33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
ҮЛЫ ШАЙҚАС
- Contents- Алғы сөз
- 1-тарау - Құтқарушының сүйіспеншілігі мен зор шыдамдылығы
- 2-тарау - Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін
- 3-тарау - Рухани түнек дәуірі
- 4-тарау - Сенімін қорғаған вальдендіктер
- 5-тарау - Түнектің сейілуі /1324-1384/
- 6-тарау - Өліммен бетпе-бет кездескен екі батыр
- 7-тарау - Өз кезеңінің адамы
- 8-тарау - Шындық жақтаушысы
- 9-тарау - Швейцарияда шындық нүрының тұтануы
- 10-тарау - Реформация жетістіктері
- 11-тарау - Ханзадалардың қарсылығы
- 12-тарау - Франциядағы реформация
- 13-тарау - Нидерландтағы және Скандинавиядағы сенім батырларының ерлігі
- 14-тарау - Британия аралдарында Ізгі хабардың қанат жаюы
- 15-тарау - Франциядағы жан түршігерлік қорқыныш пен кек
- 16-тарау - Жаңа жердегі шындық жақтаушыларының ізденісі
- 17-тарау Нұрдың - хабаршылары
- 18-тарау - Үміттің хабаршысы
- 19-тарау - Түнекті жарып шыққан нұр
- 20-тарау - Діни ұйқыдан ояну
- 21-тарау - Қабылданбаған ескертпе
- 22-тарау - Орындалған аяндар
- 23-тарау - Құдай үйінің құпиясы
- 24-тарау - Киелінің Киелісінде
- 25-тарау - Өзгермейтін мәңгілік Құдай заңы
- 26-тарау - Ақиқат қорғаушылары
- 27-тарау - Біздің заманымыздың рухани оянуы
- 28-тарау - Мәңгі өмір кітабымен жүздесу
- 29-тарау - Зұлымдық ошағының пайда болуы
- 30-тарау - Адамзаттың қас жауы
- 31-тарау - Құдай періштелері мен зұлым рухтар
- 32-тарау - Шайтанның торы
- 33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
- 34-тарау - Аруақтар тірілермен тілдесе ме?
- 35-тарау - Ар-ұжданға төнген қауіп
- 36-тарау - Жалтартпас жанжал
- 37-тарау - Біздің жалғыз Тірегіміз
- 38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі
- 39-тарау - Қасірет мезгілі
- 40-тарау - Құдай халқының үмітінің орындалуы
- 41тарау - Шайтанның мың жылға кісенделуі
- 42-тарау - Шайқастың соңы
Search Results
- Results
- Related
- Featured
- Weighted Relevancy
- Content Sequence
- Relevancy
- Earliest First
- Latest First
- Exact Match First, Root Words Second
- Exact word match
- Root word match
- EGW Collections
- All collections
- Lifetime Works (1845-1917)
- Compilations (1918-present)
- Adventist Pioneer Library
- My Bible
- Dictionary
- Reference
- Short
- Long
- Paragraph
No results.
EGW Extras
Directory
33-тарау - Мәңгілік өмірге ие болудың құпиясы
Адамзат тарихыньщ ең басында шайтан зүлымдық өрекеттерін қулықтан бастады. Көкте бастаған шайқасын жерде жалғастыруды ойлады.ҮШ 342.1
Адам ата мен Хауа ана Құдайдың оларға әдейілеп дайындаған керемет жерінде Жаратқанның заңы бойынша өмір сүріп жатты. Жұбайлар өздерінің ғажайып өлемінде өте бақытты болды. Оларды сырттай бақылап жүрген албасты «Құдай заңымен өмір сүру мүмкін емес» деген тұжырымының теріс шыкканын керіп, іші удай ашыды. Ол жұбайларды күнәға батырып, Құдай мен адамдардың арасын ажырастырып, жердің билігін өз қолына алып, сонда Құдайдың патшалығына карсы келетін өз патшалығын орнатпақ болып нык шешім қабылдады. Сол бетінше ол жұбайларға келсе тойтарыс алатыны әрине белгілі, өйткені олар бұл қауіпті жау жайлы алдын ала хабарлас болған. Сондықтан ібіліс қулыққа кірісті. Сырт бейнесі ете әдемі көрінетін жәндік - жыланды делдал ретінде пайдаланыи, Хауа ананы сөзге тартты: «Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма?” (Жар. 3:1). Егер Хауа ана жыланмен сөйлеспесе, ештеңе де болмайтын еді. Бірақ әйел осы арада қателесіп, албастының қүрған торына түсті. Қазірдің өзінде көпшілік жандар дәл осылай алданады. Алланың бұйрығын орындағанның орнына, Оның заңына күмәнданып, албастының қаруы болып тұрған адамның теориясын тезірек қабылдайды.ҮШ 342.2
