездесіп отырды. «Римде неше түрлі күнәлар жасалып масқара болып жатыр, айтса оған ешкім сенбес, әркім өз көзімен көруі керек”. Тіпті: «Егер дозақ бар болса, онда Рим дозақтың үстінде қаланған, бұл - күнә қайнап шығып жатқан шыңырау” - деген мақалдар пайда болды - деп жазды Лютер.ҮШ 75.2

    Папа өзінің қаулысында: «кімде кім Пилат баспалдағымен ең жоғарысына дейін тізерлеп көтерілсе, сол адамға барлық күнәлары кешіріледі»деген уәде берді. Сонымен коса «бұл баспалдакты кезінде Құтқарушымыз да басқан және ол таңғажайып жағдайларда Иерусалимнен Римге көшірілген»деген лақап сөз де тараған болатын. Бірде Лютер осы баспалдақпен тізерлеп көтеріліп келе жатқанда: «Адамды дозақтан иман құтқарады!»деген ғажайып дауысты естіп, жаны түршіккені соншалықты, жедел түрде орнынан тұрып жүріп кетті. Бұл сездер оның жадында жақсы сақталды. Шынымен де өз ісімен, өз күшімен адам қалай дозақтан құтқарылмақ?деген ой туындады оның көкейінде. Осылайша ол Римнен, папаның шіркеуінен алыстай түсті.ҮШ 75.3

    Лютер Римнен оралғаннан кейін Виттенберг университетінде жүріп Құдай тану ілімінің докторы дәрежесіне көтерілді. Осыдан кейін оның уақыты кеңейіп, ол Киелі Кітапты зерттеуге кірісті. Осы күннен бастап папаның сөздерін емес, тек Құдай Сөзін ғана уағыздауға өз өзіне салтанатты түрде уәде берді. Енді ол қарапайым монах немесе профессор ғана емес, ақиқатты бар ниетімен аңсаған адамдарға Ізгі хабарды уағыздаушы беделді діни ұстазға айналды. Имандылардың ілімінің түп тамыры Килі Кітап болуы керек - деп есептеді ол. Реформацияның негізгі ұстанымы да осы болатын. Лютердің бұл айтқан сөздері папаның билігінің негізіне ойсырата соққы тигізді.ҮШ 75.4

    Адамның теориясының Құдай Сөзінің үстіне шығарылуы олардың өздері үшін қауіпті екенін Лютер жақсы түсінді. Сондықтанда ол ұзақ уақыт бойы адамның санасын баурап алған философия мен болашағы жоқ жалған ілімді әшкереледі. Мұндай ілімнің пайдасының жоғын ғана емес, сонымен қатар зиянды екенін айтты. Лютер өзінің тыңдаушыларының назарын философтардың жалған ақиқаттарынан пайғамбарлардың айтып кеткен шындығына қарай бұрды. Мұндай сөздерді халық бұрын соңды естіп көрмеген болатын. Олар Құтқарушы туралы Ізгі хабарды естігенде, Жаратқанның адамның адал досы екенін білгенде, жүректері қуанышқа беленіп, жандарына сенім мен үміт азык болды. Виттенбергте жанған шырақ барлық жерлерге сәулесін шашып, ақыр тақаған сайын жарқырай түспек. Түнек пен жарық біріге алмайтыны секілді, ақиқат пен зұлымдықтың арасында да аяусыз шайқас жүріп жатыр. Бір кездері Құтқарушымыз Иса Мәсіх былай деген болатын: «Мен сендерге бейбітшілік әкелу үшін емес, қылыш әкелу үшін келдім» (Матай 10:34). Лютер өткен күндерді есіне ала отырып: «Құдай мені жетелеп келе жатқан жоқ, Ол мені арқамнан итеріп келе жатыр. Өзімді-өзім билеуден қалдым. Тыныштықты канша іздегеніммен таппадым, нағыз шайқастың бел ортасында жүрмін»дейді. Енді оны шынымен де соғыс алаңы күтіп тұрды.ҮШ 76.1

    Католиктердің қауымы Жарылқаушының берген игілігін сауда-саттыққа айналдырды. Шіркеу мехрабының алдына жиналған сатушы жөне сатып алушы тобырдың айғайы өуені шайқалтты. Олар Римде «киелі Петірдің есімімен аталатын шіркеу саламыз»деген лақаппен барша хапыққа индульгенцияларды сата бастады. Католиктер қылмыстың құнымен шіркеу орнатып, заңсыздықтың құнымен оның ірге тасын қалауға дайындықтар жасады. Осылайша агағын шарықтатпак болған Рим, керісінше өзіне өзі ойсырата соққы тигізді. Олардың өз қылыштарымен өздеріне жинап алған жаулары папаның тағын шайқалтып, тиарасын құлатты.ҮШ 76.2

