Loading...
Larger font
Smaller font
Copy
Print
Contents

ҮЛЫ ШАЙҚАС

 - Contents
  • Results
  • Related
  • Featured
No results found for: "".
  • Weighted Relevancy
  • Content Sequence
  • Relevancy
  • Earliest First
  • Latest First
    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents

    38-тарау - Құдайдың соңғы ескертуі

    Осыдан кейін көктен төмен түсіп келе жатқан ерекше періштені көрдім. Оның зор билігі бар болды, салтанатты нұры жердің жүзін жарқыратты. Періште қатты дауыспен: «Ол құлады! Ұлы Бабыл құлады! Ол жындардың ордасы, неше түрлі арам рухтардың ұясы болды. Бұдан былай арам, жексұрын құстардың барлық түрі оны қоныстанбақ”. Көктен былай деген басқа дауысты да естідім: «Одан шық халқым Менің, шық одан! Әйтпесе оның күнәларына араласып, басына түсетін пәлелерін де бөлісесің” (Аян 18:1,2,4).ҮШ 386.1

    Бұл Мәтін, аянның 14-тарауы арқылы, Бабылдың құлайтыны жайлы, періштемен хабарланған жөне 1844-ші жылы алғаш рет шыққан, Бабылды құрайтын әр түрлі шіркеу ұйымдарына кіріп кеткен бұзылғандық туралы қайта ескертілетін уақытқа мезгейді. Осы арада діни әлемнің сорақы күйі суреттеледі. Ақиқаттан бір рет бас тартып үйренген адамдар, бара-бара күнәға белшелерінен батып, өздерінің қалай беріш болыгі, қатып қалғандарын сезбей қалады. Құдайдың ескертулеріне қарамастан олар Алланың заңының бір бабын бұзады, кейін сол бапты орындайтындарды қуғынға үшыратады. Алланың Сөзін және Оның меншікті халқын жек көретіндер, Мәсіхтің Өзін де жек көреді. Шіркеулер спиритизм жайлы ілімді қабылдағаннан кейін, шектелу дегеннің не екенін білмейтін болады және дін деген олар үшін кесірлерін тасалап түратын шымылдықпен бірдей болып қалады. Спириттік құбылыстар «жындардың іліміне” есік ашып береді. Шіркеулерге зұлымдықтың періштелері кіріп кеткені байқалады. Аянда суреттелетін Бабыл жайлы былай делінеді: «Оның күнөсі көкке жетіп, өтірігін Құдай есіне алды» (Аян 18:15). «Себебі оның күнәлары көкке жетерліктей көп. Енді Құдай оның әділетсіздіктерін ескеріп соттамақ. Ол заңсыздықтың тостағанын толтырды. Бірақ Бабылдың ішінде Құдайдың көңілінен шығатын жандар да бар. Бабылға Құдайдың қаһары төгілгенше, айтулы жандар одан шығып үлгеруі керек. Бабылдың күнәсін хабарлаған періште ретінде рәмізделген қозғалыс сол кезде пайда болды. «Шық одан халқым Менің” деген ұран осы хабармен байланысты. Бұл ұран үшінпіі періштенің хабарымен бірге жердің тұрғындарына берілген соңғы ескерту. Дүниенің ақыры масқара болмақ! Жердің билеушілері бірігіп, Құдайдың парызына қарсы шығады. Сөйтіп қараны да, төрені де, байды да, кедейді де, азаттықтағыларды да, құлдарды да (Аян 13:16) шіркеудің дәстүрлерін орындап, жалған сенбіні сақтатуға күштейді. Одан бас тартатындар қатты жазаланады, соңында оларға өлім жазасы кесіледі. Ал Құдай заңы оның барлық баптарының орындалуын талап етеді, бұған бағынбайтындар Алланың қаһарына ұшырайды.ҮШ 386.2

    Осыны біле тұра Құдайдың заңын орындамай, адамның заңын орындайтындар, хайуанның белгісін қабылдағандары. Бұл белгі олардың қай билікті сыйлайтындарын кәрсетеді.ҮШ 387.1