Әйел жыланға: «Бақтағы барлық ағаштардың жемісін біз жей аламыз, бірақ жүмақтың ортасында тұрған ағаштың жемісін жеуге бізге тыйым салынған”. Алла: «Мына ағаштың жемісін жемеңдер, оған жанаспаңдар, әйтпесе елесіңдер” - деді. «Жоқ, өлмейсіңдер, бірақ ол ағаштың жемісін татқан күні көздерің ашылып құдайларға ұқсап жақсылық пен жамандық атаулының барлығын танитын боласыңдар» — деп жариялады шайтан. Сонан соң Хауа ана жыланның сезіне сеніп сол ағаштың жемісін өзі де жеді, Адамға да жегізді. Адамдар: «Құдай біздің бостандығымызды шектеп тұр екен, егер біз Оның сөзін аттап өтсек, үлкен жетістіктерге жетіп, данышпан болып шыға келетініміз анык, шығар” - деп ойлады. Осылайша олар қателесіп күнәға батты.ҮШ 342.3
Албастының айтқанындай Адам болмыстың ең жоғарғы сатысына көтеріле алды ма? Жоқ. Құдайдың үкімінің мағынасы мүлдем басқаша болатын. Адам «бүл ағаштың жемісін татқан күні өлесіңцер” - деген сөздің мағынасын сонда ғана ұқты. Шайтанның «көздерің ашылады” дегені ғана рас болып шықты. Олардың шынымен де көздері ашылды және адамдар өздерінің қандай сорақы күйде тұрғандарын көрді.ҮШ 342.4
Бақтың ішінде емір ағашы болатын. Егер адам күнә жасамағанда, сол ағаштың жемісін жеп мәңгі өмір сүре беретін еді. Енді ол мұндай мүмкіндіктен айрылды. «Топырақтан жаралдыңдар, топырақка қайтадан айналасыңдар» - деген сөз, «өмір толығымен тоқталады” деген мағынаны білдіреді. Күнә жасағандықтан адам мәңгіліктен айрылды, яғни Құдайға бағынған жағдайда ғана оған уәде етілген мәңгілік күнә жасалғаннан кейін өз мәнін жойды. Адам өзінде жоқ нөрсені ұрпақтарына бере ала ма? Қолындағысын ғана бере алады. Осылайша бір адам арқылы күнә, ал күнәмен қоса өлім біздің әлемге енді де, тұқым қуалап барлық адамзат баласына тарады. Бірак Құдайдың адам баласына деген мейірімі мол ғой. Мәсіх «Ізгі хабар арқылы өлімнің кісенін бұзып, дүниеге өмір әкелді» (Рим. 5:12, 2Тім. 1:10). Адам Мәсіх Иса арқылы ғана мәңгілік өмірге ие бола алады. «Құдайдың рухани Үлына сенушілер мәңгілік өмірді иемденеді. Ал оны тыңдамағандар шын өмірді көрмей, мәңгілікке көз жүмады» (Жохан 3:36). Бұл батаны жақсы істерден ұлылық, абырой және мәңігік іздеген кез келген жан ала алады. (Рим.2:7).ҮШ 343.1
Адамға өмір беруге уәде еткен ібіліс өтірікші болып шықты. Шын мәнінде «Сендер өлмейсіңдер” дегенде жылан әйелге «адамның жаны өлмейді” деген жалған ілімді уағыздады. Бұл хабар қазіргі кезде барлық мәсіхшілер шіркеулерінде уағыздалып келеді. Және оны кепшілік жандар қол соғып қарсы алады. «Күнә жасаған жан өледі” (Езк. 18:20) деген Алланың үкімі, «күнә жасаған жан өлмейді, мәңгілік өмір сүреді» деп бұрмаланады.ҮШ 343.2
Құдайдың сөзіне сенбей, албастының сөзіне иланатын көкірегі соқыр жандар қаншалықты көп десеңізші. Адам ата күнә жасағаннан кейін, ешкім оған жақындай алмас үшін жалындап тұрған найза ұстаған періште өмір ағашын күзететін болды (Жар. 3:24). Адамның жанұясының біреуі де бұл шекараны бүза алмады. Күнәнің мөңгілік калып қоюына жол берілмеді. Сондықтан да жандары мәңгі өмір сүретін күнәкарлар жоқ.ҮШ 343.3
Бүдан кейін албастының періштелері «адамның жаны ешқашанда өлмейді” деген тұжырымға оларды сендіріп болған соң, «мәңгілік дозақ бар” деген ілімді шығарды. Ібіліс: «Күнәкардың жаны дозаққа түсіп, ол мәңгілік қиналады, ал Құдай мүны көріп рахаттанады»деп, Алланы адамдарға жауыз қылып көрсеткісі келеді. Сөйтіп езінің бойындағы «сапасын» әділетті, мейірімі күшті, мөңгілік махаббат Иесі - Құдайға жапсырып, оны қарамайлайды. Алғашқы көтерілісші біздің әлемімізге күнә әкелгенше, Құдай жаратқан бұл дүние тап-таза, пәк және сұлу болған. Адамды алдап күнәға итермелейтін оның жауы - ібіліс. Ол ешкімді де аямайды, бәрін қырып салуға дайын тұр. Егер бүл іске Алла араласпағанда Адам атаның бір де бір ұрпағы «құтқарылам” деп үміттене алмас еді. Албасты әуел баста біздің бабаларымызды алдағандай Құдай заңының әділетті екеніне, тіпті оның бар екеніне күмән туғызып адамзат баласын алдап келеді. Ол Құдайды күңгірт, қара бояулармен суреттейді. «Әділетсіз әміршіге бағынбағандықтан көктен қуылдым” - деп, өзін бөріне құрбан қылып көрсеткісі келеді. Егер мен әміршілерің болғанда «осындай кереметке ие болатын едіңдер” деп адамдардың қиялын қоздырып, неше түрлі ғажайыптарды елестетіп, оларды армандатып қояды.ҮШ 343.4