    Бұрын азғындық істерімен танымал болған, кейін Германияда индульгенцияларды сатуды басқарған Тецель деген шенеунік, әділетті жазадан құтылып кеткені былай тұрсын, папаның опасыз қылықтарын іске асыруға жәрдемдесті. Ол жұртты өтірік аңыздармен тойдырып, неше түрлі ғажайыптарға сендірді. Егер де халық Құдай сөзін білгенде оларды ешкім алдай алмаған болар еді, бірақ Рим халыққа Киелі Кітапты көрсетпей, оларды діни сауатсыз қылып ұстап, өздерінің менменшіл көсемдерінің байлығы мен билігін асыра түсті. Қалаға кіріп келе жатқан Тецельдің алдында жүріп отырған хабаршы: «Киелі әкемізбен Құдайдың игілігі бізге де жетті»деп ұран салды. Ал халық болса, бұл өтірікшіні Құдайдың жіберген елшісіндей көріп қошеметтеп қарсы алды. Тецель халыққа мінбеден сөз сөйлеп, оларға индульгенцияны Құдайдың жіберген сыйы - деп уағыздады. Осылайша шіркеуде индульгенция жаппай сатыла бастады. Индульгенцияны сатып алған адамға тіпті тәубаға келудің де қажеті жоқ, ейткені оның бұрын сонды болған күнәлары және болашақтағы жасалатын күнәлары кешіріледі - деп ұғындырылды. «Индульгенция тірі түгіл өліні дозақтан кұтқарады, тек оның жәшігінде акшаның сылдыры шықса болғаны, мәйіттің жаны дозақтан шыға салып, бірден жұмаққа аттанады»деген, ақылға қонбайтын аңыздарға ол карапайымдарды сендірді. «Бірде Симон - сиқыршы неше түрлі кереметтерді көрсете алуымыз үшін сендерден акшаға күш сатып алайык, дегенде, Петр елші оған: «Құдайдың сыйын ақшаға сатьга алам деген харам ойың үшін, ақшаңмен бірге құрисың»деп жауап береген болатын” (Елш. 8:20). Бірақ Тецельдің ұсынысы мыңдаған халықтың көкейіне қонымды болып, алтын мен күміс оның есеп шотына судай құйылды.ҮШ 76.3

    Десе де католиктер шіркеуінде бұл ақылға қонбайтын масқараға қарсы болған азаматтар да табылды. Бұл сауда-саттықты тоқтатуға бірде бір прелат қимыл жасаған жок, ал парасатты ер азаматтар катты қобалжулы болды, олардың кебі: «Құдай бір жөнін тауып шіркеуді тазартар ма екен?»деген ниетге жүрді. Әлі де болса папаның жағында тұрған Лютер, мұндай масқараны көргенде жаны түршікті. Діни ұстаздары ретінде Лютерге келетін көпшілік халық оған күнөсін баяндап, тәубаға түсу үшін емес, индульгенцияның иегері болғанын хабарлау үшін келіп жатты. Ал Лютер болса оларға: «егер тәубәларыңа келіп, өмірлеріңді езгертпесендер, дозаққа түсесіндер» - деп, халықты кейін қайтарып отырды. Мұны естіп наразы болған көпшілік Тецельге келіп арыз жазып, ал ең өжет дегендері ақшаларын қайтаруды талап етті. Ызаға булыққан монах, киелі индульгенцияларға қарсы шыққан есерсоқтарды өртеуге папа рұқсат берді - деп арыз тастады.ҮШ 77.1

    Осыдан кейін Лютер ақиқат үшін ашық шайкасуға кірісті. Ол мінбеден халыққа күнәнің қаншалықты жиіркенішті екенін және оны адамдар ешқандай да істерімен жуып кетіре алмайтындарын, тек Исаның алдында күнәларын ашық баяндаса, барлық ішкі дүниелерімен тәубаға келсе ғана олардың күнәларының кешірілетінін және адамдарды дозақтан құтқаратын олардың иманы екенін айтып түсіндірді. Алланың шапағатын ақшаға сатып алу мүмкін емес, ол Құдайдың адамдарға берген сыйы екенін бейшараларға ұғындырды. Индульгенцияларды сатып алмаңдар, керісінше Жаратқанның алдына келіңдер, барлык, сырларың мен құпия істеріңді Оған айтыңдар, ішкі дүниелеріңді осылай тазартыңдар - деп, оларға өзінің басынан өткен оқиғаларды айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.ҮШ 77.2

    Ал Тецель болса өзінің азғындық істерін жалғастыра берді. Лютер бұл масқараны тоқтату үшін бар күшін салды және ол үшін мұндай мүмкіндік пайда болды. «Әулиелердің» күніне арналған мерекеге дайындық жүріп жатты. Әдетте бұл мерекеге көп халық жиналатын. Лютер шіркеуге бет алған топпен араласып, байқаусызда индульгенцияға карсы 95 тезис жазьшған парақты шіркеудің есігіне іліп қойды және өзінің тезистерін қарсыластарының қатысуымен қорғайтыны жайлы арыз тастады. Енді жұрттың көңілі тезистерге ауып, барлығы оны кдйта - кайта қайталап оқып жатты. Университетте де, кала ішінде де толқу басталды. Бұл тезистерде: «Адамға папа болсын, басқа біреу болсын халықтың күнәсін кешіруге ешқашанда билік берілген жоқ, адамның күнәсін тек Құдай ғана кешіре алады. Бұл дегеніміз - халықтың сенімін пайдаланып, папаның қазынасын толықтырудың әрекеті. Бір сезбен айтатын болсақ, адамзаттың жанын жаһаннамнан бірақ шығару үшін сызылған ібілістің жоспары” - делінген. Адамзатқа ең қажетті қазына - Ізгі хабар, яғни халықты иманға келтіру, сенімін шыңдау.ҮШ 78.1