    Көктен шығып тұрған хабар: «Айуан мен оның мүсініне қүлшылық етіп, маңдайына немесе қолына оның таңбасын қабылдаған әркім де Құдайдың нағыз ашу ызасының «шарабы” құйылған «тостағаннан» ішетін болады (Аян 14:9,10) дейді.ҮШ 387.2

    Бірақ Алланың қаһары ақиқатты танып білуге мүмкіндігі бола тұра, одан бас тартқандарға төгіледі. Білмейтіндерге білуге мүмкіндік туылады. Ақиқатты шынай түрде іздейтіндер ол туралы хабарсыз қалмайды. Біздің планетамыздағы барлық жандар ақиқатты білетін болады. Сонан соң әр адам қай жаққа шығу керектігі жайлы саналы түрде шешім қабылдайды.ҮШ 387.3

    Кез келген адамның Құдайға деген адалдығы сенбі арқылы тексеріледі, өйткені сенбі ақиқаттың ең басхы таласқа түсіп тұрған сұрағы. Шешуші сәт тақаған кезде Аллаға қызмет ететіндер мен Оның қарсыласына қызмет ететіндердің арасында айқын өзгеріс байқалатын болады. Мемлекеттік заң бойынша жалған сенбі, яғни жексенбіні сақтайтындар Құдайға қас билікке адал болып қалады. Ал шын сенбіні сақтайтындар Жаратқанға адал болып, шайқас тамамдалғанша ақиқатты қорғайды. Жердің билігіне бағынатындар хайуанньщ белгісін алады, Құдайға бағынатындар Тәңірдің белгісін алады. Осы уақытка дейін үш періштенің хабарын уағыздаушыларды әлем байбалам салушылар деп атаған болатын. Америкада діни шыдамсыздық қайта жаңарып, шіркеу мен мемлекет бірігіп, Құдай заңын орындайтындарды қуғындайды деген хабар негізсіз сандырақ деп жарияланған. Бұл мемлекет діни бостандықтың қорғаушысы, солай болды, үнемі солай болып қалмақ деп батыл түрде арыз тасталған. Дегенмен жексенбі күнінің міндетті түрде тойлануы керектігі жайлы сұрақтар кең түрде талқыланған сайын, күмән келтірілген оқиғалардың ақиқат екені белгілі бола бастады және үшінші періштенің хабарының әсері жақсы байқалуда.ҮШ 387.4

    Әрбір ұрпаққа әлем мен шіркеудің күнәларын әшкерелеу үшін Құдай Өзінің құлдарын жұмсаған. Бірақ адамдар өздерінің құлақтарына жағатын ғана хабарды қабылдап үйренген, жақпайтын хабарды жақындатпайды.ҮШ 387.5