Қысқа ғана ғұмырында жасаған қателіктері үшін «адам мәңгілік дозақ отына түседі» деген ілімнің мейірімі шексіз Алланың сүйіспеншілігімен сәйкес келмейтінін адам қалай ғана түсінбейді екен? Өкінішке орай бұл ілім барлық жерлерге уағыздалып, көптеген мәсіхшілердің доктриналарына (ережелері) нығыз енген. Дін зерттеуші, көрнекті докторлардың бірі өз сөзінде : «Дозақ отына түскен қиналушыларды көргенде, әділеттілердің мәңгілік бақыты күшейе түседі. Өзіне ұқсастардың сорақы жағдайларына қарап олар өздерінің соншалықты биік екенін сезініп, рахаттары екі еселенеді” - дейді. Оның әріптестерінің тағы бірі: «Оларға шығарылған үкім кек сауытының үстінен мәңгілік тоқтаусыз айтылып түрады және күнөкарлар жанып жатқан отың түтіні мейірімділік сауытының алдынан жоғарыға көтеріліп жатады, бірақ әділеттілер бұл сорлыларға аяушылық білдірмейді, керісінше «Жаратқан Иеміз жасасын!» деп шабыттана дауыстайды» - деп жазады.ҮШ 344.1
Неткен кешшелік десеңізші? Мұндай ілімді Киелі Кітаптың қай бетінен табады екенсіз? Сонда ақталғандардың басқасын былай қойғанда, қарапайым рақымшылық сезімнен жұрдай болғаны ма? Немесе ол сезімдердің орнына жабайылардың қатыгездігі келе ме? Әрине жоқ. Киелі Жазбада олай деп жазылмаған. Мұндай ілімді уағыздайтындар - олар білімді, тіпті сый құрметке бөленген адамдар болуы мүмкін - ібілістің ізбасарлары болып табылады. Айтулы жандар албастының жетекшілік етуімен Киелі Жазбадан соның өзіне төн қатыгездіктер пен қауіп-қатерлерді тауып, солайша Жазбаны кері талқылап, Құдайдың атына кір келтіреді. Раббым Алла: «Мен күнөкардың өлгенін қаламаймын, жаман жолдан тайып, жақсы жолға түсіп тірі болсын» дейді (Езк. 33:11).ҮШ 344.2
Күнәкарлар дозаққа түсіп өртенеді дерлік. Сонда олардың қиналған, жанкешті дауысы мейірімді Аллаға тәтті күймен бірдей болмақ па? Құдай Өзінің күнәні жек көретінін ғаламға осылай көрсетеді деген пікір бар. Бұл Құдайды ғайбаттау, ондай ілімді тарататындар албастының жетегінде жүрген байғұстар. Күнәні жек көретін Құдай қалайша оны мәңгілік ескерткіш қылып қалдырады? Көптеген дін зерттеушілердің ойынша мәңгілік азаптың барлығы күнәкарларды одан бетер ерегістіріп, үсті үстіне күнә жасауға итермелейді. Күнәнің еселене түсуі Алланың атағын шығаруға ықпалын тигізбейді. Мәңгілік азап туралы доктринаның әлемге қаншалықты зұлымдық әкеліп, зиянын тигізгенін адамдар өздері толык түсінбейді де. Киелі Жазба неше түрлі сұмдық суреттермен «әшекейленген». Көпшілік жандардың Құдайдан қорқатыны да, тіпті оны жек көретіні де сондықтан. Шіркеулерде Құдай туралы қате пікірлер уағыздалғандықтан, дүниеде миллиондаған құдайсыздар мен скептиктер каптап кетті. Меңгілік азап туралы теория - барлық халықтарды мас қылған Бабылдың шарабының санын құрайтын жалған ілімнің бірі (Аян 14:8;17:2) кара. Мәсіхтің қызметкерлерінің бұл жүрек айнытатын ілімді кабылдауы және оны басқаларға таратуы шынымен де құпия. Мәңгілік азап туралы пікір сенбіні жексенбіге ауыстырып койғаиындай әзәзілдің адамға таңып қойған пәлесі. Ақиқатты жете білмей осы ілімді уағыздаған және өмірден өтіп кеткен мейірімді жандар аз болмаған. Олар білгендері үшін ғана жауап береді. Ал біз, яғни кейінгі ұрпақ өзімізге түскен сөулеге сай өмір сүруіміз керек. Қаншалықты білсек, Құдай алдында соншалықты жауаптымыз. Егерде біз «аталарымыз солай өмір сүрген, біз де солардың ізімен жүреміз” деп ашылып тұрған ақиқатты аяқ асты етсек, онда заңсыздықтың шарабын ішкеніміз үшін Бабылға шығарылған үкім бізге де шығарылады.ҮШ 345.1
Көпшілік жандар мәңгілік дозақ болады деген үғыммен келіспейді, сөйтіп карама-қайшы адасушылыққа бой ұсынып, соған иланып алады. Олар Киелі Кітапта суреттелетін Құдай сүйіспеншілікке толы және мейірімді, сондықтанда мәңгілік дозақ болмайды дейді. Десе де «адамньщ жаны табиғатына сай ешқашанда өлмейді, ол мәңгілік» деген көзқарасқа тоқталып, ең соңында барлық адамдар құтқарылады деп тұжырымдайды. Енді біреулер Киелі Жазуда берілген ескертулердің шын мәнінде орындалатынына көңіл аудармай, оның бәрі адамзатты қорқытып бағындырудың құралы деп есептейді. Сонда күнәкар қалай өмір сүрем десе ез еркінде болғаны ғой. Құдайдың мейірімін мойындайтын, бірақ Оның әділеттілігін жаратпайтын пенделерге мұндай ілім ұнайды және ол заңсыздықтың көбее түсуіне жол ашып береді.ҮШ 345.2