    Лютердің тезистері ақиқаттың жауларына қадалған жебе секілденді. Бірақ оны қабьшдауға ешкімнің дәті бармады. Бірнеше күннен кейін Лютердің көтерген сұрақтары туралы барлық Германия естіді. Шындықты қолдайтын және болып жатқан масқараны тоқтатуға пәрмені келмеген кейбір католиктердің бұл тезистерді оқығанда қуанышында шек болмады. Олар Лютердің тезистерінен Құдайдың үнін естігендей болды. «Менменшіл папаның билігі енді шектелетін шығар»деп ойлаған ханзадалар мен магистраттар іштей масаттанды. Ал күнә жасауға әбден жаттығып қалған, не болса соған сене беретін тобыр қауіп пен қорқынышты қалғытып ұстайтын тәтті өтіріктен айрылып қаламыз ба? - деп шынымен де алаңдады. Папа және дін әкелері қатты наразылық білдірді, өйткені масқара істері әшкереленіп, олар жұрттың сенімінен айрылса, соның нәтижесінде қазына сарайлары жұдап қалмақ. Енді Лютердің жаулары оған одан сайын өшіге түсті. Біреулер оны ештеңенің барысын бақыламайтын, тым қызба мінезді бейбақ - деп кінәласа, енді біреулері Құдайға емес өз өзіне сеніп жүрген мақтаншақ - деп жазғырды. Қандайда болмасын жаңалық енгізген адам ылғи да өркөкірек болып көрінетінін кім білмейді - деп жауап берді оларға Лютер. Неліктен Құтқарушымыз Иса Мәсіх пен Оның соңынан ерген шеиттер кездерінде өлім жазасына кесілді? Өйткені жұрттар оларды сол кездердің даналықтарын менсінбей, жаңалықтар енгізген менменшілдер - деп есептеді. Сендерге айтарым: «менің дегенім емес, Құдайдың дегені болады, егер бұл Алланың ісі болмаса, онда ол ешқашан өркендемейді, егерде оны Алла басқарса, ешкім тоқтата алмайды”.ҮШ 78.2

    Лютер Қасиетті Рухтың қолдауымен іс жасап жүрсе де, оны қатыгез шайқас тосып тұрды. Жауларының сөгісі қуатты толқынша келіп оны соқты, оған реформатордың пиғылын түсінбегендік, оның өзі мен ісіне әділетсіз баға берілгендігі - осының барлығы із-түссіз өтіп кете алмады. Ол, шіркеуде де, оқу орындарында да халықты бастаушылар реформация ісіне жұмыла кіріседі - деп ойлады. Бірақ оның ойлағаны болмай шықты, Лютердің сөзін сөйлеп, оны жігерлендіріп, рухын көтерген адамдар енді оған қарсы болды. Көптеген мемлекет және шіркеу сановниктері Лютердің тезистерінің ақиқат екенін біле тұра оны қолдамады, керісінше қарсы шықты, өйткені олар халықты өз бетімен ойлауға, өз бетімен шешім қабылдауға және тек кана Құдайға бағынуға тәрбиелесе, онда халықтың көзі ашылып, нәтижесінде, біріншіден Римнің қазына сарайларына келіп түсіп жатқан қаражат күрт тоқталмақшы, екіншіден езін Құдай санап отырған папаның беделі және оған қоса сановниктердің* де беделі түспекші. Осының барлығын ойлай келе олар Алланың ілімін емес, адамның ілімін уағыздауды құп көрді. Сол жандар өздеріне саналы ілімді уағыздаған реформаторға емес, Исаға және Оның ақиқатына қарсы шықты.ҮШ 79.1

    Енді Лютердің үлесіне қатыгез тағдыр тап болды, себебі оған ақиқат үшін жалғыз күресуіне тура келді. Кейде оның көкейінде: «осы мені Алла жетелеп келе ме екен?” деген сұрақтар туындайтын. Барлық жер бетінің патшаларын безек қаққызатын папаға қарсы шығатын мен кіммін? Менің қанша бейнет көргенімді ешкім білмейді, қасіретімді бөлісетін кім бар? Осындай, жанына сүйеніш болар жан жоқ кездері, ол Құдайға ғана сеніп, Оған бар пәрменімен бағынуды үйренді.ҮШ 79.2

    Лютер өзінің пікірлесіне жазған хатында: «Құдай сөзінің мән-мағынасын ұғыну алдындағы бірінші міндет - Аллаға бар ниетіңмен сыйынып алу. Өз күшіңмен қандай да бір жетістіктерге жетеді екенмін - деп ойлама, ісіңді Аллаға тапсыр, Оның қасиетті Рухының жетелеуін тіле. Өйткені Жазбаны тек оның Авторы ғана түсіндіріп бере алады және Ол: «Балаларыңның бәрі Төңір иеден төлім алады” - деп Өзі айтқан болатын. Неше түрлі өмірді басынан өткерген маған сен” - деген еді. Осынау ұлы ақиқаттарды уағыздауға Құдаймен таңдап алынған адамдар бүл тәжірибелерден өздеріне сабақ алулары керек. Уағыздалып жатқан ақиқаттар Дажалдың және оның аңыздарына сеніп жүрген бейшаралардың ызакегін қоздырады. Ібіліс және оның қаралы күштерімен шайқасу үшін адамның ақылы мен даналығы жетпейді.ҮШ 79.3