    Көптеген реформаторлар адамдар мен шіркеудің қателерін көрсету үшін, өте сақтықпен жүріп жұмыс істеген. Халыққа таза ілімді қайтару үшін, оларға өз өмірлерін өнеге етуге тырысқан. Өз заманындағы Ильяс пайғамбар секілді, Құдайдың Киелі Рухымен шабыттанған бұл қызметкерлер халық пен патшаның күнәсін беттеріне ашық айтқан. Әрине бас кезінде олар біреуге «мынауың қате» деп айтуға қорқақтаған, кейін алдарында не күтіп тұрғандарына қарамастан, жұртың басына төніп түрған қауіпті қорықпастан тіке айтатын болған. Ақиқаттың ержүрек қарлығаштары Құдай ауыздарына не салса, соны батыл түрде уағыздаған, ал халық болса оларды тыңдауға мәжбүр болған. Үш періштелік хабар да осылай уағыздалатын болады. Бұл қасиетті іспен арнайы білімі барлар емес, Киелі Рухпен белгіленгендер айналысады. Олар Құдайдың ауыздарына салғанын жұртқа хабарлайды. Бабылдың күнәсі өшкереленеді. Шіркеудің мемлекет билігін пайдаланып жұртқа салмақтаған қаулыларының нәтижесі, спиритизмнің енуі, папалықтың білінбей, бірақ жедел түрде таралуы - осының барлығы айқындалады (әшкереленеді) және де бұл мыңдаған халықты толғандырады. Олар Бабылдың күнәнің нәтижесінде ақиқатган шегініп кеткен шіркеу екенін білетін болады. Жұрт өздерін оқытқан діни ұстаздарынан: «Осы рас па?” деп сүрайды, сонда олар адамдардың ар-ұжданын тыныштандыру үшін неше түрлі өтірікті құрастырып айта бастайды. Дегенмен оған қанағаттанбаған халық олардан «Құдай осылай - дейді” мысты ашық дәлелдемелерді талап етеді. Сонда бұл қызметкерлер бір кездердегі парызшылар секілді сөздеріне күмәнданған халыққа қатты назаланады. Сөйтіп Құдайдың хабарын албастының хабары деп жариялайды. Сонан соң олар Құдайдың хабарын уағыздаушыларға зүлымдыққа дайын тұратын надан тобырды айдап салады. Шайқас үдеген сайын аяқ асты болған Құдай заңы туралы ойланатындардың саны көбейеді, дегенмен албасты да уақытын бекер өткізбейді. Ізгі хабарды сүймейтіндер қаһарына кіреді. Діндарлар халықтан жарықты жасырып қалу үшін адам баласыньщ күшінен жоғары күш жұмсайды. Олар бұл маңызды сұрақтарды тұншықтырып тастауға тырысады. Шіркеу мемлекеттен көмек сұрап, папалықтар протестанттармен бірігіп алып ақиқатқа қарсы шабуылға шығады. Жексенбі күнінің міндетті түрде сақталуы заң бойынша күшіне енгенде, Алланың парызын орындайтындарға қарудың күші қолданылады. Ақиқаттың қарлығаштарының, имандарынан бас тартқызу үшін неше түрлі тәсілдермен бастарын айналдырады. Біреулерін айып пұлмен, енді біреулерін түрмемен қорқытады. Біреулеріне жоғары орындар, біреулеріне ақшадай сыйлықтар ұсынылады. Бірақ олар айтқандарынан қайтпайды. «Құдайдың сөзі арқылы біздің дұрыс жолда емес екенімізді дәлелдеп беріңдер, сонда біз сендердің дегендеріңе көнейік” деп тұрып алады. Кезінде Мартин Лютер де жауларына дәл осылай айтқан болатын. Сотқа түскендер акиқатты тамаша түрде қорғап беретіндері соншалықты, сол жерде отырғандардың бұл сөздерді бұрын естімегендері, ендігі жерде Құдай заңын орындап отыруға белдерін буады. Осылайша басқаша жағдайларда ашылмай калуы мүмкін болған акиқат, енді мыңдаған халықтың жүрегінен орын алады.ҮШ 388.1

    Сол уақыттарда Құдай сөзіне саналы түрде бағыну - бүлік деп бағаланады. Албастының азғыруына түскен ата-аналар сенімде жүрген балаларына қатыгездік жасайды. Иелері Құдай заңын орындайтын қызметкерлерін қыспаққа алады. Бауырмалдық жаттыққа айналып, балалар еншісінен құр қалады. Елші Пауылдың: «Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің барлығы қуғынға ұшырайтын болады» деген сөздері тура орындалады (2Тім. 3:12). Біреулері қамауға алынып, біреулері жер айдалып, енді біреулері құлдарға айналады. Қазіргі кездегі, өздерінше салауатты өмір сүріп жатқан адамдардың көз қарасы бойынша бұлай болуы мүмкін емес секілді, бірақ зұлымдықты тежеп тұрған Киелі Рухтың күші адамдарды тастап кеткен кезде, жер әзәзілдің қолына емін еркін тиіп, кеп нөрсе өзгеретін болады. Құдайдан қорықпайтын, Оны жақсы көрмейтін адамдар қатыгез жауыздарға айналады. Дауыл тақаған кезде үш періштелік хабарды естіп оған сенген, десе де Аллаға бағынып үйренбеген, Оның нүрына бөленбеген жандар ақиқаттан бас тартып, жауыздардың қатарын толтырады. Олар мына әлемнің әділетсіздерінің қатарына қосылып, жеңіл жолды тандауға дайын тұрады. Кезінде өте дарынды болып ақиқатты қоштап оған қуанған жандар, енді бар күштерін салып басқаларды алдап, түзу жолдан тайдыруға тырысады. Олар ездерінің бүрынғы бауырларының қас жауына айналады. Сенбі үшін айыпталған жандар сотқа тартылғанда, жоғарыда сез болған жандар албастының серіктестеріне айналып, тақуаларға неше түрлі жала жабатын болады. Олар өздерінің жорамалдарымен, астыртын хабарларымен билік басында отырғандарды ездерінің бұрынғы бауырларына айдап салады.ҮШ 389.1