«Адамзат түгел қүтқарылады” деп, Киелі Кітапты қате талқылайтындардың іліміне олардың айтқан сөздерін дәлелдеме ретінде келтіруге болады.ҮШ 346.1
Кездейсоқ жағдайда кайтыс болған бір жас жігітті жерлеу рәсімі кезінде діни қызметкер Киелі Жазбадан Дәуіт пайғамбарға қатысты жазьшған: «Амнонның қазасына қайғысы басылған соң, Дәуіт Әбілсаламды сағына бастады” деген жолдарды оқып берді (2Пат. 13:39). «Менен жиі сұрайды - деп, жалғастырды сезін қызметкер. Қылмыс үстінде немесе арақ ішіп мас болып тұрған кезде қайтыс болып кеткен адамдардың тағдыры қалай шешіледі? Бұған Киелі Жазбадан жауап таба аламыз. Амнон күнәкар адам болатын. Ол өте бұзақы қылмыскер еді жөне дәл арақ ішіп алып мас болып тұрған кезінде өлтірілді. Ал оның әкесі Дәуіт болса, Құдайдың пайғамбары болған. Баласы өлгеннен кейін патша қандай күйде болды? Оны алдағы уақытта не күтіп тұрғанын әлбегге білген болар? «Патша Әбілсаламды қуғындағанын тоқтатты, өйткені Амнонның қазасымен қайғысы басылды». Осыдан қандай шешімге келуге болады? Баласының өлгенін көре тұра ол қалайша тынышталды? Бұл қалай болғаны? Here өйтті? Себебі пайғамбар баласын болашақта не күтіп тұрғанын кереген кезбен көріп тұрды. Оның баласы барлық күнәларынан босатылып, әділеттілердің қатарына қосылды” - деді әлгі қызметкер. Сонда біздің күтқарылуымыз қандай дінді уағыздайтынымызға, жүрегіміздің қандай болғанына, өмірдегі жасаған істерімізге байланысты болмағаны ма? Осылайша Мәсіхтің жалған қызметкері бір кездері Бейіш бағындағы жыланның: «Жоқ, сендер өлмейсіңдер... дөмін татқан күні көздерің ашылып, құдайлармен бірдей боласыңдар» деген өтірік сөздерін қайталағаны ғой. Оның айтуынша күнәкарлардың көкелері - баскесер қарақшылар, жезөкшелер, арамтамақтар азғын адам болғандарына қарамастан, өлгеннен кейін жұмақтың төрінен бірақ шығатыны ғой. Бұл діни қызметкер қандай негізге сүйене отыра, Құдай сезін соншалықты бұрмалаған екен? Оның уағыздап тұрғаны жалған гипотеза. Адамның жүрегін тербетіп, арын тыныштандыратын тәтті ертегі. Неліктен пайғамбар солай сөйледі? Адамның Құдайдың еркін өзгертетін лажы жоқ. Дәуіт патша Құдайдың еркіне бағынды. Уақыт жан жарасын жүмсартты, енді ол қылмыс жасап, жазадан қорқып, жаны күйзеліп қашып жүрген екінші баласы Әбілсаламның қамын ойлады.ҮШ 346.2
Егерде дінді уағыздаушылар адамға жоғарыда сөз болғандай жалған ілімді жапсырып және оны соған сендірсе, онда күнә мен кесірдің гүлденіп жатқанына несіне таң қаламыз? Дәл осы етірікші мұғалім секілді ібілістің қызметкерлері толып жатыр. Олар мәтінді түгел оқымай, жазбадан бір екі сөзді жұлып алып, жағдайды өз еркілерінше талқылай бастайды.ҮШ 346.3
«Маскүнем Амнон көкте болады» - деген үйғарым, адамның жасаған корытындысы. Ал Киелі Кітап бізге: «Маскүнемдер Құдай патшалығына кірмейді» деп тіке айтады (1Қор.6:10) оқы. Осылайша барлык күмәнданатындар, имансыздар, скептиктер ақикатты өтірікке айналдырады. Егер өлгеннен кейін барлық адамдар көкке көтерілетін болса, онда біз өмір сүргеннен гөрі өлгенімізді көбірек тілер сді к. Мұндай алдамшы көзқарас адамдарды өздерін өздері әлтіруге дейін жеткізеді. Өмірдің қиындығына төзбегендер, қамыккандар, әр түрлі ауыртпалықтарды көтере алмағандар мәңгілік бақыт әлеміне тезірек жету үшін өз еріктерімен өмір пернесін үзіп тастап жатты.ҮШ 347.1
Алла Өз сөзінде: «Құдай заңын бұзғандар жазаланады» дейді. «Құдайдың кешірмейтін жазасы жоқ” деп өздерін өздері алдайтындар, айқыш ағашка қарасын. Құдайдың жазықсыз рухани Ұлының айқыштағы өлімі - күнә үшін жаза тағайындалатынын дәлелдейді. Алланың қасиетті заңын бұзғандар жауапсыз қалмайды. Күнәсіз Мәсіх адамзат баласын мәңгілік өлімнен құтқарып алу үшін күнәкар болды. Ол адамдардың күнәсін Өз мойнына алды, сол үшін Көктегі Әкеміз Оны күнәнің кұрбаны қылып қалдырды. Мәсіх жанын адамзат баласы үшін қиды. Өйткені күнәкар пенделер үшін құтқарылудың басқа жолы жоқ болатын. Осыншалық қымбат бағамен алынған татуласуға қатысудан бас тартатындар, өз күнәлары үшін жазаны өздері тартады. Діни ұстаздар кекке апарып періштелердің қатарларына косып коятын құдайсыздар мен тәубөларына келмеген арсыздар жайлы Киелі Жазба не дейді екен?ҮШ 347.2