    Лютердің қарсыластары папаның беделін мойындап, шіркеудің неше түрлі ырым - жырымдарына бағынса, Лютер тек Құдайға ғана бағынып, Оның сөзіне ғана сенді. Ашуға берілген формализмнің құлдары Киелі Жазбадан алынған дәлелдерді «өтірік” - деп айта алмады, сол себепті бір кездері Мәсіх Исаны өлтіруге құштар болған парызшылар секілді, бұл реформацияның жаулары да Лютердің қанын төгуге құштар болды. «Бұл есерсоқ!» - деп жандары ышқына айғайлады Рим жақтаушылары. Олар: «Лютерге бір сағат та өмір сүруге болмайды, оның көзін жедел түрде жою керек, бұл есерсоқты тірі жүргізіп қою кешірілмес күнә»деп есептеді. Бірақ тағдыр Лютерді оның жауларының назасынан қорғап тұрды, өйткені Құдайдың жоспары бойынша реформатор бастаған ісін аяқтауға тиісті болды. Лютерден тәлім алған азаматтардың кейбіреулері ақиқат жолындағы күресте көрініп қалып, Ібілістің жауыздығының құрбанына айналды. Соған қарамастан Лютердің ілімі барлық Германияның ойшыл азаматтарының көңілінен шықты. Халық бірте-бірте жалған ақиқат пен ырым-жырымдардың құрсауынан босап шығып, Жаратқанның сөзіне көңіл аудара бастады. Тірі сенім өлі формализмнің орнын басты. Басқа ілім тең келе алмайтын, ұстараша тіліп отыратын Құдай Сөзі адамдардың жүректеріне жол салды. Осылайша ақиқатты аңсаған адамдар енді оны құмға сіңген судай сімірді. Ғасыр бойы халық арасында соншалықты серпіліс болған емес. Ұзақ уақыт бойы ырым-жырымдарға, салтдәстүрлерге сүйенген, жер бетінен аратүсуші іздеген адамдар, енді тәубәларына келіп, сеніммен Мәсіхқа бой ұсынды.ҮШ 80.1

    Мұндай ұлы серпіліс папаның сановниктерінің тынышын кетірді. Осы болып жатқан жағдайларға түсініктеме беру үшін Лютер Римге шақыртылды, ал оның достары бұл хабарды естіп қатты қобалжыды. Лютердің Римге жол жүруіне қарсы болған олар, реформатордың барлық түсініктемелерді папаға Германиядан шықпай-ақ беруін талап етті. Бұл қойылған талап қанағаттандырылып, Лютердің ісін қарау үшін Германияға папаның өкілі келді. Ол реформаторды соттап қамауға алмақ болды, ейткені Лютер алдын ала «есерсоқ» деп айыпталып қойған болатын. Ал олай істей алмаған жағдайда реформаторды күллі Германия бойынша заңнан тыс (заң арқылы қорғануға құқысыз) деп жариялап, оны және онымен еңбектестерді шіркеуден шеттетуге тиісті болды. Сонымен қоса папа бұл ілімді түп орнымен құрту үшін, Лютердің ілімін қабылдағандарды шіркеуден шеттетіп, ал оның іс-әрекетіне тыйым салмағандарды, мемлекет және шіркеу басшылары болғандарына қарамастан, императордан өзгелері Римнен жазасын алулары керек - деген шешім шығарды.ҮШ 80.2

    Осы қылықтарының өзі папаның қандай рухпен қаруланып тұрғанын жақсы керсетті. Лютер Римнен өте алыс жерде тұрып еңбектенгендіктен, оларға өз көзқарасын түсіндіруте мүмкіндігі болған жоқ, соған қарамастан Люхер «есалаң” - деп айыпталып, сотқа тартьшып, бір күннің ішінде ісі қаралып, кінәлі деп табылып, оған үкім шығарылды. Істің мән-жайына, анық-танығына көңіл аударған ешкім болған жоқ. Осының барлығы мемлекетте де, шіркеуде де «күнәсіз» - деп танылатын «киелі әкенің» ісі болатын.ҮШ 81.1

    Осындай басына күн туып тұрған кезеңде Лютердің пікірін бөлісетін дос оған өте қажет болды жөне Алланың жазуы бойынша ондай дос табылды да. Виттенбергке Меланхтон деген азамат келді. Сабырлы, ұялшақ жас жігіт өзінің білімділігімен, ойшылдығымен, сөз шеберлігімен, тазалығымен маңайындағылардың сыйкұрметіне бөленді. Оның тамаша қабілеті болмысындағы сезгіштік, әдептілік сияқты қасиеттерін жасырып қала алмады. Меланхтон ізгі хабарды бар ниетімен қабылдап, көп ұзамай-ақ Лютердің ең жақын досына айналды және оның ілтипаттылығы мен ұқыптылығы Лютердің батылдығы мен қайраттылығын толықтырып тұрды. Олардың еңбектес болғаны Лютерге үлкен тірек болып, реформация ісінің алға басуына көп күш берді.ҮШ 81.2

    Лютердің ісі бойынша сот Аугсбургте өтетін болды және Лютер онда жаяу аттанды. Оның өміріне үлкен қауіп төніп тұрды, сол себепті Лютердің достары оның еңбегін уақытша доғара тұрып, бір жерде жасырына тұруын өтінді. Бірақ Лютер бұған келіспеді: «Мен айтысатын және араздасатын Еремия секілдімін» (Ерм. 15:10) - деді ол. «Олар мені қорқытқан сайын мен қуана түсемін... «Рим менің атымды, абыройымды, намысымды жойды, енді жанымды алам десе алсын, өмірімді бірнеше сағатқа қысқартқаннан басқа не істей алады, бірақ олар менің сенімімді ала алмайды, өйткені ол Құдайға ғана тән. Мен болсам Құдай үшін, Оның ісі үшін кез келген сәтте қүрбан болуға дайынмын”.ҮШ 81.3