    Осы қатыгез қуғын сүргін кезінде Құдайдың қызметкерлерінің сенімдері сынаққа түседі. Бұл Құдайдың күшімен қаруланған адал қызметкерлер алдарында не күтіп тұрғандарына қарамастан, қасиетті ынталықпен Құдай сөзін халыққа уағыздайтын болады. Олар өз мүдделері жайлы, абырой атақтары жайлы, тіпті өмірлері жайлы ойламайды. Басты мақсаттары Алланың парызын орындау, Оның сөздерін халыққа жеткізу деп біледі. Бірақ қатты дауыл келіп оларды шыр айналдырған кезде, іштеріндегі кейбіреулері «осылай боларын білсек, тірі пендеге бір ауыз сөз де айтпайтын едік» деп қатты қиналады. Қиыншылықтың бітетін сыңайы жоқ сияқты, оның үстіне бастаған істерін аяқтауға әлдері жетпейтін секілді болып көрінеді. Өлім қаупі төніп тұр. Алғашқы жігерлерінің ізі де қалмаған, бірақ олар кері қайта алмайды. Тым әлсіреп кеткен бейшаралар осы сәтте Жаратқаннан көмек сұрайды. Содан кейін бұл жандар айтқан сөздерінің өздеріне тиесілі емес, Алланың бұйрығы бойынша сөйлегендерін естеріне алады. Құдай олардың жүректеріне ақиқатты салды, сондықтан олар сөйлемей тұра алмады.ҮШ 389.2

    Өткен замандарда да Құдайдың сенімді азаматтары осындай сынақтан өткен болатын. Уиклиф, Гус, Лютер, Тындаль, Бакстер, Уэсли барлық ілімдердің Құдай сөзімен тексерілуін талап еткен және Киелі Жазбаға қарама-қайшы келетін кез келген ілімнен бас тартқан. Олар ақиқат үшін қуғындалып, өте қатыгез түрде жазаланған. Соған қарамастан бұл ержүрек азаматтар Құдайдың сезін уағыздауын тоқтатпаған. Шіркеудің тарихының әр кезеңінде, сол кездегі Құдайдың меншікті халқының мүддесіне жауап беретін ақиқат уағыздалған. Әрбір ақиқат жеккөрушілік толқынымен неше түрлі кедсргілерден етіп отырып езіне жол салған, ал сол ақиқаттарды таратушылар қатыгез сынаққа түскен. Ең керекті, қаймығып тұрған сәттерде Алла Өз халқына ерекше ақиқатты сыйға тартқан. Оны уағыздамауға кімнің дәті жетеді? Құдай Өзінің сенімді қызметкерлері арқылы әлемге соңғы рет ескерту беріп тұр. Олар сөйлемей тұра алмайды, өйткені киелі міндеттерін орындаулары керек, соңын Алладан күтеді.ҮШ 390.1

    Қарсыласу ең жоғарғы нүктесіне жеткен кезде, Құдайдың кұлдары «дағдарыс шынымен біздің қырсығымыздан болды ма екен?” деп сасқалақтайды. Бірак олардың ар - ұжданы мен Құдай Сөзі істеген істерінің дұрыс болғанына көздерін жеткізеді. Сынақ әрі қарай жалғасқанымен, олар енді бұған шыдап бағады. Шайқас күшейген сайын, олардың сенімдері де арта түседі. «Біздер әлемге жағыну үшін Құдай заңының жартысы дұрыс, жартысы бұрыс деп айта алмаймыз» деген куәлік береді. «Алла бізді құтқарады. Мәсіх жердің күштерін жеңген, сондықтан біз ештеңеден де қорықпаймыз” деп ашық жариялайды.ҮШ 390.2