«Шөлдегендерді тірі судың қайнар көзінен сусындатамын”. Бұл ақиқатты аңсайтындарға, шынымен шөлдегендерге берілген аян. «Жеңгендерді мұрагер етемін, олар Менің балаларым болады, ал Мен олардың Әкесі боламын” (Аян 21:6,7). Бұл арада шарт қойылған, уәделі құткарылуды күнәмен шайқасып жеңсек қана аламыз. «Әділетті өз ісінің жемісін жейді, ал заңсыздық жасайтындар қайғырсын, себебі олар істеріне карай жазаларын алады” (Ишая 3.10,11).ҮШ 347.3
«Күнәкар жүз жерден күнә жасап қасарысқанымен - дейді данышпан патша Сүлеймен,мен білемін Құдайдан шын қорқатындар игілікке бөленеді, ал зұлымдарға ешқандай да жақсылык жоқ” (Уағ. 8.12,13). «Бірақ сен жүрегіңді қасарыстырып теріс жолдан қайтудан қыңырлана бас тартасың. Осылай Құдайдың гаһары төгіліп, әділ үкім жарияланатын күні өзің тартатын жазанды ауырлатасың. Құдай әркімнің істеген ісіне қарап қарымтасын қайтаратын болады. Жамандық істеген әркімді - алдымен яхуданы,* сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да азап пен қысым күтіп тұр” (Рим. 2:5,6,9).ҮШ 347.4
«Таза жүріп, таза тұрмайтындар (ниеті қаралар), жезөкшелер, өтірікшілер, әзәзілдер, пұтқа табынушылар Мәсіх Иса мен Құдай Әкенің патшалығына кіре алмайды” (Еф. 5:5). «Күллі жандармен бейбітшіл және қасиетті болыңдар, онсыз ешкім Үлы Құдайды көре алмайды” (Евр. 12:14). «Құдай заңын орындайтындар бақытты, өйткені олар өмір ағашының жемісін татуға құқылы болып, қасиетті қалаға қақпамен кіретін болады». «Ал ит мінезділер, мыстандар, жезөкшелер, адам өлтірушілер, пұтқа табынушылар және кез келген заңсыздық жасайтындар қақпаның сыртында қалады» (Аян 22:14,15).ҮШ 348.1
Құдай адамзатқа Өз мінезін жоне күнөға қалай қарайтынын ашық көрсетті. «Жаратқан Ие! Жаратқан Ие! Құдай мейірімді де қайырымды, тез каһарланбайды да ете рақымды. Құдай әр кез сөзінде тұрады. Ол мейірімін мыңдағандарға танытады. Жасаған күнәларын кешіруге дайын тұрады. Ал қасарысқандарды жазасыз қалдырмайды. Аталарының теріс қылықтары үшін балалары мен немерелерін, шөберелері мен шөпшектерін де жазалайды (Мыс. 34:6,7). «Өзін сүйетіндерді Құдай қорғайды, ал зұлымдардың көзін жояды” (Жыр. 144:20). «Барлық заңсыздық жасайтындар өлтіріледі, олардың болашағы жоқ” (Жыр. 36:38). Шайқасты соңына дейін жеткізу үшін Алла Өзінің күші мен билігін пайдаланады. Ал сот Құдайдың мейірімді, шыдамды, рақымды, жанашыр мінезіне сәйкес келетіндей өділетті болады.ҮШ 348.2
Құдай ешкімді де күшпен Өз еркіне бағындырмайды. Ол адамға бостандық берді. Кімде кім Оған бағынса, Алланы жақсы көргендіктен, өз еркімен бағынғанын қалайды. Құтқарушымыз үлгі ретінде қалдырған мейірімділіктің ұстанымдары Шексіз Алланың табиғатын анық көрсетеді. Құдайдың билігінің ұстанымдары Құтқарушымыздың заңымен үйлесімді. «Жауларыңды жақсы көріңдер» - дейді Алла. Құдай зұлымдарға қатысты Өзінің әділеттілігін көрсетеді. Бұл бар ғаламның бақыты үшін жасалған игі іс болмақ. Жаратқан барлық жандарды бақытты еткісі келеді. Оларға заңын сыйлап, мейірімділігіне белейді, бірақ олар Құдайдың сүйіспеншілігін жек көреді, заңын қорлайды, оның берген игіліктерін үнемі қабылдайды, бірақ игілік Сыйлаушыны масқаралайды. Құдай өте шыдамды, десе де Оның шыдамының тостағаны толған кезде ақыр заман келеді, сонда адамзат Құдайдың сотына тартылады және барлық зұлымдар әділетті жазаларын алады. Албастыны өздерінің көсемі қылып таңдап алғандар, Құдайдың жүзіне қарай алмайды. Олардың маңдайларына етіріктің, қатыгездіктің, бұзылғандықтың мөрі басылған. Жер бетінде жақынын жек көргендер, көкте олармен қалайша қатарласып өмір сүрмек? Акиқат өтірікпен үйлесе алмайды. Момындық менменшілдікпен сәйкеспейді. Құдайға қарсы шайқас жүргізгендер қалайша Оның қасында отырмақ? Олар