    Лютердің Аугсбургке келгеніне папаның легаты* іштей риза болды. Енді олар барлық әлемнің көңілін өзіне аударған есалаңды қолдан шығарып алмаудың қамын қарастырды. Лютердің достары оны жауларының алдына императордың қорғау қағазынсыз жібермеу үшін қолдан келгендерінің барлығын жасады, ал папалықтар Лютерді дегенінен бас тартуға мәжбүр етеміз, көнбеген жағдайда Римге жіберіп Гус пен Иеронимнің кебінін кигіземіз - деп ойлады. Ақшаға қызыққан сатқындар, Лютерді папаның легатының алдына қорғау қағазынсыз баруға көндірмек болды, бірақ Лютер бұл жасанды жоспардан үзілді-кесілді бас тартып, имнератордың қорғау қағазынсыз ешқайда да бармайтынын айтты.ҮШ 81.4

    Ыңғайларына келмей қойған соң жаулары оны алдауға кірісті. Лютермен кездесу кезінде папаның легаты онымен жылы-жылы сойлесті және реформаторды өзінің ілімінің барлық тармақтарынан бас тартып, шіркеуге толық бағынуын өтінді. Дегенмен ол озінің алдында тұрған адамды дұрыс бағаламаған болатын. Лютер болса оның сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің шіркеуді сыйлайтынын, сонымен қоса бар ықыласымен шындықты іздейтінін және қойылатын барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін, сол секілді бұл сұрақтардың басқарушы университеттермен қаралуына қарсы емес екендігін айтты.ҮШ 82.1

    Оған ез ілімінен бас тарту керектігі неше рет қайталанып айтылғанымен, реформатор ақиқаттан ешқашанда бас тарта алмайтынын айтып, өз сөзінің шындық екенін Киелі Кітап арқылы дәлелдеп берді. Оның сөзіне жауап таппаған папаның легаты Лютерді біресе балағаттап, біресе ата дәстүрін сақтау керектігін айтып, оны алдап-сулап, шіркеу әкелерінің айтып қалдырған дәйек сөздерінен мысал келтіріп, реформатордың аузын аштырмауға тырысты. Түкке тұрмайтын әңгімеден кейін Лютер зорға деп жауапты жазбаша түрде беруге рұқсат алды.ҮШ 82.2

    Олай етуімнің екі түрлі себебі бар - дейді ол досына жазған хатында - біріншіден жазбаша берілген түсіндірмені әр түрлі адамдар оқып сарапқа сала алады, екіншіден бөси беретін қаныпезердің арын оята алмағаныммен, ең болмаса оны үрейлендіріп, сабасына түсіретіндей мүмкіндік пайда болмақ, керісінше жағдайда өзінің тәккапарлыққа толы екпінді сезімен ол кімнің болса да аузын жаба алады».ҮШ 82.3

    Келесі кездесуге Лютер барлық сұрақтарға жазбаша түрде жауап дайындағаи хатын ала келді, сонан соң оны дауыстап оқып, артынша хатты кардиналдың қолына ұсынды. Ашуға булыққан кардинал бұл хаттың іске еш қатысы жоқ, бос сөз - деп лақтырып жіберді. Ал Лютер болса, кезегі келген кезде кардиналдың сенетін салт - дәстүрлері туралы айтып, бәл дәстүрлердің ешқандай негізі жоқ екенін Киелі Кітап арқылы дәлелдеп берді. Лютердің дәлелдеріне жауап таппаған прелаттың ашуға булыққаны соншалықты: «сөзіңнен бас тартпасаң, мен сені Римге жіберіп, сотқа тартқызамын, ал сенің соңыңнан ергендердің барлығын анафемаға ұсынамын және саған жаны ашитындарды шіркеуден шеттетемін”- деп жүлқынды. Соңында «Іліміңнен бас тарт, не болмаса көзіме енді көрінуші болма” - жаны ышқынып айғайлап қалды. Осы сөздерден кейін Лютер прелаттың бөлмесінен дереу шығып, достарын ерітіп кетіп отырды, ал бұл дегеніміз - оның жауларының ұсынысын қабылдамайтынының дәлелі еді. Лютерді қорқытып, дегенінен бас тарткызам - деп үміттенген кардинал, ендігі жерде өзінің өкінішін жасыра алмады.ҮШ 82.4

    Лютердің өжеттілікпен сөйлеген сөздері ізсіз қалған жоқ. Кездесуде болғандардың қай жақ дұрыс, қай жақ бұрыс екенін салыстырып, шешім қабылдайтын уақыттары жеткілікті болды. Тек ойлап қараңыздаршы, қандай өткір айырмашылық! Құдайдың күшімен қаруланып, ақиқатты бар ықыласымен қорғап тұрған қарапайым реформатор мен өз сөзінің дұрыстығына Киелі Жазудан дәлел таба алмай кұр айқаймен күш сынасқан өркөкірек, менменшіл папаның көсемі. Осыған не айта аласыздар?ҮШ 83.1