    Қуғын-сүргін қандай қалыпта болса да, бұл ұстанымдардың дамуы және де ол жер бетінде албасты барында, сол секілді мәсіхшілік жанды күшке ие болып тұрған кезде әрі қарай бола береді, жалғаса береді. Бірде бір адам қара күштің иесін қарсыластырмай Құдайға қызмет ете алмайды. Зұлым періштелер ондай адамға зиянын тигізбей қоймайды. Ал зұлым адамдар болса, зүлым періштелерге қосылып бұл адамдарды Құдайдан алыстатуға тырысып бағады, ал айласы жетпеген жерлерге міндетті түрде күштерін салады.ҮШ 390.3

    Иса адамдардың Ізденушісі, Арашашысы ретінде көктегі қасиетханадағы қызметін атқарып тұрғанда, билеушілер де, халық та Киелі Рухтың зұлымдықты тоқтатып тұрған күшін сезінеді. Кейбір дәрежеде ол жердің заңдарынан да байқалады. Егер бұл заңдар болмағанда бар әлем жыларман күйде болған болар еді. Билеушілердің көпшілігі албастының серіктестері болғанымен, өр халықтың қолбасшыларының ішінде Алланың қызметкерлері де бар. Жау әзәзілдің итермелеуімен Құдай ісіне кедергі жасап баққанымен, Алланы құрметтейтін мемлекеттік қызметкерлер періштелердің көмегімен жаудың ісін болдыртпайтын қатесіз тәсілдерді табады. Осылайша акиқатты қорғаушы аздаған адамдар зұлымдыктың тасқынын тоқтатып тұр. Үш періштелік хабар өз ісін аяқтап болғанша албастының серіктестерінің күші тоқтатыла тұрады. Ақиқаттың қарлығаштары жариялап жатқан соңғы ескерту әзіне көптеген халық кәсемдерінің көңілін аударады және солардың кейбіреулері қасірет кезеңі туған кезде Алланың жағына шығатын болады. ҮШІІІШІ періштенің хабарының уағыздалуына қосылатын періште өзінің даңқымен жер бетін нұрландыруға тиісті. Бұл аян орасан зор күшпен бар өлемді қамтитын жұмыстың жүргізілетінін білдіреді. 1840-1844-ші жылдардағы адвентистік қозғалыс Алланың күшін әлемге байқатқан болатын. Бірінші періштенің хабары дүние жүзіне уағыздалды, сол кездерде кейбір мемлекеттерде, XVI - ғасырдағы Реформация кезінен басқа еш уақытга болып көрмеген, дінге деген қызығушылык пайда болды. Десе де үшінші періштенің соңғы ескертуімен пайда болатын қозғалыс реформациядан бірнеше есе асып түседі. Бұл жұмыс Елулік күніндегі жұмысқа ұқсас келеді. Ізгі хабардың таралуының бас кезінде егілген дәндердің шығуы үшін Киелі Рух берілген кезде төгілген «ерте жаңбыр» секілді, соңғы уақытта егін пісіп жетілген кезде «соңғы жаңбыр» төгілетін болады.ҮШ 391.1

    Сонымен ағайын! Жаратушы Құдай Иемізді танып білуге үмтылайық! Оның келуі таң шуағына ұқсас болмақ. Қурап қалған жер бетін сусындататын соңғы нөсердей болып, біздің жүдеп қалған планетамызға Ұлы Құдай келеді (Ош. 6:3). «Соңғы күндері Рухымнан халқыма беретін боламын». «Алланың атын атап шақырған кез келген пенде қүтқарылады” - (Жое. 2:23; Елш. 2:17,21) дейді Құтқарушы. Ізгі хабардың уағыздалуы аяқталатын кезде, ол басталған кезде Құдайдың күші халқына қалай берілсе, соңында да солай беріледі. «Ерте жаңбырдың” төгілуі кезінде орындалған аяндар, «соңғы жаңбырдың” төгілуі кезінде қайталанады. Бұл қуаныш мезгілі. Елші Петірдің күткен сөті: «Сонымен теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп, Одан сендерге қуанышты күндер келеді жөне Ол сендерге алдын ала тағайындалған Билеуші Исаны жібереді» «Елш. 3:19,20).ҮШ 391.2