аспандағы пәк жан иелерімен қарым-қатынас жасап, Құдайды мадақтайтын әндерді айта алмайды. Олар Алла мен Тоқтының (Құтқарушының) данкын шарықтата алмайды. Олардың шыңдалуларына тым көп уақыт берілді, бірақ олар мінездерін түземеді, тазалықты сүймеді, көктің тілін игере алмады (үйренбеді). Құдаймен үнемі қарсыласкандықтан, олар аспанда өмір сүруге жарамсыз болып қалды. Құдайдың қасиетті тазалығы оларға жаза, даңқы жалындаған от болып тиеді. Жалғыз ғана армандары киелі жерден қашып құтылу болар еді. Олардың ұйғарымдары өздерінің тағдырларын шешеді. Олардың пиғылы Құдай сөзімен келіспеушіліктерінен байқалады, ал өмір аяқталғаннан ксйін ойыңа жаңа бағыт беру мүмкін емес. Заңсыздықты бағынушылыққа, ал жеккөрушілікті сүйіспеншілікке қалай айналдырасың?ҮШ 348.3
Бауырын өлтірген Қабылға кеңшілік жасау арқылы Құдай күнәкардың өмір сүргені және оның ойына келгенін істейтіні каидай нәтижелерге жеткізетінін әлемге көрсетті. Қабылға еліктеп, оның үлгісі бойыиша өмір сүрген ұрпақтары күнәға белшесінен батып, жерді зұлымдыққа толтырып жіберді (Жар. 6:11). Нұх пайғамбарының заманында Құдай әлемді аяғандығынан жердің азып кеткен тұрғындарының көзін жойып жіберді. Дәл сол жанашырлықтың өсерінен Ол Содомның жексұрын түрғындарын кырды. Албастының қулығының арқасында заңсыздық жасайтындар халықтың жанашырлығы мен сүйемелдеуін пайдаланады, сөйхіп өзі сияқтылардың қатарын көбейтеді. Қабылдың, Нұхтың, Ыбырайымның және Лұттың кезінде де солай болған. Қазіргі кезде де солай. Ақыр соңында Ғаламның игілігі үшін Құдай барлық зұлымдардың көзін мәңгілікке жояды. «Күнә үшін жаза - өлім, ал Құдайдың сыйы - мәңгілік өмір» (Рим. 6:23). Өмір тақуалардың алатын мүрасы, ал күнәкарлардың үлесі - өлім. «Бері қараңдар! Бүгін мен өмір мен игілікке және өлім мен қырғынға апаратын екі жолды таңдауларыңа беремін” - деді Мұса пайғамбар Исраилге (Заң 30:15). Бұл жерде Адам атаның басына келген өлім жайлы емес, «екінші өлім» жайлы айтылып тұр. Адам атаның күнәсінің нәтижесінде өлім барлык, адамдарға тарады. Молаға бәрі де кіреді. Бірақ құтқарылу жоспары адамға, оны өлім тұзағынан босатуға ұсыныс жасап тұр. Барлық әділеттілер де, әділетсіздер де қайра тіріледі (Елш. 24:15). «Адам атамен барлығы өлсе, Мәсіхпен барлығы қайта тіріледі» (ІҚор. 15:22). Бірақ бұл екі топтын адамдарының арасында шекара сызығы бар. «Молада жатқандардың барлығы Құдайдың Рухани Ұлының дауысын естиді. Жақсылық жасағандар өмір жексенбісінде, ал зұлымдық жасағандар жазалану жексенбісінде түрегеледі» (Жохан 5:28,29). «Алғашқы жексенбіде тұрғандар бақытты». «Оларға ажал билігін жүргізе алмайды” (Аян 20:6). Ал екінші жексенбіде тұратындар нағыз бақытсыздар. Олар екінші өліммен мәңгілікке өлетін болады. Бұл женінде Дәуіт пайғамбар: «Азырақ уақыттан соң жексұрындар жоғалады”. «Олар ешқашан болмағандай болады (Жыр. 36:10; Абд 16-шы өлең), қорлықтарын жамылыгі мәңгілікке құриды» - дейді.ҮШ 349.1
Осылайша Алла күнәнің кезін мәңгілікке жояды. Жыршы былай дейді: Хальщтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың, есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың. Жау кару-жарағынан жұда қалып, жойылды. Сен қиратқан қалалар із-түссіз жоғалды” (Жыр. 9:6,7). Аспаннан шыққан, барлық Ғалам орындаған мадақтау әнұранын өз құлағымен естіген Жохан пайғамбар: «Бір де бір жалған дыбыс оның ырғағын бүзған жоқ” - дейді (Аян 5:13). Көктегі де, жердегі де жан иелері Құдайдың қасиетті есімін мәңгілік мадақтайтын болады.ҮШ 350.1
Ал мәңгілік дозақ немесе адамның жаны ешқашан өлмейді деген доктриналардың ешбір негізі жоқ. Бұл Киелі Кітапқа қарама-қайшы келетін ілімдер. Айтулы доктриналар бойынша адам өлсімен аспанға келіп, жерде не болып жатқанын бақылап отырады екен. Әсіресе жақындары мен жолдастарына көбірек көңіл аударады. Сонда олар жердегілердің жасап жатқан күнәларын, шегіп жатқан азаптарын көре тұра өздерін қалай бақытты сезінеді? Тәубасына келмеген адам демі таусылсымен дозаққа барады дегенге қалайша ашуланбайсың? Достарының өлімге дайын болмағандығының салдарынан, олардың дозақ отыиа түсетінін білетіндердің жандары қаншалықты түршігетінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай ойдан кейбір адамдар естерінен адасып кеткен де болатын.ҮШ 350.2