    Қолында қорғау қағазының болғанына қарамастан Лютерге үлкен қауіп төніп тұрды, сол себепті оның достары Лютердің жедел түрде Аугсбургті тастап Виттенбергке аттануын өтінді. Лютерге жол-жөнекей өте байқаулы болуына тура келді. Осыдан кейін касында магистратпен* берілген жалғыз жол серігі бар реформатор, екі салт атты болып түн ішінде қаладан аттанды. Жүрегі тоғанысқа толы болған реформатор түнгі қаланың көшелерімен келе жатқанда өте қобалжулы болды өйткені қатыгез жауларының оны өлтіруге дайындалып, тісін қайрап огырғаны белгілі болатын. Құрылып қойылған қақпаннан аман-есен өте алар ма екен? Осы сәтте Лютер қатты алаңдады, сонымен қоса ұйып тұрып дұға оқып отырды. Міне енді олар қала қақпасына да жетті. Қақпалар ашылып, олар еш кедергісіз қаладан шықты. Қала қақпасының сыртына шықканша сақтықпен келе жатқан олар, қаладан шықсымен еркін дем алып, жүрістерін жеделдете түсті. «Қолымызға түсті ме?»деген адамның ебін тауып, сытылып кеткенін естіген прелат әрі қайран қалып, әрі ызадан тұншығып кете жаздады. «Шіркеуге ылаң салушының өлімін тамашалаймын» - деп отырған прелаттың көгілдір арманы орындалмай қалды. Ит өшін тырнадан алады дегендей, прелат енді өшін саксондық курфюрст Фридрихтен алудың қамына кірісті, сейтіп оған Лютердің Римге жіберілуін немесе Саксониядан біржола қуылуын талап ететіні жайлы хат жолдады. Ал Лютер болса олардан өзінің әділ немесе әділ еместігін Киелі Кітапты негізге ала отыра дәлелдеп берулерін талап етті, сонымен қоса осыншалық ұлы істі жүргізуге өзін таңдап алған Аллаға алғысын жаудырды.ҮШ 83.2

    Курфюрст Лютердің ілімімен жете таныс болмағанымен, оның сөзінің айқындығы, күші және тазалығы Фридрихты қайран қалдырмай қойған жок. Сол себепті прелатқа жолдаған жауап хатында курфюрст: «Сіз доктор Мартин Лютердің Аугсбургке келгеніне қанағаттануыңыз керек еді. Сіздін, сөзіңіздің дүрыстығына оньщ көзін жеткізіп, жылы сөйлескеннің орнына, билігіңізді көрсетіп күштедіңіз, сондықтан болар ол сіздің рүқсатыңызға қарамай кетіп отырды. Осы уақытқа дейін Лютердің ілімі қате деп бірде бір оқымысты азамат айтқан емес, сол себепті мен оны Римге аттандырудан да, өзімнің иелік ететін жерімнен қуып шығудан да бас тартамын»деді.ҮШ 83.3

    Қоғамның қай саласында болмасын азғындықтың көбейіп бара жатқаны және дәл осы кезде оларға реформаның өте қажет екенін курфюрст жаксы білді. Егер адамдар арын таза ұстап, Алланың дегенін орындап отырса, онда қылмысты жою үшін қаражат жұмсаудың да қажеті болмаған болар еді. Ал Лютердің ілімі осындай кезде шөлдеп келе жатқан адамның аптығын басатын сумен бірдей болатын, сондықтан курфюрст бұл ілімді қолдады және оған езі іштей риза болды. Соған қоса Фридрих Лютердің университеттегі атақты және табысты профессор екенін де байқамай қойған жоқ.ҮШ 84.1

    Лютердің тезистерінің таралуынан кейін, әулиелердің мерекесіне жиналатын пилигримдердің саны күрт азайды және соның нәтижесі ретінде Римнің қазына сарайына үйіліп түсіп жататын қаражат та азайды. Есесіне Виттенберг университетінің студенттерінің саны көбейе түсті. Лютердің ілімінің адамдардың Киелі Кітапты зерттеуге қызығушылығын оятқаны соншалықты, Виттенберг университетіне Германияның жер жерінен ғана емес, сол сияқты басқада мемлекеттерден көптеген жастар келе бастады. Виттенбергке оқуға келген және оны бірінші көріп тұрған жастар қолдарын көкке көтеріп, кезінде жарықтың жер-жерге Сионнан тарағаны секілді ақиқаттың жарығының Виттенбергтен тарағанына, Жаратқанға алғыстарын білдірді.ҮШ 84.2

    Ол қезде Лютер католицизм іліміиен әлі де болса түңіле қоймаған болатын. қиелі ақиқаттарды папаның ілімі және қаулыларымен салыстыра келе ол қайран қалды. «Мен папаның қаулыларын оқи келе танданам - деп жазды ол, - папа Мәсіхтің қарсыласы ма (антихрист) немесе оның елшісі ме, өйткені оның істерінде Мәсіх соншалықты ұсқынсыз бейнеленген және айқышқа керілген”. Лютер бұл кезде елі де болса Рим шіркеуінің жағында болатын және одан бөлініп шығам деген ойы да болған жоқ.ҮШ 84.3

    Осыдан кейін оның ілімі күллі мәсіхшілер арасына тарап, Швейцария, Голландия, Франция, Испания елдерінде тамырын жайды. Сол секілді бұл ілімді Бельгия, Италия және Англия құшақ жая қарсы алды. Мыңдаған адамдар аяққолдарын матап тұрған өлім тұзағын ағытып тастап қуанышты үмітпен және сеніммен жаңа өмірге оянды.ҮШ 84.4