    Құдайдың қызметкерлері көктен түскен хабарды жердің түкпір түкпіріне тез жеткізуге тырысады. Бұл ескертуді мыңдаған дауыстар жариялайды. Неше түрлі керемет оқиғалар болады, ауыратын адамдар сауығып кетеді, сенетіндер көптеген табиғидан жоғары жағдайлардың куәсі болады. Бірақ албасты да қарап тұрмайды, жалған кереметтер көрсетеді, адамдардың көз алдында аспаннан жерге от түсіреді (Аян 13:13). Осы сәтте жердің тұрғындары шешім қабылдауға тиісті болады. Бұл хабар дөлелдеуден гөрі, Киелі Рухтың сендіруімен тарайтын болады. Дәлелдемелер берілген. Дән отырғызылды, енді оның өсіп жемісін беретін кезі жетті. Таралған Ізгі хабар өз ісін істеді, дегенмен ақиқатты таныған көпшілік жандарға оны қабылдауға бір нәрсе кедергі болды. Ал ендігі жерде ақиқаттың сәулелері барлық жерлерге таралуда, шындық анықталып тұр. Құдайдың балалары оларды буып тастаған шынжырларды үзіп, босанып шығады. Жанұя қатынастары, шіркеу алдындағы міндеттер, тағы да басқадай кедергілер - ештеңе де оларды енді тоқтата алмайды. Олар үшін ақиқат бәрінен де қымбат болады. Шындықтың карсыластарының біріккен күшіне қарамастан, Құдайдың жағына шығатындар аз болмайды.ҮШ 392.1

    Үш періштелік хабар
    Ашық кітап 14:6,7.

    Бұл өлеңдер бірінші періштенің хабарын баяндайды. Сонан соң пайғамбар сөзін жалғастырып: «Басқа періште оған ілесіп: құлады, құлады Бабыл...Алдындағы екі періштеге үшіншісі ерді» - дейді. «Соңынан ерді» деген сөз «бірге жүрді” деген мағынаны білдіреді. Лиделли Скоттың айтуынша: «біріншінің соңынан іле жүру, бірге жүрумен бірдей”. Марка пайғамбар да дәл солай айтады. Марқа (5:24): «Иса онымен бірге жүрді, Оның соңынан көптеген халық ерді және Оны қыспақтады (маңайында кеп адам болды). Дәл осы сөзді біз аянның (14:4) жолдарынан кездестіреміз. Бұл екі мәтінде бір ой ұсынылған - «бірге жүру немесе қоса жүру» 1Қор.10:4-тен де осыны оқимыз. Ағылшын тілінде бұл жолдар былай оқылады: «Олар өздерімен қоса жүрген рухани Жартастан сусындады”. Сонымен аянның 14:8,9-шы жолдарындағы негізгі ой - екінші періштенің бірінші періштенің соңынан жүргенін, үшіншіні періштенің екіншінің періштенің соңынан жүргенін, яғни олардың бірге жүргенін тұжырымдайды. Үш періштенің хабары - бір тұтас хабар. Бірінші, екінші, үшінші деп белгіленуі, айтулы хабарлардың пайда болу ретін көрсетеді. Бірак бұл хабарлар бөлек-бөлек емес, «бірге жүреді”. Бұл енгізу қосымшама түсініктеме үшін берілген.ҮШ 393.1

    Е. Уайттың осы сұрақ маңайындағы түсініктемелерінен алынған.ҮШ 393.2

    Баспашылар.

    Larger font
    Smaller font
    Copy
    Print
    Contents