Бұл жөнінде Киелі Жазба не дейді екен? Дәуіттің айтуынша адам өлгеннен кейін санасын жоғалтады. «Кеудеден жан шыққан күні дене жерге тапсырылады, оның санасы еледі” (Жыр. 145:4). Сүлеймен патша бұл пікірді растайды: «Өлген күні адамның махаббаты да, өшпенділігі де, қызғанышы да жогалады, ол жер бетінде не болып жатқанын сезбейді». «Өйткені молада жұмыста жоқ, ойлануда жоқ, білімде жоқ, даналықта жоқ” (Уағ. 9:5,6,10).ҮШ 350.3
Езекиел патшаның өтініші бойынша Құдай оның өмірін он бес жылға ұзартқанда, ол Құдайдың есімін мадақтаған болатын. «Сені мадақтайтын жердің түбі емес, өлім де емес, көрге түскендер де емес, тірі жандар ғана. Қазіргі мен секілді олар Сені мадақтайды, Есіміңді ардақтайды» - деген еді (Ишая 38:18,19). Кең тараған теология бойынша елген тақуалар кекке бірден жетіп барады. Бірақ Езекиел болса елімнен ондай жарқын болашақты көре алмады. Забур жырларында: «Үнсіздердің еліне аттанғандар Құдайды мадақтай алмайды»деп жазылған (Жыр. 6:5; 114:117).ҮШ 350.4
Елулік күні Петр: «Дәуіт бабамыз өліп, жерленген және оның табыты өлі күнге осында» деген болатын. «Себебі Дәуіт көкке кетерілген жоқ” (Елш. 2:29,34). Ол жерленген күннен бері көрде жатыр. Тек Мәсіх қайта тірілгендіктен ғана, Дәуіт те қайта тіріліп, көкке көтеріле алады. Исаның шөкірті Пауыл былай дейді: «Ешқандай қайта тірілу болмағанда Мәсіх те кайта тірілмес еді ғой. Ал егер Мәсіх тірілмеген болса, сенімдеріңнен еш пайда болмай, күнәларың әлі де мойындарыңда қала берер еді. Сондай-ақ, Мөсіхке сеніп қайтыс болғандар тозаққатүсер еді” (ІҚор. 15:16-18).ҮШ 351.1
Егер өлгендер орындарынан тұра салып көкке жетіп баратын болса, онда Мәсіхтің өлімінің мағынасы болмағаны ғой. Мәсіхтің адамзаттың күнәсін айқышқа шегелеп, өліп, қайта тірілгені не үшін керек? Онда біздің сеніміміз де бос соз. Кейіннен азапталып елтірілген Тындейл өлгендердің жағдайлары жайлы былай дейді: «Әділеттілердің өлсімен көкке барып Мәсіх пен періштелердің атағын белісетініне сенбеймін. Олай болған жағдайда тірілу жексенбісінің адамға керегі не?” Бұл ілім Киелі Жазбада жазылған «тірілу жексенбісі» жайлы ақиқатты жоққа шығарады.ҮШ 351.2
Бұл жөнінде Адам Кларк: «Тірілу жексенбісі жайлы алғашқы мәсіхшілер жиі уағыздаған. Елшілер қамыққандарды үміттендіре отыра бұл ақиқатты олардың естеріне жиі салуға тырысқан. Алғашқы мәсіхшілер тірілу жексенбісінің болатынына мықты сенген. Ал қазіргі мәсіхшілер біз ол жайлы қаншалықты уағыздасақ, соншалықты ғана сенеді. Қазіргі жүйедегі уағыздаушылармен сенімнің бір пункті де дәл осы пунктіндей аяқ асты етілмеген” - дейді. Бара-бара «қайта тірілу жексенбісі» жайлы ақиқат жасырын калды және мәсіхшілер олемі оны жоғалтып ала жаздады. Көрнекті діни жазушылардың бірі елші Пауылдың сөзіне (ІСал. 4:13-18) өзінше түсініктеме бере отыра: «Жұбату жөне қолайлылық мақсатында тақуалардың елімнен өмірге өтіп шат-шадыман болатыны туралы доктрина Исаның екінші рет келетіні жайлы күмөнді ілімді біздің санамыздан ысырып шығарып отыр. Өлгеннен кейін Тәңір бізді алып кетуге келеді. Соны күтеміз, соған үміттенеміз. Өлгендер даңққа бөленді. Олар сот пен мәңгілік рахатты жариялайтын кернейдің дыбысын күтпейді» - дейді.ҮШ 351.3
Бірақ Иса кекке көтеріліп кетерінің алдында оқушыларына, енді сендер Маған келесіңдер деген жоқ. «Мен сендерге орын дайындауға барамын, сосын сендер де Өзім болған жерде болуларың үшін, келіп сендерді алып кетемін” - деген болатын (Жох. 14:2,3). Әрі қарай елші Пауыл: «Содан кейін хабарланып, бас періште дауыстап, кернейдің үні шыққаннан соң Мәсіхке сеніп өлгендер бірінші болып оянады. Сонан соң тірі қалған біздер солармен бірге аспанға Тәңірімізге қарай көтерілеміз, солай Құдаймен мәңгі бірге боламыз, осы сөздерді айтып бірбірлеріңді жұбатыңдар» - деп сөзін жалғастырады. (ІСал. 4:16-18). Осы айтылған сөздер мен соның алдында универсалистік шіркеудің қызметкерімен айтылған сездердің айырмашылығын қараңыздаршы. Ол өзінің қайғыдан құса болған достарын, жасалған күнә есеп емес, адамдар аспанға барып періштелердің жанына қосылады - деп жұбатады. Ал Пауыл болса, бауырларына Мәсіх көктен келгенде «Оған сеніп өлгендер» бірінші болып тіріледі - дейді.ҮШ 352.1
Жұмаққа кірмес бұрын әрбір адамзат баласының өмірі катаң тексерістен өтеді. Олардың мінездері мен істері Құдаймен бақыланады. Сонан соң кітаптағы жазуларға байланысты әрбір жанның тағдыры шешіледі. Елші Пауылдың сөзіне мұқият көңіл аударсақ: «Құдай алдын ала анықталған Азамат арқылы, барлығына куә ретінде Оны өлімнен қайта тірілтіп, тағайындалған күні адамзатқа әділетті үкім шығарады» дейді (Елш. 17:31). Бұл жерде елші әдейілеп тағайындалған сот болатын күн туралы тіке айтып тұр. Яхуда осы уақыт жайлы былай дейді: «Арын сақтай алмай, тұрағын тастап кеткен періштелер ұлы күні қамауға алынады”. Әрі қарай ойын ол Енохтың сөзімен жалғастырады: «Жердегілерді соттау үшін, киелі періштелерін ерітіп біздің өлемімізге Құдай келеді» (Яхуда 6,14,15). Жохан пайғамбар: «Мен Құдайдың алдында тұрған өлгендерді - қаралар мен күштілерді көрдім. Олар кітаптағы жазу бойынша, істеген істеріне қарай сыбағаларын алды» - дейді (Аян 20:12).ҮШ 352.2
Егер өлгендердің бірі көкте қуанып жатса, енді біреулері дозақта қиналып жатса, онда соттың қажеті қанша? Осы сұрақтарға байланысты Киелі Жазбада берілген ілімді қарапайымдардың өздері де түсінеді. Сонда қалайша салмақты да ойшыл адамдардың осы қарапайым ақиқатты түсіне алмайтынына таң қаласың. Сот аяқталғаннан кейін: «Жақсы, Менің сенімді қызметкерлерім, Иелеріңнің қуанышханасына кіріңдер» - дейді Раббым Алла. Ал егерде тақуалар онсыз-ақ көкте болатын болса, онда аспаннан шығып, оған қайта кірудің қажеті қанша? Сол секілді зұлымдар дозақ отында өртеніп жатса, онда оларды дозақтың бүрыш бұрышынан жинап алып, қайта дозаққа жіберудің не керегі бар? Қандай масқара мазақ десеңізші! Құдай сөзін Жаратқаннан қорықпастан бұрмалайтындардың орны қайда болатыны белгілі. «Адамның жаны ешқашан өлмейді” деген теория Римнің пұтқа табынушылардан қабылдап алған ілімі. Мартин Лютер бұл ілімді: «Римнің қаулыларын құрап тұрған, үйіліп тұрған қоқыспен бірдей қисынсыз ертегілері (басня)” деп атайды. Сүлеймен патшаның сөзін қайталай отыра Лютер: «Моладағылардың жағдайы жайлы данышпан патшаның айтып қалдырған сөзі, адамдардың өлгеннен кейін ештеңені сезбейтінінің тағы да бір дәлелі» - деп жазады. Ол жерде жауапкершілік те, білім де, ғылым да, даналық та жоқ. Өлгендер күн санамайды. Бірақ қайта тірілген кезде қанша уақыт өтсе де, оларға бір сәт қана өткендей болып көрінеді. Киелі Кітапта: «Қайтыс болған тақуалар сол заматта аспанға бара қалады, ал зұлымдар бірден дозакқа аттанады» - деген сөз жоқ”. Бабаларымыз бен пайғамбарлар олай айтқан емес. Олай ойлауға Мәсіх пен Оның елшілері де ешқандай себеп калдырган жок. «Өлгендер тірілу жексенбісіне дейін ұйықтайды” (1Сал.4:14; Әйүп 14:10-12). Күміс шынжыр үзіліп, алтын бау ажырап қалғанда (Уағ. 12:6), адамның санасы жоғалады. Көрдің құшағында жатқандар тыныштықта болады. Күннің астында не болып жатқанын олар сезбейді (Әйүп 14:21). Шаршаған әділеттілер үшін бұл рахат демалыс! Уақыт қысқа болсын, ұзақ болсын өлгендер үшін, олар оянғанда бір сәттей ғана болып көрінеді. Соңғы күні Құдайдың кернеуінің дабылы оларды оятады. Қазіргі құрып шіритін тәндеріміз ешқашан жойылмайтын денелермен алмасады. Бұл жұзеге асып, күритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта пайғамбарлар жазбаларындағы «Жеңіс ажалды жояды” - деген уәде орындалады (ІҚор. 15:52-55). Әділеттілер терең ұйқыдан оянып, қай жерде өмірлері үзілсе, сол жерден оны әрі қарай жалғастырады. Ақырғы ойларымен көрдің құшағына кетіп бара жатқандарын сезінсе, оянғаннан кейінгі ойлары: «Ажал сенің уытың қайда? Дозақ сенің жеңісің қайда?» деген қуанышты әнмен жалғасады. Расул Алла оларға мәңгілік емірді сыйға тартады.ҮШ 352.3