    Лютердің ісі Римнің наразылығын өршіте түсті, бойларын аигу кернеген кейбір католиктер: «бұл көтерілісті жариялап отырған монахтың көзін құртудың обалы жоқ»деп, оны өлтірудің жолын іздестіре бастады және соған барлық жағдайларды тудырды. Бірде реформатордың жанына қалтасына қаруын тығып ұстаған бейтаныс біреу жақындап келіп: «Сіз жалғыз жүруге қорықпайсыз ба?” деп сұрады. «Жоқ. Қорьщпаймын, менің өмірім Жаратқанның қолында. Ол менің күшім және қуатым. Адам маған не істей алады?» - деп жауып берді оған Лютер. Мұны естіген бейтаныстың өңі кетіп қорыққаны сонша, бейне бір періштені көргендей тайып тұрды. Шынында оны Құдай қорғап тұрған болатын, сондықтан оған өлтірушілерінің қолы жетпеді.ҮШ 85.1

    Лютердің ілімі монастырларда, лашықтарда, дворяндардың қорғандарында, университеттерде, тіпті патша сарайларында уағыздалды және барлық жерлерде де оның еңбектерін бағалайтындар табылды.ҮШ 85.2

    Густың еңбектерімен таныса келе Лютер богемиялық реформатордың «Адам иманы арқылы ақталады» деп мойьгадаған ұлы ақиқатын анықтады және оны өзі де ұзақ уақыт бойы іздеп, нақтылы кезде уағыздап жүрген болатын. «Біз бәріміз - Паул, Августин және мен де езіміз соны білмей-ақ гуситтер болған екенбіз». «Құдай шынымен де әлемді соттайды - деп жалғастырады ол, - өйткені ақиқат оған бұдан 100 жыл бұрын уағыздалған, бірақ әлем оны керек етпеді, керісінше өртеп жіберді”. Германияның имлераторы мен ханзадаларына жолдаған хатында күллі мөсіхшілерді реформацияға шакьгра отыра Лютер былай дейді: «Алтын мен күміске оранып баршылықта балқып отырған папамен байлығы жағынан салыстырғанда императорда тең келе алмайды. Ал Құдайдың рухани ұлы Мәсіх Исаға немесе қарапайым елші Петрге ол тіпті де ұқсамайды. Жұртшылық папаны әлемнің билеушісі дейді, ал өзін ол «Мәсіхтің орынбасарымын»деп атайды. Сонда орынбасарының жері бастығының жерінен кең болуы мүмкін бе? Егерде барлық оқу орындарында Киелі Кітап ынталы түрде зерттелмесе, онда жастар арасында тәртіп бұзылып, оқу орындары дозаққа айналады. «Мен барлық адамдарға Киелі Кітап басты пән болып саналмайтын оқу орындарына балаларыңды жақындатпаңдар»дер едім. Киелі Жазба зерттелмейтін кез келген оқу орны жастардың өнегелі болуына кедергі жасайды».ҮШ 85.3

    Бұл хабар аз уақыт ішінде барлық Германияға таралып, халық арасында абыр- жу басталды. Жұрт реформация туының астына жиналып жатқан кезде, оның жаулары Лютерді және оның ізбасарларының көздерін жоюдың амалын қарастырды. Реформатор және оның жағындағыларға алпыс күн уақыт берілді, егер осы мерзім ішінде олар ез ілімдерінен бас тартпайтын болса, барлығы шіркеуден шеттетілетін болды. Мұндай үкімнен ең ірі деген монархтардың өздері де қатты қорқатын. Бұл қарғысқа ұшырағандарға жұрт жиіркенішпен қарап, маңайларына ешкім жақындамайтын елдің қоры саналып, олардың көздері жойылу керек деп шешілетін. Лютер төбесінен шүйлігіп тұрған құйынды сезді, десе де батылдық танытып, өз ісін Қүдайдың қолына тапсырды. Ол сеніммен және батылдықпен былай деп жазды: «Мен не болатынын білмеймін және білгім де келмейді. Тағдыр қайда лақтырса да мен сабырлық танытамын. Жапырақтар да Тәңірдің еркінсіз түспейтін болса, мен несіне абыржимын. Сөз үшін өлімге бару қиын емес, өйткені Сөз тәнге айналып, Өзі өлді. Егер біз онымен бірге өлсек, Онымен бірге тірілеміз. Егер бізден бұрын Оның басынан өткен киыидықтар біздің басымызға келсе, онда Тәңір қай жерде болса біз де мәңгілік сол жерде боламыз”.ҮШ 85.4

    Папаның шығарған үкімі Лютерге жеткенде, ол былай деп жауап қайырды: «Мен сол шығарылған үкімді жек көремін және барып тұрған оңбағандық және әділетсіздік деп санаймын, өйткені ол Мәсіхтің Өзін айыптайды... Және де дүниенің жүзіндегі ең жарқын бейне - Жаратқан Ие үшін азда болса қиянат шеккеніме өте қуаныштымын. Ақыры кімнің кім екеніне көзім әбден жетті. Білгілеріңіз келсе айтайын, папа - Құдайдың қарсыласы, ал оның отырған тағы - ібілістің тағы”.ҮШ 86.1

    Римнің шығарған декреті із-түссіз қалған жоқ. Адамзатты қажытудың ең күшті құралы - абақты, найза және жәбірлеу. Рухани әлсіздер папаның қаулысынан қатты қорықты. Көпшілік жандар өз өмірлерін реформация үшін қиюды тым қымбат баға - деп есептеді және Лютерге аяушылықпен карады. Реформация ісі енді тоқталатындай көрінді. Бірақ Лютер болса ештеңеден тайсалмай батьшдық танытты және мен: «Алланың ақ жолынан емес, бұрысты дұрыс деп уағыздайтын шіркеуден бас тартамын» - деп арыз тастады. Мартин қала жұртшылығының, студенттердің көзінше папаның абыройына тірек болып тұрған оның канондық заңдарын өртеді. Олар қарапайым халықтың санасын оятқан менің еңбектерімді жандырып жіберді, ендеше маған олардың жалған ілімдері жазылған кітаптарын неге өртемеске? Бұған дейін мен папаның жай ғана мазасын алған болатынмын, енді мен оны нағыз шайқасқа шақырамын - деді Лютер. Жауларым мені өлтіруі әбден мүмкін, бірак Құдайдың ісі менсіз-ақ Оның күшімен жеңіске жетеді. Лю- терге сөгіс жариялап, оның ісін күлкіге айналдырып жатқан жауларына ол былай деп жауап берді: «Кім біледі бұл іске Құдай мені таңдап алған болар. Сонда мені жек керіп балағаттап жатқандар, шын мәнінде Құдайды жек көріп, Оны балағаттағаны ғой. Мысырдан аттанарда Мұса пайғамбар да жалғыз болған, Ахабтың патшалығында Ильяс, Иерусалимде Ишая, Бабылда Езекие жалғыз болды. Алла Өз ісін басқаруға көкірегімен көкті тіреп тұрғандарды емес, ылғи да қарапайымдарды таңдаған. Әрбір замандарда да тәуекелге бел байлап осы дүниенің әйгілілеріне, патшаларға, ханзадаларға, дін әкелеріне және ғалымдарға барып, олардың қателерін беттеріне айтып, әшкерелеген тақуалар бар болған. Өзімді пайғамбармын демеймін, бірак шүберекке жанымды түйіп, ақиқат үшін айғайлап тұрған мен де қазір жалғызбын, ал сендер көпсіңдер, дегенмен Алланың ісі ақсап орта жолда қалады екен деп ойламаңдар, жеңімпаз Құдайдың шәкірттері жеңіске жетпей қоймайды”.ҮШ 86.2

    Шіркеуден біржола бас тарту Лютер үшін оңайға түскен жоқ, өйткені бала кезінен қанына сіңіп қалған өдет - ғұрып өз дегенін даттады. Құдай Сөзі бойын бекітіп, жүрегіндегі күмәнді сейілткенше Лютер қатты абыржулы болды. Папалықтардың оған қойған сұрағын Лютер өзіне өзі сан рет қойды: «Күллі жұрт қателесіп, кателеспейтін сен ғана сондай дана ма едің? Өзің қателесіп қана қоймай, сенің іліміңе иланған барлық адамдарды өлімге әкеліп тіресең не болады?». Осылайша Лютер езімен де, шайтанмен де күресті. Дегенмен Мәсіх сыйлаған иманы мен үміті жанына азық болып, Алланың Сөзінің дұрыстығына көзі әбден жетті.ҮШ 87.1

    Папа болса Лютерді және оның ілімін кабылдағандардың барлығын шіркеуден шеттетем деп қорқытқан болатын, енді міне сол айтканын орындау үшін ол іске кірісті. Ұлы шайқас осыдан кейін басталды. Шынына келсек қарсыластары көп болғандықтан Құдайдың ілімін халык, арасына уағыздаушылар ешкашан шайқаспай қалған жері жоқ. Лютердің заманында сол заманда маңызды болған ақиқаттар уағыздалды, ал қазіргі уақытта осы заманда маңызды деп саналатын ақиқаттар уағыздалуда. Болатын іске басшылық жасайтын құдірет Иесі адамдарға заманы мен уақытының талаптарына жауап беретін міндеттерді артады. Егер адамдар өздеріне түскен жарықты бағалай білсе, онда солғұрлым ақиқатты да тереңірек үққан болар еді. Бірақ қазіргі адамдар ақиқатты Лютермен шайқасқан папалықтардан артық білгілері келіп тұрған жоқ. Сол замандағыдай қазіргі кезде де көпшілік жандар Құдай Сөзіне емес адамның шығарған іліміне, салт - дәстүрлеріне, ырым - жырымдарына көбірек көңіл бөледі. Ақиқатты уағыздаушылар, қазіргілер оған реформация кезеңіндегі адамдардан гөрі артық көңіл бөледі екен деп ойламасын. Зұлымдық пен ақиқат арасындағы шайқас қиямет күніне дейін жалғаса бермек.ҮШ 87.2

    Иса Мәсіх Өзінің оқушыларына былай деген болатын: «Егер де сендер осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ сендер осы дүниелік емессіңдер, керісінше Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап даралап алдым. Сондықтанда ол сендерді жек көреді. Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «құлдың жолы қожайынының жолынан үлкен емес». Мені куғьшға ұшыратқандар, сендерді де қуғындайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма? Жоқ, ендеше сендердің де сөздеріңді тыңдамайды.” (Жох.15:19 - 20). Оған қоса Тәңір Ие тағы да былай дейді: «Егер барлық жұрттар сендерді мақтаса масқара болғандарың, өйткені солардың ата-бабалары жалған пайғамбарларды солай мактаган» (Лұқа 6:26). Қазіргі заманның рухы, бұрынғы кезеңдердегідей Мәсіхтің рухына қарсы. Ақиқатқа қарсы шайқастың тәсілі өзгеріп, жауыздық айқын көрінбеуі мүмкін, десе де дүниенің соңғы күніне дейін шындықты жақтырмайтындар өте көп болады.ҮШ 88.1

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents